Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / А.ҚҰНАНБАЕВ "ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ" ӨЛЕҢІНЕ РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ЕСЕП
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

А.ҚҰНАНБАЕВ "ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ" ӨЛЕҢІНЕ РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ЕСЕП

библиотека
материалов



А.Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіне рефлексиялық есеп


Мектептегі тәжірибе кезіндегі 6-сыныптағы әдебиет пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша жоспарланған 4 сабақ өткізілді. Соның ішінде рефлексиялық талдау жасау үшін А.Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі үшінші сабағымды таңдадым. Сабақ жоспарын өзімнің әріптестерім және сертификатталған мұғалімдермен бірлесе отырып, Lesson study әдістемесі бойынша құрдым және орта мерзімді жоспарлаумазмұнын басшылыққа алдым.

Сабақ мақсаты оқушыларға бағытталып жасалды, күтілетін нәтижелер белгіленді. Алдын ала оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес саралаулар жүргізілді. Осылайша сабақтың мақсаттары төмендегідей қарастырылды.

Барлық оқушылардың өлеңнің мазмұнын түсінуі, оқушылардың көпшілігінің өлеңнің ерекшелігін білуі, кейбір оқушылардың қанатты сөздермен жұмыс жасауды үйренуі күтілді. Бұл мақсатқа жету үшін «Сиқырлы айна», «Миға шабуыл» ой толғау, «Аяқталмаған сөйлем» стратегиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдану тиімді деп шештім.

Сабақтың кіріспе бөлімінде оқушыларға жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін шеңбер құруға шақырдым. Оқушылар үшін әңгімелесудің маңыздылығын арттыра отырып, өзара білім алу үрдісіне белсене қатысуын қамтамасыз ету үшін «Сиқырлы айна» стратегиясы қолданылды. Оқушылардың әлеуметтік кедергілерін азайту, өзара диалогтік тәсілде бір-бірімен ақпарат алмасу дағдыларын дамытуда таңдаған стратегимың тиімді екендігіне көз жеткіздім. Үй тапсырманы сұрау барысында сәтті тұстарым оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін тапсырманы жұптарда өзара талқылауға мүмкіндік алады деп ойластырдым. Олар бір-бірінен ақын өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, бір-біріне сұрақ-жауап орындады. Түсінбеген сұрақтарын бір-біріне толықтырды.

Бұл жұмыстан кейін оқушылардың өзін-өзі реттеу арқылы қорытынды жасауға жетелейтін «Миға шабуыл» ой қозғау арқылы білімдерінің өлшемдерін анықтау керек, демек, олар өткен сабақ бойынша алған білімдерінің деңгейін көрсететін бағалау жүргізілді. Осы кезеңде А деңгейлі оқушым еш қиналмастан жауап беріп тұрғанын байқадым. Сәтсіз тұстарым. Оқушылар не істерін білмей абдырап қалды. Ал С деңгейіндегі оқушы жауап беруде қиналғанын көріп, Выготскийдің «ЖАДА» ұғымындағы көпіршелер арқылы оқушыма «Бастапқы сұрақтарға берген жауабың дұрыс, әлде де ойлансаң, жауабын тез табасың

деп қолдау көрсеттім. Бір-бірін бағалау арқылы оқушылар өздерінің мықты және осал жақтарын бағалады. Жақсы орындаған оқушыларды марапаттадым. Олар өзара сұрақ қоюға, бір-біріне түсіндіруге, әңгімеге белсене қатысуға тырысты.

Түрткі болуға арналған сұрақтар жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.[1.38]. мақсатында оқушыларға тұсау кесер бөлімінде:

1. Абай туралы не білеміз?

2. Ол туралы не айтар едіңіз?

3. Абайдың ұлы ақын болуына ықпал еткен орта?

4. Суретші идеясы қандай болды деп ойлайсыңдар?- деген сұрақтарға оқушылар

- Қазақтың ұлы ақыны, аудармашы екенін білеміз.

- Абай-табиғатты шебер жырлаған ақын.

- Абай Құнанбаевтың жазба әдебиеттің негізін салушы,

         сазгер,ойшыл,тарихшы,заңгер екенін

  -Абай бойындағы асыл қасиеттерден үлгі  

         алуға аламыз

Сонымен бірге « Әсем» және «Әсемпаз» сөздерінің мағынасын ашыңдар. Бұл сұрақтарды топта талқылаған кезде оқушылар арасындағы диалогтық талқылау әдісі арқылы жаңа идеялар мен пікірлердің туындауына, бір-бірін оқыту арқылы сыни ойлауды үйренуге мүмкіндік беретініне көз жеткіздім. Мысалы: А есімді оқушы: «Әсем- дегеніміз қоршаған ортадағы сұлулық», ал Т оқушым « Әсем сөзі бірнеше түрге бөлінетінін бірі адамның – әсемдігі, екіншісі –жан дүниесі, үшінші -дүние»деп пікірін білдірсе, С оқушым «Әсемпаз сөзі-сәнқой дегенді білдіреді» деп жауап берді. Осы арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылды.

C:\Users\acer\Desktop\mz2CEBvjEow.jpg

Топқа бөлінуі


1 топ. Өлеңді оқи отырып, бір тұжырымға келуі

2 топ. Өлеңді білімді адамға келтіріп сурет салу.

3 топ. Сөзмаржаннан әңгіме құрастыру.


4 топ. Әр шумақтың құрылымын анықтау.

Әр топ жобаларды қорғаған кезде әр шағын топтың әлеуметтік қарым-қатынастары қалай екені танымдық қабілеттерінің деңгейі көрініп тұрды. Бірінші топ өз жұмысында көркемдігіне көп мән берген, барлығы бірігіп жұмыс жасаған, тақтаға шыққанда айтатын сөздерін бөлісіп алған. Ұйымшылдықпен, ауызбіршілікпен жасалғаны көрініп тұр. Екінші топ бұл топта шамалары келгенше сурет салған уақыттары жетпей бір-біріне ренжіп жатты. Себебі бұл топқа көбіне тұйық жүретін ұжымға қосыла бермейтін оқушылар жиналған, сонымен бірге ешқайсысының қолынан сурет салу келмейді екен, бірақ В деңгейлі Р оқушының суреттері нақты болмаса да қазіргі білім мен бұрынғы білімді салыстырып айтып шықты, мені қатты қуантты. Үшінші топтың жұмысы сөзмаржаннан әңгіме жазу еді. Топтың жұмысы бірлесе жауапкершілікпен жасағаны көрініп тұрды. Әңгімені өмірмен байланыстыра білген.

Төртінші топ оқулықпен ғана шектелмеген, әр шумақтың мәнін суреттеп берген, өзара ой бөлісудің арқасында жұмыс жақсы шыққан. Топ мүшелері өздерінің белсенділігін қиналса да бірлесе отырып, көрсете алды. Өзара ұйымшылдықтары мен бір-бірін тыңдауы, бірлесе отырып, жұмыс атқаруы маған ұнады.

C:\Users\acer\Desktop\n_cn1W3u97M.jpgC:\Users\acer\Desktop\саба0 4\20151008_140030.jpgC:\Users\acer\Desktop\IMG-20151102-WA0007.jpg



Топтық жұмыс Постер қорғауда Жасалған жұмыс

Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай , білімді бірлесіп алуда немесе « пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру арқылы іске асады [1.36]Топтағы сыни тұрғыдан ойлау мақсатында кесте толтыруды тапсырған болатынмын. Бір-бірінің пікірін тыңдай отырып, әр қайсысы өзіндік пікірлерінде қалып, оны әрі қарай дәлелдеу мақсатында дамытуға жол ашатынын түсіндім. Топ бір- бірлеріне қойған критерийалды бағалау өлшемін өздерін бағалауды жүзеге асырды. Сонымен қатар, оқушылар арасында топтық кезеңінде өзара рольдерді бөлісу барысында байқағаным нашар оқитын оқушылар әдепке кезеңдерде «уақыт сақшысы» қызметін атқаруға ұмтылушы еді, кейіннен олар да белсене араласатын болды.

Менің ойымша, бұл да осы әдіс-тәсілдің оқушыларға деген әсері деп ойлаймын. Дәстүрлі сабақ барысында біз оқушыларды тек сабақ соңынан ғана, ең көп дегенде үш-төрт баланы бағалайтын болсақ, осы бағдарламаны меңгеру барысында бағалауды сабақ басталғаннан, өзін-өзі бағалау, бағалау, жұптық бағалау, қалыптастырушы бағалау және критерий арқылы бағалау сияқты бағалау түрлерін тек меңгеріп қана қоймай, оны енді сабақ барысында қолдануына ықпал жасауымыз керек болды. Осындай талаптардан кейін оқушылардың бәрінде менен апай бүгін сабақ сұрамайтын шығар, немесе сұрап үлгермейтін шығар деген ой мүлдем болмайды.

Бұл бағдарламаның ерекшелігі де сонда әр оқушы өзінше бір тұлға, сабақ барысында барлығының да қамтылып, әр қайсысының өз жас ерекшеліктеріне сай тапсырма түрлері де түрленіп, кеңейтіліп, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, нәтижеге бағытталған білім үдерісін қолға алуымыз керек. Осы бағытты ұстана отырып менде өз тәжірибе барысымда осындай өзгерістер нағыз дәл уақытында енгізіліп отыр деп ойлаймын.Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіргендігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар екенін білеміз. Олар:

1.Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.

2.Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі.

3.Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.. Сұрақтарды қою кезеңінде бірнеше әдістерді қолдандым. Жұмыс барысында оқушылардың жауаптарына көлеміне қарай әртүрлі уақыт беріледі.

Менің ойымша, жалпы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырып, арттыратын нәрсе өз ортасы болмақ. Әрбір оқушы өзінің жас ерекшелігіне сай ойлай біледі. Бірақ кей жағдайда өзінің жас шамасынан да жоғары дәрежеде ойлайтын балаларда кездесіп жатты.Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады екен. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірбиені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыданойлау- мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. [МАН, 46].Сыни тұрғыдан ойлауда төмен оқушылар жоғары оқушылар да, мені таң қалдырды.

Бағалау топ аралық бағалау «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы және бағалау кретерий арқылы бағалады.

C:\Users\acer\Desktop\1 005.jpgC:\Users\acer\Desktop\15\Бағалау\Новая папка\Новая папка (2)\1 002.jpg

Топ аралық бағалау кретерий арқылы бағалау


C:\Users\acer\Desktop\20151012_223345.jpgF:\515\2015-10-12 1\2015-10-15 1\1 001.jpg


Бағалау сәті


Бағалау кезінде өзін-өзі бағалау және топтық бағалау түрлері жүргізілді. Әр топтың бақылаушысы тұрып өз тобындағы оқушыларды бағалады. Бағалаушының бағасына келіспегендер болды. Бақылаушылар уәж бен дәлелдерін келтіре отырып сөйледі. Яғни, оқушылар бір-бірін бақылап, бағалап, аңдып отырғаныдығы байқалды. Әділ баға бергеніне оқушылар риза болды. Бұрын мен сабақтарымда оқушыларды бағалағанда «апай маған қанша қойдыңыз?» деген сұраққа жауап беруге қиналатынмын, себебі оқушы ренжіп қалатындай көрінетін, өзімді сол үшін кінәлі сезінетінмін. Бағалау жауапкершілігі мен үшін ауыр болатын. Ал, енді оқушылар бір-бірін бағалағанда мен өзімді жеңіл сезіндім, әділетті мұғалім болдым, иығымнан ауыр жүк түскендей болды.

Сабақтағы жұптық жұмыс кезеңінде оқушылар бір-бірлеріне көмектесіп, қолдау көрсетті. Бірінің білмегенін бірі толықтырып, әрдайым қол ұшын беруде болды. Бірақ кейбір жұптарда жұп мүшелерінің бір мүшесі ғана жұмыс атқарған сәттері болды. Уақыттың өлшеулі болғандығанан жұптар арсында реніштер мен көңіл толмаушылықтар да болғаны ақиқат. Мен осы қателіктерімді алдағы уақытта дұрыстауым керек екендігін түсіндім. Жұптық жұмысты қорғау сәтінде балалар арсында диалог өте жоғарғы деңгейде жүрді. Тіптен бұрын нашар оқып жүрген Т есімді төмен оқушы А есімді жоғары оқушыға сұрақтар қою барысында ойландырып тастады. жоғары «А» есімді оқушының мысал келтіргеніне «Т» есімді оқушы. «Қосымша қандай дерек білесің оқулықтан бөлек?» деген болатын. Осы кезде екі топтағы жұптардың арасындағы диалог көрініс тапты деген ой келді. Жұптық жұмысты орындау барысында да жоғары оқушылар көбірек жауап берді де жұп болып отырған кейбір төмен оқушылар тасада қалып қойып отырған жағдайлар да орын алды.


C:\Users\acer\Desktop\6 Б САБАҚ\20151001_140939.jpg

Жұптық жұмыс


Александердің (2001,2008) Диалогтік оқытуына сәйкес диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі модуліне күмәнмен қарайды. Ол балалардың күннен-күнге қол жетімділігі артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керектігін басып айтады [1. 47]. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алатына тағы да бір мәрте көз жеткізгендей болдым. Оқушылардың тақыртыпты түсінуіне қол жеткізу үшін жалпы қолданылатын сұрақтардың екі түрі болады: Бірі төмен дәрежелі, екіншісі жоғары дәрежелі сұрақтар. Дәл осы сәтте мен де оқушыларға жетекші сұрақты қалай қою керектігі туралы балаларға мәліметтер бердім.

Оқушыларға жеке жұмысқа «Егер мен ақын болсам» құзырлы тапсырма бердім. Мені қуантқаны С деңгейлі оқушы «егер мен ақын болсам мақал-мәтелді көптеп жазатын едім» деп жауап жазыпты. С деңгейлі оқушының кішкене болсада алға жылжуы байқалды.

F:\515\2015-10-12 1\2015-10-13 1\1 011.jpgF:\515\2015-10-12 1\2015-10-13 1\1 016.jpgF:\515\2015-10-12 1\2015-10-13 1\1 006.jpg
А-деңгей В-деңгей С-деңгей


Сабақтың соңында «Аяқталмаған сөйлем» рефлексиялық парағын тараттым. Бұл параққа оқушылар сабақта не білгенін, қай жері қызықты болғаны, неге әлі келетіні, сабақ нені өмірге дайындағаны туралы қорықпай, шынайы жазып беру керектігін түсіндірдім. Оқушыларға ұнағаны; оқушылар осындай сабақ күнде болуын, әр топтың бірін-бірін бағалауы, топпен жұмыс жасау ұнағаны қалыптастырушы бағалаудың ішінде смайлик арқылы бағалағаны ұнайтынын, өмірде қандай жақсы қасиеттерге итермелегенін жазған. «Аяқталмаған сөйлем» кері байланысқа тиімді тәсіл, сол арқылы шапшаңдыққа баулу арқылы ойдың негізгі түйінін, тек қана керекті ақпаратты жеткізе білу дағдысы қалыптасады. Бірлескен оқу арқылы күтілетін нәтижем: оқушылар өлеңнің мазмұнын біледі, өлеңнің өсиет түрінде жазылғанын түсінеді, қанатты сөздер қайрат пен ақыл, әділет пен шапқат секілді сөздерді үйренеді.


C:\Users\acer\Desktop\6 Б САБАҚ\20151001_141828.jpgF:\515\2015-10-12 1\2015-10-15 1\1 006.jpg

Кері байланыс


Сабақта не сәтті болды?

Бұл сұраққа жауап беру үшін біраз ойландым. Шын мәнісінде не сәтті, не сәтсіздеу болды деген қорытынды жасау үшін мен таңдаулар жасауым керек болды. Өз әрекеттеріме байланысты ма, әлде оқушылардың жұмыстарына байланысты ма? Осылайша толғана келе, мен өз әрекеттеріме басымдық беруді жөн көрдім. Менің тәжірибемде ынтымақтастық ортасын қалыптастыру, топтық жұмыстарды ұйымдастыру, түрлі тәсілдерді пайдалану, бағалау стратегиялын қолдануым деп ойлаймын. Соның ішінде оқушылардың өзара әңгімелесулерінің маңыздылығын арттыру жұмыстары әдебиетті оқу әдістемесінде өте тиімді деп білемін. Оқушылардың айтылым, оқылым, жазылым және тыңдалым дағдыларын дамытуға мүмкіндік бере аламыз деп ойлаймын.

Оқушыларға келсек, олардың тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытқаны, білуге, үйренуге деген ынта-ықыластарының жоғары болғандығы деп ойлаймын. Сабақ барысында топ аралық та жұптар арасында да диалогтың әңгімелердің көрініс табуы.

Бағдарламаның 7 модуль идеяларының өзара ықпалдасуы.

Топта оқушылардың ролдерге бөлініп, өз қызметтерін жауапкершілікпен атқаруы.

С деңгейлі оқушының өз ойын оқушыларға жеткізе алуы.

Сабақ барысында не сәтсіз болды?

Сабақ барысында оқу мен оқытуды басқару үрдісі көңіліме онбады, сұрақ қоюда, оқушыларды тыңдауда, жауаптарын саралауда және топтық жұмыстарда бақылау жүргізуім сәтсіздеу болды. Оқушылардың жек жұмысты орындаудағы уақытты тиімді жұмсауына басшылық жүргізбеуім, ынталандыру, жігерлендіру, тақырыптқа, нақты мәселеге байланысты кері байланыстың маңыздылығының орын алмауы. Сабақ барысында жүргізіліп отырған қалыптастырушы бағалаудың толық көрінбеуі. Жұптық жұмыстың жүргізілу барысындағы оқушыларды толық бақылауға алмауым. Топтық жұмыста оқушылардың барлығы бірдей мәселе шешу жұмысында белсенді араласа алмауы, нақты әрекеттерді орындау үшін рөлдерді бөлу, жоспарлау, келісулер мен талқылаулар жасаудың әлісіздігі деп айтар едім. Сонымен қатар, топтық жұмыстарда кейбір оқушылардың өзіне деген сенімділігінің болмауы, менің тарапымнан дер кезінде бақылау мен тиісті қолдаулардың көрініс таппауы деп біліемін. Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуі

Алдағы уақыттарда мен жаңа сабақтардың үлгісіне қол жеткізу үшін төмендегі ұсыныстарды қабылдадым.

  • «оқуды үйрететін» орта құру;

  • Оқушылардың оқу танымдық дағдыларын дамытудың тәсілдерін жүйелі және мақсатты пайдалану;

  • Әрбір сабақтың мақсаттарына сәйкес табыс өлшемдерін құрастыруға қол жеткізу;

  • Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау түрлерін мақсатты таңдау;

Әлі де болса, диалогтік оқу үлгісімен оқуды ұйымдастыру түрлерін жетілдіруге жұмыс жасау, сұрақ қоюға оқушыларды ынталандыру. Зияткерлі тапсырмаларды енгізу көмегімен оқушылардың танымдық, зияткерлік мүмкіндіктерін кеңейтуге жұмыс жасау. Әдебиет сабағының жаңа тиімді сабағыныа қол жеткізсем деймін. Барлық оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұптық, топтық және жеке жұмыстарды өзара ықпалдастыру тәжірибесін меңгерсем деймін.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 3 (базалық) деңгей. Астана 2015

2. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы. 2015.












































11



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров204
Номер материала ДВ-463752
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх