- Учебник: «Информатика (углублённый уровень) (в 2 частях)», Семакин И.Г., Шеина Т.Ю., Шестакова Л.В.
- Тема: 1.3.2. Перевод десятичных чисел в другие системы счисления
- 01.10.2020
- 1856
- 81

Пәні | Флеш анимация | ||
Тобы | | ||
Уақыты | | ||
Сабақтың тақырыбы | «Анимация, оның түрлері. Кадрлық анимация жасау» | ||
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат -міндеттері | А) Ақпараттық: Қарапайым және кілттік кадрлар туралы түсінік беру, қозғалыс анимациясын құруды меңгерту. «Анимация» және «бейне» типіндегі символдар, нысандар кітапханасы туралы ақпарат беру, символдармен жұмыс ережесін, суреттерге эффект орнатуды, қосымша кітапхананы пайдалану, кітапхана құру ережесін меңгеру. Ә) Коммуникативтік: Өмірде өз міндеттерін шешу үшін қазақ тілінде ауызша және жазбаша коммуникацияда компьютер құралдарын қолдану .Б) Проблеманы шешу: Тапсырманы орындау үшін командалардың қайсысын меңгергенін, не меңгермегенін анықтау | ||
Сабақтың түрі | дәріс | ||
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар | түсіндіру, баяндау, проблемалық, ішінара-ізденіс | ||
Сабақтың әдіс – тәсілдері | Сұхбат, сұрақ-жауап. | ||
Пән аралық байланыс | Ағылшын тілі | ||
Оқытудың құралдары | Компьютер, презентация | ||
| |||
Сабақтың барысы | Оқытушының қызметі | Студенттің қызметі | Күтілетін нәтиже |
I. Ұйымдастыру бөлімі | 1.Амандасу 2.Оқушыларды түгендеу | Сәлемдесу Орындарына отыру | Студенттердің сабаққа дайындығы |
II. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық | Өткен материал бойынша сұрақтар қойылады:
| Берілген сұрақтарыға жауап береді: 1. Уақыт диаграммасы келесі элементтерден құралды: - фильмнің ағымдық сценасының қабаттарының сипаттамасы; ол қабат атынан және атрибуттарынан тұрады (көрінуін басқару -Show/Hide, блокировкалау- Lock/Unlock, контурын көрсету -OutLines ). - уақыт диаграммысының өзі; ол кадрлар шкаласынан, оқу бастиегінен және сценаның әр қабаты үшін уақыт диаграммасынан тұрады - уақыт диаграммасындағы кадрды өрнектеу форматын таңдауға мүмкіндік беретін төмен қарай ашылатын мәзір - уақыт диаграммасы терезесінің қалып- күй қатары, онда фильмнің кейбір параметрі туралы ақпарат шығады және столдағы анимацияның кадрды бейнелеуді басқару батырмаларынан тұрады. 2. Flash-те кадрдың екі түрі бар: кәдімгі (regular-обычный) және кілттік (keyframe- ключевой ). Кілттік кадр анимация өзгеретін жерде болады. Кілттік кадр қойылғанда (Insert KeyFrame- Вставить ключевой кадр) соңғы кадр мазмұны жаңа кадрға көшіріледі. Екі кілттік кадр арасындағы кадрлар кәдімгі болып табылады. | Берілген сұрақтарды белгілі мен белгісізге ажыратады Өз жауабын берілген өлшемдер мен тәсілдерге сәйкес бағалайды. |
III. Жаңа материалды түсіндіру | Flash арқылы жасалатын анимацияның 3 түрі бар: - кадрлық (классикалық) анимация. Мұнда қолданушы фильмнің әрбір кадрын өзі жасайды. 1 кадрдың алдыңғыдан айырмашылығы аз болған сайын 1 кадрдан екіншіге өту жатықтығы және персонаж қозғалысының табиғилығы жүзеге асады. - автоматты анимация. (tweened-анимация). Мұнда қолданушы фильмнің бірінші және соңғы кадрын ғана жасайды, ал барлық аралық кадрларды Flash автоматты түрде өзі жасайды. - сценарий негізіндегі анимация. Flash- тің Action Script программалау тілі негізінде жасалған анимация. Анимация жасаудың әр түрін жеке қарастырайық. Кадрлық анимация Кадрлық анимацияда әрбір келесі кадрға кілттік кадр қойылады. Нәтижеде соңғы кадр жаңа жерге көшіріледі. Сонан соң көшірілген объекті өзгертіледі. Уақыт диаграммасында кілттік кадр ішінде қара нүктесі бар сұр тіктөртбұрышпен бейнеленеді. | Студенттер сабақтың тақырыбын білгеннен кейін сол тақырып аясындағы білімдерін жаңғыртып, қойылған мақсаттарға жетуге әрекет жасайды, мотивтер пайда болады. | Ақпаратты сараптау, негізгі проблемаларды анықтау, олардан шығу жолдарын табу және оларға баға беру, тиімді шешімдерді анықтау мен әрекеттер бағдарламасын қалыптастыру |
IV. Жаңа метериалды бекіту | Жаңа материал бойынша практикалық тапсырма беріліп, оны орындау жолы түсіндіріледі: 1. Гүлдің өсуін көрсететін мини- ролик жасаңдар (34-сурет. цветы.ехе файлы). Тапсырманы орындауға нұсқаулар. Фильм төрт қабаттан тұруы қажет: 1- қабат: Фон. (Қабат атын өзгерту үшін онда екі рет шерту керек.) Фонды ашық жасыл түспен бояңдар. Ол Properties терезесінен Background пункті арқылы жүзеге асырылады. 2- қабат. Стол. Онда стол мен гүл салатын ыдыстың суретін салыңдар. 3- қабат.Гүл.Бұл қабатта стол үстіндегі гүлдің өсуін көрсететін 5-6 кадрдан тұратын кадрлық анимация жасаңдар. Мысалы: 1-кадрда екі жапырақтың суреті, 2-кадрда алдыңғы екі жапырақты аздап үлкейтіп, шағын сабақ салу арқылы жоғары көтеру т.б. 4- қабат. Күн сәулесі. Күннің сәулесінің шашырауын көрсететін 2-3 кадрдан тұратын кадрлық анимация жасаңдар. 2. Монтаждау столында қоянның суретін салыңдар. Басқа қабатта сәбіз суретін салып, оның столда солдан оңға және керісінше қозғалысының кадрлық анимациясын жасаңдар. Қоян көзі қарашығының сәбіз қайда қозғалса, сол жаққа қозғалысын ұйымдастырыңдар. (цветы.ехе файлды орындатыңдар) | Практикалық тапсырма орындайды: | Өткен материал бойынша тест сұрақтарына жауап беруге дайын болады. Flash бағдарламасының негізгі ұғымдарын, кілттік кадр қоюды, Flash технологиясында қолданылатын формат типін біледі. Кадрлық анимация жасауды меңгереді. |
V. Үйге тапсырма | 1. Машинаның түзу сызықты қозғалысының анимациялық эффектісін жасаңдар. 1-қабатта қозғалмайтын горизонталь сызық және вертикаль стрелка сызыңдар. 2- қабатта машина суретін салып, 1 және 30- кілттік кадрлар арасында машина қозғалысының автоматты анимациясын жасаңдар. 3- қабатта машина орнын көрсететін стрелка қозғалысының анимациясын жасаңдар. (1,5,10,15,20,30-кілттік кадрлар.) ( сar1.ехе файлын орындатыңдар) | Дәптерлеріне үй тапсырмасын жазып алады. | Қосымша материалдарды қарайды. Практикалық тапсырманы орындайды. |
VI. Қорытынды | Кемшіліктерді ашып, олардың алдын алу жолдарын көрсетеді, бағалайы. Сабақты қорытындылайды. Сау болыңыздар. | Оқытушы сөзіне назар аударады. Жетістіктермен кемшіліктерді қабылдайды . Жұмыс орнын жинайды. Оқытушымен қоштасады. Сау болыңыз. | Сабақта жіберген өз қателіктерін, кемшіліктерін мойындау, сынды қабылдау арқылы өзіндік даму жүзеге асады, өз бетімен ақпараттық әрекеттің түрлерін тиімді жүзеге асырады. |
Настоящий материал опубликован пользователем Молдагалиева Анар Аскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалпреподаватель информатики
Файл будет скачан в формате:
Жұмыс парағы «Өнер және оның түрлері» тақырыбына арналған. Балаларға қоршаған ортаны зерттеуге, бақылау қабілетін, танымдық қызығушылығын дамытуға көмектеседі.
Мектепке дейнгі жастағы балаларға және 1 сынып оқушыларына арналған.
Тапсырма мазмұны:
Бояуларды немесе қарындаштарды алып, көркем бейне сал. Нені салғаның туралы айтып бер!
Өнер туралы қандай қызықты деректерді білесің? Оларды жаз немесе айтып бер.
Суретшіге осы заттардың қайсысы керек? Оларды күлгін қарындашпен қорша.
Белгілі өнер туындыларын қалаған түстермен боя. Танымал өнер туындылары нағыз суретшінің қолында жарқын және көңілді болсын!
Кім немен айналысады? Мамандық атауларын олардың құралдарымен байланыстыр.
Қосымшаны ашып, өзіңнің жеке өнер туындыңды жаса!
Курс профессиональной переподготовки
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
А) Ақпараттық: Қарапайым және кілттік кадрлар туралы түсінік беру, қозғалыс анимациясын құруды меңгерту. «Анимация» және «бейне» типіндегі символдар, нысандар кітапханасы туралы ақпарат беру, символдармен жұмыс ережесін, суреттерге эффект орнатуды, қосымша кітапхананы пайдалану, кітапхана құру ережесін меңгеру.
Ә) Коммуникативтік: Өмірде өз міндеттерін шешу үшін қазақ тілінде ауызша және жазбаша коммуникацияда компьютер құралдарын қолдану
.Б) Проблеманы шешу: Тапсырманы орындау үшін командалардың қайсысын меңгергенін, не меңгермегенін анықтау
7 232 206 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 211 656 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.