Инфоурок / Математика / Статьи / "Араб цифларының сыры" тақырыбында мақала

"Араб цифларының сыры" тақырыбында мақала

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Араб цифрларының сыры


Әбу Абдуллах Натили Устод мұғалім болам деп талаптанып, ол небір ұзақ түндерді медресенің әрі тар, әрі жалаңаш құжырасында өткізді, сығырайған шырағданның күңгірт сәулесін түсіріп, көп беттері көнеліктен сарғайып кеткен небір кітаптарға үңілді.

Натилидің елден кеткеніне, атадан балаға мирас болған туған жерден қол үзгеніне талай жыл болған. Оның жер анаға деген махаббаты терең болатын, еліне деген ықыласы адалтын.

Оның талай түні ойлану, армандау, әлденеге үміттену үстінде өтсе, күндізі талас-тартыс, өкініш, күйбең тіршілікпен өтті. Ол «ақылдыда ақша жоқ, ақшалыда ақыл жоқ» деген оймен өзінің қазіргі халіне жұбаныш айтатын.

Ғылым іздеп Бұхарға келгенімен, күн көрісі қиындап кетті. Иә тіршілік деген осы емес пе: адамға тамақ та керек, кітап та керек!

Ол Бұхар базарларын аралап жүріп, бір кездері өзімен дос болған, ескі танысын, Абдұллахты кездестіргеніне қатты қуанды. Абдұллах қызметте қатал, міндетіне адал болды. Қонақтары көп, дастарханы мол болуын қалайтын. Небір қызғылықты маслихаттар, білім салыстарған таластар Абдұллахтың үйінде өтетін.

Абдұллах Натилиді көрісімен үйіне қонаққа шақырды да, оның өзімен бірге тұруын ұсынды. Бүгінде Абдұллахтың екі ұлы бар еді. Натилидің жақсы ұстаз екенінен хабары бар Абдұллах оны балаларына ұстаз болып, өз білгенін үйретіп, тәрбиесіне алуын ұсынды. Бірден келісе кеткен Натилидің қуанышында шек жоқ еді. Абдұллахтың екі баласы да ақылды, зерек, білімді болатын.

Үнемі үңіліп кітап оқып, балалардың ойынына ешқашан қатыспайтын ағасы Хусейннен Махмұд өзін әлдеқайда қарулымын деп санайтын.

Хусейн әсіресе санау, есептеу жұмыстарында әкесіне көмекші еді. Ол білім қуалап жүргендегі мақсатымыз – білмегенді білу емес пе деп төндіре сөйлейтін кейде. Оның ойлары да, армандары да шексіз болатын. Ғылым – тау, оны шалдырғысы келгендер – жау деп түйеді. Ол таудың әр шыңына шығу үшін ерен күш, игі іс, асқан төзімділік, мықты болымдылық керек деп білді. Соның есесіне шыңға шықсаң, сол биіктен өткен шақтың өкінішін де, болашақтың қуанышын да көретінін сезді. Ал ол қазір сол таудың тек етегінде тұрмын деп ойлайтын.

Әр нәрсеге де терең үңіліп, зерттей қарайтын Хусейн күндердің күнінде мынадай қызық нәрсеге тап болды. Мына ой оны еш жай таптырмайтын: Араб цифрлары қайдан шыққан, шықса да неге дәл қазіргі күйге түскен? Неге бір – нөл сияқты емес, неге тоғыз – бір сияқты емес? Ия ой теңізіне әбден сүңгіп кеткен Хусейн бұл сандардың сырын бұрыштар санында деп ұйғарды да, шам жарығында дәптеріне мынадай өрнектерді жаза бастады:


hello_html_m25ee3dcd.gif

Общая информация

Номер материала: ДВ-498895

Похожие материалы