Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / «Ақпараттық –коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыру»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

«Ақпараттық –коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыру»

библиотека
материалов

Жүргізуші

Макашова Л.


Сабақ №1

Коучинг тақырыбы

«Ақпараттық –коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыру»

Жалпы мақсаты

  • АКТ    туралы  ғылыми  ұғымдарды   түсіндіру және оларды қабылдау.

  • Компьютермен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру.

  • АКТ -ны пайдалануға деген қызығушылығын арттыру.

  • Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

  • АКТ-ның тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.


Оқу нәтижесі

  • АКТ    туралы  ғылыми  ұғымдарды   түсінеді және оларды қабылдайды.

  • Компьютермен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастасады.

  • АКТ -ны пайдалануға деген қызығушылығын артады.

  • Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.

  • АКТ-ның тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар алады.


Әдіс-тәсіл

«Ой қозғау», «Миға шабуыл» стратегиясы, постер жасау,қорғау; топтық жұмыс , «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі, кері байланыс


Негізгі идеялар

АКТ   пайдалану  мүмкіндіктері күннен күнге жетіліп,   танымдық  және метатанымдық  қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.




Кезеңдер

Уақыт

Коучнигтің іс-әрекеті

Мұғалім іс - әрекеті

Ресурс

Кіріспе кезең

Сергіту сәті



Сәлеметсіздер ме білім жолын қуған әріптестер! Сіздерді кезекті коучингте көргеніме қуаныштымын.

Көңілді музыка ойнап тұрады.

Мұғалімдер шаттық шеңберінде тұрып қасындағы мұғалімге бір сөзбен тілек айтады.

Мұғалімдер шаттық шеңберінде тұрып қасындағы мұғалімге бір сөзбен тілек айтады.


Топқа бөлу


«Мозайка»

Біз енді "мозайка"әдісімен топқа бөлі-неміз. Менің қолымнан бір - біреуден сурет таңдап алыңыздар.

Мұғалімдер сурет арқылы, компьютердің енгізу,

шығару құрылғыларына қарай өз топ мүшелерін тауып топтасады.

суреттер

«Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалана білу»

слайд- шоу көрсетілім.(3 мин

Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулімен таныстыра отырып, соның ішіндегі «Оқыту мен оқудағы АКТ – ны пайдалану» модуліне тоқталу.

АКТ -ны тиімді пайдалану жолдарымен таныстыру.

БҰҰ шешімі бойынша

«ХХІ ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп атаған болатын. Себебі, ХХІ ғасыр – сандық ақпараттық техникалардың шарықтау шегіне жеткен дәуір. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру – еліміздің даму стратегияларының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің технологиялық білім саласында шығармашылық әлеуетін дамытатын құрал деп те атауға болады. Қазіргі қоғам коммуникацияның көпшілік түрлерін қолданады. АКТ-ні қолдану оқу процесінің тиімділігін арттырады және оқушылардың шығармашылық потенциалының қарқынын арттыруға мүмкіндік туғызады. Желпеуіш жасап, желпеуіш беттеріне осы сауал төңірегінде өз жауаптары-ңызды жазып шығасыздар.Көлемді де әдемі жасалған желпеуішке жұлдыз беріледі


Топтарда талқылап, Желпеуіш жасап, білетін әдістеріне қарай Веер бөліктерін көбейте береді


hello_html_3983f009.jpg

Жұлдыз

Негізгі кезең

Миға шабуыл


Салыстыру


Байқау


Есте сақтау


"Айырмашылықты тап"

Енді бір сәт тақтаға назар аударайық. Осы интерактивті тақтадан көріп отырған суреттерден сіздер қандай айырмашылық көріп отырсыздар. Қайсы зат артық деп ойлайсыздар

Мұғалімдер суретке зейін аудара отырып айрмашылықтарын табады.

hello_html_m7cc77736.pnghello_html_m6a3d68c9.jpg

hello_html_229856dc.jpghello_html_19e7d9aa.png

Слайд


"Жадыны дамытуға арналған пасьянс"

Келесі біздің жаттығуымыз тақтадан көрсетілген суреттерге бір сәт назар аударыңыздар. Интерактивті тақтадан 20 шақты нысандар мен суреттер жинағы көрсетіледі. Нысанды есте сақтауға 2 мин уақыт береміз.

1. Ал енді кім айтып береді жаңа тақтадан қандай заттар көрсетілді?

2. Мен осы заттардың ішінен неше затты алып тастадым, ол қандай заттар?

Естеріңізге сақтай алдыңыздар ма?

Көп ұпай жинаған топқа жұлдыз беріледі

2 мин кейін мұғалімдер есте сақтаған нысандарды көбірек айтуларына қарай ұпай жинайды.


Суреттер



Сергіту сәті



Сергіту тренинг

  • Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

  • Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...

  • Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.

  • Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.

  • Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.

  • Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.

  • Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз.

  • Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.

  • Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.






Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.

Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз –
таңдаған жолыңызға сәйкес келеді


Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз – қаржы жағынан қысыласыз.

Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз – қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.

Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.


Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы.





Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.

Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса – Сіздің қаттылығыңызды білдіреді.




Жүйелеу

Сіздің ойыңызша сабақтың қай кезеңінде АКТ қолдану тиімді болады?

Сабақ үрдісінде АКТ тиімді қолдануға қандай кедергілер бар?

Жұмыстарыңызды топпен бірлесе отырып постерге түсіріңіздер.


Мұғалімдер тобымен бірлесе отырып

постер жасап, қорғайды.

Постер







Қорытындылау кезеңі

Ой

тұжырымдау


Қортынды жасау

hello_html_m40ea0f2f.gif

Пікірлерін стикерге жазып іледі

стикер

Кері байланыс

Білім ағашы


Білім ағашына

Бүгінгі сабақ туралы ұсыныс, пікірлеріңізді стикерге жазып ілулеріңізді сұраймын

hello_html_d166634.png

Бүгінгі сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып іліп кетеді.


стикер

Бағалау кезеңі

Бүгінгі сабақ сіздер үшін қалай болды?

«Бармақ» әдісі бойынша бағалау жасайды.










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров769
Номер материала ДВ-151635
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх