750853
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокШкольному психологуДругие методич. материалыАқпараттық – танымдық тренинг «Жаңа оқу жылын жағымды бастайық!»

Ақпараттық – танымдық тренинг «Жаңа оқу жылын жағымды бастайық!»

библиотека
материалов

37 жалпы орта білім беретін мектеп

hello_html_436684a9.jpg




Ақпараттық – танымдық тренинг

«hello_html_9d1ae6d.jpghello_html_2689093f.jpgЖаңа оқу жылын жағымды бастайық!»



















Мектеп психологы: Есенова Л.С.




Орал қаласы, 2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы: «Жаңа оқу жылын жағымды бастайық!»

Мақсаты: Ұжымда жағымды ахуал орнату

Міндеттері:

  • өз ойларын еркін білдіреді;

  • топтық шешім қабылдауға дайындалады;

  • қарым-қатынасқа түсу жағдайы артады;

Түрі: ақпараттық – танымдық тренинг

Әдісі: талдау, баяндау, ішінара ізденіс, сұрақ – жауап

Контингент: мұғалімдер ұжымы

Барысы:

  1. Сәлемдесу: (ұжымда жаңадан келген мамандардың болуына байланысты өзара танысу үшін)

Уақыты: 10 - 15 минут

Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әрбір қатысушы бір – екі сөзбен өзін таныстырып, бүгінгі көңіл – күймен бөліседі. Мысалы: «Менің атым – Ләззат. Мен – психологпын. Бүгін көңіл – күйім өте тамаша!»


  1. Ақпараттық бөлім: (жаңа оқу жылында өз жұмысымның жүйесімен таныстыру үшін)

«Мектептегі психологиялық қызмет. Оның бағыттары»

Уақыты: 15 – 20 минут


  1. Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны.

Қажетті құралдар: доп

Уақыты: 10 – 15 минут

Барысы: Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына допты алып, ортаға шығады. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әрәпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әрәптен басталатын бір қасиетті айтады. Мысалы:

Жүргізуші: «Қ» әрпі

Ойыншы: «Құзырлы»


  1. Ой толғау: «Басқару әдістері немесе Сіз қандай әдіс қолданасыз?»

Қажетті құралдар: сурет бейнеленген және сұрақтар жазылған карточкалар

Уақыты: 15 - 20 минут

Барысы: Барлық мұғалімдер 5 топқа бөлініп отырады. Әр топқа алдын ала дайындалған карточкалар таратылады. Бұл карточкаларда басқарудың әдісі бейнеленген сурет және тақырыпқа сай сұрақтар жазылған. Әр бір топ суретке қарап, берілген сұраққа жауап бере отырып, өз ойымен бөлісуге тиіс. Дайындыққа: 5 минут, әрбір топқа сөйлеуге: 5 минут уақыт беріледі.


  1. «Құпия сөздер» топтық ойыны

Қажетті құралдар: ақ қағаз, қалам, әліпби

Уақыты: 15 – 20 минут

Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігеді. Әрбір топ көп сандар жазылған қағаздан алады. Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар.

Қатысушылардың міндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әрбір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.

1) 18 8 27 34 36 18 21 17 36 23 24 27 23 26

14 8 23 8 14 25 36 5 36 18 3 36 16 5 8 18 1 7 1 17, 14 8 11

14 8 16 5 8 18 15 1 16 1 13 6 1 25 21 25 8 22 3 8 23 8

1 16 1 7 38.


2) 3 1 15 38 25 - 20 16 26 1 13 38 17 – 15 1 13 6 38 24 38 11 21 17 36 23

8 17 8 24, 3 1 15 38 25 – 20 16 10 1 18 18 38 19 14 27 13 36.


3) 3 1 15 38 25 14 21 3 8 16 8 14 24 12 42 15 25 38. 20 18 38

28 24 25 1 26 6 1 25 38 23 38 24 15 1 18 24 1 13 38 18 15 20 16 7 1 18

24 38 23 6 12 3 8 23 8 7 36. 3 36 23 1 15 8 5 8 23 24 36 11

11 8 13 36 18 36 19 36 11 7 36 3 1 24 15 1 18 2 23 24 8 16 8 23 5 8

1 26 7 1 23 24 1 19 38 11, 20 16 21 11 36 14 8 16 8 7 36 7 8, 10 2 13

6 1 18 1 12 38 6 38 19 38 11 6 1 15 20 18 1 7 38.


  1. Табыс жағдайы және оны қалыптастыру

Уақыты: 5 минут

Барысы: Өз қалаулары бойынша тәжірибелі мұғалімдер төмендегі ойды жалғастырып айтады.

Қорғаныш жағдайы:

«Ештене етпейді, адамдарда қорқыныш болады... ». «Менде қорықтым, бірақ өзімнің қорқынышымды жеңе алдым. Айтайын ба, қалай?»


  1. «Жасырын хат, ойлан тап!»

Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш

Уақыты: 20минут

Барысы: Қатысушылар 3 топқабірігіп отырады.

Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде..... әлі адамдар ріп танымаған уақытта да, олар бір – біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әрбір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:

  • «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;

  • «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;

  • «Сенбі күні сағат 15:00-де сенбілікке келіңдер» - 3-ші топқа арналған хат.

Ұстаздар өздеріне берілгентапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.


Рефлексия:

Шырақ жағылып, бірінші тұрған мұғалімге беріледі. Ол бүгнгі психологиялық саабақ туралы өз ойын, алған әсерін 3 сөзбен ғана білдіріп, шырақты келесі мұғалімге береді. Шырақ барлығының қолынан өткеннен кейін, жүргізуші (психолог) шырақты өз қолына алып, барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.

Курс профессиональной переподготовки
Педагог-психолог
Курс повышения квалификации
Enjoybook
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Ақпараттық – танымдық тренинг «Жаңа оқу жылын жағымды бастайық!» тақырыбындағы иренинг сағаты жаңа оқу жылы басында ұйымдастырылғаны тиімді. Әсіресе, ұжымға жаңадан келген мамандадың арасында тиімді қарым - қатынас орнатуда өзіндік пайдасы бар. Сергіту сәттері танымдық және ақпараттық бағытта болғандықтан, ізденіс жұмыстары жүзеге асады.

Мақсаты: Ұжымда жағымды ахуал орнату

Міндеттері:

ü     өз ойларын еркін білдіреді;

ü     топтық шешім қабылдауға дайындалады;

 

ü     қарым-қатынасқа түсу жағдайы артады;

ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.