Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / "Ақпараттың көлемі және өлшем бірліктері" ашық сабақ жоспары 5-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

"Ақпараттың көлемі және өлшем бірліктері" ашық сабақ жоспары 5-сынып

библиотека
материалов

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп»

мемлекеттік мекемесі

Информатика пәні мұғалімі

Аманкосова Кунсулу Адилхановна

5-сынып сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың көлемі және өлшем бірліктері

Сабақтың мақсаты: ақпарат саны түсінігін енгізу,ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру,ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс:компьютерде ақпаратты өлшеу тәсілдерін, «бит», «байт» ұғымдарын, ақпаратың көлемін екілік түрде өлшеу, ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын өлшеу бірліктерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:мәтіндік ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
III Білімді өзектендіру
IVҮй тапсырмасын тексеру.
§3 бойынша тест тапсырмасы орындалады. Тест алып болған соң дұрыс жауаптар экранға шығарылады. Оқушылар өзара жауаптарын тексереді. Жиі кездесетін қателерді талдайды.

V
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ түсіндіру барысында, ақпарат екілік жүйеде кодталатынын оқушыларға түсіндіріп өту керек. Кодтау ұстанымын оқулықта көрсетілген қосқыш – ажыратқыш мысалы арқылы түсіндіруге болады. «Ақпараттың өлшем бірліктері» ұғымын енгізгеннен кейін байт жүктемесіне тоқтала кету керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, мәтінді ақпараттың 1 символын кодтауда 1 байт элементтері енгізіледі. Орта және жоғары буын оқушыларында бұл тақырып нақты дәлелдермен оқытылады. 1кбайт 1000байт емес,1024 байтқа тең екендігін түсіндіру керек. Оқушылар екілік есептеу жүйесімен биыл жұмыс істемейді. Бірақ материалдың пропедевтикасы (алдын ала үйретемін) осы және басқа сабақтарда қойылады.

VIКомпьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.
А - деңгейлік тапсырмаәр қадам бойынша жазылған, оқушылардың тапсырманы тармақ бойынша орындауы жеткілікті.
В – деңгейінің тапсырмасы күрделірек. Мұғалім бұл тапсырманы бермес бұрын оқушылардың орындау қабілетін білу үшін тапсырма мәтінімен танысып, өз деңгейлерін анықтап алуына және тапсырманы таңдауға мүмкіндік береді. Соңынан оқушылардың ақпараттық технологияларын меңгеруін осы және басқа деңгейдегі тапсырмаларды орындау деңгейлеріне назар аударады.
С – деңгейлік тапсырмасы өте қабілетті оқушыларға арналған. Олар үшін тапсырма қадамсыз құрастырылған. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушы калькулятор стандартты программасын қосып және осы программада жұмыс істей білуі керек.

А деңгейі
1
. WordPadмәтіндік редакторын ашыңдар.Ол үшін біртіндеп Пуск=> Все программы => Стандартные =>. WordPad батырмаларын басыңдар.

2. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер.Үтір қазақша тергенде жоғары қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін Caps Lockпернесін басуларың керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.
3. Өз ақпараттарыңды сақтап программаны жабыңдар.

В деңгейі

1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. (Пуск => Все программы => Стандартные => . WordPad)

2. «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.
3. Өз ақпараттарыңды сақтап программаны жабыңдар.

С деңгейі
«Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары» бөліміндегі 6 – тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1.Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?
2. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
3. Ақпаратты қайда сақтауға болады?
4. Ақпаратты жөнелту арналары деген не?
5. Адам ақпаратты қалай өңдейді?
6. Әдетте өздерің компьютерде ақпаратпен атқаратын әрекеттеріңді атаңдар.

VII Сабақты қорытындылау
Тәжірибелік жұмыс және есеп шығарғандары үшін оқушылардың білімдерін бағалау.

VIIIҮй тапсырмасы
§4, тест сұрақтары бойынша өз білімдеріңді тексеру,сұрақтарға жауап беру.6 – тапсырма жоғары деңгей тапсырмасы. Бұл тапсырма барлық оқушыларға бірдей беріледі,бірақ міндетті түрде орындау талап етілмейді. 4-5 тапсырмалар дәптерге орындалады. Күрделі тапсырманы орындаған оқушы ерекше мадақтауға лайық.

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Д

А

С

В

С

С

А

В

А

Д




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров188
Номер материала ДВ-175542
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх