Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Анықтауыш
  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы

8 «А», «В»

Мерзімі:

12.11.2014 ж.

Пәні:

Қазақ тілі

Пән мұғалімі

Рүстемова Гүлмира

Сабақтың тақырыбы

Анықтауыш

Сабақтың мақсаты

Анықтауыш туралы білім беру; Алған білімді тәжірибеде қолдану, жеке, топтық жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру.

Қабілетіне қарай оқи білуге, өзіндік пікірін айта білуге машықтандыру.

Күтілетін нәтиже

Анықтауыш туралы біледі; Алған білімді тәжірибеде қолданып, жеке, топтық жұмыс жүргізе білуге дағдыланған.

Қабілетіне қарай оқи біледі, өзіндік пікірін айта білуге машықтанған.

Сабақтың түрі

Жаңа білім беру

Әдіс-тәсілдері

«Ыстық алақан» тренингі, «Ассоцияция» әдісі, топтық және жұптық, жеке жұмыстар, талдау жұмыстары, «Елестету», ойтолғау, кері байланыс

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қызығушылығын ояту

І. Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды психология

лық дайындау.

Өзін -өзі реттеу.

Топқа бөлу.

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

«Ыстық алақан» тренингін (бір-бірінің қолдарын ұстап оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып жылы лебіздерін білдіру) ұйымдастыру.





Сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді.

Бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

- Бүгінгі күніне сәттілік тілейді.


Тұрлаусыз мүшелер. Анықтауыш дегенде ойларыңызға не келеді?

«Ассоцияция» жасай отырып топтастырады.

Мағынаны тану

Топқа нұсқау беріледі.

І топ. Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдай отырып, анықтауыш қызметінде тұрған сөздің мағынасын анықтаңдар. Құлыншақ Абайға қарай түсіп, үлкен сары шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып, бір кезде көк бұйра насыбайын танауына құшырлана тартып қойды.

ІІ топ. Морфологиялық талдау жасай отырып, анықтауыш қызметіндегі сөздер қай сөз табынан жасалатынын анықтаңдар. Ыстық шаңға құмыққан Байжан купенің терезесін қайта түсіріп жіберді.

Талабы бар жігіт жерде қалмайды.

ІІІ топ. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестеріне талдау жасап, оларға тән белгілерді атаңдар.

Қылқан жапырақты ағаштың ең үлкені – алып қарағай.

ІҮ топ. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестеріне талдау жасап, анықтауышқа тән белгілерді анықтаңдар. Шыршаның қабығы жырым-жырым,ал май қарағайдың діңі жып-жылтыр.





Берілген сөйлемдерді топ болып ақылдаса отырып талдау жасайды. Топ көшбасшылары жазған постердегі талдауларын оқып шығады.



















Топтар бір-біріне «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» айтады.

Елестету:

1. Күз мезгіліндегі ауылыңды еске түсірші.

2. Табиғаты қандай?

3. Ауылдағы адамдар нені кәсіп етеді?

4. Қазір олар не істеп жатыр деп ойлайсың?

5. Ауылда болсаң кімге көмектесер едің?

6. Кімді, нені сағындың?

7. Ауылға не тілейсің?

Елестете отырып, сұраққа жауап ретінде сөйлемдер жазады. Ол сөйлемдердегі анықтауыштарды тауып, талдау жасайды.

Өзін-өзі бағалайды

Жаттығумен жұмыс:


49-жаттығу. Мәтіндегі қарамен жазылған анықтауыштардың сұрақтарын қойыңдар.

Жаттығу жұмысын дәптерге орындайды.





Жұпта бір-бірін тексеріп, бағалайды.

Ойтолғаныс

«Адамның жақсы,жаман болмағы-өзінен» деген тақырыпта ойтолғау жазыңдар.

Ойтолғау жаза отырып мәтіндерінің ішінен анықтауышты табады.

«Кері байланыс» парақтарын таратамын.

«Кері байланыс» толтыра отырып, сабақтан өздеріне ұнаған, ұнамаған тұстарын жазып көрсетеді

Фармативті және суммативті бағалау

Мұғалім жазбалары:





Сабақтың сәтті тұстары:





Сабақтың сәтсіз тұстары:





Нені өзгертер едім?

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Анықтауыш туралы білім беру; Алған білімді тәжірибеде қолдану, жеке, топтық жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру.

Қабілетіне қарай оқи білуге, өзіндік пікірін айта білуге машықтандыру. сыны қымыздың емдік қасиеті туралы мәліметтер алу және ойын жинақтау.

Ауқымды әдеби көркем шығармаларды өз бетімен түсініп оқып, мазмұнын қысқаша хабарлама түрінде жеткізуге үйрету.

Автордың кейіпкерлер арқылы білдірген ойын анықтау және соған байланысты қорытынды жасау.

Мәтіндегі образ жасау және сипаттау үшін пайдаланылған көркем-бейнелі сөздердің мағынасын табу және сөздік арқылы бір-біріне түсіндіру;

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров566
Номер материала 283583
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх