Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Ақпараттық технология "Тілші және компьютер"

Ақпараттық технология "Тілші және компьютер"

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

«Тілші және компьютер»

Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс жасау, бағандар.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтінмен жұмыс жасау тәсілдерін үйрету;

  • мәтінді бағандарға қоюды, бөлуді өз бетімен зеттеуге ықпал жасау;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. а) Шаттық шеңбері.

б) Топқа бөлу.

/Мәтін әріптері бойынша топқа бөлу, І топ-«Информатик», ІІ топ -«Журналист» /

в) Топ ережесін жазу.

г) Бағалау критерийлерін жазу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Өрмекші торы» , сұрақтар қою арқылы.

Мәтінндік процессор

ІІІ. Қызығушылықты ояту. Балалар жалпы біздің бағдарламамыз «Тілші және компьютер» болғандықтан бүгінгі сабағымызды тағы «Журналистер» жайлы ақпараттарға тоқтала кетсек, Журналист деген кім? Оның қандай жақсы жақтары бар? Араларыңда тілші болғыларың келетіндерің бар ма? Журналист болу үшін қандай жағынан мықты болу керек? Сонымен ең негізгісі жазу процесі кезеңінде қандай бағдарламамен жұмыс жасап келеміз? Осы жайлы білетінімізді жазамыз. Әр топ мәтіндік процессор жайлы не білетіндерін жазады бір түспен, жобаларын қорғайды.









ІV. Мағынаны тану. Жаңа сабақ. «Мағынаны ажырату» әдісі арқылы жүргізіледі.

Балалар біз бүгінгі сабағымызда мәтінмен жұмыс жасаудың жазу процесі кезінде тағы бір жолдарнын үйренейік деп отырмыз. Алдарыңда жатқан газет- журналдарға назар аударып қараңдаршы не байқап отырсыңдар? Оқушыларға ой сала отырып, бүгінгі сабағымыз «Бағандар» жайлы екендігін өздері анықтады. Енді бағандарды қалай қою керек, олардың қандай түрлері бар оны білу үшін өздіктерінен оқулықтан мәтінді оқу өз түсініктерін топта талқылап, және жұмыстарын қорғайды.

V. Сергіту сәті. (видеоролик, балалар биі)

VI. Ой толғаныс.

а) Компьютерде жұмыс жасайды, деңгейлік тапсырмалар орындайды.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А- деңгейі.

1.Өлеңді тер.

2.Өлеңді көшірмелеңдер.

3.Өлеңнің түпнұсқасын екі бағанға орналастырыңдар.

Жамбыл Жабаев. Ленинградтық өренім.

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін.

Өркеш-өркеш жарасқан

Шоқылардай дер едім.

Сапырылған көк теңіз,

Шомылдырған кемерін!

Шамы күндей жайнаған

Аспанға үйлер бойлаған...

Арқа тұтып алыста

Айбыным деп ойлағам!

В –деңгейі.

Бағаннан Солға таңдап, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдерін жаз.

С- деңгейі.

«Ғажайып ғарыш әлемі» атты газет құрыңдар.Суреттер мен мәтінді орналастыруды пайдаланыңдар.

б) Ассосациялық картаны оқулықтағы тақырыпты оқып, өзара топпен талдағаннан кейін екінші түспен қаламмен толықтырып жазады.

VII. Бағалау. Топ басшысы топ мүшелерін критерий бойынша бағалайды, сонымен қоса мұғалімде қорытынды бағасын қойып, талдау жасайды.

VIII. Үйге тапсырма. «Ғажайып ғарыш әлемі» тақырыбына материалдар жинақтап келіңдер.

ІХ. Кері байланысқа стикер таратамын. Онда оқушылар өздерінің ойларын жазады:

  1. Бүгінгі сабақтан алған әсерін.

  2. Маған не ұнады /ұнамады?

  3. Тапсырманы орындаудағы туындаған қиыншылықтар.



Краткое описание документа:

Бұл сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында күнделіткті информатика сабағын ғажайып журналистика әлемімен байланыстырдым.Сабақ барысында оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеткізіп, өз ойларын еркін жеткізуге және сауатты мақалаларды жазуға дағдыландырдым. Ең бірінші журналисттің жақсы қасиетінің бірі деп нені санайсыз? Әрине, ол сауаттылық. Мақаласын сауатты жазып, Word мәтіндік редакторының барлық мүмкіндіктерін дұрыс қолдана алған журналист ғана үлкен жетістікке жетеді, себебі кез келген редакция мақаланың сауатты көркемділігіне қарайды.  Сонымен қатар қазіргі таңда  «электрондық журналист»  деген сөзді біреу естіген болса, енді біреу мүлдем естімеген  болар.  Көпшілік жұрт   бұл мамандықты көбінесе компьютермен  немесе теледидармен байланыстырады. Қазақстанда өкінішке орай, әзірге электрондық журналистер мыналар деп көрсететін мамандар аз.  Тіпті, электрондық журналист мамандығын меңгеріп, елдің назарына ілігіп, осы мамандыққа қызығушылықты оятып жатқан мамандар жоқтың қасы. Бұл оларды жоғары деңгейдегі сапалы біліммен дайындайтын оқу орнының  Қазақстанда кешеңдеу ашылғандығынан да болар.

Автор
Дата добавления 20.07.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров150
Номер материала 587249
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх