Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Антонимдер

Антонимдер


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m63e6b08a.gifhello_html_633deb98.gifhello_html_2714ff62.gifhello_html_7c1e5f63.gifСабақтың тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың мақсаты: білімділік - өтілген материалдарды еске түсіріп, қайта жаңғырту, жаңа  тақырыпты жүйелі түрде жете түсіндіре отырып , жаңа тақырыпқа сай мысалды оқушының өзіне талдату жолымен ережені өздеріне қорыттыру, тақырыпты саналы түрде меңгерту; дамытушылық –талдау жұмыстары арқылы білімдерін,сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту, ойлау дағдысын, көркем жазу мен сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру; тәрбиелік - өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс тәсілі: түсіндіру, ойландыру, сыни тұрғыдан оқыту стратегиясы, шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық. Қазақ тілі! Ол менің ана тілім. Ләззат – қуат Сөйлессем табатыным. Тізілтіп сөз маржанын Жазғанымда, Білем анық бағымның Жанатынын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.

  2. Ауыспалы мағыналы сөзге мысал келтір.

  3. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?

  4. Омонимдер дегеніміз не?

  5. Туынды омонимдер дегеніміз не?

  6. Синонимдер деп қандай сөздерді айтамыз?

  7. Зат есімдерден болған синонимерге мысал келтір.

  8. Сын есімдерден болған синонимерге мысал келтір.

  9. Етістіктерден болған синонимерге мысал келтір.

  10. Үстеулерден болған синонимерге мысал келтір.



Сөзжұмбақ.

  1. Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы (лексика)

  2. «Бағалы» сөзінің синонимі (құнды)

  3. Байланысу бірігу деген мағынаны білдіретін сөз (мәтін)

  4. Алыстан бір қара көрінді. Айгүл анасы сыйлаған қара көйлегін кигісі келді. Асты сызылған қандай сөздер? (омоним)

  5. «Білімді» сөзінің синонимі (оқыған)

  6. Бір ғана ұғымды білдіретін сөздер қалай аталады? (синоним)

  7. Күшті сөзінің синонимі (мықты)

л

е

к

с

и

к

а

қ

ұ

н

д

ы

м

ә

т

і

н

о

м

о

н

и

м

о

қ

ы

ғ

а

н

с

и

н

о

н

и

м

м

ы

қ

т

ы

1.

2.

3

4.

5.

6.

7.


ІҮ. Жаңа сабақ. Өзіндік ізденіс - білім негізі.

Интерактивті тақтадан биік тау мен аласа таудың суреті, кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін екертемін.

-Балалар, антоним грек тіліндегі anti қарсы, anota атау дегенді білдіреді. Ендеше, сіздер мысалдарға сүйене отырып, қандай қорытындыға келдіңдер?

- Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.

- Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағына бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көрсетуге болады.


Антонимдер Болымды – болымсыздық мағыналар:

жақсы – жаман жақсы – жақсы емес

ал – бер ал – алма

сулы – құрғақ сулы – сусыз

көңілді - қапалы көңілді – көңілсіз



Антонимдер







Мағыналары бір- мақал – мәтелдердің, ойды әсерлі, бейнелі

біріне қарама-қарсы жұмбақтардың құрамында жеткізудің оңтайлы

сөздер жарыса қолданылады. құралы

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,

Алдамаған кім қалды тірі жанда?

Алысжақын қазақтың бәрін көрдім,

Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.

(Өлеңді дауыстатып бір оқушыға оқытамын.)

-         Ал балалар, бұл кімнің өлеңі?

-         Абай туралы не білеміз?

-         Кім Абайдың бір өлеңін оқып береді?

Қане, балалар тақтадағы өлеңнен мағынасы бір – біріне қарама – қарсы болып тұрған антоним сөздерді табайық.( Дос – дұшпан, алыс – жақын )

Антонимдер сын есім, етістік, зат есім, есімдік, үстеулердің құрамында кездеседі. Тақтадағы сызбаға назар аударыңыздар.

Көп нүктенің орнына антонимдерін ауызша тапқызу.


Антонимдер

Сын есім

Етістік

Зат есім

Есімдік

Үстеу

Ауыр-жеңіл,

кең-тар,

ыстық- суық,

жас-кәрі,

артық-кем,

аш-тоқ,

арық-семіз,

оңай-қиын

Озу-қалу,

кету-келу,

қону-ұшу,

шашу- жинау,

ашу-жабу,

кіру-шығу,

күлу-жылау,

сату-алу

Өтірік-шын,

обал-сауап,

алғыс-қарғыс,

бақ-сор,

пайда-зиян,

жаз-қыс,

күн-түн

Анау-мынау,

әне-міне,

осы-сол

Ерте-кеш,

ақырын-шапшаң,

жоғары-төмен,

алыс-жақын,

әрі-бері

 


Оқулықпен жұмыс.

87-жаттығу.

Әсем, тез, шебер, зор сөздерінің антонимдерін тауып жазыңдар.

Әсем-сүйкімсіз (ұсқынсыз), тез-баяу (жай), шебер-олақ, зор-әлсіз.

Топтық жұмыс.

  1. топ. Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер айту.

  2. топ. Құрамында антоним кездесетін жұмбақ айту.

  3. топ. Құрамында антоним кездесетін жаңылтпаш немесе өлең айту.


Кім жылдам?

  1. жаттығу.

  • Мәтінге ат қойыңдар, тақырыптың мазмұнымен байланысын байқаңдар.

    • Мәтіннен синоним, антоним сөздерді тауып, жеке-жеке топтастырып жазыңдар.

Рух күші адамды жеңілмейтін етеді: жүректілік – адам ізгілігінің жанары. Жүректі адам ізгілік пен зұлымдықты көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен де сезінеді. Ол қайғы, қасірет, адам намысын қорлау сияқтылардың жанынан енжар өте алмайды.

Ер балалардың күші, шымырлығы – ізгілік дәні себілетін топырақ. Ізгілік күшті, батыл, ер жүректі болғанда ғана нәтижелі болады.

(В. Сухомлинский )

Тақырыбы: Жүректілік – адам ізгілігінің жанары.

Антоним: ізгілік –зұлымдық

Синоним: қайғы, қасірет; күш, шымырлық; күшті, батыл, ер жүрек.


Ү. Сергіту сәті. Күй тыңдау.

Шығармашылық жұмыс.

    Мақал-мәтелдер. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді  қойып , антонимдерді тап.

1.Өлі арыстаннан  .... тышқан артық. (тірі)

2. Еріншек егіншіден .... масақшы озады. (елгезек)

3. Палуанға оң,  .... бірдей. (терісі)

4. Ит үрер жақсыға да, .... да. (жаманға)



ҮІ. Сабақты  бекіту.

Сабақты тақтадағы перфокарта бойынша қорытынылау

 


Антонимдер

Сын есім

Етістік

Зат есім

Есімдік

Үстеу

күлу-жылау


+




жаз-қыс



+



әне-міне




+


жоғарғы-төмен





+

күн-түн



+



терең-саяз

+





ерте-кеш





+

өмір-өлім



+









қону-ұшу


+




көп-аз

+
































ҮІІ. Үйге тапсырма.

42-беттегі 89-жаттығуды орындау. Берілген сөздердің синонимдес, антонимдес, омонимдес сыңарларын табуды тапсырамын.                    



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: білімділік - өтілген материалдарды еске түсіріп, қайта жаңғырту, жаңа тақырыпты жүйелі түрде жете түсіндіре отырып , жаңа тақырыпқа сай мысалды оқушының өзіне талдату жолымен ережені өздеріне қорыттыру, тақырыпты саналы түрде меңгерту; дамытушылық –талдау жұмыстары арқылы білімдерін,сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту, ойлау дағдысын, көркем жазу мен сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру; тәрбиелік - өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс тәсілі: түсіндіру, ойландыру, сыни тұрғыдан оқыту стратегиясы, шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.Қазақ тілі! Ол менің ана тілім. Ләззат – қуат Сөйлессем табатыным. Тізілтіп сөз маржанын Жазғанымда, Білем анық бағымның Жанатынын.

Автор
Дата добавления 11.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1899
Номер материала 273907
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх