Инфоурок Информатика Конспекты"Ақпарат және ақпараттық үдерістер" 11 сынып

"Ақпарат және ақпараттық үдерістер" 11 сынып

Скачать материал

Тақырыбы:

·        Ақпарат және ақпараттық үдерістер

·        Үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу

 

 

Мақсат:

Білімдік

Жаңа білім

• Ақпарат және ақпараттық үдерістер түсінігі. Ақпаратты өңдеу, іздеу түсініктері.

Жаңа түсінік

• Материалға сүйеніп заманауи ақпарат түрлерін көрсету.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

• Күнделікті өмірде ақпарат көздерін тану, олар қалай пайдаланатынын түсіну.

Талдау әрекеті

• Күнделікті жұмыс істейтін ақпарат көздерінің компоненттерін білу, олар бірге қалай жұмыс атқаратынын түсіну.

Шығармашылық әрекет

• Бірнеше дереккөзден алынған оқу материалын кіріктіре пайдалану.

Құндылық

Бағамдау әрекеті

• Қойылған сұрақтарға жауап беру.

 

Сабақ құрылымы:

 

І.   Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ.  Алғашқы бекіту (10 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (8 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V.  Бағамдау-бағалау (7 мин.).

Сабақ типі:

 

• Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі:

 

• Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

 

• Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

• Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету

• Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.

• Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

 

•Ақпараттық үдерістер, ақпарат сипаттамалары, ақпараттық қоғам, ақпаратты іздеу жүйесі

Оқушыда дағды қалыптастыру:

 

  Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

  Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

  Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

 

Ақпарат көздері:

 

1. http://en.wikipedia.org/wiki/Big_data

2. http://en.wikipedia.org/wiki/Information_society

Оқушы жетістігін бағалау:

 

• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына      байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Үй тапсырмасы:

 

• Ақпараттық үдеріс деген не және оның үлкен көлемдегі ақпарат өндеумен байланысы қандай?

 

• Электрондық үкімет (egov.kz) жобасын талдап презентация жаса. Бұл қызмет Қазақстанды ақпараттық қоғамға жақындата ма? Қызметтің қандай пайдасы бар? Қандай қауіпсіздіктер туу мүмкін (ақпараттық жүйелер саласындағы кадрлар сапасы, шетелдік елден алынатын бағдарламалармен құралдар көзқарасынан талқыла).

 

САБАҚ БЛОКТАРЫ s

 

 

і. аҚПАРАТ алмасу

 

 

Тақырып жоспары:

1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер

2. Үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу

 

Слайдтар:

1-слайд                                               

 Титул

 

2-слайд                     Ақпарат және ақпараттық үдерістер

—Ақпарат – информатика пәнінің оқу саласы

—Ақпарат – бір нәрсе немесе біреу туралы білім

—Ақпарат бір белгілі түрде беріледі:

—Ой, сөз

—Сурет және т.б.

—Ақпарат сипаттамалары:

—Толықтық

—Ақпараттың растығы

—Пайдасы

—Қолжетімділік          уақыттылығы

 

 

3-слайд                                     Ақпараттық үдерістер

—Ақпараттық үдеріс – ақпарат алмасу, сақтау және өңдеу процесі

Ақпараттық үдерістер тек қана адамдар қоғамында болмайды. Олар жаңуарлар және өсімдіктер әлемінде де болады.

 

 

 

 

4-слайд

Адамның ақпараттық әрекеті

—Ақпараттандыру деңгейлері:

—Жазбаны қолдану

—Кітап басып шығару (XVI ғ. ортасында)

—Электроқуат пайдалану, телеграф, телефон, радио шығару
(XIX ғ. соңы XX ғ. ортасы)

—Микропроцессор және компьютер шығару (XX ғ. 70 жылдары)

 

5-слайд                                      Ақпараттық қоғам

—Ақпараттық қоғам – ақпарат алмасу, сақтау және өңдеумен айналысатын қоғам

—Ақпараттық қоғамның басты іс-әрекеті ақпарат жасау

—Ақпараттық қоғамда барлық күш тауар өңдеуге емес, ақпарат

  өңдеуге жаратылады

—Ой әрекетінің рөлі басым болады

—Ақпараттық қоғамның материалдық-техникалық базасы – компьютерлік
желілер мен жүйелер, ақпараттық технологиялар

 

6-слайд                          Үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу

Үлкен көлемді ақпарат күнделікті кездеседі:

—Web, электрондық коммерция

—Әлеуметтік желілер

—Банк транзакциялары

 

 

 

7-слайд                                   Ақпарат көлемдері

—  Google күніне 20 ПБ ақпарат өңдейді (2008)

—  Facebook 2,5 ПБ пайдаланушылар ақпараты және күніне 15 ТБ қосылады (2009)

—  eBay 6,5 ПБ ақпарат бар және күніне 50 ТБ қосылады (2009)

—  1 Петабайт = 1000 Терабайт

—  1 Терабайт = 1000 Гигабайт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-слайд                            Үлкен ақпаратпен не істейміз?

—Агрегация және статистика

—Индекстеу, іздеу

—Білім алу

Біз ақпарат іздеу тақырыбына толығырақ қараймыз.

 

9-слайд                             Ақпарат іздеу

—Ақпарат іздеу – көптеген құжаттар ішінде немесе үлкен мәтін ішінде керекті деректерді табу процесі

—Ақпарат іздеу процесі бірнеше қадамнан тұрады:

—Ақпарат сұранысын дайындау

—Ақпарат көздерін белгілеу

—Табылған ақпарат көздерінен деректерді алу

—Деректерді зерттеп іздеу нәтижелерін бағалау

 

10-слайд                             Іздеу түрлері

—Мәтіндік іздеу – мәтіннің ішінде керекті ақпаратты іздеу

—Интернет іздеу сервистері: google.com, yandex.ru, bing.com

—Мета ақпарат арқылы іздеу – құжаттың белгілі атрибуттары арқылы іздеу

—Құжаттың атауы

—Авторы

—Жасалған күні және т.б.

—MS Windows ішіндегі іздеу жүйесі

 

·         11-слайд                         Ақпарат іздеу жүйесі

· Басты мақсаты үлкен ақпарат арасынан керекті деректерді табу

· 2 маңызды критерий:

· Сұранысқа қатысты ақпарат табу

· Керекті ақпаратты жедел табу

· Мысалы, google.com

 

 

12-слайд                              Ақпарат іздеу жүйесі

 

13-слайд                       Қандай құжаттар сұранысқа қатысты?

—Іздеген тақырыпқа байланысы

—Уақыт - ақпарат қазіргі сәтте көкейкесті ме

—Ақпарат қайнары сенімді ме

—Пайдаланушының мақсатын орындады ма

  Құжаттың сұранысқа қатынасын  маңызды сөздер арқылы айтуға болады

—Сұранысқа байланысты сөздер құжатта жиі кездеседі

 

 

 

 

 

14-слайд                                           Қиындық

—Маңызды сөздер тәсілін пайдаланғанда іздеу жүйесі сөздің синонимі
бар құжаттарды көрсетпеуі мүмкін

—Ресторан - кафе

—Қытай – ҚХР (Қытай Халық Республикасы)

—Көп мағыналы сөздер кеселінен сұранысқа қатынасы жоқ құжаттарды көрсету мүмкін

—Жамбыл (қала ма ақын ба)

—Үлкен алма (жеміс пе әлде New York қаласы ма)

 

15-слайдАқылды іздеу жүйелері

—Пайдаланған сөздердің мағынасына қарайды

—Мәтіндегі сөздердін ретіне қарайды

—Құжат қайнарының сенімділігіне қарайды

—Іздеу жүйесі бірнеше бөліктен құралады:

—Мәтінді дайындау жүйесі

—Барлық сөздерді түбіріне келтіреді

—Керексіз сөздерді мәтіннен алып тастайды (және, немесе, ...)

—Индекстеу жүйесі

—Сөз қандай құжаттан келгенін белгілейтін кесте құрады (индекс кестесі)

—Іздеу

—Сөзге қарап индекс кестесінен керекті құжатты шығарады

—Реттеу жүйесі

—Құжаттарды сұранысқа байланысы бойынша реттейді

 

 

 

іі. алғашқы бекіту

 

 

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:___________________________________________________________

 

 

ііі. құзырлылық қалыптастыру

 

 

 Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Ақпараттық үдеріс дегеніміз не?

2. Қазақ халқы жазбаға көшпеген кезде ақпарат үдерісі қалай өтті? Яғни, ақпарат алмасу, сақтау және өңдеу қалай іске асты?

3. Қазақстан қоғамын ақпараттық қоғам деп айтуға бола ма?

4. Елімізде қандай үлкен көлемде ақпаратты өңдейтін жүйелер бар?

5. Белгілі ақпарат іздеу жүйелерін айтып өтіңіз. Қазақ тілінде берілген сұраныстарға жақсы нәтиже беретін іздеу жүйелері бар ма?

 

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Іздеу жүйелері inverted index атты деректер структурасын пайдаланады. Мысалы, бізде үш құжат бар.

T[0] = "it is what it is"
T[1] = "what is it"
T[2] = "it is a banana

Оларды пайдаланып іздеу жүйесі келесі inverted index жасайды:

"a":      {2}
"banana": {2}
"is":     {0, 1, 2}
"it":     {0, 1, 2}
"what":   {0, 1}

 

Содан сон біз "what is it" дегенде сөйлемді іздесек бізге 0 және 1 құжаттар беріледі өйткені \{0,1\} \cap \{0,1,2\} \cap \{0,1,2\} = \{0,1\}.

 

Келесі құжаттарды пайдаланып inverted index жаса:

T[0] = Л. Толстой өзінің "Война и мир" шығармасында Наполеон Бонапартты күлкілі әрі өте кішкентай адам ретінде суреттейді.

 

T[1] = Наполеон император ғана емес, академик те болған.

 

T[2] = Наполеон бір минуттың ішінде 2000 сөзді айта алатын жылдамдыққа ие болған.

 

Содан сон "Наполеон болған" сұранысына қандай құжаттар берілетінін көрсет.

 

ІІІ деңгей тапсырмалары

 

1. Сурет және видео іздеу жүйелерін мәтін іздеу жүйесі арқылы қалай жасауға болатынын талқыла.

2. Әлеуметтік жүйелер негізінде жасалған іздеу жүйелері классикалық іздеу жүйелерімен салыстырғанда қандай басымшылығы болуы мүмкін? Мәтін іздеу жүйелерінің кемшіліктері туралы ойла.

 

 

іV. шығармашылық әрекет

 

 

Топтық жұмыс.

Қазіргі заманда көптеген адамдар ақпаратты Интернет желісі арқылы алады. Интернет арқылы жаңалықтар, кітаптар оқиды, және видео көреді. Оның үстіне көптеген адамдар үлкен мәтіндер оқудың орнына комментарий немесе әлеуметтік желідегі достарының статустарын оқиды. Осы қалыптасқан әдет жаңа ақпарат алмасу түрі деп айтуға бола ма? Осы әдеттің қандай зияны немесе пайдасы бар?

 

 

V. бағамдау-бағалау

 

 

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ақпарат және ақпараттық үдерістер" 11 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 661 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2016 5077
    • DOCX 810.5 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдраханов Нурболат Бейсенбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 39465
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 800 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции