Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері. 5 сынып

Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері. 5 сынып

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мерзімі: 27.09.16ж

Пәні: Информатика

Сынып: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

Мақсаты:

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже : Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері туралы мағлұматтар алады.

Ресурстар: оқулық, суреттер, маркерлер, стикерлер.

Әдіс- тәсілдер: «Тілектер» ,« Бармақ», «Сұрақ-жауап» , «Менталды карта», «Есеп»

Сабақ кезеңдері

Тәсілдер/ Оқушы әрекеттері

Мұғалімнің әрекеттері/ Уақыт

І. Проблема айқындау (Қызығушылықты ояту, Мотивациялау, Қажеттілік тудыру)

1) Кіріспе .Сәлемдеседі. Ынтымақтастық атмосфераны «Тілектер» жаттығуы арқылы қалыптастырады. 1, 2 сандары арқылы топқа бірірігеді.

Үй жұмысы.

«Сұрақ-жауап» әдісі жаттығуы арқылы сұрақтарға жауап береді

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Кері байланыс жасайды. Қорытындылайды.

1) Кіріспе . Сәлемдеседі. Ынтымақтастық атмосфераны «Тілектер» жаттығуы арқылы қалыптастырады, топқа біріктіреді.

Үй жұмысы.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы пысықтайды.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы қызығушылығын оятады. 5-мин

ІІ. Проблема шешу

(Операционалдық кезең: материалмен танысу, оны игеру, сол бойынша жұмыс жасау, мағынаны ашу)


2) Негізгі әрекет

«Менталды карта» әдісі арқылы тақырып бойынша мәлімет жинақтайды , жариялайды, көрші топтардың пікірімен танысып, өз ойларын , пікірлерін,бір-бірінің жұмыстарын толықтырады.

2) Негізгі әрекет

« Менталды карта» әдісі арқылы тақырып бойынша мәлімет жинақтауды тапсырады


20 мин

ІІІ. Проблема шешімін қорытындылау (білгенін ортаға салу, қандай ой, пікір, әсер туындағанын талқылау, талдау, қорытындылау)


3) Негізгі әрекетті талдау.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру үшін тапсырмаларды орындайды.

1.      Ақпараттың өлшем бірліктерін ( ең кішісін ең үлкеніне дейін ) атаңдар.

2.      БайтКбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем ?

3.      1 байтта неше бит бар ?

4.      « Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар ?

5.      «Алақай ! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.

6.      Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін ?

3) Негізгі әрекетті талдау.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру үшін тапсырмаларды орындауды тапсырады.

10 мин

ІV.Бағалау. Рефлексиялық-бағалау кезеңі:

4) Бағалау: «Есеп» әдісі арқылы оқушылар не үйренгендігін айқындайды, рефлексия жасайды.


4) Бағалау: оқушылардың не үйренгендігін айқындайды, рефлексия тудырады.

Оқушыларды мадақтайды. Бағалайды.

3 мин

V.Кері байланыс.

« Бармақ» әдісі арқылы кері байланыс береді.

Кері байланысқа қорытынды жасайды.

5мин

VI.Үйге тапсырма.

Оқулықтың §4 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.

2мин



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.10.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров59
Номер материала ДБ-240311
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх