Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Аналардың көңілі көктемдей жайнап гүл ашсын!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Аналардың көңілі көктемдей жайнап гүл ашсын!

библиотека
материалов

ТЭФММ

Бастауыш сынып мұғалімі:

Адасбаева Шыныр Әділбекқызы

Аналардың көңілі көктемдей жайнап гүл ашсын.

Мақсаты:

Әр адамның өмірінде ананың алар орны ерекше. Ал бастауш сынып оқушс үшін ана – дос, ана – қамқорш ең жақын адам. Бұл мрекеде балалар өз анасына, әжесіне, бірге жүрген құрбыларына деген сүйіспеншілік пен сыйластығын білдіріп, өлең жолдарын арнап, шығармаларын ортаға салады. Аналарды құттықтау есеп беру концерті түрінде өтеді. Сондықтан, барлық пән мұғалімдеріне де өз еңбегін көрсету тұрғысынан қолайлы іс – шара деп айтуға болады. Балаларды адамгершілікке, үлкенге құрмет көрсетіп, сыйлай білуге баули түсетін бұл мерекеде домбырашылар да, би үйірмесі де, вокал да, мәнерлеп оқу үйірмесі мен театр өнері үйірмелерін бәрін жұмылдыруға болады.

Дайындығы: интерактив тақтада барлық аналарға жеке арналған слайдтар жасау. Музыка мен атрибуттар дайындау. Балалардың анасына арнаған шығармаларынан «Ізгілік тақтасын» жасап қою.

Барысы:

Ж:  Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді , ақ жаулықты әжелер!

Ж:, Тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы, қызғалдақтай алаулаған аналар!

Ж: Асыл да аяулы ұстаздар мен ару қыздар!

Ж: Көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

2 сынып оқушылары шығады:

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық!


  • деп ақын аға жазғандай құрметті аналар, ұстаздар, мектебіміздің қыздары, бүгінгі 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!

Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілейміз!


Анам менің, ақ мамам,

Гүлді маған баптаған.

Жырды маған жаттаған,

Жұрттың бәрі мақтаған.


Ардақты анам асылым,

Жүрегімнен жырлаймын.

Жырымның ең асылын,

Мерекеңе арнаймын.


Құтты болсын мерекең,

Анам менің, ақ мамам!


Әуен басталып кетеді. 4 сынып, ән: «Мама»


Өмірде ана бұлақ, ана – пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Ана! Ол – өмірде ең ардақты адам!

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Аман жүрсін қасиетті аналар.


Құтты болсын, асыл анам,

Ардақты анам мерекең.

Құтты болсын теңдік алған,

Қуанышты мерекең!


Ж: Бүгінгі құттықтау сөздері ерекше ыстық естіледі...


Ж: Ендеше, ыстық лебізге қоса, қызу қанды Кавказ халықтарының биі

«Лезгинканы» қабыл алыңыздар.


2 сынып оқушылары биге шығады.


Ж: Осындай қуанышты сәттерде аналарымызға қарап:

Көздерінен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әр күнің мен әр айың! – дегім келеді.


Ж: Олай болса, «Ана болу» деген қалай екен, ойланып көрелік.

Көрініс «Үш ана»
Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.




Ойыннан келген Әдемі
Қуыршағын іздейді.
Стол астынан тапты да, 
Хал сұрауды көздеді.
Әдемі:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай, 
Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма, 
Тамақтанып аласың


(Қуыршағын алдына алып отырады)
Жүргізуші:
Әдемінің осы сәт, 
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі:

Анасы:
Әдеміжан, бүгін сен, 
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды, 
Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай, 
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып, 
Осы сені не істеймін (отырады)


Жүргізуші:
Анасының артынан, 
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі:


Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та, 
Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым, 
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)


Жүргізуші:
Аналардың елжіреп, 
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып, 
Өз қызына қарады.


Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы, 
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес, 
Білсеңіздер ана болу!



Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген Бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазақ, алтын бақ.


Ана деген асыл жандар, болаттай,

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл, Ананы.

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.


Ана десем, сезімім менің тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.


Ана десем шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Тіршілікте жұлдыз болып жанады.


Ән: «Анама сәлем» 4 «А» оқушылары.


Ж: 8 наурыз тамаша күн
Аналар күні ерекше ...

Ал, бұл күні анамызға қандай сыйлықтар сыйлауға болады?


Ж: Сыйлық дейсің бе... Мен, мысалы, үй жинап, ыдысымды өзім жуып, сабағымды ерте қарап, сол күні анамды қуантпақпын.


Ж: Оның дұрыс. Бірақ, меніңше, күнде тек 8 наурызда емес, күнде сондай болу керек. Солай ғой иә, балалар?!

Жуылмаған ыдысты,

Жомарт жуды тазалап,

Бірақ өзі Жомарттың,

Болыпты кір қожалақ.


Мейрам күні анасын,

Біздің Серік сыйлапты,

Еденді де жуыпты,

Бөлмесін де жинапты.

Бірақ мейрам біткен соң,

Осының бәрі қалыпты.


Қорықпаңыз ата – ана,

Мұның бәрі қалжың ғой.

Сіздерге көмек беруге,

Балаңыз әркез дайын ғой!


Мұғалім:

Ендеше, «Көмекшілер» ойынын ойнап, балалар анасына қалай көмектесетінін байқап көрелік.



Кір түсірмей жағама,

Шашымды да тарайсың.

Мектебіме барарда,

Мерейлене қарайсың.


Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай,

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.


Үмітіндей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп,

Еркелеген сөзіме,

Ертеңіңіз тұр күліп.


Сен жалықпай жетелеп,

Мен арманға жетермін,

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін.


Жүре берсем қасыңда,

Айбат анам, ай анам.

Ботам деген даусыңнан,

Мен мәз болып оянам.


Келбетінде ұлылық,

Даладан кең пейілі.

Ана деген – жылылық,

Ана деген – мейірім.

Ақыл құйған санама,

Күннен де артық, расында,

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.


Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі,

Әдемі сөз Адамның,

Анаға айтар лебізі.


Баланың да тірегі,

Ананың да тірегі,

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.


2 сынып, ән: «Құтықтаймын, МАМА»


Ж: Балалар, анамыздан басқа, жылы алақан, теңіздей терең ойлы, осы күннің ұлағатты иелері кімдер?


Ж: Әрине, Әжелер! Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.


Ж: Әжелердің гүліміз, әжеміз – біздің күніміз
Бәрімізді қуантып, ұзақ өмір сүріңіз!

«Әжемнің шайы»


3 сыныптың қойылымы.


Ж: Аналар асыл жандар
Шуақ боп шашылғандар
Сіздер үшін тәтті әуен:


Домбырашылар шығады.

Ж : Мын бұрылып билеген,

Қыздарды кім сүймеген.

Күміс көмей қыздарға,

Кімдер басын имеген – демекші, ендігі кезекте құттықтаулар, қыздар, сендерге арналады!


4 сынып ортаға шығады.


Ж; Көркімен тамсандырған шартарапты
Сән үлгісі жарасар мархабатты.
Алдарыңызда: біздің сәнді арулар
«Көктем – 2013»


Ж: Қадірлі қонақтар, Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін. Осы мерейлі мереке тек қана игі жаңалықтар әкелсін!

Би: «Сыған биі». Осы көңілді бимен мерекені аяқтау, балалар сыйлықтарын ұсынады.

Краткое описание документа:

Әр адамның өмірінде ананың алар орны ерекше. Ал бастауыш сынып оқушс үшін ана – дос, ана – қамқорш ең жақын адам. Бұл мрекеде балалар өз анасына, әжесіне, бірге жүрген құрбыларына деген сүйіспеншілік пен сыйластығын білдіріп, өлең жолдарын арнап, шығармаларын ортаға салады. Аналарды құттықтау есеп беру концерті түрінде өтеді. Сондықтан, барлық пән мұғалімдеріне де өз еңбегін көрсету тұрғысынан қолайлы іс – шара деп айтуға болады. Балаларды адамгершілікке, үлкенге құрмет көрсетіп, сыйлай білуге баули түсетін бұл мерекеде домбырашылар да, би үйірмесі де, вокал да, мәнерлеп оқу үйірмесі мен театр өнері үйірмелерін бәрін жұмылдыруға болады.  

Автор
Дата добавления 17.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров318
Номер материала 311504
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх