Описание презентации по отдельным слайдам:
Жоспар: І. Кіріспе. 1. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты. ІІ. Негізгі бөлім. 1. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану. 2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану әдістемесі. 3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру тәжірибемнен. ІІІ. Қорытынды.
«АКТ құралдары» деп микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан-жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық-аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш-карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео-сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы.
Педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу»
Мұғалім алдын-ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды, өткен тақырыпты түгелдей ашуға қажет ақпараттық объектілерді кірістіреді. Мұғалім сабақ барысын интерактивті тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен бірге оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді және үй тапсырмасын тексеруді жүзеге асыра алады.
Жаңа сабақты түсіндіруді Power Point презентациясы немесе электронды оқулық көмегімен беруге болады. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер және графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалдар есте сақталып, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электронды пошта арқылы жіберуге болады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру ұйымдары «E-learning» электрондық оқыту жүйесіне 2015 жылы - 50%, 2020 жылы - 90% көшуі жоспарланған. Электрондық оқыту жүйесінің міндеті оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау. Ал бұл дегеніміз мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Жоспар:
І. Кіріспе.
1. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану әдістемесі.
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру тәжірибемнен.
ІІІ. Қорытынды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Информатика пәнінің мұғалімі
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа
технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа
технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу,
игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ,
сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың
тағдыры – ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Вам будут интересны эти курсы: