864763
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокИнформатикаКонспектыАқпараттанған адам әлемді игереді

Ақпараттанған адам әлемді игереді

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылыми Министрлігі

Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі



Жаратылыстану-математика пәндер бірлестігі Бекітемін:

отырысында қаралды және келісілді Директордың оқу ісі

«26» ақпан , 2016 жыл жөніндегі орынбасары

ПЦК жетекшісі: __________Сарбалиева М.Ш.

_____________ Үмбетова Б.О.











hello_html_598679fb.gif











/ақыл-ой зерделі ойыны/











Информатика пәнінің мұғалімі:

Жоламанова Бақтыгүл Бағытқалиқызы



2016 жыл


Тақырыбы: “Ақпараттанған адам әлемді игереді” /сайыс/

Мақсаты:

Білімділік : Студенттердің информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу. Студенттерді шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.

Дамытушылық: Студенттердің информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, білім деңгейін көтеру, сөйлеу шеберлігін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Студенттерді тапқырлыққа баулып, зейінін, ой–өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Ақыл - ой зерделі ойыны

Жоспары:

І кезең “Таныстыру”

ІІ кезең “Кім жылдам”

ІІІ кезең “Ғажайып алаң”

ІV кезең “Жеті жұрттың тілін біл... ” Полиглот

V кезең “Құпия жәшік”

VI кезең “Сөз тапқанға қолқа жоқ”

VIІ кезең “Ақпаратты қабылдау”

VIІІ кезең “Венгр сөзжұмбағы”

IX кезең “Бұл кім”


Барысы:

Мұғалім: Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы жастар деп білемін. Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында. Ендеше, болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырған, сол еңбектерін, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдерін ұшқыр ойларымен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға салғалы отыр. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі “Ақпараттанған адам әлемді игереді» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана“Ақпараттанған адам әлемді игереді” атына ие болады. Ойын 9 айналымнан тұрады.

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып қөріңдер – дей отырып ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық!

1-топ: “Алғырлар”

2-топ: “Тапқырлар”

3-топ: “Жүйріктер”

Ендеше сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсе:

Топтарды таныстыру:

1-топ: “алғырлар”

2-топ: “Тапқырлар”

3-топ: “Жүйріктер”

Мұғалім: Бүгінгі сайысымыздың барысын зерделеп, әділ бағасын беретін әділ-қазы алқасымен таныс болайық. Математика пәнінің мұғалімі Қуандықова Самал Меделқызы және информатика пәнінің мұғалімі Жанаева Гүлшат Ертілеуқызы.

ІІ-кезең “Кім жылдам”. Оқушылар берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы керек. Сұрақ саны 20


1-топ: “Алғырлар” тобына Лездік сұрақтары:

1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)

2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)

3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

4. Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)

5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл-Хорезми/

6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60-70)

7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).

8. Буып-түйілген файл (архив)

9. Енгізу пернесі? (enter)

10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)

11. Пернетақтада қанша функионалдық перне бар? (12)

12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)

13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

14. Paint қандай редактор (графикалық)

15. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD-ROM)

16. Жергілікті желімен жұмыс жасауға арналған қапшық (Желілік орта)

17. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)

18. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)

19. Ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы (процессор)

20. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)


2) Лездік сұрақтары “Тапқырлар» ” тобына:

1. Файлдар жиыны. (папка)

2. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. (MS Word)

3. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)

4. Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды? (санау жүйесі)

5.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

6. Қандай архиватор бағдарламалары бар? (Win RAR, WinZip)

7. Windows сөзінің аудармасы (терезе)

8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)

9. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі (мәтін)

10. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар. (абзац)

11. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete)

12. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)

13. ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады? (5)

14. Word Pad қандай редактор? (мәтіндік редактор)

15. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін қалай атайды? (пішімдеу)

16. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)

17. Электрондық кестенің ең кіші элементі (ұяшық)

18. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)

19. Windows сөзінің аудармасы (терезе)

20. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)

3) Лездік сұрақтары “Жүйріктер” тобына:

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  2. Сурет салуға арналған программа (пайнт)

  3. Белгілі бір сақталатын ақпараттар жиыны. (Файл)

  4. Енгізу пернесі? Enter

  5. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады?

  6. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? CD-ROM

  7. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)

  8. Өзін басқа программаларға енгізіп алатын кішігірім программа (вирус)

  9. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)

  10. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (модем)

  11. Жергілікті желімен жұмыс жасауға арналған қапшық (Желілік орта)

  12. Адам денсаулығына зиян келтіретін құрылғы (монитор)

  13. Мәліметтерді енгізу пернесі (Enter)

  14. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)

  15. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete)

  16. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)

  17. Жад нешеге бөлінеді (2)

  18. Бір килобайтта қанша байт бар (1024)

  19. Электрондық кестенің жұмыс аймағы (кітап)

  20. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)


ІІІ кезең “Ғажайып алаң”

hello_html_m18b85a07.gif



Жұмбақтар әлемі 20



  1. Тұрады ол жолдар мен бағандардан
    Және тұрар ұяшықтар ағымынан
    Кәне ойланып көрейік ол не екен
    Баған аен жолдардан қиылысқан (кесте)

  2. Міне тағы қиналып тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен.

Барлығы да үлкен әріп қайтемін?

Көмек берші, енді нені басам мен? (Caps lock)

  1. Жұртты өзіне қаратқан
    Ақпаратты сақтап,таратқан... (компьютер)

  2. Бір сарайда тұрады екен,
    Бес атаның балалары.
    Қыдырмашы біреуі,
    Бір күн барда, бір күн жоқ.
    Оны есепке алсаң,
    Ұзын саны 107 (пернетақта)

Жалғастыра жарысу 30

  1. Ғылым – теңіз, білім – қайық

  2. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді

  3. Білегі күшті бірді жығады білімі күшті мыңды жығады.

  4. Білегіңе сенбе, біліміңе сен

Ақпаратты сәйкестендіру 40

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса

Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса

  1. Байт биттен құралады

Теңге тиыннан құралады

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала

Жігітті досына қарап, бағала

  1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды

Досы күштіні-жау алмайды

Мұғалім: Келді кезек полиглотты шешуге

Жауаптарын үш тілде де беруге

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

15 ұпай шәкірт саған несібе.

Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді. Егер 3 тілде айтса, 15 ұпай алады.


  1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат , информация, information)

  2. Сақталған құжатты ашу командасы? /Файл – ашу, файл-открыть, file-open/

  3. Windows – дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operation system/

  4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы / Тышқан, мышь, Mouse/

  5. Қажет емес символды алып тастау пернесі - (өшіру, удалить, delete)

  6. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет-корзина - basket)

  7. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе-окно-windows)

  8. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор. (кітапша-блокнот-notebook)

  9. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да, бір күн жоқ (пернетақта-клавиатура-keyboard)

  1. Биологияда паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпаратты өлшер. (бит-бит-bit)

V-кезең «Құпия жәшік»

  1. ...- бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда /Ақпарат/

  2. Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады? /Компьютерлік вирус/

  3. Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл. /архив/

  4. Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті қалай аталады? /алгоритм/

  5. Монитор экранындағы бір нүкте не деп аталады? /пиксель/

  6. ... – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм /циклдік/

  7. Желі арқылы хабарламалардың алмасу жүйесі? /Электронды почта/

  8. Компьютерде орналастырылған барлық жүйелерді, программаларды басқарады және компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді? /Операциялық жүйе/

VІ - кезең Сөз тапқанға қолқа жоқ

Бұл айналымда әр топ “К” және “П” әрпінен басталатын информатикалық сөздер айту керек.

Әр дұрыс сөзге 5 ұпай беріледі.

«К» әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады:

(компьютер, картридж, клавиатура, ксерокс, Кбайт, калькулятор, компакт-диск, курсор, копировать, контур, курсив)

«П» әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады:

(принтер, плоттер, пернетақта, процессор, пішімдеу, паскаль, пробел, пуск, проводник, программа)


VІI - кезең

Ақпаратты қабылдау”

«Топ капитандары» сайысы екі топқа 10 сұрақ қойылады, яғни әр сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап қайтару керек, «иә» деп ойласаңыз «иә» деген орындыққа, жоқ» деп ойласаңыз «жоқ» деген орындыққа отыруыңыз керек. Әр топ капитаны кезекпен жауап береді, яғни кезекпен

орындықтарға отырады.

І топқа арналған сұрақтар.
1. “ІNFORMATION” латын сөзі мәлімет дегенді білдіреді ме? (иә)
2. Ақпарат тасушы – сигнал болып табыла ма? (иә)
3. Мәтін, радио арқылы хабар, мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (иә)
4. Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып интерфейс табыла ма? (жоқ)
5. Сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық бағдарламаларда өңдеуге

бола ма? (иә)
6. Қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма? (иә)
7. MS Word графикалық редактор ма? (жоқ)
8. Кез келген санның 0 дәрежесі 0 ме? (жоқ)
9. Меңзердің сол жағындағы символды өшіру пернесі Delete пе? (жоқ)
10. Чарлз Бэббидж компьютердің атасы ма? (иә)
2 – ші топқа арналған сұрақтар:
1. 1642 жылы алғаш қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты ма? (иә)
2: ЕNIAC –тың (І ЭЕМ) салмағы 1 т болды ма? (жоқ 30т)
3: Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма? (иә)
4: Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: Alt+Ctrl ма?

(жоқ)
5: Қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл (құжат) сақтауға

бола ма? (жоқ)
6: Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма? (жоқ)
7: ЭЕМ-нің 5 буыны бар ма? (иә)
8: Принтердің 4 түрі бар ма? (жоқ)
9: Монитор адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы ма? (иә)
10: Пробел бос орын қалдыру пернесі ме? (иә)


VІII - кезең «Венгр сөзжұмбағы»

Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек.


IX кезең "БҰЛ КІМ?"


  1. Бұл кісі 1902 жылдың 2 қарашада Нижний Новгородта мұғалімдер жанұясында дүниеге келген. 1928 жылы инженер-электрик мамандығын алып, Бауман атындағы университетте сабақ берген. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары осы академиктің басшылығымен жасалады, оны МЭСМ деп атаған. / Сергей Алексеевич Лебедев/

  2. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталды. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын „Аналитикалық машина„ жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің “атасы” деп те атайды./Чарльз Беббидж/

  3. ХІХ ғасырдың соңында американдық ғалым есепші – перфорациялық машина құрастырды. Өз машинасының көмегімен бұл ғалым көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты. Бұл кісі есепші перфорациялық машиналарды фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналады. / Герман Холлерит /

  1. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы. /Ада Лавлейс

  2. 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. /Блез Паскаль/





Общая информация

Номер материала: ДБ-033493

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Информационные технологии в деятельности учителя физики»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Современные информационные технологии и их использование в работе преподавателей. Системы автоматизированного проектирования одежды и организация технологического процесса»
Курс повышения квалификации «Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Облачные технологии в образовании»
Курс «Фирменный стиль» (Corel Draw, Photoshop)
Курс «Оператор персонального компьютера»
Курс «WEB-ВЕРСТКА (HTML, CSS)»
Курс повышения квалификации «Развитие информационно-коммуникационных компетенций учителя в процессе внедрения ФГОС: работа в Московской электронной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Введение в программирование на языке С (СИ)»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания дисциплины «Информационные технологии» в условиях реализации ФГОС СПО по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Современные языки программирования интегрированной оболочки Microsoft Visual Studio C# NET., C++. NET, VB.NET. с использованием структурного и объектно-ориентированного методов разработки корпоративных систем»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.