Инфоурок Классному руководителю Презентации"Ана-өмірдің шуағы" (7 сынып)

"Ана-өмірдің шуағы" (7 сынып)

Скачать материал

«Ана-өмірдің шуағы»

1-жүргізуші:

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған не бір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

2-жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні  келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

1-жүргізуші: « Ана-өмірдің шуағы»-атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Нұрбек,осы ана деген жалғыз ауыз сөзде талай сыр,талай терең мағына жатыр.Ананың балаға деген шексіз махаббаты,адамға деген мейірімі,ақ тілегі.Тіршілікке нәр берген – ана сүті қандай құдіретті!Әлемдегі жақсылық көзі,адамдық қасиет,ақ тілек,мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

1-жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші:

 Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

 Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

 Ер жеткізіп елге берген баласын,

 Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

 Қарайтыным қас-қабағың бір сенің

1-жүргізуші: Алдарыңызға Жарайма әнімен Серікбай Диасты  ортаға шақырамыз

2-жүргізуші:

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді ____________________________________________________________________________________

Алдарыңызға біздің сыныптың ұлдарын өз өнерлерімен ортаға шақырамыз

Спорттық би

1-жүргізуші:

Құрметті аналар, ұстаздар,қыздар!8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

2-жүргізуші:

Ана деген-асқақ ән, 
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан дей отыра

Нұрбектің  орындауындағы Бол жанымда әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Олай болса Мерей осындай көңіл күймен концертімізді жалғастырамыз

2-жүргізуші: Онда Нұрбек бізде сендерден қаламыз ба....?

1-жүргізуші: Ендеше не тұрыс өздеріңнің қазақша билеріңді билеп жібермедіңдер ме?

Қазақ биі

2-жүргізуші:

Білесің бе Нұрбек

 Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

 -Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

 Сонда пайғамбар:

 -Анаң бар ма? -деп сұрайды.

 -Бар,-дейді әлгі адам. -Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар.

1-жүргізуші:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар дей келе өзінің шығарған  «Ана» туралы өлең жолдарымен  алдарыңызға  Дәулет Бекарысты шақырамыз.

Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Аналар ғой қуат берер тірлікке,

Алдарында сәби болып жүрдік те.

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,

Үйрететін ынтымаққа, бірлікке-дей келе Кел дедім әнімен ортаға Ерәділ ұлдарыңызды шақырамыз.

2-жүргізуші:

Нұрбек біле білсен әйелдер жайлы әлемнің көптеген даналары айтуда,жырлағанда және жырлайдыда.

1-жүргізуші:  Иә дұрыс айтасын орыс жазушысы Пирагов былай айтқан  «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады».

2-жүргізуші:  Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

1-жүргізуші: Ендеше бізде кереметтей ойынымыз бар. Олай болса кезекті ойынға берейік.

Ойын ойнатылады

2-жүргізуші:

Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.

Әр ұлттың флешмобы

1-жүргізуші:

Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан Бүгінгі күні барша әйелдер қауымының алдында басымызды иеміз.  

2-жүргізуші: Бүгінгі біздің концертімізге өзінің ән шашуымен келіп отырған 8 сынып оқушысы Тұрғанбек Исламбекті ортаға шақырамыз

1-жүргізуші:  

Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз

Біздің қыздардың флешмобы

2-жүргізуші: Ана-біздің елде ардақты адам,
Кіші де,үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы-Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған.-дей отыра Нұрбекті Ай мүсін әнімен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:   Ортаға қайда қайда әнімен Еркебұлан мен Диас ұлдарыңызды шақырамыз.Қарсыалыңыздар!

Ұлдардың флешмобы

2-жүргізуші: Ана деген - асыл жандар,болаттай,

Ана десең – мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар,қадірлей біл,Ананы.

Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай.

Вальс

1-жүргізуші:   Ата-анаға қымбат-ау бала заты,
Естілмесе дейді екен жаман аты.
Бүгінгі күн ата-анаға сөз береміз,
Бар ма екен дарындарға айтар аманаты. Жас ұрпақтың жүрекжарды қуанышын бөлісіп, шашуын ақ тілек батасымен өріп, ортамызға келіп отырған ата-аналарға сөз беріледі.
Ата-анаға сөз ——————————————————————————

2-жүргізуші:

Ана өмір шуағы

Бала оның шырағы

Ана деген сол бір сөз

Жүрегім де тұрады

Бала үшін алаңдар

Әрқашанда аналар

Көктемнің алғаш гүлдерін

Сый құрметпен алыңдар –

Балалар аналарына гүлдерін табыс етеді

Хор: Ана туралы жыр

1-жүргізуші:   -Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де,гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық!
Құрметті АНАлар,мерекелеріңіз мерекеге ұлассын!Білімді де сүйкімді,өнерлі де сымбатты қыздарыңыз бен ұлдарыңыздың қуанышына тоймай,ұзақ өмір сүріңіздер!

1-жүргізуші:   Осымен « Ана-өмірдің шуағы»--атты ертеңгіліміз аяқталды.

2-жүргізуші:   Мерекеңіз құтты болсын!                

Бірге:   Хош сау болыңыздар!!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ана-өмірдің 
шуағы»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ана-өмірдің шуағы" (7 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 499 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 1002
    • DOCX 53 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әбілдина Әйгерім Бисенбіқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әбілдина Әйгерім Бисенбіқызы
    Әбілдина Әйгерім Бисенбіқызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42817
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 118 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 772 человека из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 914 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 173 человека из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек