Инфоурок / Информатика / Статьи / «Ақпараттық технологияның қазіргі таңдағы маңыздылығы

«Ақпараттық технологияның қазіргі таңдағы маңыздылығы


библиотека
материалов



«Ақпараттық технологияның қазіргі таңдағы маңыздылығы

Абдикаримова Толқын Адилхановна

информатика пәнінің мұғалімі

Балқаш қаласының медициналық колледжі


Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде ақпараттану тұрғысынан сапалы білім алу тиімділігі болашақ кез келген азаматтың кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын кәсіби іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы барлық білім беру мекеемелері қызметкерлерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді.

Болашақ мамандарды ақпараттық-компьютерлік модельдеу негізінде даярлау үшін оларда ең алдымен практикалық іс-әрекет барысында пайда болатын мәселелерді формальды сипаттау дағдыларын, яғни ақпараттық-компьютерлік модельдеу әдістері туралы кәсіби білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен бірге негізгі алгоритмдік құрылымдарды, бағдарламалау технологияларын білу және бұл білімдерді есептерді математикалық модельдері бойынша шешу, ЭЕМ-мен, оның құрылғыларымен, ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу және құрылған алгоритм бойынша ЭЕМ-ге арнап бағдарламалау тілдерінің көмегімен бағдарлама құру және компьютерлік моделін жасау үшін қолдана алады.

Ақпараттық проблеманың пайда болуы, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады.

Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А.Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Болашақ мамандарға ақпараттық технологиялар негізінде кәсіби білім беруге қоғамның сұранысы мен меңгерілген кәсіби ақпараттық-компютерлік білім мазмұнының теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделмеуі арасында; болашақ мамандарға осы тұрғыда кәсіби білім беру қажеттігі мен оны жүйелі жүзеге асырудың бірыңғай тұжырымдамасының жоқтығы арасында; әдіснамалық тұрғыда негізделген ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу арқылы оқытудың әдістемелік жүйесінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі анық байқалады.

Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, XXI ғасырға аяқ басуы ел президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте оқу орындарында білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады.

Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс.

Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда ақпараттық технологияның алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютерді оқыту дидактикалық құрал ретінде пайдалану қажеттігі туындап отыр. Аталған қажеттікті шешу барысында мультимедиялық, электрондық оқулықтарды, офистік программалар мен көп пәнге деген қызығушылығын , өзіндік танымдық қабілеті қолданбалы программалық құтанымдық қабілеті алдарының мүмкіндіктерін пайдалану керек. Мұндай жағдайда оқушының пәнге деген қызығушылығын ,өзіндік танымдық қабілеті мен ақпараттық мәдениеті қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Мамандардың пікірінше XXI ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл-ой және рухани барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады. XX ғасыр аяғы мен XXI ғасырдың басында ғылыми техникалық прогрестің және ақпарат көлемінің өсуі жоғары оқу орынарындағы алынған білім қорының белсенді кәсіби іс-әрекетінің барлық кезеңіне емес, тек қысқа уақытқа ғана кәсіпкер мұқтаждығын қанағаттандыратындығын көрсетті. Болашақ мамандардың кәсіби міндеттерді шешу үшін өз бетінше ізденуге және білімді игеруге даярлау қажеттігі туындайды.

Жалпы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін атап айтқанда ғылымның материяға, микродүниеге, материяның элементарлық және өлі табиғатты зерттеуде, молекулалық, субмолекулалық, атомдық дәрежеге көшуі, ғылымның ең жоғарғы нәтижесінде табиғаттың ғылыми көрінісі айтарлықтай өзгерді.

Ғылыми –техникалық революциямен бірге өмірге келген ақпараттанудың ғылыми салалары, ақпараттық технологиялардың дамуындағы ішкі заңдылықтары мен логикасын , оны өндіргіш күшке айналу үрдісін зерттейді.

Жаңа технологияларды оқу процесінде қолдануда жаңа оқу пәндерінің пайда болуы, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Білім беру үрдісінде компьютерлердің, ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.

Зерттеу барысында байқалғаны оқыту үрдісінде арнайы пәндерді оқытуда ақпарттық-компьютерлік технологиялар құралдарын қолдана отырып ақпараттық-компьютерлік модельдеу негізінде білім беру электронды оқулықтар, мультимедиялы және ақпараттық-компьютерлік құралдарды да өздері жасау керектігін білдірді.

Қазақстан республикасының «Жоғары білім беру туралы» заңының 9 бабында «Жоғары оқу орны мам андар даярлауда білім, ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып даярлау негізінде студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін де дамыту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады», -делінген.

Білім берудегі ақпартатық-компьютерлік және математикалық модельдеуді жеделдету қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар: бірінші фактор ЭЕМ-ді пайдалану аймағындағы жоғары білікті маманды кәсіби даярлаудың сапасын арттыру, жалпылама ақпараттық-компьютерлік оқытулар жүргізуді қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін әрі қарай дамыту ақпараттық ресурстар болып табылатын оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтері және ауқымы да өте кең және оған мыналар жатады: автоматтандырылған және сараптамалық жүйелер, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалық құралдар.

Ақпараттық технологиялардың даму деңгейі мен оларды мамандық пәндерді,информатиканы оқытуда қолдану деңгейінің арасында қарама-қайшылықтың болуына байланысты туындаған жағдайдың өз кезегінде неғұрлым тиімді болатын білім беру технологиясын іздеу мәселесін алдыңғы қатарға шығарады. Осы мәселені шешудіңғ бір жолы математикалық және ақпарттық-компьютерлік модельдеу болып табылады.

Қазіргі ғылым мен ақпаратық технологияның дамыған кезеңінде және өндірістің барлық салалары, соның ішінде оқу-ағарту саласы да компьютерлендірілгендігі және оларға арналған қолданбалы бағдарламалардың көптеп енуі, ал екінші жағынан болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқыту сәйкессіздіктерінен туған қайшылықтар да бар. Осы қайшылықтар зерттеу тақырыбын «Ақпараттық технологияның қазіргі таңдағы рөлі, ақпараттық-компьютерлік модельдеудің заман талабына сай кәсіби шеберлік үшін маңыздылығы» деп таңдауымызға негіз болды.

Ақпараттық- компьютерлік модельдеу нәтижесінде жаппай «қоғам» өзінің таңдау мамандығында әрі өзінің кәсіптік бетбұрысында міндетті түрде ақпараттық технология кең өріс алуда.

Оқу орнында болашақ маманды ақпараттық-компьютерлік және модельдеу негізінде оқыту үрдісінде кәсіби дайындау жүйесін теориялық және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда дамыту болашақ маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Рахманбердиева Д.А. // Модульдеп оқыту технологиясы // ИФМ, 2006 ж.

2. Дәуітова Т.// Информатика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану // ИФМ, 2005 ж. №5.

3. Гаффин А. // Путеводитель по глобальной компьютерной сети internet//М.Артос, 1996ж.

4. Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек» Әдістемелік құрал. Алматы, 1999 ж.

5. Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы



Резюме

В данной статье рассматривается использование информационных технологий.







































Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-025832

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG