Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Анамның туған күні" ашық сабақ

"Анамның туған күні" ашық сабақ


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Анамның туған күні.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың туған күн жайлы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: оқушыларғ жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып жаң сөздерді меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың тілдерін жаттықтырып, әдемі сөйлеуге дағдыландыру, әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды;

Тәрбиелік: ананы құрмет тұтып сүйюге, шығармашылық қабілеті дамыған, білімді азамат болуға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: пысықтау

Сабақтың көрнекі-құралдары: интер белсенді тақта,, кәртішкелер, пазла, деңгейлік тапсырмалар т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түйінді жасау т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу;

ә) түгелдеу (кезекшіні анықтау);

б) сабақтың дайындықтарын анықтау.

Алдын-ала 2 топқа бөлу.

Психологиялық дайындық: «Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбектену...

Қолды беске жеткізу».

  • Балалар, келген қонақтарға да жақсы көңіл күй сыйлайық.

«Қуан шаттан 2рет

Қуанатын күн бүгін,

Баршаңызға қайырлы күн,

Көңілді болсын осы күн!»

Тілді жаттықтыру жұмысы: «Қыс» тақырыбына бір-біріне сұрақ қою.

  1. Үй жұмысын тексеру: «Кім тапқыр?» ойыны (орысша жазылған сөздерді аудару, сөлемдер құрастыру)

  2. Жаңа сабаққа көшу: - Балалар, біз өткен сабақта «Досымның туған күні» тақырыбын өттік. –Балалар, «туған күн» қандай күн, бұл күні не болады? т.с.с.(алған білімдері бойынша сөйлемдер құрастырады). Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбын өздерін тауып көріңдер. Отбасымызда ең мейірімді, аяулы адам кім? – АНА!

  3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

-Балалар, біз бүгін Ана туралы көп сөз айтамыз, анамызды қалай жақсы көретінімізді дәлелдейміз. Сабақта жаңа сөздермен танысамыз, сөйлемдер құрастырамыз. Диалог бойынша жұмыс жасаймыз, шағын әңгіме құрастырамыз. Зат есімнің тәуелдік жалғауларын қайталайыз.

Кіріспе сөз: -АНА – әлемдегі ең нәзік, ейірімді, әрі мықты, төзімді жан болып келеді. Ананы құрмет тұтып, сыйлау керек.

Сөздік жұмыс:

-не істеп жатыр, дайындалып жатыр, тілек, тілеймін, денсаулық, бақыт, ұзақ өмір т.б.

(-сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру)



Сөйлесім: «Сөз моншақ» ойыны. 1-топ «Сыйлық» 2-топ «Тілек»(тапсырмаларды орындаған сайын әр оқушы фишкаларды алып отыру қажет)

Айтылым: ««Анамның туған күні»». 1-топ анамызға құттықтау хат жазады , 2-топ диалог құрастырады.

Сергіту сәті: «Айналайын анам».

Айналайын, анам, Мерекелі күнің

Туған күніңмен! Қандай тамаша!

Сыйлайыншы саған Кеудедегі гүлің

Дала гүлін мен. Қалды жараса.

Оқылым: мәтінмен жұмыс

Бүгін анамның туған күні. Ол 19-шы ақпанда туды. Анама көп қонақтар келді. Олар: атам, әжем, көршілер және достары. Атам мен әжем анама гүлшоғын сыйлады. Анам рақмет айтты.(1- топ аударады, 2-ші топ сұрақтар дайындайды)

Жазылым: Зат есім сөздерді тәуелдеу. 1- топ «сыйлық», 2-топ «тілек»

  1. Бекіту: тест

  2. Қорытынды: дайындалып келген оқушылар ана туралы мақал-мәтел, өлеңдерін айтады. -Бүгін сабақта қандай тақырыппен жұмыс істедік? -Не істедік? -Не білдіңдер? т.с.с.

  3. Үйге тапсырма: Анамызға құттықтау хат дайындау тақырыбына Бағалау:

  4. Көңіл– күйлерін білдіру:

































Сабақтың тақырыбы: «Шаңғы тебу», «Қысқы ойындар»

Сабақтың мақсаты: Пән бойынша тақырыпты тереңдету, сөз дыбыстарын дұрыс

айтуын байқау.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: оқушылардың «қыс» тақырыбына байланысты алған білімдері жинақталып, сөздік қоры молаяды, сұрау есімдіктерін ажырата біледі;

Дамытушылық: оқушылардың тілдерін жаттықтырып, әдемі сөйлеуге дағдыландыру, әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды;

Тәрбиелік: елін, жерін сүйюге, шығармашылық қабілеті дамыған, білімді азамат болуға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: пысықтау

Сабақтың көрнекі-құралдары: интер белсенді тақта,, кәртішкелер, пазла, деңгейлік тапсырмалар т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түйінді жасау т.б.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу;

ә) түгелдеу (кезекшіні анықтау);

б) сабақтың дайындықтарын анықтау.

Алдын-ала 2 топқа бөлу.

Психологиялық дайындық: «Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбектену...

Қолды беске жеткізу».

  • Балалар, келген қонақтарға да жақсы көңіл күй сыйлайық.

«Қуан шаттан 2рет

Қуанатын күн бүгін,

Баршаңызға қайырлы күн,

Көңілді болсын осы күн!»

«Қар лақтыру» ойыны арқылы «Қыс» тақырыбына бір-біріне сұрақ қою.

  • Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Себебі, сабағымызға тағы бір қонақ келіп отыр.-Бұл не? (аққала).

  • Аққала бізге құр келмепті. Сендерге көптеген тапсырмалар ала келіпті. Ал дұрыс жауаптарға «қар бүршіктері»беріледі. Сабақ соңына дейін кім көп «қар бүршіктерін» жинаса сол өте жақсы деген баға алады.



  1. Үй жұмысын тексеру: -Ақшақардың 1-інші тапсырмасы. «Кім тапқыр?» ойыны (сұраулы есімдіктерді қолдану арқылы берілген суреттерге байланысты сұрақтар қою)

  2. Жаңа сабаққа көшу: - Балалар, аққаланың 2-нші тапсырмасы алдарында.

«Адасқан буындар» ойыны. (сөз тіркестерін құрастыру 1-нші топ - «қыс-қы о-йын-дар», 2-нші топқа - «шаң-ғы те-бу»).

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Кіріспе сөз: қысқы ойындар туралы қысқаша мәлімет беру т.б.

Сөздік жұмыс:

қардан, аққала, жасайды, соғада, қар күреу, шынығу, пайдалы т.б.

( Аққаланың тапсырмасы -сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру)



Сөйлесім: -Аққаланың 4-ші тапсырмасы - «Сөз моншақ» ойыны.

1-топ. «Шаңғы» сөзіне, 2-нші топ – «Аққала» сөзіне (тапсырмаларды орындаған сайын қар бүршіктерін таратып отыру қажет)

Айтылым: «Ұшқыр ой» ойыны. Интер белсенді тақтада қаламмен жүргізіп дұрыс мәтін құрастыру. 1-топ сұрақтар дайындайды, 2-топ диалаог құрастырады.

Сергіту сәті: «Аққала». Қар жауғанда топ бала

Соқтық келіп аққала,

Мұрны сәбіз үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Жазылым: Етістіктерді жіктеу. 1- топ «шаңғы тебу», 2-топ «қармен ойнау»

  1. Бекіту: тест

  2. Қорытынды: -Не істедік? -Не білдік? т.с.с.

  3. Үйге тапсырма: «Қыс ойындары» тақырыбына диалог құрастыру

  4. Бағалау:

  5. Көңіл– күйлерін білдіру:


Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров172
Номер материала ДВ-518916
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх