Инфоурок Другое КонспектыАр намыс керек адамға

Ар намыс керек адамға

Скачать материал

Мектеп №142 орта мектеп Мерзiмі:_______

Тақырып Ар- намыс керек адамға

Құндылық : дұрыс әрекет Қасиеттер намысшылдық, адалдық, жанашырлық,қайсарлық.

Мұғалiм Сутенова Индира Нысанғалиқызы Сыныбы: 9 Оқушылар саны: 8


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ұят, ар, намыс ұғымдары жайлы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-Оқушылардың ұят, намыс ұғымдары жайлы түсініктерін кеңейту.
- Оқушылырдың бойында адалдық, намысшылдық, қайсарлық, шыдамдылық қасиеттерінің дамуына ықпал ету.
- Оқушыларды қайсарлыққа, адалдыққа, шыдамдылыққа, намысшылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видео жазбалар)

Дәптер,оқулық, үнтаспа, видеожазбалар

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

 Оқу құралдарына назар аудару. 5Т еске түсіру

Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Оқулықтағы 60-70 беттердегі Балқар аңызын оқып келу тапсырылған.
Мәтін бойынша сұрақтар:
1. Нәсіп қандай ой түйді?
2. Қарияның шешімімен келісесің бе?
3. Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттер көмектеседі?

4. Өз істеріңе қатты ұялған кездерің болды ма?

Ескерту:

3. Дәйексөз

« Ұят – ар сақтайды, арлыны – ел мақтайды».

Халық даналығы

Бірінші ер балаларға, екінші қыз балаларға айтқызу.

Барлығы бірге айту.

Дәйексөздің мағынасын ашу.

Дәптерге жазып алу.


4.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы

  1. Әңгімелеу (Мұғалімнің сыйы)

«Мақсатқа жету жолындағы қиындықтар»атты ұстаз бен шәкіртінің арасындағы әңгіме.Facebook-тан алынған.А.Мұстафинаның дайындаған әңгімесі.

  • Ұстаз, - деді бір күні шәкірті бірдене сұрамақ болып, - өз әлсіздігімізді сездіретін, жолымыздан тайдырғысы келетін, мақсатымызға жетуге кедергі келтіретін қиындықтар неге туындайды?

  • Сенің қиындық деп отырғаның деді, - Ұстаз, - негізінде мақсатыңның бір бөлігі. Мұнымен күресуді доғар. Жол таңдағанда жай ғана осыны ойла да, есепке ал. Садақ атып жатқаныңды елестетші. Жерге қалың тұман түскендіктен сен нысананы көрмейсің. Алайда сен тұманмен күресесің бе? Жоқ, сен жел соққанды күтіп, тұман өздігінен тарап кеткенін күтесің. Енді нысана көрінді дегенде, жебеңді жел басқа жаққа ұшырып әкетеді. Сен желмен күресесің бе? Жоқ, сен оның бағытын аңдып, садақты басқа бұрыштан атуға кірісесің. Садағың да қатты әрі ауыр, кейде садақтың адырнасын тартуға күшің жетпей жатады. Сондайда садақпен күресесің бе? Жоқ, бұлшық еттеріңді жаттықтырып, күн өткен сайын адырнаны жеңіл тартасың.

  • Бірақ желсіз, жаймашуақ күні жеңіл әрі иілгіш садақтан ататын адамдар бар ғой, - деді шәкірт өкпелеп. – Неге дәл менің атысым өз жолында көптеген қиындықтарға ұрынады? Әлде Жаратқан менің алға ұмтылуыма қарсы ма?

  • Ешқашан ешкімге қарама, - деп жымиды Ұстаз. – Әр адам өз садағын, өз нысанасын және атуға қолайлы уақытты өзі таңдайды. Біреулер дәл тигізуді мақсат тұтады, басқалар атып үйренгісі келеді.

Ұстаз даусың бәсеңдетіп, шәкіртіне тура қарай:

  • Және саған бір құпияны ашайын, балам. Жаратқан саған қарсы шықпайды және ол сенің ісіңе араласпайды. Тұман сенің атысыңа кедергі болу үшін түспейді, жел оғыңды басқа жаққа ұшырып әкету үшін соқпайды, ал садақшы садақты адамдар өз әлсіздігін ұғынсын деп жасамайды. Мұның бәрі сенің қалауыңнан тыс іске асады. Барлық қиындыққа қарсы тұрып, нысанаға дөп түсемін деген – өз ойың. Сондықтан, қиындыққа шағымдануды доғар, немесе менменшілдікке салынбай өз қолыңнан келетін мақсатты таңда. Қақ маңдайынан иілетін мақсат.

Сұрақтар:

  1. Ұстаз бен шәкірттің арасындағы әңгіменің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

  2. Шәкірт не үшін шағымданды?

  3. Ұстаздың берген кеңесі қандай болды?

4.«Қақ маңдайынан иілетін мақсат» дегеніміз

Қандай мақсат?

5. Өздерің осы әңгімеден кейін бойларыңда қандай

қасиеттер болса деп ойлайсыңдар?


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

  1. « Желтоқсан желі » видеоклипін көрсету арқылы ой шақыру.

Сұрақтар:

- Осы көрініс сендерге қалай әсер етті?

- 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасың

қандай?

  • Осы көтеріліске сен де қолдау білдірер ме едің?

Оқушыларды екі топқа бөліп «Көк тудың желбірегені» әнінің мотивіне салып, өлең шығарып, оны қорғау.


6.Топпен ән айту.

«Көк тудың желбірегені»

И. Ескендірдің орындауында.


Көк тудың желбірегені

Қазақтың асқақ беделі.

Махаббат, қайрат екеулеп,

шымырлатқаны денені.


Көк тудың желбірегені

жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

жан емес, маған керегі

Көктудың желбірегені.


Көктудың желбірегені-

Елдіктің асқақ өлеңі,

Жан жаққа тартпай, Қазағым,

Бір сөзге жинал дегені.

Көктудың желбірегені

жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

жан емес, маған керегі

Көктудың желбірегені.


Көктудың желбірегені –

Бақыттың елжірегені,

қиырда қалған Қазақтың

Көзінің мөлдірегені.



7. Үй тапсырмасы

Келесі «Жақсылықтан- жақсылыққа»тақырыбындағы дәптердің 35-бетіндегі ребусты шешу, «Жақсылықпен жаным дос» тақырыбына шағын әңгіме жазып келу.


8. Соңғы тыныштық сәтi.


-Балалар, енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Әрбір атқарған істеріңде, достарыңмен , жақындарыңмен жасаған қарым -қатынастарыңда сабырлы болып, айналаларыңа нұр шашып, өз орталарыңа жақсылық жасап жүрген қуанышты сәттеріңді көз алдарыңа елестетіп көріңдер ....

- Әрқашанда бір-бірімізге жақсылық жасап,өміріміз тыныштыққа толы болсын! Рахмет! Көздеріңді аша қойыңдар






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ар намыс керек адамға"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 926
    • DOCX 62 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сутенова Индира Нысангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сутенова Индира Нысангалиевна
    Сутенова Индира Нысангалиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43816
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека