Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Аналарға арналған ертеңгілік: "Нағыз ана-нағыз әже." (даярлық топ)

Аналарға арналған ертеңгілік: "Нағыз ана-нағыз әже." (даярлық топ)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Павлодар облысы

Ақсу қаласы

2 ЖОББМ шағын орталықтың

Тәрбиешісі Ахметова Сулушаш Заркешқызы















«Нағыз ана, нағыз әже» 

аналарға арналған ертеңгілік


hello_html_m4fc6b05b.png





«Нағыз ана, нағыз әже»
 
Кейіпкерлер: жүргізуші, Клоун, Мыстан бикеш. 
Ертеңгіліктің барысы: 
Музыкамен ұлдар залға кіреді. Жарты щеңбер жасап тұрады.
 
Жүргізуші: Ұлдар, бүгін қыздардың, аналардың, мерекесі ғой! Барлықтарың келдің дерме?Мерекеде кімдер жоқ?Біздің қыздар сәнденіп кешікті ғой тосатұрайық ендеше бүгінгі мерекемізді ұлдардың орындауында «Анаға сәлем» әнін қабыл алыныздар. Жүргізуші: Әне, қыздарымыз да келіп қалыпты!Ұлдар шығып қыздармен бірге кіреді. Көшеметпен қарсы алайық! 
(Музыка әуені естіледі де, қыздар
,ұлдармен залға кіреді.) 
Жүргізуші (қыздар кірген кезде): Қараңдаршы, біздің қыздарымыз қандай әдемі болып кетіпті! Ұлдар қыздарға басын иеді. 
Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды. 
Айназ,Қымбатты әжелер,аналар,апалар,қыздар

Сіздерді 8 наурыз мерекесіме құттықтаймыз

Сіздерге зор денсаулық ,мол бақыт тілейміз.

Мерекелерініз құтты болсын!

Санжар Аялаған,баптаған,асыраған,сақтаған

Сақтандырып күнде еккен

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс.

Дильназ Сенімінді ақтайды

Еркелеткен баламын

Аман жүріп әрқашан

Мұнаймашы анашым

 АлматБір өзіннен бастап өмір жолдарын

Жүрегімді жалғадым

Өзін мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтінді ақтап өту арманым.

АбушахманЕрлік еткен біз үшін

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Анамызға мың алғыс.
Расул«Жаным» дейсің мені, 
Жаратушым – бір сен.
 
Жалғыз өзің, тегі,
 
Жанашырым білсең,
 
Айналайын ана!
 
Данияр: 
Жамандықтан сақтандырып, 
Жақсы ісімді мақтан қылып
 
Мәпелеген ақ мамамды
 
Жүрсем деймін шаттандырып.
 
Даулет: 
Ананың біз гүліміз,
 
Ана біздің күніміз.
 
Ұландарды қуантып,
 
Ұзақ өмір сүріңіз.
 
Ералы: 
Қандай бала болмайық,
 
Анамызға балдаймыз,
 
Көтерейікші көңілін
 
Ән салайық бәріміз.
 
Ән «Айналайын, ақ мамам!»
Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға сюрприз дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оларды шақырайық па? 
Балалар: Иә!
 
Бәрі шапалақтайды.
Залға сайқымазақ келеді. 
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қыздар! 
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, сайқымазақ! 
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!  (Бәрі балалардың қолынан ұстап амандасады. )
сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін. Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетемін. 
(Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді.)
 
(Бәрі күледі)
 
Жүргізуші: Қой Вили Тили, мойынынды сындырасын. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал. 
Ой балалар, балалар
 
Ойналық та күлейік
 
Қане енді бұралып
 
Би билеп те берейік
 
Би «Қазақстан» 
Сайқымазақ: Қандай жақсы би. (Қимылдарды қайталап билеп тұрады) Тағы да билейікші. 
Жүргізуші: Жоқ, Вили Тили, біз мерекені жалғастырайық. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер. 
Балалар шашырап тұрады.
 
Нұрсултан
Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
 
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
 
«Әжетай сені жақсы көремін», деп
 
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
 
Гүлзада
Әжем менің әлі де,
 
Ұқсамайды кәріге.
 
Шай қайнатып береді,
 
Қажет болса бәріне.
 
Ернұр
Өзің мені өсірген,
 
Айналайын, ақ әжем.
 
Тентек болсам кешірген
 
Шөлдедің бе, дана әжем.
 
Аяулым
Шай қайнатып берейін, 
Шекер салып жан әжем
 
Өзім құйып берейін,
 
Балдай тәтті бал әжем!
 
Ән «Әжетайым» 
Әннен кейін машинаның гуілдеген дыбысы естіледі.Мыстан бикеш кіреді.
 
Мыстан бикеш: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондайлық мәз болып отырсыңдар? 
Жүргізуші: Сен кімсің? Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың? 
Мыстан бикеш: Мен Мыстан бикешпін, сендер мені не таныған жоқсыңдар ма? Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз сүйікті немересімін. 
Сайқымазақтар: Ал мыстан кемпірдің өзі қайда? 
Мыстан бикеш: Ол пенсияда ғой! Енді мен оның орынбасары боламын. 
Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды, қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды.
 
Жүргізуші: Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой. Неге кетуіміз керек? Біз ешқай жаққа кетпейміз. 
сайқымазақ: Мыстан бикеш, сен өзің үйіңе кет. (оған үрлейді) Иә, барған жеріңе бар. (итереді) 
Мыстан бикеш: Солай ма? Ал қазір мен саған көрсетемін. Менің шляпам сиқырлы, қазір мен сені бақаға айналдырамын. 
Қане сайқымазақ,
 
Бақаға айнал.(шляпасымен тербейді)
 
Сайқымазақ бақа болып бақылдайды, секіріп залдан шығады.
 
Мыстан бикеш: А ха ха, енді сендерді ешкім күлдіртпейді. Көңіл күйлеріңді ешкім көтермейді. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен не істедің. Сен балалардың мерекесің бұздың ғой. 
Мыстан бикеш: Иә, ал сендер маған не істей аласыңдар. Ештеме істей алмайсыңдар ғой. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізге Тили Вилиды қайтаршы. 
Мыстан бикеш: Ал сендер маған олар үшін не бересіңдер. 
Жүргізуші: Біз саған гүлдерді жинай аламыз. 
Мыстан бикеш: Гүл дейсіңдер ме? Жарайды, келісемін.
 
Ойын «Гүлді жина» эстафетасы 
Ойынның шарты:
екі баладан 2 топқа бөлінеді. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын қыздарға сыйлады. 
Ойынның аяғында
қыздар гүлдерді Мыстан бикешке сыйлайды. 
Мыстан бикеш: Гүлдерің неге сондайлық аз? Онда мен сендерге сайқымазақтарды қайтармаймын. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізді неге алдадың. Біз сенің айтқаныңды орындадық қой. Ал сен болсаң алданшақ екенсің. Балалар, айтыңдаршы, адамдарды алдауға болады ма? 
Балалар: Жоқ. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, білесің бе жаман қылықтарды істеуге болмайды. Солай ғой балалар? Қазір біздің балаларымыз саған өмірде қандай болу керек және қандай болмау керек екенін айтады. 
Екі бала шығады.
 
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» тақпағын айтады. 
Мыстан бикеш: Ой, балалар. Енді ұқтым. Менің барлық істеген істерім жаман болды екен. Ал жақсы болып қалу үшін, маған кішкене билеп, көңіл көтеру керек. 
Жүргізуші: Мыстан бикеш, саған арнайы біздің қыздарымыз әкелерімен бірге би билеп береді. 
Би «Сүйікті әкем» 
Мыстан бикеш: Рахмет сендерге балалар, енді мен ешқашан да жаманшылық істемеймін. Ал сайқымазақты қазір әкелемін. 
Сайқымазақ: Алақай, рахмет сендерге балалар, сендер мені құтқардыңдар. 
Сендер болмасаңдар,
мен бақа болып жүруші едім. 
Мыстан бикеш: Жарайды балалар, маған апамды Мыстан кемпірді мерекемен құттықтауға бару керек. 
Жүргізуші:осы гүлдерді оған сыйла. 
Мыстан бикеш: Сауболыңдар! 
Сайқымазақтар: Алақай!!! Алақай! Мерекені жалғастырайық! Алақай! 
Жүргізуші: Мен өте қуаныштымын, сондықтан «Алақай, балақай» биін билейік. 
Би: «Алақай, балақай» с шариками

Жүргізуші:келесі құтықтау тақпақтарын құрметті аналар сіздерге арналады Қабыл алыныздар. 

МансұрАнам менің сүйіктім

Тек өзіне табынам

Қасымда болсам жарығым

Алыстасан сағынам

Науан Бүгінгі көктем күнінде

Барлық адам қуанар

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар

Бексұлтан Шаттық сезім ,ой келді

Қуанышты күн енді

Құттықтаймыз сіздерді

Жанымызды жайнатқан

Сіздер ғой аналар

Зор денсаулық,мол бақыт

Тілейміз біз аналар

Алтынбек Достықты біз ойлаймыз

Күнде күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз

Асылхан

Асылжан Таппадым сенен артық жанды

Байлығым екенсін қасымдағы

Мәңгілік борыштар боп өте тұғын

Бақытым –ана өзңн қасымдағы

Нұрсая Әлпештеген баласын

Ана бақыт ана күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Диас Анашым менің жан анам

Мейірімнен жаралған

Тәрбие алып өзінен

Ақ сүтінен нәр алған

Жаннұр Бал бөбегңн баптаған

Мамам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп жасасын жақсы адам

Малика Анашым менің жан анам

Мейірімнен жаралған

Тәрбие алып өзінен

Ақ сүтінен нәр алған
Жүргізуші: Тили Вили сендерге біздің балаларымыз ағылшын тілде тақпақты да әнін де жақсы айтады.  
Жалықпастан үйреніп,
 
Бір неше тіл білеміз
 
Шет тілінде сызылтып
 
Сүйікті ана туралы
 
Ән салуды сүйеміз.
 

Альбина ,Алина: 
Ән «My dear, dear mammy!» Сергіту сәті ағылшын тілде 
Сайқымазақ: Қандай әдемі ән.
Қазір сендер аналарынды қалай жақсы көретіндерінді сурет арқылы көрсетіндер .
Ойын «Ананын суретін салу» 

Жүргізуші:Келесі әнді біздін Асылжан мен Гүлзаданын орындауында « Қошақаным қайда екен»
Жүргізуші:
Тили Вили, сен тағы қандай ойынды білесін. 
сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар? 
Балалар: Иә. 
сайқымазақ: Ал, қазір маған, 10 бала шығады. 
«Күндерді жина» ойны 
Ойын шарты: әр бір командаға күннің бөліктері беріледі (шеңдер және 10 шуақтары). Балалар осы боліктерден күн құру керек. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді. 
сайқымазақ: Балалар, мен сендерге тағы сыйлықтарды әкелдім. (екі шелек, балықтар ) 
сайқымазақ: Балалар, осы нәрселермен ойын ойнасақ! 
Жүргізуші: Балалар, ойнаймыз ба? 
Балалар: Иә. 
сайқымазақ: маған 4 бала керек. 
Ойын «Балық аулау» . 
Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің. 
1 сайқымазақ: Иә,
мен сондаймын. Мен көп ойындар, әндер де, билер де білемін. мен фокуста көрсете аламын. Көрсетейін бе.? 
Фокус: 
Орамалдармен. 1 сайқымазақ қалтасына орамал салады, ал екіншісі өз қалтасынан бірдей орамалды шығарады. 
Жүргізуші: 
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!!
Біздін балаларымыз сіздерге сыйлықтарын тарту етеді.Қабыл алыныздар !Ұлдарымыз қыздарға сыйлықтарын сыйламақшы.


Автор
Дата добавления 05.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров61
Номер материала ДБ-068765
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх