Инфоурок / Другое / Конспекты / "Ақпараттық- коммуникативтік технология тиімділігі" баяндама

"Ақпараттық- коммуникативтік технология тиімділігі" баяндама

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов




Тегі, аты- жөні Имакова Лаура Оспанқызы

Ғылыми дәрежесі,

ғылыми атағы жоқ

Мекеме, лауазымы №77 мектеп- гимназияның

жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мекен- жайы Астана қаласы, Полет, 250

Баяндама тақырыбы: «Қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі







































Қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі



Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика мектептерін көтерудің тиімді жолы- білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.

ХХI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады.

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында компьтерлік сауаттандыру жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және қызметке қабылданатын әр азаматтың компьютерді, ғаламторды, электрондық поштаны қолдану дағдысы міндетті болу керектігі айтылған. Ал егер мектептегі әр оқушы ертеңгі қызметкер деп білсек, онда мектеп және білім беру саласына мынандай міндеттер қойылмақшы: компьтерлік техниканы, ғаламтор, компьютер желісі, электрондық пошта, телекоммуникациялық құрылғылар, электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану. Ал ол үшін ақпараттық мәдениет керек. Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін (анықтамалық, энциклопедия, бағдарламалар, хабар немесе мәлімет) дұрыс пайдалану, әңгімелесе білу, талғамды түрде қарау, ой елегінен өткізу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайда өз еркіндігіңді шектей білу.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу- ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, телеконференция, видео- конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Сондықтан оқушыларды интернет жүйесінде жұмыс істей білуге баулу әр пәндік жүйеде қолданылуы керек.

Заман ағымына қарай күнделікті қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында видео, аудио қондырғыларын, теледидарды, компьютер арқылы электрондық оқулықтарды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Әр сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Себебі дәстүрлік оқулықтың жеткіліксіздігі мен тапсырмалар жиынтығының көптігі, күрделілігі оқушы білімін арттыру орнына жалықтырып жібереді. Ал электрондық оқулық арқылы оқушы тек теориялық білімді алып қана қоймай, ондағы тапсырмалар арқылы өз білімін тексеруге мүмкіндік алады. Мысалы электрондық оқулықтан «ХХ ғасырдағы әдебиет» тарауы бойынша жаңа білім алынған соң, оқушылар білімін тексеру үшін тест тапсырмалары «Тест» нүктесін басқаннан соң орындалады да, оқушылар «дұрыс, бұрыс» жауаптарын өздері бақылап, қателерін жөндеуге мүмкіндік алады.Немесе дәл осы тарауды өткенде әр ақын- жазушының өмірі мен қызметіне 1 сағат уақыт беріледі, міне, сонда оқушы электрондық оқулықтан қысқаша алған мәліметі бойынша өзі де хронологиялық кесте жасап, білімін тұрақтандырған соң, тапсырмалар бойынша білімін бекітуге болады.

Мультимедиа- бұл нысандар мен үрдістерді дәстүрлі мәтінмен сипаттау емес, фото, бейне, графика, анимация, дыбыс, яғни бүгінгі күні бәрімізге таныс формаларда беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Адамдардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Ал аудио- видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% -ға дейін арттырады. Мультимедиа бағдарламалары ақпаратты әр түрлі формада ұсынады, сондықтан оқыту үрдісін ізгілендіре түседі.

Сабақта мультимедиа қолданғанда сабақтың құрылымы өзгермейді, барлық негізгі кезеңдері бұрынғыша сақталады, тек уақыт бөлінуі өзгеруі мүмкін. Осылайша оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін, білімінің кем тұсын толықтыруға мүмкіндік туады.

Гипермәтіндік сілтемелер арқылы мультимедиалық презентациялар көмегімен фронтальды, топтық, жеке сияқты танымдық жұмыс түрлерін қолдануға болады. Сондықтан мультимедиалық презентация сабақтың үш дидактикалық мақсатына да сай келеді: 1.білімділік: оқушылардың нысандардың байланысы мен қарым- қатынасын зерделеуін қалыптастыру; 2.дамытушылық: оқушылардың танымдық қызығушылығын, жүйелеу, сараптау, салыстыру дағдылары мен шығармашылық әрекеттерін дамыту; 3. тәрбиелік: ғылыми көзқарастарын тәрбиелеу, өздігінен және топпен жұмыс істеуге баулу.

Мультимедиалық сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады, оқушыда компьютер алдындағы қорқыныш сезімі жойылады. Оқушыда жоғары нәтиже көрсетуге, қиын тапсырма алып орындауға қызығушылық пайда болады.

Мультимедиалық технологияның ерекшеліктері:

  1. Бормен тақтаға жазғаннан гөрі, ұқыпты кескінді қарау эстетикалық талғамды арттырады.

  2. Түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру жеңілдейді.

  3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қарап, бір материалды толық немесе негізгі сұрақтар бойынша түсіндіруге болады.

  4. Оқушылардың жұмыс орны жеткілікті жарықтанады.

  5. Сабақта көрнекілік қолдану деңгейі артады.

  6. Сабақ өнімділігі артады.

  7. Оқу материалын беру логикасына көңіл аудару арқылы оқушы білімінің деңгейін арттырады.

  8. Оқушылар компьютерді әмбебап құрал ретінде еркін пайдаланады.

  9. Оқудың мотивациясын күшейтеді.

  10. Оқыту мен тәрбиенің сапасын арттырады.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мультимедиа қолдану келесі дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі:

  1. Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

  2. Алған білімді жүйелеу;

  3. Өзін- өзі бақылау дағдыларын қалыптастырады.

  4. Жалпы оқуға деген ынтасын арттырады.

  5. Оқушыларға өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек береді.

Ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі сонда- ол дидактикалық, психологиялық, физиологиялық және өзге де оқыту принциптерін толық қамтуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның негізгі кілті- оқушы ерекшелігіне бағытталған, оның өздігінен дамуына жол ашатын оқыту құралдарын қолдану. Ал ол оқыту құралдарына келесілерді жатқызуға болады:

  1. Электронды оқыту компоненті:

  • Ақпараттың мультимедиалық берілімі

  • Оқу материалының интерактивті жүйесі

  • ББД мониторингісі жүйесі

  • Ақпараттық- анықтамалық жүйе

  • Білімін өздігінен бақылау жүйесі

  1. Аудио компоненті оқу материалының түсінікті болуын қамтамасыз етіп, оның дыбыстық ұғымын береді.

  2. Видео (бейне) компоненті видеолекция түрінде беріліп, өзін- өзі басқару қабілетін арттырады.

  3. Психологиялық компоненті оқушының ауызша, жазбаша қабылдауы мен оқу- танымдық әрекетін (жұмыс дәптері ) жүзеге асырады.

Ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдану барысында оқушыдан күтілетін нәтиже:

жинақтау

талдау

-Негізгі ұғымдарды анықтау

-Анықтама беру

-Классификациялау

-Логикалық құрылымын жасау

-Мазмұнын қысқаша баяндау



-Ақпаратты көрнекі түрде беру

-Жетіспейтін логикалық тармақтарын қосу

-Модельдеу

-Жобалау

-Гипотеза ұсыну

-Қорытынды шығару

Ақпараттық- коммуникациялық технология арқылы өткізілген «Махамбет деген батырмын» атты сабақта мен электронды оқыту компоненті етіп Махамбет Өтемісұлы жайлы электрондық оқулықтағы гипермәтін мен бейнефильмді пайдаландым.Сондай- ақ сабақтың қорытынды кезеңінде электрондық оқулықтағы тест тапсырмасын орындағаннан соң, оқушылардың Махамбет Өтемісұлы жайлы білімдерін толықтай қамту үшін төмендегідей сызбаны пайдаланып, ары қарай жалғастыруын талап еттім.

hello_html_m6010d1bc.gif


Ал оқытудың аудио компоненті етіп алынған Махамбеттің өлеңдерін компьютерге қойылған диск арқылы тыңдаттым да, оның тақырыбы, идеясы, тілі мен кейіпкері жайлы сатылай талдауды алдын- ала компьютерге дайындалған сызба бойынша жасаттым. Сабақтың видеокомпонентіне Махамбет жайлы бейнефильмнен үзінділер көрсетіп, Махамбет образын ашуға пайдаландым.

Сабақтың психологиялық компонентінде сыныпты 3-ке бөліп, «Махамбет-Исатай- Жәңгір үштігінің арақатынасы мен жауығу себептері» жайлы тарихи деректерге сүйеніп, дебат жасағаннан соң, оқушылардың осы ойлары туралы төменгі деңгейдегі оқушыларға дәптерлеріне ойтолғау жазу ұсынылса, алғыр оқушыларға қосымша «Махамбет пен Жәңгір», «Махамбет пен Исатай» концептуалдық кестесін құру тапсырылды.

Сабақ соңында сынып болып « Махамбет поэзиясы» атты слайд жасады.(қосымша берілген)

Махамбет поэзиясы

Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған

hello_html_3159baa7.gif


Махамбеттің бейнесі

Махамбеттің өзіне берген бағасы, «мені»

hello_html_m12f8c830.gif






Махамбет шығармаларындағы Исатай бейнесі

Махамбет өлеңдерінің бір тобы үзеңгілес жолдасы Исатайға арналады.




hello_html_m3e1018a8.gif





Махамбет поэзиясындағы үстем тап өкілдері де ерекше суреттеледі.




hello_html_mfd3bd4b.gif








Махамбет поэзиясына тән басты ерекшеліктер



hello_html_623860de.gif

Ақпараттық-коммуникациялық оқыту тұлғаны дамыта оқытуды көздейді. Олай болса, ол оқушының өзін- өзі дамытуына жол ашады. Баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды. Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала- тыңдаушы, мұғалім- информатор емес, керісінше, бала- зертеуші, ізденуші, жаңалық ашушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір проблема, ситуацияны шешу арқылы қалыптасады. Мұнда мұғалім- оқушы іс- әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші. Осылайша оқушыны ақпараттық- коммуникациялық технология арқылы ғылыми ізденуге жетелеуге де болады. Мысалы, 9- сыныпта Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елжандылық өлеңдері туралы өтіп болған соң, сабақтың қорытынды компоненті етіп, топтық жұмыстар ұсынғанда, оқушылардың бір тобы «Қазақтың ат қою үрдісі» деген тақырыпшаны таңдап,

...Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей, көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым содан... деп ақынның өз өлеңімен жауап қайырып, «көшіп- қонумен күнін өткізген қазақтың адал бір ұлы сонау Жетісу өңірінен келіп, біздің облыстағы Шу өңірінде дүниеге келген, оған дәлел- ақын өлеңіндегі Байғара, Жамбыл, Хантау деген тау атаулары облысымыздың Мойынқұм өңірінде кездесетінін айтты. Олар «әр адам өзі туған топырақтан нәр алады десек, етегінде туылып, атын алған тауға ұқсап, Жамбыл да- таудай алып, кесек тұлға» деген қорытынды шығарды.Бұның бәрін олар сызба арқылы көрсетіп, осылай талдап, түсіндірді.Келесі топ «Жамбыл атаның шығармашылығы» деген тақырыпшаны алып, хронологиялық кесте жасаумен бірге, мынандай сызба жасап, ізденістерін байқатты:

hello_html_435843ab.gif



Бұдан басқа да « Жамбыл ұрпақтары», «Жамбылдың аталары» деген тақырыпшалар арқылы ізденіс жұмыстарын слайдтар түрінде көрсетіп, бәрін жинақтағанда ғылыми ізденістің топтық түрін жасап шығардық.

Ал М.Әуезовтың «Абай жолы» роман- эпопеясын оқығанда, Абай атамыздың азаматтық бейнесін ашуда оның «Кемелденуіне әсер еткен себептер» деген тақырыпшада оқушыларды 3-ке бөліп, 1- топқа ата тегі, 2- топқа- өскен ортасы, 3-топқа- діни дүниетаным деген бөлімдерді бергенде, оқушылардың слайд етіп жасаған ойтолғамдары,тіпті, тәуір болып шықты; бұл жерде сызба арқылы беріп отырмын:

hello_html_m6bf419bf.gif


hello_html_m799d34e4.gif


Ал осы шығарманың қазақ халқының тұрмыс- салты мен әдет- ғұрыптарын қамту мәселесіне келгенде, оқушылар өздеріне таныс әйел- аналар, қыздар бейнесін төмендегідей топтастырып, оған мынадай жауаптарды ұсыныпты:

Ұлжан, Зере, Әйгерім, Ділдә, Айғыз, Нұрғаным, Мағрипа, Еркежан, Қаражан, Мәніке,

Салтанат, Тоғжан, Үмітей, Мәкен, Керімбала, Иіс т.б., яғни бір топ зерек оқушылар ұсынған сызбаға келесі оқушылар жалғастырып, жауап қайтару керек. Осылай түрлі деңгейдегі оқушыларды бір- біріне білім беретіндей тапсырма беріп, бос отыруға, зерігуге уақыт қалдырмауда да ақпараттық құралдар өте тиімді. Бұл жерде табылғанынша видеоколлекция жасап (кинодан алынған эпизодтар т.б.), оқушылар кейбір кейіпкерлерді көздерімен көрсе, әрекетіне баға беру де жеңілдей түсер еді.

hello_html_41fd3db3.gif

Мұның бәрінде оқушылар қысқаша берілген сызбаларға өздері ауызша ой қосып, себептерін түсіндіріп отырады. Бір жағынан эстетикалық тұрғыдан балаларға әсем әрі мағыналы етіп ой қозғау ,екінші жағынан дидактикалық тұрғыдан сабақ көрнекілігін пайдалану мен оқушы білімін ұштастыру көзделген мұндай ақпараттық сабақтарда жайшылықта оқымайтын баланың өзі тек компьютерге қызыға отырып, өз қолымен жасаған сызбасының мазмұнына еріксіз еніп кеткенін байқамай қалады емес пе? Міне, түрлі технологияны қолдана отырып, сабақтан күтер нәтижеміздің өзі де осы болмақ. Кейде компьютер кабинеттерін пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда алдын- ала жасалған сызбалар, «тірі» сауалдар (оқушылар өздері арнай түсіп, дайындалады.) да теледидар мен арнайы қондырғылар арқылы берілсе, оқушылар белсенділігін арттырары сөзсіз. Мысалы мен «Ұлағатты ұлттық ұғымдар» деген тақырыпта сыныптан тыс жұмысты дайындағанда, сайысушы топтарға теледидар арқылы мектептің өзге сынып оқушыларының сауалдарын ұсынғанымда, сауал берушінің де , жауап қайтарушының да намысқа тырысуы жеңіске, ол арқылы білімге құштарлануға жетеледі. Осы жұмысты мен үлгерім төмен және дарынды оқушылардан жасақталған топтарға берген едім. Енді тапсырманы қарайық:

Үш жұрт: ........................................................................................................................................

Үш байлық: .....................................................................................................................................

Үш қат: ............................................................................................................................................

Үш қуат:...........................................................................................................................................

Үш ғайып: ........................................................................................................................................

Үш арсыз: ........................................................................................................................................

Үш дауасыз:.....................................................................................................................................

Үш қадірлі:......................................................................................................................................

Үш жамандық: ................................................................................................................................

Үш жақын: ......................................................................................................................................

Үш ақиқат: ......................................................................................................................................

Үш қуаныш: ...................................................................................................................................

Үш биік; үш асыл; үш артық: үш ынтық; үш тұл: үш апат, үш көз; үш тағылым; үш қасиет...

Осы сауалдарды мен 6- сыныпта «Зат есім. Сан есім» тақырыбын өткенде жекелеген оқушыларға компьютер арқылы тапсырма етіп те бердім. Яғни, ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдануда қолда бар барлық құралдарды жүйелеу, оның дұрыс әрі тиімді қолданылуын қарастыру пән мұғаліміне жүктеледі, өйткені күн сайын өзгеріп, жаңарып отырған дәуірде электрондық оқулықтағы берілгені осы деп қарап отырсақ, біз баланы қызықтырмақ түгілі, оның алтын уақытын білімге бағыттай алмаймыз. Сондықтан педагогикалық үрдістің ең қиыны әрі ең қызықтысы- іздену мен білімді үздіксіз жетілдіру- бұл технологияның да өзекті түйіні деп түсінемін.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Олай болса, онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу- тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру- жаңа күн талабы.

Елбасы Н.Ә:Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қаазқстан сол деңгейде болады...» деген болатын, сондықтан жедел даму мен әлемдік жаһандану кезеңінің нағыз азаматтарын орта білім берудің ақпараттандыру үрдісі арқылы ақпараттық мәдениетті және коммуникациялық сауатты етіп тәрбиелеу- бүгінгі ұстаздар, біздің міндетіміз.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-308223
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>