Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДЕ ҚОЛДАНУ

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДЕ ҚОЛДАНУ



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

1/АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДЕ ҚОЛДАНУ

2/«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық

технологиямен байланысты әлемдік

стандартқа сай мүдделі жаңа

білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев

 

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылымитехнологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.

3/ Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді./

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде
№4/ "Ақпарат дегеніміз не?" "Ақпарат" сөзі латының түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Ақпараттық процессерді жүзіге асыратын негізгі құрал- компьютер. Біздің қарқынды заманымыз-ақпараттық технологиялар заманы./

5/Ақпараттың-коммуникативтік технологиялардың негіздері:
1. Ақпараттық құралдармен жұмыс істеу; 
2. Оқу барысында компьютерді пайдалану; 
3. Модельдеу; 
4. Электрондық оқулықтарды қолдану; 
5. Интерактивті тақтаны қолдану; 
6. Интеррнетте жұмыс істеу; 
7. Компьютерлік оқыту бағдармаларды пайдалану. 
Қазіргі кезде бізге әр түрде берілген ақпараттар жиі ұсынылады.Сондықтан шәкітттерді оқытуда олардың ақпараттық құзыреттіліктері маңызды орын алып отыр, яғни, керекті ақпаратты тауып, оның мазмұны беру біліктіліктері. Әрбір мұғалім шәкірттерінің өз пәніне деген қызығушылықтарын армандайды. Оны қалыптастыруда көптеген қиындықтар кездеседі. Сол себепті жаңа ақпараттық технологияларды қодану бізге әдістемелік әдіс-тәсілдерді таңдауға, сабақтарды қызықты да, есте қаларлық болуына көмектеседі. Сонымен бірге олар оқыту удерісін өзгертіп , балалардың жүйелі ойлау қабілетерін қалыптастырады
№6/Ақпараттық  - коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысы;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық  құбылыстарды  түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Өз жұмысымда мен көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультимедиялық бағдарламалар, интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер, бағдарламар. Олар сабақты турліндіреді және қызықты етеді, балаларды әр турлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді. 
Интернетте біз оқушылармен жобаларымызға турлі керкті ақпаратты табамыз: мұражайлар жөнінде, дәстурлі жерлерді, елдерде болып жатқан оқиғаларды. әлемдегі экологиялық жағдайларды, ұлттық мерекелерді және т.б. Осы материалдар ұлтаралық үдерісінде "мәдениетің иісі" болып шығады. Осы жерде менің қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретіндегі рөлім - оларды берілген оқу курсына, тақырыпқа, оқушылардың тілдік деңгейлеріне бейімдеу. Мультимедиялық презентацияларды әрбір мұғалім кеңінен қолданып жүр. Олар мұғалімгеде, оқушыға да қолайлы. 
Мен өзімнің әр сабағымда презентацияларды қолданамын. Презентацияларға мәтінмен бірге суреттер, графиктер, кестелер, бейнекөрініс және музыкалық сүйемелдеулерді кірістіру қажет.

7/ Мультимедиялық презентациялардың артықшылықтары мынадай: 
1. Барлық оқушылар зейінін белсендіріді; 
2. Оқушылардың сыныптық және сыныптан тыс жұмыстарын байланыстырады; 
3. Оқу уақытың үнемдейді; 
4. Түрлі мәтіндік аудио және бейне көрнекіліктерді қиыстырады. 
Презентация жасау материалдарды таңдап алуға, презентацияның құрамын ойластыруда,олрды түрлендіруде мұғалңмнен үлкен дайындық қажет етеді. Ақпараттық компьютерлік технологиялар қолдану арқылы сабақтарда мен оқушылардың оқу,есте сақтау дағдыларын дамытамын. Интернеттен алған материады пайдаланамын, жазбаша біліктіліктерін арттырамын, сөз қорларын кеңейтемін, және шәкірттерімнің оқуға деген тұрақты бейімін қалыптастырамын. 
Ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын көтереді, басқа тілде үйренуде психологиялық кедергілерден өтуге көмектеседі. Интернетті пайдалану мұғалімнің күнделікті жұмысында, т.б. жаңа технологияларды танып, өз біліктілігін көтеруде әсері мол. Өз жұмысымда мен күнделікті интерактивті тақтаны пайдаланып отырамын. Осы тақтаның ең үлкен артықшылығы- көрнекілік және интерактивтік. 
Ол бір уақытта баланың екі қабылдау мүшесіне- көру және естуіне әсер етеді, сондықтан оның тиімділігі өте жоғары деуге де болады. Тақтаның көрнекілік, дыбыстық, интерактивтік мүмкіндіктерін пайдалану сабақта жайлы эмоционалды орта тұғызады. Оқушылар керекті де маңыздыақпаратты танып, сонымен қатар өте күшті, жайлы таңқалу, қуаныш, құмарлану сияқты эмоциялар алады. Тақта арқылы берілген, оқытылған материалдың көрнекілік, интерактивтік мүмкінідіктері арқылы оқушылар тапсырманы қорықпай орындап, түгелдей жұмысқа белсенді түрде қатысып отырады. Интерактивті тақта қолданылып өтетін сабақтарда мен әр түрлі жұмыстар жүргіземін.

8/ Ол үшін оқытудың интеракивті әдіс-тәсілдерін қолданамын. 
Олар:
- Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар; 
- Тірек- сызба, көрнекіліктер және анықтама құралдары; 
- Ойын арқылы оқыту; 
- Сөзжұмбақ, бейнесөздер; 
- Логикалық тапсырмалар мен деңгейлік жаттығулар; 
- Тестілеу және бақылау. 
№9/Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:
1. Бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; 
2. Жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; 
3. Мұғалімнің, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады; 
4. Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады; 
Ақпараттық құралдардың ішінде электронды оқулықтардың рөлі ерекше. Электронды оқулықтар – оқу пәні бойынша өздігінен білім алуға, оның тиянақтығын, тереңдігін арттыруға және білімді бақылауға арналған бағдарламалармен жабдықталған оқу құралы. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. 
№10/Электронды оқулықтар оқушылардың: - Білім деңгейін тереңдетуге; 
- Ауызекі тілде сөйлеу білу дағдыларын қалыптастыруға; 
- Өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға; 
- Ойларын дамытуға; 
- Оқушылардың сөздік қорының молаюына; 
- Тілді үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына; 
- Сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына; 
- Өз ісіне талдау жасай алуға көптен- көп көмегін тигізеді. 
Қорыта келе айтарым, оқу үрдісінде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Бүгінгі күн ұстаздардың алдында тұрған басты міндет – оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру. 
Қорытынды бөлім 
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімдң қорыта келе, сабақтарымда жаңа ақпараттық, технологияның әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім: /№14 слайд/ 
1. Оқушының оқуға деген ынтасы артады; 
2. Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады; 
3. Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады; 
4. Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады; 
5. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыналады; 
6. Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді. 
Қорыта айтқанда, қазақстан тарихын пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, іздеген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық. 



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров177
Номер материала ДВ-379993
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх