Инфоурок Алгебра Другие методич. материалы«Анықталған интеграл, оның қасиеттері.

«Анықталған интеграл, оның қасиеттері.

Скачать материал

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Анықталған интеграл, оның қасиеттері.

                                          Ньютон-Лейбниц  формуласы».

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға интеграл ұғымын және оның қасиеттерін түсіндіру, Ньютон-Лейбниц формуласын пайдаланып есептер шығара білуге үйрету.

Тәрбиелік: Ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс істеуге, тез ойлауға дағдыландыру, өз жетістігін бағалай білуге, қарым-қатынасты күшейтуге үйрету.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

 

Сабақтың типі: жаңа сабақ

 

Сабақтың әдісі: жарыс түрінде, тест, сұрақ-жауап

 

Көрнекіліктер: қоржын, Ньютон, Лейбниц суреттері.

 

Техникалық құрал жабдықтар: интерактивті тақта,  компьютерлік бағдарламалар:  MS Word, Active Studio.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. А.Н.Колмогоров «Алгебра және анализ

                                                       бастамалары»

                                                    2. Н.В.Богомолов «Практические занятия по

                                                        математике»

                                                    3. В.Т.Лисичкин «Математика»

 

Сабақтың құрылымы

 

Р/с

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

1.

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

2.

Үй тапсырмасын тексеру

15 мин

3.

Негізгі бөлім

58 мин

4.

Сабақты қорытындылау

2 мин

5.

Оқушыларды бағалау

2 мин

6.

Үйге тапсырма беру

1 мин

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын және кім жоқ екенін тексеру

2. Аудиторияның тазалығын тексеру

3. Оқушыларды екі топқа бөлу

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

І. Бәйге. Көкпар.

Ұраны: «Шапқан озар, жатқан қалар»

Ойын шарты: Әр топқа үйге берілген тақырып бойынша 5 формуладан беріледі, сол формулаларды дұрыс жалғастырып жазу керек. Бірінші және дұрыс жазған топ қанжығаларына қой байлайды.

«Ньютон» тобының тапсырмасы:

1) ;

2) ;

3) ;

4) ;

5) .

«Лейбниц» тобының тапсырмасы:

1) ;

2) ;

3) ;

4) ;

5) .

 

ІІІ. Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту және белсенділігін арттыру

Екі топ оқушылары жарыса отырып орындайды.

Интеграл дегеніміз не?

Анықталмаған интеграл дегеніміз не?

Анықталмаған интегралдың қасиеттері?

 

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

1. Интеграл туралы ұғым

    Қисық сызықты трапецияның ауданын есептеп шығару есебіне басқаша тәсіл қолдануға да болады. Жеңілдік үшін  функциясын   кесіндісінде теріс емес және үздіксіз деп есептейміз; оған сәйкес қисық сызықты трапецияның ауданын шамамен былайша есептеуге болады.

  кесіндісін  нүктелерімен ұзындығы бірдей кесінділерге бөлеміз және , мұндағы  болсын.   кесінділердің әрқайсысын табан ретінде алып, биіктігі   болатын тік төртбұрыш саламыз. Бұл тік төртбұрыштың ауданы мынаған тең:

ал осындай тік төртбұрыштың аудандарының қосындысы мынаған тең:

.

  кесіндісінде үздіксіз кез келген  функциясы үшін  шамасы  жағдайда қандай да бір санға ұмтылады. Бұл санды   функциясының -дан -ге дейінгі интегралы деп атайды және   деп белгілейді, яғни

  жағдайда                               (1)

 мен  сандары интегралдау шектері деп аталады: - төменгі, - жоғарғы шегі. таңбасы интеграл таңбасы деп аталады.  функциясы – интеграл астындағы функция деп, ал х айнымалы интегралдау айнымалысы  деп аталады.

.                                                             (2)

2. Ньютон-Лейбниц формуласы.

Егер   кесіндісінде  үшін алғашқы функция болса, онда

.                                                (3)

(3) формула Ньютон-Лейбниц формуласы деп аталады. Ол формула   кесіндісінде үздіксіз кез келген  функциясы үшін тура.

 айырмасын жазу ыңғайлы болу үшін қысқаша белгілеу қабылданған:    .

Осы белгілеуді пайдаланып, Ньютон-Лейбниц формуласын әдетте мына түрде жазып жүр:

.                            (4)

 

Ньютон-Лейбниц формуласы қолданылатын мысалдарды қарастырайық.

1-мысал. Есептеп шығарайық:

2-мысал. Мына интегралды есептеп шығарайық: .

.

 

V. Жаңа сабақты бекіту

ІІ. Бәйге. Тал отырғызу.

Ұраны: «Әдепсіз өскен баладан,

                Тәртіппен өскен тал жақсы»

Ойын шарты: Тақтадағы жазылған есептерді әр топтан екі оқушыдан шығып, есептерді шығарады. Қанша есепті дұрыс шығарса, сонша тал еккені.

Интегралды есептеп шығар:

1. ;                                                  1. ;

2. ;                                               2. ;

3. ;                                                    3. ;

4. .                                               4. .

 

ІІІ. Бәйге. «Қазақша күрес»

Ұраны: «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

Ойын шарты: Екі оқушы ортаға шығып, білімдерін есеп шығару арқылы көрсетеді. Мұнда әр есепке уақыт қойылған.

Мына интегралды есептеп шығарыңдар:

1. ;                                             1. ;

2. ;                                                2.  ;

3. ;                                          3. ;

4.  .                                             4. .

 

ІV. Бәйге. Наурыз көже ішу.  

Ұраны: «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»

Бұл ойында қазақтың халық ауыз есептері оқылады.

1. Жылқыға жем беру туралы есеп.

     Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді екен. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: 3 қадақ – биеге, 2 қадақ – құнандарға,

1 қадақ – тай басына беріледі.

     Мал иесі үйіне алыстан келіп, қонақ болып отырған жекжатына осы тіршілігін айтып қалады. Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу болғаны?

(Бие-1, құнан-2, тай-3)

2. Бес саулық туралы есеп.

    Ауыл ақсақалының төрт ұлы болыпты. Олардың үшеуі өз алдына отау тігіп кетіпті. Ақсақал төртінші баласын үйлендіріп, оның алдына бес саулық салып беруді ойлайды. Бір күні ол үш ұлының үйлеріне барып, бәрінің қойы 41 бас екенін біліп қайтады. Оларды шақырып алып: «Әрқайсың қойларыңды төртке бөліп, бөлінбей қалғанын кенже інілеріңе беріңдер»-дейді. Үш жігіт бөлінбей қалған қойларын кенже інілеріне береді. Екеуіңнің қойың менікінен артық еді, енді теңесті, -дейді үш жігіттің біреуі.

    Бұл үшеуінің қойлары алғашында қанша болған?  

(13,14,14)

3. Табақ тарту туралы есеп.

    Бір меймандос адамның үйіне достары келіпті. Оларға шай беріпті. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартыларда үй иесі меймандарды көзбен шолып шықты да, ойланып қалды.

    Ошақ басында жүрген жұбайына келіп: Екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады, енді не істесек екен?-дейді. Бұл үйдің меймандары қанша? Табақ саны қанша? (Мейман-12, табақ-5)

4. Ешкілі жігіт туралы есеп.

    Ертеде бір жарлы жігіт жылдар бойы байға жалданып жүріп, ірілі-ұсақты біраз ешкі жинап алыпты. Бұлардың үлкен ешкілерінің тушалары екі есе, ал шыбыштары үш есе көп. Көктемде шыбыштары жалқы, тушалары егізден, ал үлкен ешкілері үштен лақ табады. Жарлы жігіттің барлық ешкілерінің саны лақтарымен қосқанда 64-ке тең. Бұл үйде ең алғашында қанша шыбыш, қанша туша, қанша ешкі болған?

(Ешкі-4, туша-8, шыбыш-12)

V. Той тарқар

 Ұраны: «Білімнің басы бейнет, соңы зейнет»

Бұл сайыста оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.

 

Сабақ соңында әр ұлттық ойын бойынша жеке топтарға орын беріліп, оқушылар білімі бағаланады.

 

VІ. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың білімін жинақтау, жүйелеу, бір қорытындыға келу.

 

VII. Оқушыларды бағалау

 

VIII. Үйге тапсырма беру

1.     «Интеграл» сөзіне сөзжұмбақ, ребус құрастыру.

2.     «Анықталған интеграл» және «Анықталмаған интеграл» тақырыптарына Венн диаграммасын құрастыру.

3.     А.Н.Колмогоров «Алгебра және анализ бастамалары» кітабынан №359, №360 есептерді шығару.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Анықталған интеграл, оның қасиеттері."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 617 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 1088
    • DOCX 156.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амантайкызы Айгерим Амантайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45404
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: умножение и деление

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 327 человек

Курс повышения квалификации

Применение возможностей MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 196 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика")

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе