Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Рабочие программы / «Қаныққан көмірсутектердің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы»

«Қаныққан көмірсутектердің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы»


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Кремний және оның қосылыстарының алынуы, қасиеттері, түрлері және табиғатта таралуы, адам ағзасындағы рөлі туралы түсінік беру.

  2. Дамытушылық: Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, реакция жазу, есеп шығару, қабілеттерін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Өз ойын еркін айтуға, ізденімпаздыққа, жұптасып жұмыс жасауға, белсенділікке тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: тірек-сызба, түсіндірмелі-эвристикалық, сұрақ – жауап, талдау. 

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, деңгейлік тарпсырмалар, кремний қосылыстарының үлгілері, карточкалар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-оқушылармен амандасу;

-сыныптың тазалығын тексеру;

-оқушыларды түгендеу;

-көңілдерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ-жауап:

  1. Көміртек атомының құрылысын периодтық жүйедегі орнына сәйкес түсіндіріңдер.

  2. Табиғаттағы көміртек қандай күйде кездеседі?

  3. Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерін атаңдар? Әрқайсысын сипаттап айтып беріңдер.

  4. Алмаз бен графиттің қасиеттерін салыстыра отырып сипаттаңдар.

  5. Адсорбция құбылысын түсіндіріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақтың жүруі:

«Белгісіз элемент» атты көрініс көрсету арқылы тақырыпқа шығу. Сабақтың мақсатын оқушыладан сұрау.

Атом құрылысы:

ІІІ период, ІV топтың негізгі топшасында орналасқан.

+14Si )2е)8е)4е)

Табиғатта таралуы:

Кремний табиғатта тек қослыс түрінде кездеседі. Ең көп тараған SiO2 – кремнезем. Каолинит (ақбалшық) және алюмосиликаттардың Al2O3*2 SiO2*2H2O, дала шпатының немесе ортоклаздың K2O *  Al2O* 6SiOқұрамына кіреді.

Алынуы:

  1. Зертханада бос күйінде кремний алу үшін магнийді ұнтақ ақ құммен SiO қосып қыздырады:

  2. 2Mg = 2MgO + Si

  1. Өнеркәсіпте құм мен көмір қоспасын қызыдырып кремний алады:

                                         SiO+ 2С = Si + 2CO

Физикалық қасиеттері:

Кремнийдің аллотропиялық екі түрөзгерісі бар. Ол – кристалдық және аморфты кремний. Кристалдық кремний – қара сұр түсті, металдық жылтыры бар, өте қатты, қиын балқитын, аздап электр тогын –өткізетін зат. Ал аморфты кремний – сұрғылт түсті ұнтақ зат.

Химиялық қасиеттері:

  1. Аморфты кремний қыздырғанда тотықсыздандырғыш ретінде жай заттармен әрекеттеседі:

Si + 2CL2= SiCL4

Si + O2 = SiO2

Si + C = SiC

  1. Кремний металмен әрекеттескеде тотықтырғыш болады:

Si + 2Mg = Mg2Si

  1. Кремний ұнтағы концентрлі сілтімен реакцияға түседі:

Si + 2NaOH + H2O = Na2SiO3 + 2H2

Тапсырма № 2. Екеуара жұмыс.

§25 оқу. Өзара сұрақтар қою. 

Тапсырма № 3.

 Шыны өндірісі (видео қарау).

Тапсырма № 4.  

Деңгейлік тапсырмалар орындау.

І деңгей(1 ұпай)

  1. Кремнийдің аллотропиялық _______түрөзгерісі бар. Ол _________ және аморфты кремний.

  2. Кремнийдің қосылыстардағы тотығу дәрежелері ____, _____, ______ болады.

  3. Кристалдық кремнеземді ________ дейді, оның алты қырлы призма тәрізді түрі ______________ деп аталады.

ІІ деңгей (2 ұпай)

Кремний қышқылының құрамындағы кремнийдің массалық үлесін есептеңдер.

ІІІ деңгей (3 ұпай)

Массасы 36,6 г натрий силикатын алу үшін қанша натрий оксиді, қанша кремний оксиді қажет болатынын есептеңдер. 

Тапсырма № 5.

Сұрақ-жауап:

  1. Таза кремнийді зертханада және өнеркәсіпте қалай алуға болады?

  2. Кремнийдің табиғатта таралуын айтып бер.

  3. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады?

  4. Сұйық кристалдар дегеніміз не?

  5. Кремний қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  6. Кремнийдің қолданылуы.

  7. Тау хрусталінен қандай заттар алынады?

  8. Дүниежүзінде жылына қанша тонна кремний монокристалы өндрледі?

  9. Цемент пен минералды тозаңдар өкпеге қонып, қандай ауру тудырады?

  10. Мүжілу дегенімз не?











Сабақтың тақырыбы: «Азот және фосфор оның қосылыстары »

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың «Азот және фосфор» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау, тақырыпты қорытындылау, қосымша мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін көрсете білуге үйрету, ойларын жеткізе білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың сыныптастарына және мұғалімге қарым - қатынасын нығайту, дүниетанымын қалыптастыру.
Түрі: сайыс сабақ
Типі: бекіту - қорытындылау сабағы
Әдісі: ой қозғау, бақылау, ынталандыру, сергіту.
Көрнекілігі: ХЭПЖ, слайдтар, бағалау және рефлекция парағы, кеспе қағаздар, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: география, тарих, математика, әдебиет.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сайыс барысы:
Оқушылар, бүгінгі сабақта біз «Азот және фосфор» тақырыбын қорытындылауға арналған сайыс сабағын өткіземіз. Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
«Тапқырлық» кезеңі
«Алғырлық» кезеңі
«Зеректік» кезеңі
«Ойшылдық» кезеңі
Әр кезеңдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар бағалау парағына әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай жазып отырады. Сабақ соңында рефлекция парағын толтырады.
І. «Тапқырлық» кезеңі. (сұрақ - жауап беру)
«Азот» сөзі қандай мағына береді? (тіршіліксіз)
Сіріңкеде қолданылатын фосфор түр өзгерісі? (қара фосфор)
Аммиактың судағы ерітіндісі? (аммиак суы не мүсәтір спирті)
Үш сатыда диссоцияланатын қышқыл? (H3PO4)
Азоттың тотығу дәрежелері? (- 3, - 2, - 1, 0, +1, +2, +3, +4,+5)
Құрамында қоректік элементтер болатын заттар? (тыңайтқыштар)
Қоңыр түсті улы газ ( NO2)
Фосфордың сутекті қосылысы (PH3)
Азотты ашқан ғалым (Д. Резерфорд, 1772 ж)
Фосфор табиғатта қандай түрде кездеседі? (минералдар, тау жыныстары)
Азот қышқылының тұздары? (нитраттар)
Ылғал тартқыш, ақ түсті ұнтақ зат (Р2О5)
Қараңғыда жарқырап, өздігінен тұтанады? (ақ фосфор)
NH4NO3, Al, C – қоспасы? (қопарылғыш зат - аммонал)
Адам сүйегінде қанша фосфор бар? (600 грамм)
Найзағай жарқылында түзілетін газ? (NO)
Фосфорды ашқан ғалым? (Х. Бранд)
Түссіз, өткір иісті, ауадан 2 еседей жеңіл газ? (аммиак)
Фосфордың с. а. м. (31)
Селитараларды атаңдар (натрий, калий, аммоний нитраттары)
Ақ фосфор еритін зат?
РО4 - 3 ионды анықтайтын зат? (күміс нитраты)
Азоттың металдармен қосылысы? (нитридтер)
Аммиактың молярлық массасы? (17 г/моль)
ІІ. «Алғырлық» кезеңі.
(Берілген қосылыстардың формулаларын жазып, тотығу дәрежелерін көрсету)
І нұсқа. Аммиак, азот (ІV) оксиді, фосфор қышқылы, натрий нитраты, кальций фосфиді.
ІІ нұсқа. Фосфин, азот қышқылы, фосфор оксиді, литий нитриді, фосфор (ІІІ) хлориді.
ІІІ. «Зеректік» кезеңі (әр оқушыға 1 сұрақтан беріледі)
Фосфор қалай алынады? Фосфор өңдейтін зауыттар орналасқан жерлерді картадан көрсет.
Азоттың табиғаттағы айналымы қалай жүреді?
Фосфордың периодтық жүйедегі орнын түсіндір, атом құрылысын жаз.
Азоттың периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын түсіндір.
Фосфор қосылыстары қайда қолданылады? Сіріңке қалай жасалады? Сурет бойынша түсіндір.
Ақ фосфор мен қызыл фосфордың айырмашылығын түсіндір.
Тыңайтқыштар қандай топтарға жіктеледі? Азот тыңайтқыштарын ата.
Фосфор жетіспесе өсімдік қандай күйге ұшырайды? Фосфорлы тыңайтқыштардың өсімдікке пайдасы қандай?
Фосфордың табиғаттағы және биологиялық маңызы қандай?
Азот және оның қосылыстары қайда қолданылады?
Фосфор қышқылының диссациациялану теңдеуін жаз, иондарын ата.
Азот жетіспесе өсімдік қандай күйге ұшырайды? Тыңайтқыштардың өсімдікке қандай пайдасы бар?
ІІІ. «Ойшылдық» кезеңі (айналымды жүзеге асыру)
(әр қатарға тапсырма беріледі, жауабын бірін - бірі слайд арқылы тексереді.)
1 - тапсырма:
а) N2 → NH3 → NH4Cl→(NH4 ) 2 SO4
ә) P →Р2О5 →Н3РО4 → Na3РО4
Дұрыс жауабы:
а) 4P + 5О5 = 2 Р2О5
Р2О5 + 3H2О = 2Н3РО4
Н3РО4 + 3NaOH = Na3РО4 + 3H2О
ә) N2 + 3H2 = 2NH3
NH3 + HCl = NH4Cl
2NH4Cl + H2SO4 = (NH4 ) 2 SO4 + 2HCl
2 - тапсырма: Семантикалық картаны толықтыр:
(семантикалық карта 2 нұсқаға беріледі, жауап слайд арқылы тексеріледі)
3 - тапсырма: Есепте:
1) Қай тыңайтқыш құрамында азот көп:
NH4NО3, Ca(NО3) 2
2) Қай тыңайтқыш құрамында фосфор көп:
Nа3РО4, К2HРО4
4 - тапсырма: Сенесің бе, сенбейсің бе?
(сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет)
Сенесің бе, азот бейметалл элемент
Сенесің бе, фосфордың таңбасы “пэ”
Сенесің бе, азоттың салмағы өте ауыр
Сенесің бе, ақ фосфордан сіріңке жасайды?
Сенесің бе, фосфор қышқылы өте күшті қышқыл
Сенесің бе, азоттың аллотропиялық түрөзгерісі бар
Сенесің бе, фосфордың үш аллотропиялық түрөзгерісі бар
Сенесің бе, фосфор нәруызда бар
Сенесің бе, аммиакпен дем алуға болады
Сенесің бе, азот диоксиді өсімдікке пайдалы
Сенесің бе, фосфор қышқылы дәрі жасауға жарамайды
Сенесің бе, фосфор қосылыстары нан пісіруде қолданылады
Сен білесің бе?
Қорытынды:
(Бағалау парағы арқылы ұпай саны есептеліп, баға қойылады, рефлекция парағы арқылы оқушылардың сабаққа көзқарасы анықталады )
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар,-
деп Ж. Баласағұн бабамыз айтқандай білім жолында қанаттарың талмасын, тек биік белестерден көріне беріңдер! Тәуелсіз еліміздің есімін әлемге паш ететін, саналы, абыройлы, білімді ұрпағы болып өсіңдер!














































Сабақтың тақырыбы: Ароматты көмірсутектер. Бензол
Сабақтың мақсаты:
 А) білімділік: Ароматтық байланыс туралы ұғым беру, бензолдың алыну жолы мен қолданылуы жайлы түсінік беру.
Б) дамытушылық байқампаздық, есте сақтау, салыстыра білу, жаңашыл информациялық құралдармен жұмыс  істей білу дағдысын қалыптастыру, түсінікті дұрыс ұғынып, қорытынды шығара білу дағдысын қалыптастыру.

    В) тәрбиелілік: ароматты көмірсутектер жайлы  ұғым негізінде баланың бойында материалистік- диалектикалық  көзқарасты қалыптастыру,  оқулық пен дәптермен жұмыс  жасай  білу  дағдысын тәрбиелеу.
Құрал–жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, атом модельдері
 Сабақтың типі: Аралас сабақ
 Сабақтың түрі: дәстүрлі
 Сабақтың барысы
 І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің айырмашылығы?
2. Көмірсутек молекулаларының модельдерін дайындау (этан, этилен, ацетилен)

 Көмірсутектегі көміртек пен сутектің массалық үлестері сәйкесінше 75% және 25%. Көмірсутектің оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 0,5. Заттың молекулалық формуласын анықтаңдар.
 Өткен сабақпен байланыс:
Өткен тақырыптарда көмірсутектердің бірнеше түрге бөлдік. Олар қаныққан, қанықпаған және ароматты. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер түрімен танысып өттік. Енді бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз көмірсутектердің тағы бір түрі –
 ароматты көмірсутектер.
 
Жаңа сабақ
 
Ароматикалық көмірсутектер – құрамында бір немесе бірнеше бензол сақиналары бар заттар жатады. Жалпы формуласы СnН2n-6.
Физикалық қасиеті
Бензол және оның  гомологтары – түссіз сұйықтық. Олар суда еримейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді.
Ароматты көмірсутектердің басты өкілі-бензол.Оны 1825 ж. М.Фарадей жарық газын зерттей отырып, соның құрамынан тапқан, ал Э.Митчерлих 1834 ж. бензой қышқылын құрғақ айдау арқылы алған.
Кекуле 1865 ж.бензолдың циклді формуласын ұсынды. Кекуле бойынша бензол молекуласы қосарланған үш байланысы бар циклогексатриенді тұйық жүйе:
Алынуы
1.           Өндірісте: бензол және оның гомологтарын мұнайдан, кокс газынан, тас көмір шайырынан алады.
2.  Лабораторияда:
1.    Бензой қышқылын  декарбоксилисациялау:

2. Ацетиленді синтездеп алу:

3. Дюма реакциясы:

 Экологиялық аспектілері
Бұл ароматты көмірсутектер қоршаған ортаға  мұнай ингредиенттері және таза зат ретінде түседі. Қала атмосферасының ұшқыш ароматты көмірсутектермен  ластануы ең алдымен  транспорт құралдарымен байланысты және бұл қала ауасының  ластануының  50% құрайды. Қоршаған ортаның ароматты  көмірсутектермен ластануы  орман өрттері арқылы болады.
Бензол ағаш немесе басқа органикалық қалдықтарды жаққанда түзіледі. Мысалы, 1 т бақтағы қоқысты өртегенде  шамамен 1,4 кг бензол бөлінеді.
Су бензолмен ластанған жағдайда  омыртқасыздар, балдырлар да зардап шегеді. Судағы концентрациясының 20 мг/л – ден асуы балықтардың қырылуына әкеледі.
Жоғары дәрежеде уланғанда  адамдардың  артериялық қан қысымы төмендейді, дененің дірілдеуі  пайда болады. Негізінен  адам ағзасына бензол тыныс алу  жолдары, ауыз су,  азық – түлік арқылы енеді. Ағзада бензол  сүйек майында , май ұлпаларында  концентрленеді, ал тотығуы бауыр мен сүйек майында өтеді.
Химиялық қасиеті:
1. Қосылу реакциясы  циклогексан

2. Хлорлау: хлорбензол
3. Фридель – Крафтс реакциясы: этилбензол

Қолданылуы:
Бензол өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын препараттар, бояғыш заттар, дәрі – дәрмектер, қопарылғыш заттар, синтетикалық талшықтар алу үшін және органикалық заттардың еріткіші ретінде кеңінен қолданылады.

Бекіту сұрақтары
1. Нәтижесінде көмірқышқыл газы мен су түзілетінін ескеріп, бензолдың жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.

2. Мына айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулдерін жазыңдар және алынған заттарды атаңдар. С2Н6 →С2Н4→С2Н2→С6Н6→СО2

3. Бензол (С6Н6) мен циклогексанның (С6Н12) толық жану реакцияларының теңдеулерін жазып, бөлінетін көмірқышқыл газының көлемдерін салыстырыңдар.

СИНКВЕЙН
1 жол – зат есім  (синквейн тақырыбы)
2 жол – екі сын есім
(синквейн тақырыбын ашатын)
3 жол – үш үстеу      (қозғалысты сипаттайды)
4 жол – сөйлем н\е фраза
(тақырыпқа байланысты айтылған)
5 жол – синоним (резюме-сөз)

1 жол – бензол
2 жол – хош иісті, түссіз сұйықтық
3 жол – жанады, ерімейді, қосылады
4 жол – Ароматты көмірсутектердің ең қарапайым өкілі
5 жол – арен

Үй тапсырмасы: §52,  1-5 жаттығулар

Бағыты














































































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Тақырып : «Қаныққан көмірсутектердің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы» 
Оқу мен тәрбиелеудің мақсаттары : 
1. Білімділік мақсаты – оқушылардың қаныққан көмірсутектер алкандар жөніндегі білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау. Оқушыларға алкандардың физикалық қасиеттерін меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға үйрету. 
2. Дамушылық мақсаты - логикалық ойлау қабілеттерін, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін тексеруге баулу, ой-өрісін дамыту арқылы өз ойларын тұжырымдай білуге үйрету. 
3. Тәрбиелік мақсаты - оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа және адалдыққа тәрбиелеу. 
Пән аралық байланыс: математика, физика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті 
Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгеру сабағы 
Сабақтың түрі : Ойын формасындағы сабақ 
Оқытудың көрнекті және техникалық құралдары: интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар, мультимедиалық проектор, Power Point бағдарламасындағы презентациялар, бейне роликтер. 
Таратпа материалдар: тест тапсырмалары, жаңа тақырып бойынша дәріс материалдары, майшамдар 
Сабақтың технологиясы мен әдістері: ақпаратты-коммуникативтік технологиясы, дидактикалық ойындар, оқушыларға алдын-ала озық тапсырмалар беру, тест тапсырмалары, виртуалды саяхат. 
Сабақтың барысы: 
№ Сабақтың кезеңдері Сабақ кезеңдерінің мазмұны Уақыты 
1. Ұйымдастыру а) сәлемдесу 
ә) оқушылар назарын сабаққа аудару. 
1. Оқытушы сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін жеткізеді. 
Презентация №1. Сабақтың тақырыбы: «Қаныққан көмірсутектердің физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы» (слайд №1). 
Сабақтың мотивациясы: 

Автор
Дата добавления 16.05.2015
Раздел Химия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров526
Номер материала 535046
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх