Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ 5 сыныпқа арналған уйірме

АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ 5 сыныпқа арналған уйірме

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі





Бекітемін

Подстепный қазақ ЖОББМ директоры Б.З.Нигметов

2016 ж

Бағдарлама Подстепный қазақ ЖОББМ физика, математика, информатика бірлестігінің әдістемелік кеңесінде қаралды

1 хаттама 28. 08. 2014ж










«Ақпараттық сауаттылық » факультатив курсының бағдарламасы

2016 - 2017 оқу жылы














Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы











2016 жыл


Түсінік хат


Қазіргі уақытта мектеп оқушыларын еңбекке, мамандыққа баулу бағыттарына дайындауда информатиканың рөлі ерекше. Ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының барлық түрлерін ақпараттандыру процессі басталады.

Факультативтің теориялық бөлімі ақпараттық процесстен ақпараттық технологияларға (ақпараттық процестердің орындалуын жүзеге асыратын алгоритмдерді құру, кез келген ақпаратты екілік кодтау түрінде көрсету мүмкіндіктері және т.б.) өту шартын ашуды негізге ала отырып құрылған.

Практикалық бөлімі оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру ғана емес, басқа да оқу пәндерін меңгеру тиімділігін жоғарылату, сонымен қатар пәнаралық, жалпы оқу біліктіліктерін қалыптастыру үшін қажетті ақпараттық технология құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеруіне бағытталады. Осыған байланысты материалды оқып-үйрену реті бүкіл оқу үдерісінің тиімділігін және оқу себебін жоғарылату үшін оқушыларға маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың барынша кең ауқымын ертерек қолдану мүмкін болатындай етіп құрылған. Мысалы, «ақпарат» ұғымы ең алдымен технологиялық ортаға қатыссыз, алайда бірден бейнесін және дыбысын жазу арқылы практикалық жұмыста бекітіледі. Содан кейін ақпаратты компьютерде өңдеудің практикалық мәселелері қарастырылады, оқушылардың әр түрлі ақпараттық объектілерді жайлы түсініктері толықтырыла түседі. Мұнда ақпараттық объект ұғымы оқушыларға алдағы уақытта кездесетін әр түрлі объектілері: мәтін, дыбыс, бейне және т.б. үшін жалпылау ретінде пайдаланылады.

Қазіргі заманғы информатиканың негізгі теориялық ұғымы – алгоритм мазмұндық ұғым ретінде енгізіледі. Алгоритмдерді жазу үшін блок-схемаларды және формальды тілдері пайдаланылады.

Мақсаты: Қоршаған ортадағы ақпаратты қабылдай алу біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған: іздеу, талдау, сыни тұрғыдан бағалау, ақпаратты сұрыптау; ақпаратты ұйымдастыру; ақпаратты тасымалдау; объектілер мен процестерді жобалау, өз іс-әрекетін жоспарлау; жоспарларды құру, жүзеге асыру және оған түзету енгізу.

Міндеттері::

  • информатика басқа да оқу пәндерімен сабақтастығын қамтамасыз ету;

  • таңдалынған оқыту бағдарына байланысты білімді тереңдету;

  • болашақтағы кәсіби өсуінің негізін салу.

Мектепте информатиканы оқытудың негізгі міндеті ақпараттық процестердің құрылу және қолданылуы және қызметінің жалпы заңдылықтарын оқып үйрену.

Іс-әрекет тұрғысынан қарастырғанда бұл негізгі ақпараттық процестерді талдау әдіснамасын құруға және көрсетуге мүмкіндік береді.

Мектеп информатика факультативінің теориялық және практикалық компоненттерінің мазмұны 50х50 қатысында құрылған. Практикалық жұмыстарды орындағанда басқа пәндік аумақтардың өзекті мазмұндық материалдары мен тапсырмаларын қолданған дұрыс. Әдетте, мұндай жұмыстар бірнеше оқу сағаттарына есептелінеді. Практикалық жұмыстың бір бөлігі (ең алдымен ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын қолдануды талап етпейтін дайындық кезеңі) оқушылардың үй тапсырмаларына, жобалық іс-әрекетіне енгізілуі мүмкін; жұмыс бірнеше бөлікке бөлініп, бірнеше апта бойы іске асырылуы мүмкін. Тұлғаға - бағдарланған білім беру жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізі информатика пәнінің оқытудың сапалы нәтижесіне жетумен анықталады.

Факультатив келесі біліктіліктердің одан әрі дамуына көмектеседі:

  • ақпаратты жүйелі түрде талдау,

  • әр түрлі дереккөздерден ақпарат іздеу,

  • өз ойлары мен көзқарастарын жеткізе білу,

  • модельдеу,

  • болжау,

  • өзіндік және ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру.


Пәнаралық байланыс


Информатиканың оқу бағдарламасы қазақ тілі, математика, физика, биология, химия, тарих және т.б. пәндермен пәнаралық сабақтастықтың зор мүмкіндіктеріне ие. Бұл бір жағынан информатика пәнінен әсіресе, ақпараттық процестер, құбылыстар және информатиканың пәнаралық байланыстары бойынша білім мазмұнын тереңдетуге көмектеседі, екінші жағынан информатиканы оқи отырып жаратылыстану-математикалық бағыттағы шекаралас оқу пәндерінен білімдерін тереңдетеді.Мұғалім білім беру үдерісінің белсенді субъектілері болатын оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырады.


Факультатив бағдарламасының мазмұндық бөліктері:


Кіріспе-1сағ.

Ақпарат ұғымы-4 сағ.

Ақпарат ұғымы бөлімінде ақпаратты адам өмірде қалай қолданатындығы және қабылдайтындығы.Ақпаратты түріне қарай ажырата білу.Ақпараттың толық, өзекті, қолжетімді болу.

Ақпаратты кодтау-6сағ.

Ақпаратты кодтау, шифрлау, құпиялау жолдарына есептер шығару және ЭЕМ даму кезеңдеріндегі айырмашылықтарды айту.


Дербес компьютер құрылғылыры-11 сағ.

ДК құрылғыларын оқушылар көзбен көріп тани білуге және қолдану.

Дербес компьютер әмбебап ақпарат машина. Енгізу шығару құрылғыларының айырмашылығы. Жүйелік блок, монитор, маус жұмыстары.Терте,компакт – дискілер,принтер, сканер қолданылуы.Ішкі, сыртқы жадылар жұмысы.Процессор, аналық тақша, винчестер орналасуы. Пернетақтамен жаттығу жасау. Мәтінді теру жылдамдығы және ДК пернетақтамен жұмыс.

Алгоритм түсінігі-13 сағ.

Алгоритм құру және алгоритмдерді жазу үшін блок-схемаларды және формальды тілдері пайдаланылады. Команда түрлерін қолдана отырып есептер шығарады.Атқарушы командалар жүйесі. Алгоритмдер көрсеткішінің әдістері. Атқарушы ұғымы. Есептер шығару. Алгоритм типтері. Команда түрлері.Өз алгоритмдерін құру. Алгоритмм түрлерімен жұмыс .



Факультатив курсының бағдарламасы


Р/с

Тақырыптар

Сағат саны

лекция

Сарамандық жұмыс

уақыты

1

Кіріспе

1

1




Ақпарат ұғымы

4 сағ




1

Адам ақпарат пен не істейді ? Адам ақпаратты қалай қабылдай алады

2

1

1


2

Ақпарат , оның қасиеттері.

Ақпарат түрлері

2

1

1



Ақпаратты кодтау

6 сағ




3

ASCII коды. Ақпаратты кодтау. Практикалық жұмыс

2

1

1


4

Электрондық есептеуіш машиналар

2


1


1



5

ЭЕМ буындары

2

1

1



ДК құрылғылыры

11 сағ




6

Дербес компьютер әмбебеап ақпарат машина. Жүйелік блок, монитор,маус. Практикалық жұмыс

2

1

1


7

Ішкі, сыртқы жадылар.Процессор, аналық тақша, винчестор. Практикалық жұмыс

2

1

1


8

Енгізу шығару құрылғылары Терте, компакт – дискілер, сканер.

1


1


9

Практикалық жұмыс

2

1

1


10

Пернетақтамен жаттығу жасау. Мәтінді теру жылдамдығы

2

1

1


11

Практикалық жұмыс

2

1

1



ДК пернетақтамен жұмыс

12 сағ




12

Алгоритм түсінігі

2

1

1


13

Атқарушы командалар жүйесі

2

1

1


14

Алгоритмдер көрсеткішінің әдістері

2

1

1


15

Атқарушы ұғымы.Есептер шығару.

1


1


16

Алгоритм типтері .Команда түрлері.

1

1



17

Өз алгоритмдерін құру

2

1

1


18

Алгоритмм түрлерімен жұмыс Практикалық жұмыс

2

1

1











Әдебиеттер тізімі:



  1. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлов.

Информатикадан 30 сабақ. Алматы, “Шартарап” 1998 ж.


  1. О.Камардинов, С.Азаматов.

Информатика негіздері. Алматы 1998 ж.


  1. Ж.Қараев, А.Есжанов

Алгоритмдеу және ЭЕМ. Алматы, “Рауан” 1993 ж.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.09.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров122
Номер материала ДБ-179508
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх