Инфоурок Другое Конспекты"21 ақпан Халықаралық ана тілі "

"21 ақпан Халықаралық ана тілі "

Скачать материал

21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай «Тілім менің» тақырыбында сайыс

Ойынның мақсаты : балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру , өз

тілдерін құрметтеуге және өзге тілдерді де білуге тәрбиелеу .

Көрнекілігі : ақын – жазушылардың қазақ тілі туралы нақыл сөздері , интерактивті тақта.

Кітапханашы : Бүгін 21 ақпан - Халықаралық Ана тілі күніне орай 7 а ,б класс оқушылары арасында өткізіліп отырған « Тілім менің » тақырыбындағы сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық . Екі топ өздерін таныстырады .

Әділқазылар алқаларымен таныстыру .

Сайысымыз 7 бөлімнен тұрады .

1 . Таныстыру

2 . Сөз тапқанға қолқа жоқ

3 . Сөз асылы – мақал (суреттер бойынша мақалдар айту)

4 . . « Сен білесің бе ? » сұрақ – жауап .

5 . « Тапқыр болсаң тауып көр »

6 . Көрермендермен сайыс .

7 . «Тіл деп соққан жүректері» .

2 бөлім Сөз тапқанға қолқа жоқ

Оқушылар жасырылған әріптерді алады . Қай әріп түссе , сол әріптен басталатын сөз айтады , сұрақтарға жауап береді .

А , Қ , О , М , Т , Н

1 топтың сұрақтары

1 . Досың кім ?

2 . Қай тілде сөйлеуге болады ?

3 . Қай пәнді жақсы көресің ?

4 . Сіздің жасыңыз нешеде ?

5 . Бесік жырын кім айтады ?

6 . Мұғалім екі қояма ?

7. Сізге қандай ұстаз ұнайда ?

8 . Анаңның аты кім ?

9 . Үлкенді қалай сыйлайсыз ?

10. Қар қашан жауады ?

11 .Ұстазға қандай гүл сыйлайсыз ?

12 . Сүйікті тағамыңыз ?


2 топтың сұрақтары

1 . Сенің есімің кім ?

2 . Кімге сәлем жолдайсың ?

3 . Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі ?

4 . Алда не күтіп тұр ?

5 . Қандай жеміс-жидектерді жақсы көресін .

6 . Бүгінгі мерекеге қандай тілек айтасың ?

7 . Қандай үйде тұрасын ?

8 . Сүйікті түсің қандай ?

9 . Қандай жануар ұнайды ?

10 . Қандай кітапты жақсы көресің ?

11 . Бүгін қандай күн

12 . Мектепке немен келдің .


3 . бөлім Сөз асылы – мақал . (суреттер бойынша мақалдар айту)

4 . бөлім « Сен білесің бе ? » сұрақ – жауап .

1 топ

1 . Мемлекеттік тудың , көк байрағымыздың авторы кім ?




( Шәкен Ниязбеков )

2 . Елтаңбаның ортасында не орналасқан ? ( шаңырақ)

3 . Сәби дүниеге келгенде болатын той . ( шілдехана )

4 .Кітапты жазған жазушыны кім деп атайды ? (автор)

5 . Мұғалімнің сөмкесіне бақа салатын кім ? (Қожа)

6 . Оқулық беретін орын . (кітапхана)

7 . Қазақтың үш биін ата . ( Төле би , Қазыбек би ,Әйтеке би )

8 . Білім күні қашан ? ( 1 қыркүйек )

9 . Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр қыздарды ата .

( Ә . Молдағұлова , М . Мәметова )

10 . Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан )


2 топ

1 . Қазақ әліппесінде неше әріп бар ? (42 әріп)

2 . Балаларға арналған қандай газет – журналдарды білесіңдер ?

( Айгөлек , Балдырған , Ұлан , Бала би , Мөлдір бұлақ )

3 . Елімізде тіл мерекесі күнін қашан тойлаймыз ? ( 22 қыркүйек )

4 . Оқушының алғашқы кітабы . ( Әліппе )

5 . «Менің атым - Қожа » шығармасының авторы . (Б. Соқпақбаев)

6 . Адамдардың бір - бірімен түсінісу құралы . ( т іл )

7 . Кітап кім үшін жазылады ? ( Оқырман үшін )

8 . Абайдың неше қарасөзі бар ? ( 45 )

9 . Қазақстан Республикасының Президенті кім ? ( Н . Ә . Назарбаев )

10 . Қазақтың музыкалық аспабы . ( домбыра )


5 . бөлім « Тапқыр болсаң тауып көр » ақын жазушылардың шығармаларынан үзінді оқылады, оқушылар атың , авторын айтады .

1 топ .

Күш кеміді , айбынды ту құлады ,

Кеше батыр – бүгін қорқақ , бұғады .

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде ,

Қан суынған , жүрек солғын соғады . ( Қазақ тілі . Мағжан Жұмабаев )


Қадірлі , бағасы алтын анам тілі ,

Сенімен бағаланған балаң түрі .

Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп ,

Сенімен әлдилеген анам мені . (Анам тілі . Ілияс Жансүгіров )


Не сыйлайды , не береді келер күн ?!

Не де болса тірі тұрсам көрермін .

Желідегі құлынымын мен елдің ,

Көгіндегі қозысымын мен елдің , (Елім барда . Мұқағали Мақатаев )


2 топ

Өзге емес , өзім айтам өз жайымда ,

Жүрегім , жалын атқан сөз дайында .

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді

Тербетіп , тулатып бір қозғайын да ... (Өзім туралы . Қасым Аманжолов )









Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып , күн болам !

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда , кім болам ? (Шәкірт ойы . Сұлтанмахмұт Торайғыров )


Уа , туған жер , топырағыңнан жаралдым ,

Алабыңнан арманыма нәр алдым .

Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі

Алтын арай таңғы жұпар самалдың ( Туған жер . Әбу Сәрсенбаев )


6 . бөлім «Көрермендермен сайыс» . кезеңінде оқушылар суреттерді ыммен түсіндіру арқылы көрермендердің дұрыс жауаптары арқылы ұпай жинау керек.

7 . бөлім «Тіл деп соққан жүректері» . (қазақ жазушыларының ана тілі туралы қанатты сөздері)

Қорытынды . Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттау .





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""21 ақпан Халықаралық ана тілі ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 036 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 4576
    • DOCX 41 кбайт
    • 95 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жұмабаева Айжан Айтқұлқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жұмабаева Айжан Айтқұлқызы
    Жұмабаева Айжан Айтқұлқызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10521
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой