Инфоурок Дошкольное образование Конспекты«Қанатты дос қарлығаш» тақырыбында ересек тобына арналған оқу қызметінің технологиялық картасы

«Қанатты дос қарлығаш» тақырыбында ересек тобына арналған оқу қызметінің технологиялық картасы

Скачать материал

Досбергенова Мөлдір Қаладинқызы

МКҚК «Баларман» балабақшасы

«Шаңырақ» ересек тобының тәрбиешісі

 

Білім беру саласы:  Коммуникация

 

Ұйымдастырылған оқу  қызметі: Сөйлеуді дамыту

 

Тақырыбы:  «Қанатты дос қарлығаш»

 

Мақсаты: Балаларға қарлығаш құсы жайлы толық мәлімет беру. Өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру.  Балаларды айналасына көмектесу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтынын ұғындыру. Қамқорлық жасауға, айналамсына мейірімді бола білуге тәрбиелеу.

 

Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер: сиқырлы тақта, желім, қағаз бөліктері, ермексаз, ермексаз тақтайшасы, теледидар, бейнетаспа

 

Билингвалдық компоненттер: табиғат-природа, қарлығаш-ласточка, ұя-гнездо

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің  қызметі

Балалардың   қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жылулық шеңбері:

Сәлем  бердім  күнге  мен,

Сәлем  бердім  аспанға,

Сәлем  бердім  жерге  мен,

Сәлем  бердім  саған  да

Сәлем  бердік  қонақтар

Табиғатқа,  құстарға.  

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер соны шешуге тырысыңдар. Мұқият тыңдап отырамыз.

Қанаты бар талмаған,

Аспанға ұшып самғаған.

Жауы шыбын шіркейден,

Табиғатты қорғаған

Бұл не?          (қарлығаш)

Балалар құстар табиғаттың қай түріне жатады.

-Иә, дұрыс айтасыңдар!

Қарлығашты көргендерің бар ма?

Олай болса, бейнероликке назар аударайық.

Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Арктика мен Антарктидадан  басқа жердiң бәрiнде ме­кендейдi. Бүкiл әлемде қарлығаштың 80 түрi бар. Оның 4 туысқа жа­татын 5 түрi Қазақстанда кездеседi.  Олар:  жар қарлығашы, құз қар­лығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлы­ғашы. Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман-тоғай, өзен-көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы.  Күз түсе, Африка мен Оңтүстiк Азияға ұшып кетедi. Жылына бiр рет, қыста түлейдi. Екiншi жылы ұрпақ бередi. Екi-екiден, кейде топ­танып, шыңға, тiк жарға, кейде тұрғын үй қабырғаларына, ағашқа жапсыра ұя жасайды. Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп-шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар. Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды жәндіктерді, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi. Қарлығаштар жылына екi рет жұмыртқалайды. Алты-жетi күннен соң жасап бiтiрген ұясына 3-тен 7-ге дейiн жұмыртқа салады. Екi-үш аптада балапан басып шығарады. Балапандары алғаш қызылшақа болады. Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi. Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлы­ғаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады.                                            Мысалы, «Қарлығаштың құй­рығы неге айыр?» ертегiсi, Төле бидiң қалай «Қарлығаш би» атанғаны туралы аңыз… Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамалдар да бар. Мысалы:           Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады.            Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады. Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң…

Ғажайып сәт: Сотқарбала есіктен ескертпей кіріп келеді.

-Сәлем, балалар! Нестеп жатсыңдар? Кеттік бұл не отырыс. Тоғайға барып, қолымда сіріңкем бар от жағып, айыратқышыммен құстарды атамыз.

Балалар: -Жоққққ, Сотқарбала біз құстарды атпаймыз. Кел оданда  бізге қосыл қарлығашқа ұя жасап берейік.

Сотқарбала: -Жарайды, ендеше сендерге қосылайын. Бірақ, егер қызық болмаса ман кетем, өзім тоғайға жалғыз бара берем.

Балалар:- Өкінбейсің, қызық болады.

Ендеше балалар бүгін біз үш орталыққа бөлініп жұмыс жасаайтын боламыз.

 

Іздену ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Әдебиет орталығындағы балалар «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты ертегіні теледидардан тамашалайтын болады.

Мақсаты: Балаларды қазақ ертегілерін  сүйіп тыңдауға баулу. Ой-қиялын дамыту.

Өнер орталығындағы балалар ермексаздан қарлығаштың ұясын, сонымен қатар жұмыртқасын мүсіндейтін болады.

Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыту. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Құрылыс орталығындағы балалар қағаз бөліктерінен қарлығаш құрастыратын болады.

Мақсаты: Бөлшектерді пайдаланып қарлығаш құрастыруды үйрету. Әдемілікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

 

Сергіту сәті:

Қане, балалар экранға назар аударып, сергіту сәтін бірге жасайық.

 

 

Рефлексифті түзетушілік

 

Балалардан қай орталықта болғанын сұрап, оқу қызметіне жақсы атсалысқан балаларды мадақтау.

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Нені білу керек: Табиғатты қорғау керектігін

 

Нені игерді: Қарлығаштың өзіне тән ерекшеліктерін

 

Нені білді:Айналасына әрдайым көмектесе біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қанатты дос қарлығаш» тақырыбында ересек тобына арналған оқу қызметінің технологиялық картасы"

Рабочие листы к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

.

«Қанатты дос қарлығаш» тақырыбында ересек тобына арналған оқу қызметінің мақсаты:

балаларға қарлығаш құсы жайлы толық мәлімет беру. Өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларды айналасына көмектесу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтынын ұғындыру. Қамқорлық жасауға, айналамсына мейірімді бола білуге тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 458 641 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.09.2017 732
    • DOCX 51.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досбергенова Мөлдір Қаладинқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 784
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод (гид)

Экскурсовод (гид)

1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учетом ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 100 человек из 37 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация дополнительного образования детей в условиях дошкольной образовательной организации

Педагог дополнительного образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 36 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Воспитание детей дошкольного возраста в логопедической группе

Воспитатель логопедической группы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 254 человека из 53 регионов