Инфоурок Другое Другие методич. материалыАқпараттық коммуникативтік технологияларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану

Скачать материал

      Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «“ХХІ ғасыр – білімді халықтың ғасыры болады. Жастарымыз білімді болып, алған білімін елінің, Отанының игілігіне жұмсау керек. Ендеше  мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан,  ұстазға жүктелетін міндет - ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық-технологиялық сауаттылық талап етілуде. Қоғамның күннен күнге қарыштап ілгері қадам басуына байланысты  білім беру жүйесінде, яғни, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. (5-слайд)

      Білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруіне сәйкес инновациялық үдерістердің қарқындылығы артуда. Дәстүрлі үдерістен инновациялық үдеріске көшу талабы қазақ тілі мен әдебиеті мамандарының жаңа педагогикалық технология ауқымында әрекет жасауларына себепші болуда.    «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір- бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», « Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе,  оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір,  оқытудың тиімді жолдарын қарастыру болып табылады.     Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.   Бүгінгі күндегі озық педагогикалық технологиялар арасындағы  өзектілігімен, пәрменділігімен айшықталатыны технология – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.  (6-слайд)  

     Жалпы “Ақпараттық технология” термині ғылымда XX ғасырдың 40-50 жылдары пайда болған, оны Америкада дидактиктер «оқуға арналған медиа» (instructional media), «оқыту машиналары» (teaching machines), «оқытуды автоматты түрде басқару» (programmed instruction) сияқты ұғымдармен атаған. (7-слайд)                                         Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері бойынша мынадай анықтама ұсынылуда: «Ақпараттық-коммуникациялық технология» дегеніміз – мәліметтерді әр түрлі деңгейде, әр түрлі нысанда ұйымдастыруға қолайлы, жылдамдығын бірнеше мәрте арттыруға, қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін, технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық – техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы». (8-слайд)

  Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Мемлекеттік тілді оқытуда соңғы мақсатты нәтиже – қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің ең негізгі тетігі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану. Бұған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6435 өкімімен бекітілген білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасында: «Оқу үдерісінде педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі», – делінген. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. (9-слайд)

     «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Қазақстан Республикасында қабылданған білімді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру саласын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған.

     Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы мамандарының күш-жігерін жан-жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді.

      Қоғамды ақпараттандыруды дамытудың негізгі факторларының бірі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет. Білім беруді ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда білім беру саласының теориясы мен практикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану үдерісі.

    Адамзат өркениетінің іргелі сипаты қажетті ақпаратты іріктеп алу, жинақтау, өмірге бейімдеп өңдеу және тұтыну болып табылады. Ақпараттық қоғамда алғашқы компьютерлік сауаттылық пен оны пайдалана білуді меңгермейінше, белгіленген міндеттерді шешу үшін компьютерлік құралдарды пайдалана білмейінше қазіргі ғылым мен мәдениетте, өндірісте, іскерлік пен қоғамның басқа да саласында адамның шығармашылық әлеуетін толық пайдалану мүмкін емес.

     Күнделікті сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – әр түрлі әдісті болу», - деген  сөздері ойға оралады.

   Мұғалім өз шеберлігімен үздіксіз өсіп отырған ғылыми техникалық прогресс жағдайында баланың ой – өрісін барлық жағынан кеңейтіп, оның интеллектісін дамытып, ғылым негіздерін сапалы түрде меңгеруге көмектеспейінше, оқушыны келешекте қоғам өміріне белсене қатысуға даярлау мүмкін емес. (10-слайд)

  Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді жаңаша түрде қабылдау болып табылады.  

     Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқуматериалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. (11-слайд)

Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін дайын көрнекілік болып табылады.
   Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. (12-слайд)  

      Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы АКТ пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде.
    Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығымен өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда - мектеп.
АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.    Мектеп оқушыларының білім сапасын тексеру жүйесіне арналған компьютерлік педагогикалық құралдарды пайдалану, бақылау, өзін-өзі бақылау, жаттығу, бақылау нәтижелері бойынша түзету, тіркеу, жинау, сақтау, зерттеліп отырған обьектілер туралы ақпараттарды өңдеу және түрлі формада көрсетілген ақпараттардың жеткілікті үлкен көлемін беруді іс жүзіне асыруға мүмкіндік береді.              (13-слайд-видео)
      Толассыз ақпараттар ағымын бүкіләлемдік Интернет жүйесі, спутниктік каналдар, теледидар, ұялы байланыс арқылы көріп, естіп қабылдауға машықтанған ХХІ ғасырдың өкіліне нағыз керегі – сандық бейне, анимация, компьютерлік оқыту ойындары, дыбысты жаңғырту т.б. компьютерлік технологиялар. Оқу әрекетінің кез келген түрінің негізіне көру мен есту арасындағы байланыс жататыны белгілі. Сондықтан тақырыптық жүйеде аудио-бейне әсерлермен ұсынылған тілдік материал адамның көру, есту сезімдеріне ерекше әсер ете отырып, есте сақтау мүмкіндігін арттырады.

Қосылып әндер айту, диктордың айтқанын қайталау арқылы дұрыс айтуға дағдыландыру, тақырып мағынасын аша түсетін бейне материалдар, грамматикалық анықтағыштар, сөздіктер т.б. арқылы тың тақырыпты жан-жақты ұсыну, бос орындарға жауаптар жазу, диктант, мазмұндама жазу, сәйкестік, балама, ашық, жабық, реттік тест түрлерін орындату, т.б. тәсілдер компьютерлік технологиялардың арқасында өте жылдам және ыңғайлы жүйеде жүзеге асуда.

       Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру модульдерінен тұратын электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу. Кейбір электронды оқу құралдарында кездестіріп жүргеніміздей, сурет немесе жазбаша мәтін түрінде ұсынылған ақпаратты тек көру немесе оқу мүмкіндігі, кей жағдайда дыбысталу, яғни тыңдалым мүмкіндігі де  беріледі.
      Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады.    «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.

      Қорыта келе, оқушының құзырлылығы коммуникативтік оқыту технологиясы арқылы дамиды. Оның ішінде мәтінмен жұмыс арқылы танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Алдымызда отырған әр оқушы-жеке тұлға.  Сол әр оқушының өзіндік жеке ерекшелігін, қабілетін айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Әр ұстаз өз жұмысының нәтижесін де көргісі келетіні сөзсіз. Бірақ сол нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалімге де, оқушыға да шыдамдылық пен төзімділік керек. Сапа саннан шығатыны да даусыз, дегенмен, әр сыныпта 7-8 оқушыдан отырған шағын мектеп оқушыларының арасынан да қабілеттілерді табуға болады.   Қазіргідей көркем әдебиетті аз оқитын, уақытының көбін түрлі ойындармен өткізетін оқушылардың арасынан шығармашылық қабілеті бар дарынды оқушыны қалай танып білуге болады? Ол үшін не істеу керек? Қандай жұмыс жүргізу қажет және жұмыс түрлерін қашан бастау керек? Мұндай сұрақтар әр мұғалімді  толғандырары да айқын.  Менің өз тәжірибемнен байқағаным, бастауыш сыныптарды аяқтап бесіншіге енді келген оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылық пен шығармашылық қабілет басқа сынып оқушыларына қарағанда жоғары келеді. Осы жағын ескеріп, дарынды оқушыларды іріктеп, олармен мынадай жұмыс түрлерін жүргізу орынды.

1.Шығармашылық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру (шығарма құрылысына талдау жасау, авторларына хат жазу);

2.Түрлі тақырыптарға шағын шығарма, эсселер жазу;

3.Мектепте өткен түрлі іс-шаралар жайлы мақала жазу;

4.Өлең шығаруға қабілетті оқушылармен жұмыс;

5.Шағын шығармаларға жоспар құрғызу;

6.Көркем әдебиет, газет-журналдар оқуға насихаттау;

7.Газет-журналдарға оқушылардың үздік жұмыстарын жіберу;

8.Түрлі шығармалар мен оқулар байқауына қатыстыру;

9.Пән олимпиадаларына қатыстыру.

       Сынып жоғарылаған сайын жұмыс түрлері де күрделене түседі.

       Негізінен жұмыстардың ең бастысы оқушылардың сөздік қорын байытып, өз ойын жүйелі түрде ауызша және жазбаша дұрыс жеткізе алуға үйрету болып табылады. Бұл ретте жасөспірімдер мен балаларға арналған басылымдарды пайдалану абзал. Атап айтсақ: «Ұлан», «Айгөлек», «Балдырған», «Бұқпа» газетінің балаларға арналған «Ақсандық» деп аталатын беті т.б. Әсіресе, 5-6- сынып оқушыларын осындай газет-журналдар арқылы көркем әдебиет оқуға баулуға болады. Кейде сабақ соңына 5-10 минут қалғанда қызықты әңгімелерді бастап оқып, соңында не болғанын үйде оқып біліп келуді тапсыру арқылы оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру тиімдірек. Келесі сабақта әңгіменің қалай аяқталғаны міндетті түрде сұралуы қажет. Үйде оқымай келген кейбір оқушы басқалары жаппай сөйлеп жатқанда үндемей отырғанына ұялып, келесі жолы міндетті түрде оқуға тырысады. Мұндай жұмыс түрін қолдану арқылы оқушылардың тіл байлығы, сөздік қоры байытылумен қатар байланыстырып сөйлеу дағдылары қалыптасады және  оқу жылдамдықтары да арта түседі.

   Мектеп кітапханасындағы  мұндай басылым түрлері барлық оқушыларға жетіспей жататындығы да шындық. Сондықтан да оқушылардың ата-анасымен сөйлесіп, осы басылымға үзбей жазылу керектігін ескерту қажет.

    Сонымен қатар газет-журналдарда жарияланатын түрлі тапсырмалар мен бәйге жұмыстарына дарынды оқушыларды қатыстырып отыру да өз жемісін береді. Осы орайда әр оқушының қабілеті мен деңгейіне сай жазба жұмыстарының мынадай түрлері жүргізіледі.

1.Газет-журнал беттері мен дидактикалық материалдардан алынған мәтіндерге өз көзқарасын, ойын білдіру;

2.Айтылған ойға пікір қосу;

3.Мәтіндегі оқиғаларды түрлі сарында аяқтау;

4.Кейіпкерлерге мінездеме беру;

5.Оқушылардың орындаған жұмыстарын сынып болып талдап, жіберілген қателіктерді тапқызу;

6.Оқушы жұмыстарының мазмұны мен көркемдігіне талдау жасау.

   Қорыта келгенде, өз туындысын газет-журнал беттерінен көрген оқушының қызығушылығы мен шығармашылық қабілеті артатыны сөзсіз. 

  Осындай жұмыс түрлерін жүргізу нәтижесінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізуге болады. Атап айтсақ:

-Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі;

-Білім сапасы жоғарылайды;

-Оқушылардың шығармашылық қабілеті артады;

-Мектепішілік, аудандық, облыстық түрлі білім бәйгелеріне қатысушылар мен жеңімпаздардың саны арта түседі.

Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүрері сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Ақмола облысы

                     Еңбекшілдер ауданы

                   Донской орта мектебі

 

 

 

 

 

    Баяндама

 

“Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу сапасының деңгейін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық

технологиялардың қолданылуы”

 

 

 

 

     Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

      мұғалімі: Женисхан Саулегуль

 

               

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруіне сәйкес инновациялық үдерістердің қарқындылығы артуда. Дәстүрлі үдерістен инновациялық үдеріске көшу талабы қазақ тілі мен әдебиеті мамандарының жаңа педагогикалық технология ауқымында әрекет жасауларына себепші болуда. «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір- бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», « Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру болып табылады. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. Бүгінгі күндегі озық педагогикалық технологиялар арасындағы өзектілігімен, пәрменділігімен айшықталатыны технология – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 267 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2015 1759
    • DOCX 59.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Женисхан Саулегуль . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Женисхан Саулегуль
    Женисхан Саулегуль
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13482
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе