Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Ана-өмір шуағы" атты мерекелік іс-шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Ана-өмір шуағы" атты мерекелік іс-шара

библиотека
материалов

КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН

ДТЖО Д. Қ. Жусупова Мектеп директоры: Ғ. Қ. Жантемиров

Күні: 07.03.2016

Тақырыбы: Ана өмір шуағы!

Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Түрі: сайыс

Көрнекіліктері: суреттер, шар, плакаттар, фото, сурет көрмесі, гүлдер, музыка.

Барысы:

1-жүргізуші: Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,

Көрермендер көңілге көп ой түйген.

Құттықтаймыз арулар аналарды,

Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.

Жыр арнайық оларға жігер ассын,

Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.

- Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

2-жүргізуші: - Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

1-жүргізуші: -Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Ғалымбек Қазбекұлы Жантемировке береміз.

2-жүргізуші: - Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз, - дей келе, алдарыңызға әнші балаларыңыздың(3-4сынып) орындауындағы « Менің аным алтын!» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Бар қатемді кешірген,

Сүрінсем келіп демеген.

Ақ сүтін беріп өсірген,

Ақ мамам саған бас ием, - деп ортаға 1-сынып оқушыларын шақырамыз.

  1. Айдәулет: Сенен өскен балалар,
    Батырлар мен даналар.
    Құттықтаймыз мейраммен,
    Құрметті, жан аналар!

  2. Балым: Мейірі анам – күн нұры,

Шапағы мол шашылған.

Сен – өмірдің бұлбұлы,

Гүлің менмін ашылған.

  1. Жантөре: Мен үшін не керек,

Бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде,

Шын сағынып қаласың.

  1. Әлішер: Айналайын анашым,

Көкте күн боп жанасың.

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың.

5) Тамирис: Анасыз бір жоқ күнің
Әжесіз бір жоқ күнің
Ұсынамыз біз бүгін
Сізге сұлу шоқ гүлін.

6) Жанель: Сыйлаған маған өмірді,

Анашым менің аялы.

Жүрегі жұмсақ, көңілі,

Күн шуақты саялы.

2-жүргізуші: Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң ба екен?

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу бар ма екен?, - дей келе, ортаға «Айгөлек» биімен қыздарды шақырамыз.

1-жүргізуші: Ана – тіршіліктің көзі,

Махаббатың шуақ күні,

Мейірімнің бұлағы, - дей келе ортаға 2-сынып оқушыларын шақырайық.

1-Аружан: Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

2-Медет: Мамам менің, ақ мамам,

Менсіз таңы атпаған.

Менсіз күні батпаған,

Мен ұйықтамай жатпаған.

3-Нұрай: Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

4-Жазира: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз біз балалар.

5-Олжас: Иығыңа көтеріп,

Тәрбиелеп өсірген.

Нағыз менің анамсың,

Қатем болса кешірген.

6-Ерсұлтан: Менің әпкем – мұғалім,

Менің әжем шын ғалым:

Одан жас та, кәрі де,

Оқып шыққан бәрі де!

7-Аршат: Ана – көркі көгімнің,

Ана – нұры жерімнің.

Ана – бағы баланың,

Мақтанышы елімнің.

2-жүргізуші:Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейірімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен, - демекші, ортаға «_____________________» әнімен 1сынып оқушыларын шақырамыз.

1-жүргізуші: Анам менің күн көзіндей шуақты,

Даладай кең, таулы өзендей қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы,

Жан анадан тарап жатқан сияқты, - демекші, кезекті «Анасы мен баласы» ойынына береміз. Ортаға 3 қыз және 3 ұл бала өзінің анасын ертіп шықсын. Ойын шарты: әр жұп тақтадан бір гүл жапырақшасын алып, артындағы сұраққа жауап беруі кере. Жауапты анасы мен баласы бірігіп берулері керек.

1. Терезені жуудың тәсілін айтып бер.

2. Әшекей бұйымдарға не жатады?

3. Жұмыртқадан қандай тағамдар жасауға болады?

4. Ыдысты жуу тәсілін айтып бер.

5. Матаның түрлерін атап бер.

6. Бір астың дайындау тәсілін айтып бер.

7. Бір пакет сүт неше теңге тұрады?

8. Жұмыртқаны қалай қуырады?

9. Бір келі қаймақ неше теңге тұрады?

10 Сіздердің сыпырғыштарыңыздың маркасы қандай?

11. Қабырғаға шегені қалай қағады?

12. Қазақ халқының басты ұлттық тағамдарын айтып бер.

2-жүргізуші:Ақ пейілді аяулым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын, анашым!, - дей келе, 3-сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

1-Гүлім: Сегізінші наурыз келді,

Шаттық сезім алып келді.

Қуанышты күнде енді,

Құттықтаймыз сіздерді.

2-Мирас: Мамам менің, ақ мамам,

Гүлді маған баптаған.

Жырды маған жаттаған,

Жұрттың бәрі мақтаған.

3-Саяжан: Ана деген – адамзаттың данасы,

Ана деген – сәбилердің панасы.

Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.

2-жүргізуші: Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншама нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей барлық қиындыққа төзімді көктемгі гүлдей жарқыраған аналар, қыздар, ұстаздар, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші: Ана сүтінен барлық адам нәр алған,

Ол азығың өзіңмен бір жаралған.

Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,

Күш-қуат боп өн бойыңа таралған, - дей келе, біздің оқушыларымыздың аналарына арнап өз қолдарынан жасаған кішігірім сыйлықтары бар екен. Сіздерге солады табыс етуге рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ мамам.

Менің мамам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам, - дей отыра, 4-сынып оқушыларын сахна төріне шақырамыз.

1-Қобыланды: Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

2-Дәулет: Әлпештеген баласын,

Ана – бақыт, ана – күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.

3-Ілияс: Ақыл құйған санама,

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

4-Болатхан: Ардақты анам, асыл анам қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды талай бөліп үн қаттың.

Әлпештедің, аяладың, өсірдің,

Кең құшағың аясында гүл бақтың.

5-Елнұр: Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың, қыздардың,

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

1-жүргізуші: Ортаға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз. Сіздердің аналарыңызды қаншалықты білетіндеріңді анықтау үшін, мынадай сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

  1. Анаң қандай түсті киімдерді ұнатады?

  2. Анаңның жақсы көретін тағамы.

  3. Ұнататын гүлі қандай?

  4. Анаң қандай иіссуды ұнатады?

  5. Анаң бос кезде немен шұғылданғанды ұнатады?

  6. Ұнатпайтын ісі қандай?

  7. Анаңның ұнататын әншісі кім?

  8. Анаңның сырғасы қандай және неден жасалған?

  9. Анаңның көзінің түсі қандай?

2-жүргізуші:

Қыздар, қыздар, кімсіңдер?

Мына менмен бірсіңдер.

Осынау дархан өмірді,

Думандатып жүрсіңдер, - демекші, кезекті ұлдарымызға берейік. Олардың сыныптас қыздарына арнап жасаған сыйлықтарын табыстауға рұқсат беріңіздер.

1-сынып:

  1. Айдәулет: Ай секілді өзі де,

Сыңғыр-сыңғыр сөзі де.

Балым деген арудың,

Әдемі ғой көзі де.


  1. Әлішер: Үздік оқып сабағын,

Бәрімізге жағатын.

Жанель кейде қырсықса,

Түйіп алар қабағын.


  1. Жантөре: Сабағын да меңгерген,

Жақсылықты жан көрген.

Ата анасы Тамириске,

Әдемі есім теңгерген.

2-сынып:

  1. Ерсұлтан: Жақсы оқуды бастады,

Әліппені ашқалы.

Ақсары қыз Жазира,

Бұйра-бұйра шаштары.

  1. Аршат: Билейді кейде айнала,

Көркіне ақылы сай ғана.

Аружан біздің әдемі,

Сөйлейді бірақ жай ғана.

  1. Медет: Ыңғайы көңіл-күйінің,

Келгенде байқап бейімін.

Айтарымыз Нұрай қыз,

Еркесі ғой үйінің.

3-сынып:

  1. Мирас: сабырлы, әрі салмақты,

Өзі өнерлі жан-жақты.

Алдымда тұрған Саяжан,

Ән айтуға бейім жан.

  1. Олжас: Сабақты күнде оқитын,

Ойына оны тоқитын.

Гүлім деген ару бар,

Іздесең әркез табылар.

1-жүргізуші: Ортаға 2-сынып оқушыларын «Апатайым, анашым» әнімен шақырамыз.

2-жүргізуші: Табиғатта Ана деген адам бар,

Адамдар-ау, сол Ананды сыйлаңдар.

Ана деген бар адамның байлығы,

Сол байлықсыз қанша адам қайғырды.

Мен анамды өте жақсы көремін,

Анамменен шаттық өмір сүремін.

Әрқашанда анам болсын қасымда,

Алладан мен осыны ғана тілеймін, - дей отыра, сөз кезегі ата-аналар өздеріңізде.

1-жүргізуші: Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,

Сізден жақын адам бар ма аналар?! - дей келе, сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жусупова Даметкен Қаиржанқызына береміз.

2-жүргізуші: Бойларыңда от бар екен, байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!

1-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.































Ана өмір шуағы!


hello_html_329f359f.jpg

Автор
Дата добавления 18.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров155
Номер материала ДБ-040819
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх