Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / "Ақпарат саны және өлшем бірлігі" тақырыбына сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

"Ақпарат саны және өлшем бірлігі" тақырыбына сабақ жоспары

библиотека
материалов

Тақырыбы: Ақпарат саны және өлшем бірлігі

Күтілетін нәтиже:

Білімдік

Жаңа білім

  • Ақпарат санын, өлшем бірлігін және информативті ақпаратты біледі.

  • Ақпарат санын анықтау әдістерін таниды.

Жаңа түсінік

  • Мағынасына қарай және ықтималдығына қарай ақпарат санын анықтауды түсінеді.

  • Информативтілік жайлы қорытынды шығарады.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

  • Мағынасына қарай ақпарат санын анықтау әдісі арқылы ақпараттың түсінікті болуы мен саны арасындағы байланысты анықтайды.

  • Ықтималдығына қарай ақпарат санын анықтау жолын қолданып, мәселені есептеп шығарады.

Талдау әрекеті

  • Ақпарат санын анықтау жолдарын бөлшектеп қарастырады.

Шығармашылық әрекет

  • Информативтілік пен ақпарат санын мөлшерлейтін өлшем бірлігін орнатудың маңызды ұғымдарын тұтастырады.

Құндылық

Бағамдау әрекеті

  • Мағынасына қарай және ықтималдығына қарай ақпарат санын анықтау әдістері арасындағы айырмашылықты түсінеді.

  • Өлшем бірліктерінің көп болуының маңыздылығын ерекшелейді.


Сабақ құрылымы (45 мин):


І. Ақпарат алмасу (13 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (4 мин.).

Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік, репродуктивті, топтық

Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:


  • Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

  • Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету

  • Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.

  • Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:


  • Ақпарат саны, информативтілік, ақпараттың өлшем бірлігі, бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт.


Оқушыда дағды қалыптастыру:


  • Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

  • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

  • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау.

Ақпарат көздері:


1. Симонова Т. Н. 2012. Количество информации. Ақпарат көзі: http://nsportal.ru/ap/shkola/informatika - i - ikt/library/izmerenie - informatsii - 0

2. Подвинцева О. В. Измерение информации. Ақпарат көзі:http://informatika.sch880.ru/p18aa1.html

3. Количество информации. Ақпарат көзі: http://www.psciences.net/main/sciences/computer_ sciences/articles/article - 3.html

4. Количество информации как мера уменьшения неопределенности знания.Ақпарат көзі:http://www.5byte.ru/8/0003.php

Оқушы жетістігін бағалау:


  • Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Үй тапсырмасы:


Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:

  • Анықтамаларды жаттау.

  • Келесі алгоритмді орындау:

Берілген ақпараттардағы ақпарат санының мөлшерін («көп», «аз» немесе «жоқ») анықта:

  1. Қазақстанның астанасы – Астана.

  2. Катеттердің квадраттарының қосындысы гипотенузаның квадратына тең.

  3. Эйфель мұнарасының биіктігі 300 метр, ал салмағы 9000 тонна.

  • Алдыңғы тапсырманы сіз қандай әдіспен шығардыңыз?

Бонус - балл тапсырмасы:


  1. Мағынасына қарай анықтау әдісінде мәтіннің көлемі қандай рөл атқарады?

САБАҚ БЛОКТАРЫ 










і. аҚПАРАТ алмасу


Тақырып жоспары:

  1. Ақпарат саны

  2. Ақпараттың санын анықтаудың 3 түрлі әдісі

  3. Ақпараттың өлшем бірлігі

Слайдтар:

1 - слайд (титул)


2 - слайд Күтілетін нәтиже


3 - слайд Тақырып жоспары


4 - слайд 1 - тақырыпша. Ақпарат саны.


5 - слайд Ақпарат саны (мөлшері, көлемі)

Ақпарат саны – ақпарат қабылданған кезде жойылған белгісіздіктің мөлшерін көрсететін ақпараттың санмен берілген сипаттамасы.


6 - слайд

Мысалы. Бинго ойынын теледидардан қарағанда әрбір жаңа сан шыққанда белгісіздіктің бірге төмендейтінін байқаған шығарсыңдар.

Әрбір сан шыққанда таңдау мүмкіншіліктерінің саны (белгісіздіктің мөлшері) азаяды да, аяғында толық ақпарат белгілі болғанда ешқандай мүмкіншілік қалмайды.


7 - слайд 2 - тақырыпша. Ақпараттың санын анықтаудың 3 түрлі әдісі.


8 - слайд Ақпараттың санын (мөлшері) анықтаудың 3 түрлі әдісі бар:

Мағынасына қарай, Ықтималдығына қарай, Алфавиттік.

9 - слайд Ақпараттың мағынасына қарай мөлшерін анықтау:

  • Ақпарат жаңа, әрі түсінікті болса, онда ол информативті болып табылады.

  • Информативтілігі неғұрлым жоғары болса, ақпараттың саны соғұрлым көп болады.


10 - слайд

Мысалы. 2 - сынып оқушысына университеттің оқулықтарынан келген ақпарат саны 0 болады, себебі оқушы оны түсінбейді.


11 - слайд Ақпараттың санын ықтималдығына қарай анықтау:

  • Ықтималдықтары бірдей N оқиғалардың бірі орындалса, онда белгісіздік те N есе кемиді.

*Бұл жерде N болуы ықтимал оқиғалардың саны.


12 - слайд Мысалдары.

  1. Тиынды лақтырғанда екі жағдай ғана

болуы мүмкін. Тиын лақтырғаннан

кейін белгісіздік екі есе кемиді.

  1. Кубикті лақтырғанда алты түрлі

жағдай болады. Лақтырғаннан кейін

белгісіздік алты есе кемиді.

  • Екінші жағдайда біз көбірек ақпарат аламыз.

  • Егер мүмкін жағдайлар саны біреу болса, онда біз ешқандай ақпарат алмаймыз.


13 - слайд 1 - 16 аралығында 5 санын анықтау үшін керек ақпарат санын

(мөлшерін) анықтайық.

Сұрақ

Жауап

Белгісіздік

Белгілі ақпарат саны

Сан 8 - ден артық па?

Жоқ

8

1 бит

Сан 4 - тен артық па?

Иә

4

1 бит

Сан 6 - дан артық па?

Жоқ

2

1 бит

Белгісіз сан 5 па?

Иә

1

1 бит

Барлығы



4 бит

Қорытынды: 16 санның бірін анықтауға қажет ақпарат саны 4 битке тең.


14 - слайд Ақпараттың санын алфавитты жолмен анықтау үшін

  • мәтін көлемін

  • алфавит қуатын, т. б. білу қажет

*Оған ақпараттың мазмұны еш әсер етпейді.

*Ақпаратты алфавитты жолмен өлшеу жолы жайлы жоғарғы класстарда толығырақ айтылады.


15 - слайд 3 - тақырыпша. Ақпараттың өлшем бірлігі.


16 - слайд. Ақпараттың өлшем бірлігі

  • 1 бит – белгісіздікті 2 есе азайтатын ақпаратты қамтитын мәліметтің мөлшері (саны). Бит – ақпаратты өлшейтін ең кіші өлшем бірлігі.

Егер тиын лақтыру мысалына қайтатын болсақ, бұл жерде белгісіздік 2 есе азаяды, яғни белгілі болған ақпарат 1 битке тең.


17 - слайд

  • Бит ақпараттың өлшем бірлігін көрсететін ең кіші өлшем бірлік. Одан үлкенірек байт деп аталады. Ол 23 бит 8 битке тең.

  • Басқа өлшем бірліктер:

1 байт = 8 бит

1 кб (килобайт) = 210 байт = 1024 байт

1 Мб (мегабайт) = 210 кб = 1024 кб

1 Гб (гигабайт) = 210 Мб = 1024 Мб


іі. алғашқы бекіту


Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Ақпарат саны дегеніміз не?

Ақпарат санын анықтау түрлері.

Ақпараттың өлшем бірлігі.







Қорытынды:_______________________________________________________________________________________________________________________________



ііі. құзырлылық қалыптастыру


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Ақпарат саны ұғымына анықтама беріңіз.

  2. Ақпарат санын анықтаудың қанша әдісі бар?

  3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қандай?

  4. Қандай ақпарат информативті деп аталады?

  5. Ықтималдықтары бірдей N оқиғалардың бірі орындалса, белгісіздік қалай өзгереді?

  6. Тиын мен кубик лақтыру мысалдарында қайсысынан көбірек ақпарат аламыз?

  7. Ақпараттың санын алфавитты жолмен анықтау үшін нені білу керек?


ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Автобустағы адамнан: «Келесі аялдамада шығасыз ба?» - деп сұрақ қойылды. Оның «жоқ» деген жауабынан қанша ақпарат алынды?

  2. Белгілі бір аралықта жатқан бүтін санды тапқанда 8 бит ақпарат алынды. Бұл аралыққа қанша сан кіреді?


ІІІ деңгей тапсырмалары

    1. Қорапшада ақ және қара түсті қолғаптар жатыр. Солардың 2 жұбы қара. Қорапшадан 1 жұп қара қолғап шыққаны жайлы ақпарат 4 битке тең.

Қорапшада қанша жұп ақ қолғап жатыр?



іV. шығармашылық әрекет


Топтық жұмыс.

1 - топқа: Информативті ақпаратқа мысал келтір.

2 - топқа: Ықтималдығы арқылы ақпараттың санын анықтайтын есеп ойлап табыңыз.

3 - топқа: Ақпараттың өлшем бірлігін енгізудің маңызы қандай?



V. бағамдау - бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жаз.

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Ақпарат саны және өлшем бірлігі

Күтілетін нәтиже:

Білімдік

Жаңа білім

Ақпарат санын, өлшем бірлігін және информативті ақпаратты біледі.

Ақпарат санын анықтау әдістерін таниды.

Жаңа түсінік

  Мағынасына қарай және ықтималдығына қарай ақпарат санын анықтауды түсінеді.

   Информативтілік жайлы қорытынды шығарады.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

Мағынасына қарай ақпарат санын анықтау әдісі арқылы ақпараттың түсінікті болуы мен саны арасындағы байланысты анықтайды.

Ықтималдығына қарай ақпарат санын анықтау жолын қолданып, мәселені есептеп шығарады.

Талдау әрекеті

Ақпарат санын анықтау жолдарын бөлшектеп қарастырады.

Шығармашылық әрекет

Информативтілік пен ақпарат санын мөлшерлейтін өлшем бірлігін орнатудың маңызды ұғымдарын тұтастырады.

Құндылық

Бағамдау әрекеті

Мағынасына қарай және ықтималдығына қарай ақпарат санын анықтау әдістері арасындағы айырмашылықты түсінеді.

Өлшем бірліктерінің көп болуының маңыздылығын ерекшелейді.

 

 

Сабақ құрылымы (45 мин):

 

І. Ақпарат алмасу (13 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (4 мин.).

Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік, репродуктивті, топтық

Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:

Автор
Дата добавления 12.04.2015
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров791
Номер материала 481416
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх