Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Ақпараттық материал;" Ата-аналарға арналған кеңес"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Ақпараттық материал;" Ата-аналарға арналған кеңес"

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gif
hello_html_m2a7690f7.gif

Мектеп жасына дейінгі кезеңде (3-7ж) бала организмінің дамуы қарқынды түрде өтеді. Бала организімінің жалпы өсуімен қатар жекелеген мүшелерінің анатомиялық түрде дамуы, олардың функцияларының жетілуі де байқалады. Сондай-ақ баланың бұлшық еттері әрі қарай қалыптасып, тыныс алу, қан айналу жүйелері дамып, мый салмағы 1110-1350-1500 граммға дейін өседі. Үлкен мый сыңарларының қабықтарының реттегіш ролі, мый қабығы астындағы орталықтардың бақылау ролі артады. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып - 2 сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Ерте сәбилік шаққа қарағанда баланың әлеуметтік орны өзгереді, енді оның жасына сай кейбір қарапайым өздігінен атқаратын міндеттер пайда болып, үлкендерден тәуелділігі азаяды. Балабақшаға барса, белгілі бағдарлама бойынша, баланы жүйелі оқыту мүмкіндігі туады. Бала дамуының ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінің, әсіресе сюжеттік-рөлдік ойындардан көрінеді. Бала өзімен қатар басқа балалармен қарым-қатынас жасай бастайды. Бұл кездегі баланың жетекші іс - әрекеті - ойын. Ойынның арқасында балада сапалық психологиялық өзгерістер пайда болады, онда үйрену әрекетінің негіздері қаланады.

Бала ойнау кезінде үлкендердің ісінен үйренуге талпынады. Ойын жануарлар түлектерінің көбіне тән, бірақ оларда саналы түрде емес Мұқановтың айтуынша «Репетиция» сияқты әрекет. Бала ойыны үлкендердің ісінен үйренуге арналған. Өткен тарихи дәуірлерде бала ойыны қалай өтті деп ойлансақ, көптеген елдерде дәуір кезеңінің ерекшелігіне байланысты бала жеткілікті ойнамаған деуге болады. Басқа елдерді былай қойғанда ерте кезеңде «Асық ойнамаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де, мал бағып, еңбек еткен озар» - деген қағиданы ұстанған қазақ 4-5 жастан баласын еңбек етуге араластырғаи. Д.Б.Элькониннің айтуынша бұрынғы кезде балалар тек 5-6 жасқа дейін ойнап, кейіп үлкендермен жұмысқа кірісіп, материалдық игілікті өндіруге үлес қосқан. Қазіргі кезде балалар 15-16 жасқа дейін ойнайды. Себебі: тұрмыстың нашар кезінде халық баласын көп еркелете алмаған, екіншіден әлеумет қоғамы басқаша болды. Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда дамып жетілген елдердің бәрінде де бала 12-13 жасынан әлі келетін еңбекке жегілу керек екендігі айқындалып отыр. Сонымен бала ойыны белгілі әлеумет дәуірінің жемісі болып табылады. (Біздің қазіргі кезең) Бұл кездегі бала ойынында көбірек кездесетін:

Біріншіден рөлдік ойындар «Үй болу» - қонаққа келу, «Сатушы», «Мектеп», «Дәрігер».

Екіншіден балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы дамытылады. Ойын үстінде өздерін ұстай білуі, басқаларға өзін таныта білу қажеттілігі туындайды.

Үшіншіден - ойын кезінде бала кейбір заттарды басқа нәрсемен ауыстыра алатынын көруге болады. (Зат, жануар, басқа адам ретінде өзін қолдана алады.) Бұл бала қиялының көрінісі (тепловоз). Ойын бұл кезде символикалық (таңбалық) түрде өтеді. Баланың символды қолдануы — психикасының дамуының елеулі сәті. Бір жағынан қиял көрінісі болса, екінші жағынан кейін әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамасыз етеді.

1) Ойын барысында баланың ырықты зейіні мен ырықты есі дамиды, оның өзі тілдің дамуына, (ойын барысында өз тілегін түсіндіре білуі) септігін тигізеді.

Ақыл-ойдың дамуына (жалпылау, сөздің жалпылама магынасын қолдану) — ойша әрекетті нақты іс-әрекетке айналдыру.

2) Ойынмен қатар бала психологиясының дамуында іс- әрекеітің тағы бір түрі - жемісті, өнімді еңбек ету іс-әрекеті атқарылады. Оған - сурет салу, аппликация, мүсіндеу (пластилин), конструкциялау (құрастыру) жатады.

Бала салған сурет схемалы түрде болғанымен, одан баланың қабылдауы мен ойлауына тән белгілер көрінеді. Бұған мысал - бір баланың салған суретін екінші баланың түсіне білуі. Мектепке дейінгі балаларды кейбір жекелеген еңбек тапсырмаларды орындауға да үйретеді. Осының нәтижесінде бала оқу әрекетінің элементтерін игереді.

3) Ал оқу міндеті - қандай да болмасын бір жаңалыкқа үйрену пайда болғанда ғана қалыптасады. Оқу міндетінің бөлінуі 6-7 жаста
калыптасады. Осыған байланысты балалар үлкендер нұсқауын зейін коя тындап, орындайды, өзін-өзі бақылауы пайда болады. Оқу әрекеті бала психикасына, оның қабылдау, зейін, ес, ойлау үрдістерінің ырықтылығы мен басқарылуына талаптар қойып, тиісті психологиялық қасиетгердің қалыптасуына әкеледі. Баланың психологиясының дамуы мен қалыптасуына сенсорлық қабілеттер мен таным процестерінің қалыптасуы үлкен әсер етеді.

Бұл кез баланың сезімдік тәжірибесінің молайып ретке келу шағы, қабылдау мен ойлауы, қиялы күшті дамып, ырықты зейіні мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болады. 3 жастан 7 жасқа дейін көру, есту, тері - қимыл сезгіштігі едәуір жоғарылайды. Көргіштігі артып, түстердің түрін ажыратуы жоғарылап, фонематикалық және жоғары дыбыстарды естуі дамиды.

Қабылдаудың дамуы үшін сенсорлык эталондар жүйесін меңгерудің зор ролін А.В.Запорожец және оның қызметкерлерінің еңбегі дәлелдеді. Сенсорлық эталондарға - спектр түстері (7 негізгі түс) геометриялық формалар (үшбұрыш, төртбұрыш), музыкалык дыбыстар (до, ре, ми), тіл фонемалары жатады. Үшбұрыш — үй сияқты, дөңгелек —доп тәрізді, қызыл-шие. Егер бұлармен арнайы таныстырмаса, баланың сенсорлық дамуында іс-әрекеттерінің нәтижесінде (түрлі-түсті қарындаш, фломастер, геометриялық фигураларды қию, кубиктер) арқылы таныстыруға болады. Сурет салу, музыка сабақтарында жүйелі түрде таныстыру іске асырылады. Қабылдаудың ерекше саласы — эстетикалық қабылдауды дамыту (сурет, музыка). Қабылдаудың дамуына байланысты ойлау әректтері дамиды. Сәбилік шақта ойлау заттық (құралдык) негізде болса, енді ол практиканы қолданбай тұрып, ой елегінен өткізуге машықтанады.

Бұл кезде бала мәселелерді 3 түрлі тәсілмен шешеді: көрнекті-әрекетті, көрнекі-бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу. 3 жаска дейінгі баланың ойлауы негізінен көрнекі-әрекетті болып келеді.Бала танып білетін обьектіні қолымен алып, ашып көріп талдайды және синтездейді. Кейбіреулері ішінде не бар екен деп ойыншықтарды бұзады. Көрнекі-бейнелі ойлау 4-7 жаска дейінгі балаларда пайда болады. Ойлау процесінде міндетті түрде әрекет жасамай ол қабылдауы мен елестетуінің даму негізінде бейнелі түрде ойлай алады. Бейнелер арқылы ойлауы қалыптасады, ал ұғымдар балада әлі де болса толық қалыптаспаған. Мысалы: Пиаже мынандай тәжірибе жасаған: қамырдан жасалған 2 бірдей дөңгелек нанды көрсеткен, біреуін солардың көзінше жалпайтып жайған, сонда балалар осы нан жайылмағанынан үлкен деп айтқан (көбірек орым алғаны үшін). Қоршаған ортаның өз заңдылықтары бар, сол зандылықтарға сүйеніп кез - келген жағдайда қандай нәтиже болатынын ойлау процесі арқылы айтуға болады. Сыртқы іс-әрекеттен ішкі ой-әрекетіне көшуді интериоризация (ішкіге айналу) дейтіні естеріңде бар шығар. Баланың сыртқы дүние заттарын қозғамай бейнелер арқылы ойлай алуында осы заңдылық жатыр. Осының негізінде балада көрнекі-бейнелі және логикалы ойлау қалыптасады. Әлі де болса баланың бейнелі ойлауы жеткілікті қалыптаспай қателік жіберуі мүмкін болғанымен бұлай ойлауы үлкен жетістік болып табылады. (жүйелеу үрдісі, «ыдыс», ұзын, қысқа. үлкен, кіші, ұғымдары қалыптасады).

Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ойлаудың сөздік формаларының дамуы сөз бен практикалық іс-әрекеттің өзіндік қатынасының өзгеруінен туады. Егерде ерте сәби шақта іс-әрекет кезінде сөйлеу орын алса, ал енді алдын - ала сөйлеуі қалыптасады. Алдымен бала іс-әрекетін сөйлеу арқылы жоспарлай алады, кейіннен істелетін жұмысты тек пікір айту түрінде ауызша істей алуға келеді. Бұның өзі баланың логикалы (жүйелі) ойлай алуына әкеледі. (мысалы: суға салған әртүрлі заттардың қасиеттері туралы) пікір айта алуы балада абстрактылы (жалпылама) ұғымдар қалыптасты деген емес (ол әлі ерте), бұл жерде оның бейнелік жағы басым. Бала қабылдауының ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Біз сенсорлық эталондар бала қабылдауын тәртіпке келтіріп, қабылдауга жеңілдік туғызады дедік.

Мектеп жасына дейінгілер уақытты және кеңістікті қабылдауда көп қиналады. «Оң қол», «Сол қол» дегенді шатастырады. фигуралардың суретін салуда көлем, бұрыш, енінің өзара кеңістіктегі арақатынасын ажырату қиынға түседі. Ал, уақыт жайында «кеше, бүгін, ертең, арғы күні» осыларды шатастырады. Мысалы біз кеше барамыз деуі әбден ықтимал. Әсіресе ертеңгісін, түс, кеш ұғымдарын шатастырады.

Зейіннің тұрақтылығы.

Бөбектерде 30-40 мин, 6-7 жаста 1-1,5 сағат. Арнайы есте қалдыру аз. Тек нақты бейнелерді, суретке түсіргендей есте сақтауы «Эйдитикалық ес» деп аталады.

Қиялы.

Ойын негізінде ертегіге қызығушылық қабілетін қалыптастыру.

Жеке басының қалыптасуы. «Мен» ұғымы қалыптасады. Балалармен қарым-қатынасы ойын үстінде, егер үлкендермен қатынасы жақсы болса тілін алады. 2) Істің не ойынның қызғылықты болуы. 3) Кейде қызықтаса да басқалармен қатар істеуге талпынады. 4) Өзін басқалар алдында азамат етіп көрсеткісі келеді.

Мектепке дайындығы.

1.Оқуға деген ықыласы.

2. Оқу - жаңа әрекет, оған төзімділік керек. (45 мин) ерік жігерінің дамуы арқасында.

3. 3ейінді болып, мұғалімнің сөзін қабылдауы шарт.















































Білім басқармасы

62 «Нұрсәуле» балабақшасы











«Баланың психологиялық ерекшеліктері»

(ата-аналарға арналған ақыл-кеңестер)











Педагог-психолог: Ермағанбетова А.М.















Астана, 2014


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.03.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров177
Номер материала ДВ-509192
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх