Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 1апталық сабақ жоспары (3сынып)

1апталық сабақ жоспары (3сынып)



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_5f293880.gifhello_html_7c1e5f63.gifhello_html_345e8119.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m7da08e4f.gifhello_html_m4f6a60a4.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_6ab65225.gifhello_html_1c5f2a2b.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m73af9f57.gifhello_html_m20ce504e.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_3762a74f.gifhello_html_3762a74f.gifhello_html_2406f9e6.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifБекітемін күні: 25.01.2016ж

Оқу ісінің меңгерушісі: Төлегенова Қ 3 « ә » сынып

Сын.жет: Рызаханова Р

Қолы:

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Абай шаңырағы. Кәмен Оразалин

Мақсаты: Оқушыларға Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» әңгімесін оқыту арқылы Абай өмірі жайында мәліметті толықтыра отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыта келе; үлкенді сыйлауға, іззетті болуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілік: оқулық, кітапшалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Мәтінде қандай ақыл,нақыл сөздер айтылады?

Өзіңнің қосарың бар ма?

«Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі.

Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.» дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.

Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

«Үлкенді сыйлау» дегенді қалай түсінесің?

Ү .Жаңа сабақ:

Кіріспе. Абай кім? Ол туралы не білеміз? (Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. 1845-1904. Семей өңірінде туған) Қандай өлеңдерін білесің? Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Сөздік жұмыс. (Шымши, ызу, алаша, сүйек төсек). Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың? Абай қайтқаннан кейін оның орнын өзгерпей ұстауды кім міндетіне алды? (Күнжан) Ол қыс бойы қандай жұмыстар істеді? Кімдер келді? Кәкітай не деді? Күнжанға олар не айтты? Әуез қария кімді есіне алды? (Абайды) Неге Әуез қария толқып кетті?

ҮІ . Жаңа сабақты пысықтау:

1. Суретпен жұмыс. Мәтіндегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді тауып оқы. (уық,керегесінің; қызыл күрең сырмен; ақ жүннен киіз; алаша,сырмақ;сүйек төсек; кітап шкабы; үш ішектідомбыра; қызыл күрең кілемнің; қонақ көрпелер;дөңгелек үстел.) Осы сөздерді пайдаланып, суреттегі Абай үйін сипаттап айт.2. Абайдың үйін кім әдемі етіп ұстады? Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

ҮІ. Сабақты қорыту:

Бүгінгі сабақтан не білдік?

Мәтндегі әр бөлікке ат қой. (Абайдың үйін Күнжанның жабдықтауы. Қонақтардың бағасы. Әуез қарияның толқуы. т.б. өз еркімен)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұны,

Бағалау.

Қазақ тілі

Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбір сөз бен туынды сөз туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған жаңа сөздің туынды сөз деп аталатынғын меңгертуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 14-жаттығу түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жазу: жұмысшы, достық, сыйлық, талапкер, қызметкер, дойбышы, астық. Ережемен жұмыс. 15-жаттығу сөздерді оқу, мағынасын ашу, екі топқа жіктеу, туынды сөзді бір бөлек, түбір сөзді бір бөлек айту.

Түбір сөз

Туынды сөз

өнер, ек, іс, жаз, ертең, жарыс

Жазушы, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, егін, балапан.

16-жаттығу мақалды оқу, жатқа жазу, мағынасын түсіндіру.Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талдау. 17-жаттығу Мәтінді көшіріп жазу, туынды сөздердің астын сызу.Алматыдағы ең үлкен кітапхана – Ұлттық кітапхана. Кітапхананың залдары кең, жарық, Кітапханаға оқушылар, студенттер, ғалымдар, жұмысшылар келеді. Мұнда керек кітаптың бәрі бар.Кітапханада мейірімді жандар жұмыс істейді. 18-жаттығу жаңылтпашты оқып, жатқа айту. Жұмыскер(туынды сөз), жұмысты сөздерін талдау.

ҮІ. Бекіту: 19-жаттығу сөздерді топтап жаз.

Заттың атын білдіретін сөздер

Заттың сынын білдіретін сөздер

ұшқыш, оқушы, жақсылық, өнерпаз

өнерлі, сәнді, мейірімді, жақсыны

- Қай сөз туынды сөз болып табылады?

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 20-жаттығу, 125-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау


Пәні: Математика

Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты: Оқушылардың көбейту мен бөлу амалдары туралы білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу

Әдісі: қайталау, талдау, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 7,9..

ІІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.

ІҮ. Өткен материалды бекіту.

  1. Көбейтіндінің мәнін әр түрлі тәсілмен тап:

2*3*5= 6*5 3*2*6=6*6 4*2*3=6*4 4*5*1О=9*1О

2. Көбейтіндінің мәнін екі тәсілмен тап:7*9 10.*8 7*100

4). Жұптық жұмыс. №3 Санның квадратын есепте: 9; 8;6;7;5;4;3;2;1

9*9=81 8*8=64 6*6=36 7*7=49 5*5=25 4*4=16 3*3=9 2*2=4 1*1=1

4.Санның кубын есепте: 2;3; 10;1

2*2*2=8 3*3*3=27 10 *10 *10=1000 1*1*1=1

Сергіту сәті.

  1. Өрнектерді салыстыру жаттығулары. № 7. Өз бетінше жұмыс. Бірін- бірі тексеру.

886 > 450 + 390 1000 – 274 < 426 + 439

109 < 226 – 116 523 – 187 < 354

  1. Есеп шығару.№ 5.

І к – 305 бет Шешуі: 926 – ( 305 + (305 – 35)) = 926 – 575 = 351

ІІ к - ?, 35 бет кем 926 бет Жауабы: үшінші кітапта 351 бет.

ІІІ к - ? қалғаны

  1. Шығармашылық жұмыс.

  2. 6.Теңдеуді шеш:

ІҮ.Үйге тапсырма: № 7, 14 бет. Бағалау









Бекітемін күні: 19.01.2016ж

Оқу ісінің меңгерушісі: Төлегенова Қ 3 « ә » сынып

Сын.жет: Рызаханова Р

Қолы:

Математика

Сабақтың тақырыбы:Ұзындықты өлшеу.Миллиметр.

Мақсаты: Ұзындықты өлшеу.Миллиметр туралы ұғым бере отырып, оқушының дұрыс көбейту, қосумен алмастыра білуге үйрету және өздігінен ойлап есеп шығарып, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: іздену- ойлау, сұрақ-жауап, түсіндіру, дәлелдеу.

Көрнекілігі: оқулық, ережелер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №8.

ІҮ. Пысықтау: Кім көбейту таңбасын жазып береді? ( . , х) Көбейту амалын орындағанда компоненттердің аталуын кім біледі? ( көбейгіш, көбейгіш, көбейтіндінің мәні)

ІІІ. Жаңа сабақ: №1

1см және 1дм кесінділер сыз 1см 1дм

2.Көп нүктенің орнына керекті санды қой:

3.Оқушының түсіндіріп шығаруы:

3 баланың -2 альбом = ? 3х2= 6 жауабы: 6 альбом

4. өздік жұмыс

6. «Кім бұрын?» жарысу. Х+26 = 78 94-Х = 37 Х-24= 68

7.Теңдеулерді шеш

8. периметрін табу 2 х 6 = 12 (см)

Жаңа сабақты пысықтау: 3,4ауызша орындау

Ү. Үйге тапсырма: № 7 . Бағалау.

                                      Қазақ тілі

Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбір сөз бен туынды сөз туралы берілген түсінікті кеңейтуге, олардың бір-бірінен өзгешелігі неде екенін білдіруге мүмкіндік туғызу; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 20-жаттығу, 125-бет.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру .

21-жаттығу. Түбір сөздерге –шы, -ші, - ды, - ді, -лы, -лі жұрнақтарының тиістісін қосып туынды сөз жасау: жыршы, тәрбиеші, еңбекші, сыншы, таулы, сәнлі, көрші, көңілді, сулы, құрылысшы, төреші, футболшы.

Бұлар қандай сөздер? Туынды сөздерге не жатады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

22-жаттығу сөйлемдерді көшіріп жазу.Туынды сөздерді табу. Туынды сөздердің мағынасын ашу. 23-жаттығу берілген –паз, -шы, - хана, -кер, -қой жұрнақтарды пайдаланып сөздер құрастыру. Жаңадан шыққан сөздердің мағынасын түсіндіру.

24-жаттығу өлеңді мәнерлер оқу, көшіріп жазу. Зат есімдерді сөз құрамына талдау.

25-жаттығу жаңылтпашты көшіріп жазу. зат есімдерді табу, қарама жазылған сөздердің мағынасын талдау.

26-жаттығу сөйлемдерді көшіру, қарамен жазылған туынды сөздерді түбір сөздермен салыстыру: өнерпаз-өнер, сазгер-саз, дәріхана – дәрі. Бұл сөздердің түбір сөзден айырмашылығы қандай?

ҮІ. Бекіту: 27-жаттығу Туынды сөздерді табу, олардың астын сызу.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 28-жаттығу, 127-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Сәкен аға. Мәжит Сейфуллин

Мақсаты: Оқушыларға Сәкен аға жайында мәлімет бере отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету; сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту, мейрімділікке тәрбиелеу.

Түрі: біріккен сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, түсінідіру, әңгімелеу.

Көрнекілік: Сәкен суреті, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» атты әңгімесінде Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім? Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Киіз үйді көрген Әуез қарт қандай күйде болды?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің? Абай жайлы тағы қандай тақырыптар өттік? (Бала Абай. Бала Абай мен Барлас. Бала Мұхтар мен Абай.Абай шаңырағы) Бұл тақырыптардан біз не білдік?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. С.Сейфуллин өмірі, шығармалары жайлы әңгімелеу. ( Сәкен Сейфуллин (1894-1938) көрнекті ақын, Қарағанды облысында туған, «Көкшетау» поэмасын, «Тар жол тарғақ кешу,Қызыл сұңқарлар т.с.с.» жазған. Астана қаласында мұражайы бар). 2.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен жыл мезгілдері туралы жазылған жолдарды тауып оқы. (Күзгі қара суық). Іңкәрбектің тұрмысына қатысты мәтелді тап. ( «Кісідегінің кілті - аспанда») мән бер, түсіндір. Сәкеннің үй шаруасына көмегі жайлы, ұқыптылығы жайлы әңгімеле.( Үстін таза ұстайды. Бұлаққа Рахима, Халима, Салима деген қарындастарын жуындырып, шашын өретін)

Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтіннен Сәкеннің анасының сөзін тауып оқы. Бала Сәкенге мінездеме бер.

ҮІ. Қорыту: 1.Суретпен жұмыс. Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді? Әңгімеле. 2. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қой. 3. Қосымша тапсырмалар беру.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәтінді оқы, мазмұнын айту. 2.Күйшілер, өнер адамдары жайлы біліп кел. Бағалау.

Бекітемін күні: 20.01.2016ж

Оқу ісінің меңгерушісі: Төлегенова Қ 3 « ә » сынып

Сын.жет: Рызаханова Р

Қолы:

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Халыққа жеткіз күйімді. Әбу Сәрсенбаев

Мақсаты: Күй атасы Құрманғазы мен Дина Нұрпейісова өмірімен,өнерімен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; оқу дағдыларын жетілдіру; әсемдікке, зеректікке, өнерге деген құштарлығына баулу.

Көрнекілік: суреттер. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.Түрі: аралас

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мәжит Сейфуллиннің «Сәкен аға» әңгімесі кім жайлы? Сәкен қандай жағдайға араласты? Неге? Сәкен үй шаруасында қандай көмек көрсететін? Сәкеннің ұқыптылығын қайдан білуге болады? Анасы Сәкенге не деді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сәкенге мінездеме беріп көр. Сен қандай әсер алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қандай музыкалық аспаптарды білесің? Өзің қандай аспаптарда ойнай аласың?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Қандай өнер түрлерін білесің? Қандай күйшілерді, күйлерді білесің? Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті? Құрманғазы неге налыды, неге қуанды? ( Өнерін жалғастыратын ұл болмады деп налыды. Өз мұрасын жалғастыратын адамның табылғанына қуанды.) Динаның ойнаған күйі қалай аталатын? («Көбік шашқан») Құрманғазы Динаға қандай бата берді? ( Көп жаса,қызым, көп жаса! ) Дина атасына қандай ант берді? Оны қалай орындады?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Құрманғазы мен Динаның қандай күйлерін сүйіп тыңдайсың? 2. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Мәтінге сүйеніп, Құрманғазы мен Динаның кездесуі туралы әңгімеле.

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік? Бұл қай жылы болған? Құрманғазы кім болған? Дина ше? Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын айту, өнер туралы мақал-мәтелдер жинастыр. Бағалау.


Математика

Тақырыбы: Массана өлшеу.Масса бірліктерінің арақатынасы

Мақсаты: Бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса арасындағы тәуелділікке е шығарылатын есептерді шығару; ойлау, жүйелеу, есептеу дағдыларын дамыту. білімділікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, іздену

Көрнекілігі: көбейту, бөлу кестесі, сызба, суреттер. Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деңдер. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8оқу, талдау

ІІІ. Өткенді пысықтау: ауызша жұмыс.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы, мақсаты

Ү. Жаңа сабақ:

1. кіріспе. Ұжыммен талдау. ( 3 оқушы тақтада)

1 , Есептерді салыстыр.

а) 3 жәшік – 8 кг - ? Шешуі: 3 ∙ 8 = 24 Жауабы: 24 кг жидек әкелінді (жалпы масса)

ә) Әкелінді – 24 кг жидек

1 жәшікте – 8 кг Шешуі: 24 : 8 = 3

Неше ж. - ? Жауабы: 3 жәшік. ( заттың саны)

б) бірдей 3 жәшік - 24 кг Шешуі: 24 : 3 = 8

1 жәшіктің массасы. - ? Жауабы: 1 жәшікте 8 кг (Бір заттың салмағы)

2 Есептер құрастыр және оларды шығар:

а) алма – 6 кг ? шешуі: 6 ∙ 3 = 18

жәшік – 3 Жауабы: барлығы 18 кг. (жалпы масса)

ә) Барлығы – 18 кг Шешуі: 18 : 2 = 9

жәшіктің – 2 Жауабы: 1 жәшікте 9 кг алмұрт Бір заттың салмағы)

1 жәшікте ? кг

ҮІ. Білімін тиянақтау:

а) Өздік жұмыс. № 3; 5, 6, 12, 14, 24, 8, 9. Сандарының ішінен : 2 санына;

3 санына бөлінетін сандарды жаз.

2 санына: 6, 12, 14, 24, 8. 3 санына: 6, 12, 24, 9.

5 (2)

9 спортшы – 3 реттен Шешуі: 50 – 9 ∙ 3 = 50 – 27 = 23

Тағы - ? 50 рет Жауабы: әлі 23 рет секіру керек.

Шығармашылық жұмыс. Р = 4 ∙ 4 = 20 (см)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 6, 8 , 56 бет. Бағалау

Қызықты грамматика

Тақырыбы: Қаратпа сөз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қаратпа сөз туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеруТірек сызбамен жұмыс. Мысал келтіру. Талдау.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 7-жаттығу сөйлемдерді мәнерлеп оқу, қаратпа сөздерді тауып, тиісті тыныс белгімен толықтыру. Көшіріп жазу. Неліктен үтір қойдың? Білгішбектің айтқанын оқу, талдау, есте сақтау. 8-жаттығу.

9-жаттығу Мәтінді түсініп оқу, қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу, астын сызу.

10-жаттығу берілген сөздер бірде қаратпа сөзі бар, екінші жағдайда бастауыш болтындай етіп сөйлем құра. Сызба бойынша сөйлеуге үйрену:

ол біреугеқаратылып айтылып тұр

Бұл – қаратпа сөз сөйлем мүшесі бола алмайды

.11-жаттығу Ертегіден үзіндіні оқу, кездесетін қаратпа сөздерді табу, ертіегіні ары қарай жалғастыру. ҮІ. Бекіту:12-жаттығу Көп нүктенің орнына қаратпа сөздерді қойып көшіріп жазу ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Жайылма сөйлемде қандай сөйлем мүшелері міндетті түрде қатысы керек? Түрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не? Мысал келтір.

Бекітемін күні: 21.01.2016ж

Оқу ісінің меңгерушісі: Төлегенова Қ 3 « ә » сынып

Сын.жет: Рызаханова Р

Қолы:

Дүниетану

Тақырыбы: Пайдалы қазбалар түрлері.

Мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру; білімін, тілін дамыту; ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1. Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы. – оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. - Тау жыныстары қандай күйде болады? - Майда тау жынысына не жатады? - Пайдалы қазбалар деген не? - Кен деген не?

- Жердің төмен қойнауындағы қазбаларды қалай айтады? 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Пайдалы қазбалар түрлері.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалім түсіндірмесі. Пайдалы қазбалар үш топқа бөлінеді. 1. Жанғыш пайдалы қазбалар. 2. Кен пайдалы қазбалар. 3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Жаңғыш пайдалы қазбалар: тас көмір, мұнай және газ.Кенге пайдалы қазбалар: темір, мыс, қорғасын, алюминий. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар: фосфор, тұз, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз. 2. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту. 2. Сұрақтарға жауап алу: - Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады? - Кен пайдалы қазбалардан не өндіріледі? Кенге жатпайтындардан ше? 3. Дәптермен жұмыс: пайдалы қазба деген не?

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Пайдалы қазбалардың түрлері – оқып түсінгенін айту. 2. Бағалау

Қазақ тілі

Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіруге, түбірлес сөздерді таба білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 28-жаттығу, 127-бет. Мәтінді оқу, туынды сөздерді табу: алғыш, еліктегіш, оқулық, кітапхана.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 29-жаттығу Берілген ертегіні оқу, кітап, кітапша сөздерінің мағынасын ашу, ұқсастық пен айырмашылығын айту. Ертегіні қиялдарына қарай жалғастыру. Білгішбектің айтқанын есте сақтау: кітап, кітапша және кітапхана, кітапханашы – түбірлес сөздер. Кітап деген бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалып тұр.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 3-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу, жазған сөздердегі түбір сөздердің астын сызу: су, суат, сушы, сулы, сусын, сулық. Барлығының түбірі қандай сөз? Демек бұл сөздер қалай аталады?

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбірлес сөздер деп қандай сөздерді айтамыз? Мысал келтіріңдер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 33-жаттығу, 129-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Математика

Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу.Аудан бірліктерінің арақатысы

Ссбақтың мақсаты:

Есеп шығару ретін қайталау, қосындыны және қалдықты табуға, санды азайту (арттыру), қосылғышты (азайғышты,азайтқышты) табуға арналған есептер шығаруды үйрету; есептеу, ойлау дағдысын қалыптастыра отырып, кері есеп құрастыру біліктігін дамыту;математикалық тілде сөйлеу, қатар қою және салыстыра білуге дағдыландыру .

Түрі: аралас .

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, өздігінен жұмыс істеу.

Көрнекілігі: кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару .

ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 6(балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.

Есеп құрастыру, кері есеп құрастыру , қатар қою және салыстыра білуге дағдыландыру.

Ү. Қайталау: Есеп шығару.№1 ауызша есеп

1дм2=100cm2 1M2=100dm2 1a(ap)=100m2

2.а) Бақшаның алаңшаның бөлменің еденінің ауданын ыңғайлы бірлікпен табу.


Ә).Қалып қойған сандарды орнына қой:

3. Жұптық жұмыс: № 4 (кітаппен жұмыс)

ҮІ. Білімін тексеру. ( 3 топқа бөлініп)№5,6,7 есептерді шығар


5.2м*400м=800м2 S=2m*4a=8ap

6.P=(5cm+3cm)*2=16cm S=5*3=15

56cm2/7cm=8cm P=(8+7)*2=30cm

22/2=11-6=5 S=5*6=30m2

7.Р=3см*4=12см S=3*4 =12см2

40дм/4 =10дм S=10*4 S=40дм2

81см2/9 =9см Р =(9см+9см)*2=36


Ү. Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік?

ҮІ. Үйге тапсыру: №8 21-бет. Бағалау

Еңбекке баулу

Тақырыбы: Көркем еңбек. Ұлттық киімдер.

Мақсаты:Ұлттық киімдермен танысу және жасау тәсілін үйрену. Ұқыптылыққа дамыту. Білімін дамыту.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: түсті қағаздар, қайшы, желім.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері. IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері: 1. Үкілі тақия; 2. Көйлек; 3. Камзол; 4. Етік; 6. Кебіс

Ер адамдардың сырт киімдерінің бірі - шапан. Ол ою-өрнегі және кестесімен, басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгісімен ерекшеленеді. Ерлер киетін тақиялар «қошқармүйіз», «шырмауық» өрнектерімен кестеленеді. Бөрікті, сәукелені ермексаздан жасап фольга, түрлі түсті қағаз, моншақпен әшекейле.

ІV. Сергіту сәті . V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Сұрақтарға жауап алу:

  1. Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін білесің?

  2. Ерлердің бас киімдерінің қандай түрлерімен таныстың?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 105-106 бет оқу.

2. Қазақтың ұлттық киімін киген қыз бейнесін қатырма қағаздан жаса. 3. Бағалау

Бекітемін күні: 22.01.2016ж

Оқу ісінің меңгерушісі: Төлегенова Қ 3 « ә » сынып

Сын.жет: Рызаханова Р

Қолы:

Қазақ тілі

Тақырыбы: Диктант

Мақсаты: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:

Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

Қыс.

Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ,күн қысқа. Қыста мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын,сүртемін,шашымды тараймын,тамақ ішемін.Сонан соң басыма бөрік,қолыма қолғап,үстіме жылы пальто,аяғыма етік киіп,мектепке барамын.Мектептен шыққан соң,мектептің мұз айдынына барамыз.Мұз айдыны мектептен алыс емес.(51 сөз)

ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.

ІҮ.Үйге тапсырма: пысықтау.

Ү. Оқушыларды бағалау

Оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

Математика

Тақырыбы: Өзіндік жұмыс

Мақсаты: Оқушылардың алған білімін тиянақтау, жүйелеу. Көбейту мен бөлудің жеке жағдайлары туралы білімін бекіту; Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.Ой-өрісін, білімін, есте сақтау қабілетін дамыту.Тиянақты, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, өзіндік. Көрнекілігі: үлестірмелер, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 8.

ІІІ. Білімін пысықтау. 1. Ауызша жұмыс. № 1 Өрнекті құр, мәнін тап.


а = 3 в = 12 с = 6

1 ∙ 3 = 3 12 : 1 = 12 6 : 6 = 1

4 ∙ 3 = 12 12 : 4 = 3 0 : 6 = 0

2 ∙ 3 = 6 12 : 2 = 6 12 : 6 = 2

3 ∙ 3 = 9 12 : 0 = 0 12 : 6 = 2


2. Салыстыр: № 2 , ауызша.

64 › 46 58 + 40 › 10

582 ‹ 590 96 = 100 - 4

306 › 300 172 – 40 ‹ 269 + 8

3, Бос орынға тиісті санды қой:

5 м 2 дм = 52 дм 1 сағ 30 мин = 90 мин

3 м 40 см = 4 м 4 дм 1 жыл 6 ай = 18 ай

3 ц 5 кг = 305 кг 1 апта 3 күн = 10 күн

5. Өздік жұмыс: № 4


4 ∙ 2 = 8 24 : 4 = 6 5 см ∙ 2 = 10 см 16 сағ : 2 = 32 сағ

6 ∙ 3 = 18 15 : 3= 5 7 ц ∙ 4 = 28 ц 20 мин : 4 = 5 мин

4 ∙ 5 = 20 16 : 2 = 18 8 кг ∙ 2 = 16 кг 24 ай : 3 = 8 ай

6. Қатар бойынша шығару. ( 3 оқушы тақтада)

1 қатар 2 қатар 3 қатар

Х + 256 =420 х – 120 = 600 – 440 х + 30 = 20 + 80

Х = 420 – 256 х - 120 = 160 х + 30 = 100

Х = 164 х = 160 + 120 х = 100 – 30

164 + 256 = 420 х = 280 х = 70

420 = 420 280 – 120 = 160 70 + 30 = 100

160 =160 100 = 100

Бекіту: Шығармашылық жұмыс: № 7. (қоян, түлкі, елік, көртышқандар, борсықтар)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: қайталау, бағалау


Ұлттық дүниетаным

Сабақтың тақырыбы: Металдан жасалатын ыдыстар

Мақсаты: Оқушыларға металдан жасалатын ыдыстардың жасалу жолдары туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: қабілеттерін дамыту

Көрнекіліктер: Мақал мәтелдер, жемис, тұз, ыдыс аяқ түрлері

Сабақ түрі: аралас

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

3. Үй тапсырмасын тексеру

4. Қорытындылап кету үй жұмысын

Жаңа сабақ

3. Жаңа тақырыппен таныстыру, мақсатын айту

  1. Ұлттық білім беру жүйесінің бағыттарын үйрену.

  2. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ұсынған педагогтардың ой — пікірлерін оқу, танысу.

  3. Ұлттық тәрбиені сабақпен байланыстыру.

  4. Ұлттық тәрбие беру арқылы оқушының қызығушылығын арттыру.

4. Қорытындылап кету үй жұмысын

















Бекітемін:. 23.01.2016 ж

3 « ә » сынып

Оқу ісінің меңгерушісі: Төлегенова Қ

Сын.жет: Рызаханова Р

Қолы:

Әдебиеттік оқу

Л Тақырыбы: Әнші Әміре Мұзафар Әлімбаев

Мақсаты: Әміре Қашаубаев өнерімен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; әсемдікке, зеректікке, өнерге деген құштарлығын арттыру.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Көрнекілік: арнайы суреттер, сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті? Құрманғазы неге налыды,неге қуанды? Динаның ойнаған күйі қалай аталатын? («Көбік шашқан») Құрманғазы Динаға қандай бата берді? Дина атасына қандай ант берді? Оны қалай орындады?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Бұл қай жылы болған? Құрманғазы кім ? Дина ше? Өзің қандай аспапта ойнағың келеді? Әсемдік дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қандай музыкалық аспаптарды білесің? «Кім жылдам?» Топқа бөлініп өнер туралы мақал –мәтелдерді айтудан жарысу.

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Мәтінде Лениногорск қаласы жайлы не айтылған ? Бұл қай жылы еді? Әртістер келгенде қандай жағдайға кезікті? Не болды? Қиындықтан қалай және кім шығарды?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Мәтіндегі аты аталған өнер адамдары жайлы не білесің? Лениногорск қаласымен өнер адамдарын байланыстырған қандай оқиға? 2. Сызбамен жұмыс. Берілген сөздердің арасындағы мағыналық байланысты анықта.


Аспанды қақ жарғандай

Тасыған қар суындай

Сеңдей соғылысады

бір сәтте қаптап, ағылып

топырлайды, бір-біріне жол бермейді

күшті, қатты

Мәтінге сүйені, сызбаның сол жақ бөлігіндегі тіркестерге қатысты сөздерді ата. (әлуетті үн саңқ етті. Әр тараптан халық клубқа қарай ағылды-ай келіп. Келген жұрт клубқа сыймай.) Әміре кім? Қай жылы бүкілдүниежүзілік жарысқа қатысты?

ҮІІ. Қорыту: Суретпен жұмыс. Зер салып қара. Мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? Жоғарыдағы сызбаның сол бөлігіндегі сөздерді пайдаланып әңгімеле.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, көкшіл түспен берілген сөздердің мағынасын сөздіктерге қарап біліп кел.Бағалау.

огика әлемі

Тақырыбы: Логикалық ізденіс тапсырмалары

Мақсаты: Есту арқылы есте сақтау жаттығуларын орындата отырып, оқушыларды тапқырлыққа баулу.
Міндеттері: Бірлесіп жұмыс нәтежиесіне жетуге баулу.
Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Әдіс – тәсілдер: Көрнекілік, сөздік, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, «Логика әлемі» жұмыс дәптері.
Психологиялық ахуал..
І. Ширату (тез жауап бер) Әр топқа екі сұрақтан беріледі.
1. Бес тышқанның құлағы - 10
2. Жеті сиырдың мүйізі - 14
3. Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны - 8
4. Есту мүшесі - құлақ
5. Жаз айларын ата - маусым, шілде, тамыз
6. Ағзаның қорғаныс мүшесі - тері
7. Қан айналымының негізгі мүшесі - жүрек
8. Ауаның қозғалысы - жел
ІІІ. «Мұрынмен жазу» жаттығуы.

Көзіңді жұм. Мұрныңды қалам ретінде пайдаланып, ауада кез келген сурет сал.

Көзің жұмулы болсын.
Тапсырма

5. (Ойлан, есепте, жауап бер!)
Арман биыл үшінші сыныпқа көшті. Енді оған анасы түскі асқа 100 теңге беретін болды. Арман үнемдеуді жақсы көреді. Ол күнде 70 теңгеден ғана жұмсады. Ол бір аптада неше теңге үнемдеді?
Қайсысы жетіспейді?
№4.Геометриялық фигуралар қатары беріледі, оқушылар 1 минуттай қарайды, келесі суретте осы фигуралардың біреуі алынып тасталады, оқушылар соны табуы керек.
ІҮ. Сабақты қортындылау

.Графикалық тапсырма


Еңбекке баулу

Тақырыбы: Ұлттық киімдер

Мақсаты: Орыс, ұйғыр халының ұлттық киім үлгілерімен таныстыру және жасау тәсілін үйрену. Ұқыптылыққа дамыту. Білімін дамыту.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу. Көрнекілігі: әртүрлі ұлттардың киімдері

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қазақстан халықтарының дәстүрлі киім үлгілері. Әр қатардағы киім үлгілерінің қай халықтың киім екенін анықтаңдар. (қазақ, орыс,ұйғыр). Дұрыс балалар, біз бүгін орыс, ұйғыр халқының ұлттық киімдерімен танысамыз және құрастырып үйренеміз. Сурет бойынша жұмыс. Өз беттеріңше киім үлгісін қиып, жапсырыңдар.

ІV. Сергіту сәті .

V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Сұрақтарға жауап алу:

  1. Суреттерде ұйғырдың қандай киім үлгілері көрсетілген? (тақия, шапан, етік)

  2. Қағаздан бас киім құрастыру үшін не істейсің?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі:

1. 109-110 бет оқу.

2. Қазақтың ұлттық киімін киген қыз бейнесін қатырма қағаздан жаса.

3. Бағалау




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров207
Номер материала ДВ-504233
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх