Инфоурок Дошкольное образование КонспектыАналар мерекесіне арналған мерекелік іс-шараның сценарийі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»

Аналар мерекесіне арналған мерекелік іс-шараның сценарийі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»

Скачать материал

«Озерный орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

Аналар мерекесіне арналған мерекелік іс-шараның тақырыбы:

"Ана – гүл, ана – жыр, 
ана – өмір шуағы"

 

 

 

Өткізген «Ботақан» тобының тәрбиешісі:

Балшикбаева Ақнұр Хасенқызы

 

 

 

 

 

Аналар мерекесіне арналған мерекелік іс-шараның сценарийі

«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»

Мақсаты: мерекелік көңіл-күй құру; анасын, әжесін сыйлауға тәрбиелеу, оларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу,  ән тарту және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың назарын жалпы әрекетте, қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзіне жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: жүргізуші, сайқымазақ

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, 2 тегене, ұзын жіп, кір қысқыш.

• Ойындар: 1. Гүлді жинау эстафетасы

2. «Дауысты тани біл» ойыны (Ана баласының даусын тануы керек)

3. Кір жуу

Ертеңгіліктің барысы:

Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған не бір даналар. Ана - тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таң мен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Ал , енді  олай болса  балаларымыздың өнерлерін тамашалайық.

Қошеметпен балаларды шақырайық(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)

Хормен: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!

Гүлдана: Өзі мені өсірген,

                Айналайын ақ әжем.

                Тентек болсам кешірген

                Шөлдедің бе дана әжем.

Айнура: Ақ қабақты анашым

                Күн сәулелі анашым.

                Әлпештеген баласын,

               Айналайын анашым.

Сара: Әр сөзімді жаттаған,

           Жүрегімде сақтаған.

           Анашым деп мақтанам,

           Айналайын ақ анам!

Дарина: Көктем келді шуақты,

                Балаларды қуантты.

                Алақай-ау, алақай!  

               Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты!

Айлана: Айналайын анашым,

                Әлпештеген баласын.

                Еміп өскен бөбекпіз,

                Анамыздың мамасын.

Аида: Анамды мен жақсы көрем,

           Айтқан тілін алып жүрем.

           Қасымда анам жүргенде,

           Шаттанып ойнап, күлем!

Тамерлан: Мен үшін не керек – бәріңіз деп табасың.            

                    Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.

                    Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

Нұрбол : Қандай бала болмайық,

                 Анамызға балдаймыз,

                 Көтерейікші көңілін

                 Ән салайық бәріміз.

Ән «Айналайын, ақ мамам!»

 Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосынсый дайындап келді ғой.  Олар бізге бір кісіні қонаққа шақырыпты. Балалар, оны шақырайық па? Балалар: Иә! Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар!

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ!

Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! ( балалардың қолынан ұстап амандасады).

Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін. Ал қазір мен Сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз. (Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді). (Бәрі  күледі)

Жүргізуші: Қой Тили Вили Сен мойыныңды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал.

Ұлдардың биі.

Сайқымазақ: Қандай жақсы би. Енді, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

 Ойын «Гүлді жина» эстафетасы

Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады.

Сайқымазақ: Ал, мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку. (музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады)

 Жүргізуші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің тобымызда өлең айтатын балалар бар.

Ән «Апам менің жақсы адам» әнін айтады.

 Сайқымазақ: Ал енді ойын ойнайық, ата аналармен және балалармен. Ата аналарымыздың құлақтарының естуін тексерейік. Қазір аналар сендер   көздеріңді жұмып тұрыңдар. Ойын «Баланың дауысын тану» Ал бір бала анасына оны «анашым» немесе «анам» деп шақырады. Сендердің мақсаттарың баланың даусын тану.

Жүргізуші: Тили Вили сен көп ойындарды біледі екенсің.

 Сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар?

 Балалар: Иә.

 Сайқымазақ: Ал, қазір маған 2 бала анасымен ортаға шығады. Балалар  аналарына қалай көмектеседі екен, соны көрейік.

 «Кіржуу» ойыны

Ойын шарты: анасы кірді жуады, ал баласы оны іліп, қысқышпен қыстырып шығады.  Қай жұп  бірінші бітіреді, солар  жеңеді.

 Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің.  Көңіл-күйімізді де көтердің.

Сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз, және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетемін. Фокустар: Саусақпен. Саусақты жұтып алады. Гүлмен. Бір гүлді қорапқа салып, «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады» деп айтады: Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды.

 Жүргізуші: сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар,  қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер. Балалар айтады.

Сайқымазақ: Фокус, мокус. (Қораптың  ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды. Балаларға кәмпиттер таратылады.

Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да  аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сау болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Аналар мерекесіне арналған мерекелік іс-шараның сценарийі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2015 2072
    • DOCX 25.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балшикбаева Акнур Хасеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балшикбаева Акнур Хасеновна
    Балшикбаева Акнур Хасеновна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10466
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с умственной отсталостью

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Специфика художественно-изобразительной деятельности в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 332 человека

Курс повышения квалификации

Влияние социально-психологических факторов на задержку речевого развития ребенка дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек