Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / "Ана-өмірдің шуағы"

"Ана-өмірдің шуағы"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Ана-өмірің шуағы

Мерекелік кештің мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.


Жүргізуші:

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады,

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!


Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады – дей келе алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры- Бимағамбетова Күрең Кітабайқызына береміз.


Жүргізуші:

Десек те уақытпенен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп

Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.

4Б сынып оқушысы Смағұлова Ақниеттің орындауында ән «Анашым»


Жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана атына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қыздарымыздың құрметіне
8Ә сынып оқушысы Алке Альбинаны «Ана» әнімен қарсы алыңыздар.


Жүргізуші:

Өміріміздің әрбір бақытты, қуанышты сәттерінің барлығын есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десек де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға мектеп оқушыларының аналарымен өткізген бақытты сәттерінің көріністерін ұсынамыз. (Алдын ала оқушылар мен ұстаздардың өмірінен, ата-аналармен бірге түскен суреттерден слайд жасалып қояды. Проектордың көмегімен слайд кеш соңына дейін көрсетіліп тұрады.)

Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті
4 «В» сынып оқушыларын «Испан» биімен қарсыаламыз.

Жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар.

Ән: 8 «А» сынып оқушысы Қалдыбай Несібеліні

«Мама» әнімен қарсы алыңыздар.


Жүргізуші:

Тарихымыз да Домалақ Ана, Айша Бибі сияқты аналар болған. «Шығыстың қос шынары» атанған Әлия мен Мәншүкті де құрмет тұтып, әрқашан басымызды иеміз. Олай болса келесі ән шашуымыз осындай аналарымыздың құрметіне арналсын. 8Г Каримова Заринаның орындауындағы ән-«Анажан»

Жүргізуші:
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.

Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Нұрниязова Ақтілектің орындауында «Анашым» әні.

Жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз -дей келе «Анаға сәлем» әнімен 8А сынып оқушысы Көпжасаров Мейіржанды қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Әнімен көрерменді тәнті ететін
Аруларың келді міне толқып, тасып.

Келесі ән: 8Г сынып оқушысы Бөлекбаева Мәншүктің орындауында «Ана туралы жыр»

Жүргізуші:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.


8А сынып оқушысы Қоңырова Жанаттың «Аяулы ана» атты әнін тамашалайық.

Жүргізуші:

Ана деген – бастауы ұлылықтың

Ана деген - рәмізі сұлулықтың

Ана деген - бір жыр бар шырқалатын

Асқақтатар биікке ұрпақ атын

Олай болса Мейіржанды қарсы алайық

Дауысына сүйсініп тамсанайық

Ерке ұлдың талантына тәнті болып,

Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

8А сынып оқушысы Көпжасаров Мейіржанның орындауында «Көріктім» әні. Барлық ару қыздарымызға арналады


Жүргізуші:

Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, алғаш әріптерді танытқан алғашқы ұстаздарымызды мәңгі ұмытпаймыз. Осы мектептің барлық оқушыларының атынан сіздерге алғыс білдіре отырып, «Ұстаз аналарға» атты өз шығармамды оқып бергім келіп тұр.(жүргізуші-11А сынып оқушысы Есетбаев Мұратбек)


Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.


Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!

Құрметті қонақтар, біздің «Ана-өмірдің шуағы» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Барлықтарыңызды айтулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету, анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында дайындалған 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған сценарий үлгісі.

Автор
Дата добавления 11.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров245
Номер материала 273805
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх