Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 23.11-28.11.2015 аралығына сабақ жоспары 1-сынып

23.11-28.11.2015 аралығына сабақ жоспары 1-сынып

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 23.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Я дыбысы мен әрпі туралы, оның и, а естілгенімен я әрпі жазылатын ережені ұстана отырып, білімдерін қалыптастыру. Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын дамыту. Я дыбысының жазылуымен айтылуына мән бере отырып, дұрыс жазуға үйрету.

Сабақта пайдаланылатын көрнекілік: кеспе суреттер

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, ойын

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу.


К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Жан-жақты білімін пысықтау

Өтілген тақырыптар бойынша қосымша сұрақтар қоя отырып, білімдерін пысықтау

Я дыбысы мен әрпі туралы, оның и, а естілгенімен я әрпі жазылатын ережені ұстана отырып, білімдерін қалыптастыру. Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын дамыту. Я дыбысының жазылуымен айтылуына мән бере отырып, дұрыс жазуға үйрету.


ІІІ. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс А яқ қо ян қи яр а яз та қи я Та яқ ша ян пи яз са яз да ри я


Мәтін

Ұя

Ұя жасап тақтайдан,

Талға апарып байладым

Жыл құсының шаттанған

Күттім қаша сайрауын

Сол ұяны талғады,

Қараторғай мекендеп.

Күні бойы сайрады,

Жайлы пәтер екен деп

Өлеңді талдату.


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


ІҮ.Жаңа сабақты бекіту

Өтілген Я дыбысы мен әрпі бойынша сұрақтар қою. Я дыбысына келетінсөздерге мысал келтір.Сондағы Я дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?Дәптермен жұмыс


ҮІ. Сабақты қорытыныдлау

- Ұяны неден жасайды?

- Бұл сөзде Я дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр.




























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 24.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Я әрпінсөз ішінде дұрыс оқуға,жне дұрыс дыбыстауға үйрету. Оқушыларды өнерлі болуға баулу. Оқу машығын арттыру. ән айтуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.


Психологиялық дайындық

К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Өткенге шолу

Барлық өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру

-Дыбыс деген не?

-Неше дыбыс бар?

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дауыссыз дыбыс ше?

-Тасымал деген не?

-Ол не арқылы жүзеге асырылады?

-Буын дегеніміз не?

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Оның нешеуі дауысты?

-Нешеуі дауыссыз?

-Нешеуі таңба?

-Нешеуі қосарлы дыбыс?

-Қандай әріптер?


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Я әрпінсөз ішінде дұрыс оқуға,жне дұрыс дыбыстауға үйрету. Оқушыларды өнерлі болуға баулу. Оқу машығын арттыру. ән айтуға баулу.




ІҮ. Өткен сабақтан алған білімін пысықтау.


1.Я дыбысы қандай дыбыс?

2. Я әрпі неше дыбыстан тұрады?

3. Ақан серінің тұлпары Құлагерді суретте.

4. Баған түрінде берілген сөздердің мағынасын ашып түсіндіру

.ұя аяқ қияр, бояу сия, мая

баян таяқ Пияз қоян қия жая

5. Кісі аттары, жер –су аттарыбасәріппен жазылатыны туралы мағлұмат беру

( мысал келтірту)

6. «Сұр қоян» өлеңін хормен жаттату.

7. Әндетіп айтуға үйрету.


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


Ү. Жаңа білімдерін бекіту.

Диктант жазу: сия қия аяқ ұя сая мая жая. Я я Г г


Дәптермен жұмыс: ұяаяқ таяқ лияз қияр тақия


Тақтамен жұмыс: Ұя тақтайдан жасалады. Ұяны қараторғай мекендейді.


ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?
















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 25.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ю әрпін сөз ішінде дұрыс оқуға,және дұрыс дыбыстауға үйрету. Ұқыптылыққа баулу. Оқу жылдамдығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Араға таланған аю

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.


Психологиялық дайындық

К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Өткенге шолу.

Барлық өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру

-Дыбыс деген не?

-Неше дыбыс бар?

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дауыссыз дыбыс ше?

-Тасымал деген не?

-Ол не арқылы жүзеге асырылады?

-Буын дегеніміз не?

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Оның нешеуі дауысты?

-Нешеуі дауыссыз?

-Нешеуі таңба?

-Нешеуі қосарлы дыбыс?

-Қандай әріптер?



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ю әрпін сөз ішінде дұрыс оқуға,және дұрыс дыбыстауға үйрету. Ұқыптылыққа баулу. Оқу жылдамдығын арттыру.


ІҮ. Өткен сабақтан алған білімін пысықтау.

1.Ю дыбысы қандай дыбыс?

2. Ю әрпі сөздің қай жерінде жазылады?

«Жақсы көрем» өлеңін жатқа сұрау. Жеке оқушымен жұмыс:

3. Суреттегі заттың атын жаз.

4. Буынға бөл

5. Дыбыстық талдау жаса.

6. Сөйлем құра.


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


Ү. Жаңа білімді бекіту.

а) «Жарыс « мәтінінің мазмұнын түсіндіру.

ә) Кісі аттары, жер –су аттары бас әріппен жазылатыны туралы мағлұмат беру ( мысал келтірту)

б) Балаларға дауыстап оқыту.

в) Сұраққа-жауап.

-Қасқыр аңдарға не деді?

-Аю ненің ұясын бұзып кетті?

-Аралар не істеді?

-Аю қалай жүгірді?

-Ол неліктен тез жүгірді?

-Мәреге не бірінші болып жетті?


г) Диктант жазғызу: жарыс, мәре, аю, ара.ою, қою,тою, сою, түю,кию,үю.Ү ү М м Г г

Я я Т т К к Ю ю


Дәптермен жұмыс: аю, ою, қою үю қию жию ю Ю


Тақтамен жұмыс: Аңдар жарыса жөнелді. Менің әжем сырмақ сырды. Аралар аюды талай бастады. Аю тез жүгірді. Құлагер бәйгеден озып келді.


ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?







Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 26.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру. Ұлттық тәрбие беру. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.


Психологиялық дайындық

К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

1.Я дыбысы қандай дыбыс?

2. «Сұр қоян» өлеңін жатқа айтқызу.


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру. Ұлттық тәрбие беру. Ой-өрісін дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ:

Жұмбақ шешу.Қыс бойына жатады, тәттті ұйқыға батады. (Аю)


а) Аю,ою сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

-Бізге таныс емес қандай дыбыстарды естіп тұрсыңдар?

-ю (бірнеше рет қайталап дыбыстау)


ә) Ю дыбысы екі дыбыстан тұратындығы туралы түсінік беру. Айу-аю, ойу-ою.

- Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Қою-4 құю-4 сүю-4 есею-5 азаю-5 Қию-4 түю-4 күю-4 үлкею-6 көбею-6


б) Ю дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі-Ю ю жазбаша түрі-


в) Өлең жаттауға жаттығу «Жақсы көрем»


г) Дәптермен жұмыс: Я әрпін жазғызу.


д)Диктант жазғызу. аю, ою,қою,үю, қию, жию.


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


Ү. Жаңа білімдерін тексеру.

-Ю қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде жазылады?


ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта дыбыстар және әріптермен таныстық?

























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 26.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Бұрынғы сабақтан алған мәліметтерді тереңдету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімдегі олқылықты жою, жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.


Психологиялық дайындық

К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Бұрынғы сабақтан алған мәліметтерді тереңдету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімдегі олқылықты жою, жетілдіру.


ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.


а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру.

Жер-су аттары қалай жазылады?

Дауысты дыбыстар: Дауыссыз дыбыстар:

Сөздік диктант.Аян,Саян, Баянауыл, Әмудария, Данияр, Еркін, Қапшағай.Сөздерді буынға бөлгізу. Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау: Аян,Саян, Баянауыл, Әмудария, Данияр.


ә) Тақтамен жұмыс:

1.Дауысты дыбыстардың астын сыз.

2.Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

3. Жеке оқушымен жұмыс: Әдеби кітапшалар оқыту.

4. Дәптермен жұмыс:


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.

ІҮ. Бекіту кезеңі:

Дыбыс, буын дегеніміз не?

Сөз. Сөйлем .Сөздегі буын саны қай дыбысқа байланысты?


Ү. Сабақты қорытындылау:

Біз өткен сабақтан алған білімімізді тиянақтадық.



































Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 27.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Х дыбысы мен әрпін таныту. Адамгаршілік тәрбие беру. Оқу жылдамдығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Х әрпіне қатысты суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.


Психологиялық дайындық

К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

-Ю дыбысы қандай екі дыбыстан тұрады? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.«Жарыс» мәтінін әңгімелету.


ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Х дыбысы мен әрпін таныту. Адамгаршілік тәрбие беру. Оқу жылдамдығын арттыру.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Хат туралы кіріспе әңгіме

ә) Буындық талдау жасату.

б) Х дыбысын дыбыстап қандай дыбыс еекенін анықтау.

в) әрпімен таныстыру.

г) Әрбір сөздің мағынасын ашу.

д) «Кітапхана» мәтінін оқытып, неше сөйлемнен құрылғанын анықтау.


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


Ү. Жаңа білімді бекіту.


а) Бүгін біз сендермен х әрпімен таныстық.Бұл орыс тілінен енген әріп. Х дауыссыз дыбыс.


ә) Диктант жазғызу: жарыс, мәре, аю, ара.ою, қою,тою, сою, түю,кию,үю.

Ү ү М м Г г Я я Т т К к Ю ю


Дәптермен жұмыс: Х әрпін жазып үйрену.


Тақтамен жұмыс:Аңдар жарыса жөнелді. Менің әжем сырмақ сырды. Аралар аюды талай бастады. Аю тез жүгірді. Құлагер бәйгеден озып келді.


ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық.





























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 28.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: h дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: һ дыбыс бойынша оқушыларға білімдерін пысықтау. Өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін дамыту. һ дыбысы бойынша білімдерін пысықтай отырып , әріпті дұрыс жазуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі


Психологиялық дайындық

К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ.Өткенге шолу

Барлық өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру

-Дыбыс деген не?

-Неше дыбыс бар?

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дауыссыз дыбыс ше?

-Тасымал деген не?

-Ол не арқылы жүзеге асырылады?

-Буын дегеніміз не?

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Оның нешеуі дауысты?

-Нешеуі дауыссыз?

-Нешеуі таңба?

-Нешеуі қосарлы дыбыс?

-Қандай әріптер?



ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.


а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру.өтілетін һ дыбысы сөздің басында, соңында келмейді.Ол сөздің ортасында ғана кездесді.


ә) һ дыбыс бойынша оқушыларға білімдерін пысықтау. Өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін дамыту. һ дыбысы бойынша білімдерін пысықтай отырып , әріпті дұрыс жазуға үйрету.


ІҮ. Жаңа сабақ

Һ дауыссыз дыбыс.

Суретке қарайықшы ол кім?

Ол -батыр, қаһарман.

Осы сөз һ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Гау һар жи һаз қа һар қа һар ман Мәтін

Қаһарман. Қазақ халқы батыр халық, қаһарман халық.ОныңҚабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты батырлары , Әлия мен Мәншүк сынды қаһарман қыздары көп болған.Қазіргі кезде де еліміздің қаһарман ұлдары мен қыздары аз емес.


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


Ү. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

Дәптермен жұмыс. Қаһарман мәтінін талдау.


ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Һ дыбысы бойынша сөздерге мысал келтіру.















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 24.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың білім деңгейін анықтау №3

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың есеп туралы білімдерін қайталау. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәртіпті болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа даярлау


ІІ. Оқушылардың білім деңгейін анықтау

1 тапсырма

Есеп: Сәуленің 7 қуыршағы бар еді. Ол 2 қуыршағын Зәуреге сыйлады. Сәуледе неше қуршақ қалды.

Бар еді – 7 Бар еді – 8

Сыйлады – 2 Жарылды - 2

Қалды - ? Қалды - ?

Шешуі: 7-2=5 Шешуі: 8-2=6

Жауабы: 5 қуыршақ қалды Жауабы: 6 шар қалды


2 тапсырма Бірінші теңсіздікке қойғанда, ол тура болатын сандарды өсу ретімен жаз


7<* 5<* 6<*


3 тапсырма Есептеп шығар

3+2 6-2 10-2 9-2

7-2 8-2 5-2 4-2


4 тапсырма Салыстыру

0*2 9*8 10*3 7*9

5*6 4*3 2*1 6*6


5

Үстелде 2 ыдыс тұр. Оның біреуінде 8 алма бар. Ал екіншісі бос. Бір ыдысты алып кеткенде үстелде қанша алма қалады?


ІІІ Қорытындылау. Өткен тапқырыптар бойынша сұрақтарға жауап алам


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 25.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қарапайым» түсініктер тақырыбы бойынша еркін игеруін тиіст мәселелерді қандай деңгейде білетіндерін анықтау, ойлау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл. Сұрақ-жауап, түсіндіру

Түрі: аралас


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз,

Бестік болсын бағамыз,

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз


ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау

Білім деңгейін анықтауға арналған тапсырмада жіберген қателерін дұрыстап шешу.


ІІІ. Жан-жақты білімін тексеру.

Оқушылардың «қарапайым» түсініктер тақырыбы бойынша еркін игеруін тиіст мәселелерді қандай деңгейде білетіндерін анықтау, ойлау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


ІҮ. Жаңа сабақ


1 Оқы. Есептерді салыстыр және шығар

  1. 6 бала төбешіктен шанамен ырғанып жүр еді. Тағы 2 бала келді. Барлығы неше бала болды?

  2. 8 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді. 2 бала үйіне кетті. Неше бала қалды?


-Балалар есеп не жайлы?

-сырғанап жүрген балалар

-Есепте не белгілі?

-6 бала \8 бала

-Тағы не белгілі?

-2 бала келгені\ 2бала кеткені

-Не белгісіз?

-барлығы \ қалғаны

-Оны қандай амалмен табамыз?

-6+2 \ 8-2

-Жақсы

-Балалар есептің шарты сұрағы шешуі, жауабы деген болады.


Ү.жаңа сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс

КЕЛ, ОЙНАЙЫҚ! «Балдырғанға көмектес!»

3+2 7-4 6-3 4+5 4+4 4+2


2 Жалғастыр

0,3,5,7,9 1,4


Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштан

Су құйғанда өседі


3

0>3 7<9 0<3

10>6 6<8 4>3

    1. 5>4


ҮІ. Сабақты қорытындылау

Бір үйдің 6 ұл баласы бар. Олардың әр қайсысының бір қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар?


















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 25.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Өз бетімен жұмыс

Сабақтың мақсаты: 1Оқушыларға өткен сабақтарды қайталай отырып естеріне есептерді түсіру. 2. Ойлау қабілеттерін дамыту 3. Ұқыптылыққа реттілікке тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: 3-ті қосу, азайту кестесі.

Оқыту әдісі: түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы пысықтап, талдау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

1 Қосуға байланысты есеп шығарамыз

2 Салыстыруларды орындаймыз.

3 Сандарды өсу, кему ретімен санаймыз.

4 сурет бойынша есеп шығару.

5 Қосындыларды орындаймыз..

ІҮ Қайталау сабағы:Оқулықпен жұмыс.

№1 Оқы.Салыстыр.Есепті шығар.

4 және 2 сандары қосындысының мәні неге тең.

4+2=6

Қорапта 4 қарындаш бар,ал үстелдің үстінде 2 қарындаш жатыр

Барлығы неше қарындаш?4+2=6

№2 Жалғастыр

2,5,8 3,6

6,3,0 5,2

№3 сурет бойынша есеп құрастыр және шығар

9-2 =7 Сергіту сәті

Ү. Сабақты қорыту

ҮІ. Үйге тапсырма.Бағалау.
















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 27.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Есептер шығаруға жаттықтыру. Ұқыптылыққа баулу.

Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: 3 +,- кестесі

Оқыту әдісі: түсіндіру.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың мазмұны.

І .Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз,

Бестік болсын бағамыз,

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз


ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Есептер шығаруға жаттықтыру. Ұқыптылыққа баулу. Танымдылық қабілетін дамыту.


ІІІ. Қайталау.

Есеп. 6 және 2 сандары айырмасының

Шарты: 6; 2 кітап мәні неге тең? 6-2=4

Сұрағы-? кітап Жауабы: 4-ке тең.

Шешуі 6-2=4

Жауабы: 4 кітап.


-Балалар есеп не жайлы?

- кітап

-Есепте не белгілі?

-6 кітап бары

-Тағы не белгілі?

-4 кітап алғаны

-Не белгісіз?

-қалғаны

-Оны қандай амалмен табамыз?

-6-4

-Жақсы

-Балалар есептің шарты сұрағы шешуі, жауабы деген болады.


2 Жалғастыру

7, 5, ... ,

7, 4, ... ,

4, 7, ...,

5, 7, ... .


3 Сурет бойынша есеп құрастырту.


Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштан

Су құйғанда өседі


4

Қосу кестесін пайдаланып, айырманың мәндерін тап. Айырмаларды салыстыр.

6-2 10-2 8-2 7-2 5-2 9-2


Шығармашылық тапсырма: 6+1 * ...


Ү. Бекіту тапсырмалары


5 мысалдарды шығар, тағы бір мысалмен толықтыр.

3+2 8+2 4+2 7+2 5+2 6+2

5-2 10-2 6-2 9-2 7-2 8-2


ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Біз не істеуді үйрендік














Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Дүниетану

Күні: 23.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ауа райы. Тұстарды бағдарлау. Табиғат Ауа райы.

Сабақтың мақсаты: Оқушының ауа райы туралы білімін толықтыру. Ауаның температурасы мен жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінің арасындағы байланыстар туралы ұғымын дамыту. Табиғатты қорғауға, сақтауға тәрбиелеу

Көрнекілігі:термометр, жыл мезгілдерінің суреттері, оқулық.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, проблемалық

Түрі: аралас сабақ


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Баланың сабаққа зейінін аудару

Психологиялық дайындық

Сабағымыз басталды

Балаларға пайдалы,

Бәрің ұғып алыңдар.

Сабаққа зер салыңдар.


ІІ.Өткен сабақты қайталау

Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін сұрақтарға жауап ала отырып қорыту;


ІІІ.Жаңа сабақ

Оқушының ауа райы туралы білімін толықтыру. Ауаның температурасы мен жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінің арасындағы байланыстар туралы ұғымын дамыту. Табиғатты қорғауға, сақтауға тәрбиелеу


1.Кіріспе әңгіме

Балалардың ауа райы туралы түсініктерінің жалпы деңгейін анықтау. Жазғы, күзгі, қысқы, көктемгі ауа райының белгілерін ататқызу.

Ауа райын білу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Осы сұрақ төңірегінде балалардың жауаптарын тыңдау.


2.Оқулықпен жұмыс

а)мәтінді бөліктерге бөліп оқып беру

ә)Әр бөліктің мазмұны бойынша әңгіме жүргізу

б)Негізгі сөздерді бөліп алу: ауа райы, термометр, жауын-шашын, жел, бұлттылық, т.б.

термометрмен таныстыру, бөлменің , даланың ауа райын термометрмен өлшеп практикалық жұмыстар жасау. Ауа райының шартты белгілерімен таныстыру, оны бақылау күнделігіне қалай белгілеу керек екенін көрсету.

3.Топпен жұмыс

Оқушылар тағы да жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің жыл мезгіліне тән ауа райы туралы жоспар бойынша айтады.

А) күн ә) бұлттылық б) Жауын-шашынв)термометрг)жел

Д)жер

Мысалы, күз мезгілі мынадай үлгіде әңгіме жүргізуі керек. «Күз келді.күн төмен түсе бастады, оның сәулесі жер бетін жаздағыдай жылытпайды. Күн салқындай бастайды. Ауаның орташа температурасы күндіз + 10°С, түнде +7°С.аспанда қою қара бұлттар жиі пайда боладыЖаңбыр жиі жауады, кейде арты қарға айналады.



hello_html_m119ff6aa.jpg



Суық жел соғады.

Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, аңдар қысқа дайындалады. Жапырақтар сарғайып, гүлдер, шөптер солады, соңғы өнімдерді жиинайды.»


ІҮ.Сабақты қорытындылау

а)ашық және бұлтты күндердің айырмашылығы қандай ?

ә)Жаз бен күзге қандай табиғат құбылыстарының белгілері ортақ?

б)Найзағай деген не?

в)Бұлттылық деген не?








Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні: 25.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сызықтардың көптүрлілігі (графика).
Сабақтың мақсаты: Графика өнерінің түрлерімен таныс болу. Графика өнерінің шығармаларына толық мәлімет беру. Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, сурет салу. Слайд
Көрнекілігі: Графика шығармаларының түрлері және салу құралдары.
Жылы және суық түстер айырмашылығы плакаттағы суреттер.
Пәнаралық байланыс: Тарих
Құрал – жабдықтар: Альбом, акварель краскасы, қарындаш, қылқалам, политра, тущь.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, оқушыларды журналмен тексеру.

ІІ. Өткен сабақты қайталау
1. Кескіндеме өнері жайлы не білдік, не үйрендік?
2. Кескіндеменің қандай шығармалары бар?
3. Қандай кескіндемеші суретшілерді білесіңдер? – деген сұрақтарды қоя отырып жаңа сабақты баяндау.

ІІІ. Жаңа сабақ
Графика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды.

Қолданбалы графикаға күнтізбе, құттықтау, ашық хаттар, орауыштардағы зат белгілері (этикетка), пошта маркалары, көшедегі жарнамалар жатады.
Компьютерлік графика – графиканың жаңа түрі. Суретшілер қиылысқан сызықтардан, көлемді элементтерден, өрнек, түрлі түсті дақтардан монитор бетінде композиция жасап, одан кейін дайын болған бейнені принтер арқылы басып шығарады.

ІҮ. Сурет салу
Графикалық жұмыстарды орындау.
Графиканың қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен таныс болайық. Ол үшін қажетті материалдар мыналар. ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тущь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз.

Қара тушты қағаз бетіне толық жағып шығу қажет. Тущь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әртүрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады.
Грвюра туындылары кесу іс – әрекеттері арқылы жүргізіледі. Сондықтан кескішті мықтап игеру және онымен кез келген сызықтарды емін – еркін жүргізуді үйрену үшін бір қатар дайындық жаттығуларын жасау қажет. Тақтай (пластина) алу.

1 - жаттығу. Қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескіш арқылы ені 1 – 1, 5 мм – ден аспайтын арықша бедер жүргізу керек. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп, тағы да 1 - 1, 5мм болатын сызық жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10 х 10 см. көлемде тік төртбұрыштарға тілу керек.
2 – жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасау, тақтаның бетін тегіс толтыру керек.
3 - жаттығу. Шеңберсызғышпен шеңбер сызып, оларды да кескішпен тіліп, арықша жасау.

Ү. Сабақты қорытындылау
Жаңа сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, еске түсіреміз.
Сұрақтар қою
1. Графика жасау техникаларына не жатады?
2. Графика өнері дегеніміз не?
3. Графика қай елдің сөзінен шыққан?
4. Қандай графика өнермен таныс болдық? – деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймыз.

ҮІ. Оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру
Сабаққа қатысып отырған оқушыларды және суреттерін тексеру арқылы мадақтау.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 27.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан қалып үлгі мен трафарет (құрамақ) жасау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қағаздан құрамақтар жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, шығармашылық іскерліктерін арттыру. Оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік.
Көрнекілігі: шаблон үлгі
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: қайшы, желім, түрлі түсті қағаздар, қарындаш, т. б

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Қауіпсіздік ережелерін қайталау

ІІ. Өткен сабақты пысықтау
         Тақтада жапырақтарға жасырылған сұрақтар ілініп тұр. Сол сұрақтарға жауап берейік.

1. Қағаз қалай жасалады?

         Ағаштарды кеседі, бұтақ, жапырақ, тамырларынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де,әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп тегіс аппақ қағазға айналады.

2. Оригами дегеніміз не?

         Қағаздан жасалған бұйымдарды оригами дейміз.

3. Белгілеу және өлшеу

-         Бүгу сызықтары арқылы;

-         Тор көздер бойынша;

-         Трафарет бойынша;

-         Тепшу тігісімен;

-         Қалып үлгі бойынша;

-         Үшбұрыш және циркульмен.

        

Балалардың қолдарын жаттықтыру мақсатында қағаздан балық жасаймыз. Ол үшін видеоны көрсетемін. Оқушыларға көмек көрсету. Жасалған балықтарын тақтада жасалған теңізге жібереміз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

         Қағаз – әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. Ол жақсы желімденеді.
         Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр - сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, бұйым жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі.
         Бір парақ қағаздан жеңіл, оны жыртудан оңай, отқа тамызыққа пайдалана салудан тиімді ештеңе жоқ. Есесіне бір жапырақ қағазды босқа тастамайтындар да бар. Мәселен, Батыс елдері кез келген қағазды қоқыс тастайтын жердегі арнайы жәшікке салады немесе маклатураға өткізеді. Жапондықтар мен қытайлықтар пайдаланылған қағаздың өзінен табыс табуды әдетке айналдырған.

        

ІҮ. Сергіту сәті. (видеоролик)

         Слайдтан қағаздан жасалған бұйымдарды көрсету.


hello_html_m147189e9.jpg hello_html_m50051129.jpg


         Қағаз кесінділерінен сопақша, үшкір немесе шеңбер тәрізді пішіндер құрастыруға болады. Оларды бір – біріне жалғап желімдесе және бояса, әдемі сәндік композиция шығады. Мұның бәрі өз шеберліктеріңе байланысты.

         Қызықты, сәнді композиция жасау үшін алдымен оның нобайын сызып алу керек.

         Қағаз кесінділерінен құрамақ (гүл) жасау.Слайдтан көрсету. Оқушы еңбегі, мұғалім көмегі. Дайын болған гүлді тақтада жасалған бақшаға отырғызамыз.


Ү. Қорытынды.

         Жасалған балық пен гүлімізді әдемілігіне, жасалуына, түстердің үйлесімділігіне қарай оқушылар бір – бірін бағалайды.




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 28.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Пішіндерден түрлі фигуралар құрастыру.
Сабақтың мақсаты: Құмыраны түрлі түсті қағаздармен безендіруді, түстерді үйлесімді пайдалануды, геометриялық фигураларды тиімді және тиісті жерге пайдалануды үйрету. Эстетикалық талғамдары мен ой-өрісін, шығармашылық қабілеттері мен қиялын дамыту. Ұқыптылық пен тазалыққа, сұлулық пен үйлесімділікке, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың құрал-жабдықтары: құмыралар, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, интербелсенді тақта.
Пән аралық байланыс: Математика.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) күн ретін сұрау;
Ә) оқушыларды түгелдеу;
Б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
- Балалар, өткен сабақта біз қандай жұмыс жасадық?
- Сүт қорабынан қаламсалғыш жасадық.
- Үйге қандай тапсырма берілген болатын?
- Бір қаламсалғыш жасау үшін неше қорап пайдаландық?
- Олардың сыртын немен безендірдік?
- Оларды бір-біріне қалай бекіттіңдер?
- Жұмыстарың көңілдеріңнен шықты ма?
Оқушылардың жасап келген жұмыстарын тексеру.
Үй жұмысын қорытындылау. 
- Міне, балалар, өз қолымызбен қаламсалғыш жасап үйде үстеліміздің үстіне қойып қойсақ, барлық заттарымыз бір жерде жиналып тұрады. Сүт қораптарынан және де басқа заттар да жасауға болады екен. Ол үшін бізге тек біздің қиялымыз бен ой ұшқырлығымыз қажет. 
Интербелсенді тақтадан қораптан жасалған заттарды көрсету.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз құмыраны геометриялық фигуралармен безендіреміз.
- Құмыра не үшін керек?
- Геометриялық фигураларға нелер жатады? 
Интербелсенді тақтада геометриялық фигуралар көрсетіледі.
-Құмыраларды әр түрлі заттармен безендіруге болады екен. Мысалы: Интербелсенді тақтада суреттерді көрсету.
- Түрлі бояулармен бояу, ермексазбен қаптан сыртына моншақтар, басқа да заттар жапсыру, гүлдер қадау, мата кесінділерімен сәндеу, тағы да басқа сәндеу жолдары өте көп екен. Бүгін біз енді құмыраны түрлі түсті қағазбен сәндейтін боламыз.
-Міне, мына суреттегі құмыралардың барлығы түрлі түсті қағаздармен сәнделген. Интербелсенді тақтада суреттерді көрсету.

ІІІ. Жұмыс ретімен таныстыру.
-Балалар қалай ойлайсыңдар, жұмысты неден бастаймыз?
Оқушылар ойын тыңдау.
-Ең алдымен ойласып аламыз. Қай түстен қандай геометриялық фигура жасаймыз және оны қайда орналастырамыз. Сонан кейін фигураларды қағаздан қиып аламыз. Сосын оны құмырамызға жапсырамыз. Топтық жұмыс болғаннан кейін, жарты топ қию жұмысын, ал қалғандары оларды жапсырумен айналысқаны дұрыс. Бұл жерде ескеретін нәрсе түстердің үйлесімділігі.

ІҮ. Практикалық жұмыс жасау.
Әр топ мұғалім түсіндірген ретпен жұмыстарын бастайды. Мұғалім әр топтың жұмысын бақылап жүреді. Топтағы барлық оқушылар жұмыс жасаулары қажет.
hello_html_16ad6cff.jpg


Ү. Жасаған жұмыстарын қорытындылау.
- Балалар, міне сендер өз қолдарыңмен құмыраны безендірдіңдер. Сендерге қай жұмысты жасау қиын болды? 
-Топтарыңда жұмыс жасамаған оқушы болды ма? 
-Міне, бірлесе отырып әдемі құмыра жасадық.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
- Құмыраны тағы немен безендіруге болады?
- Сендер немен безендірдіңдер?
- Геометриялық фигураларға нелер жатады?
- Жұмыстарың көңілдеріңнен шықты ма? 
-Жасаған құмыраларың өздеріңе ұнады ма?
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 28.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Тіл табыса білейік

Сабақтың мақсаты: Өзара  түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру, балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту. Балаларды өзара жағымды қарым қатынас жасай  білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Шаттық шеңбері

Жағдаяттарды шешіңдер. 

¯ Тілес Бегарысты байқамай

қағып кетті...

 

¯ Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды...

 

·        Осындай жағдайларда өзара түсінісу үшін не істеуге болады?

 

Піл мен Маймыл

Ертегі

Бір орманда Піл мен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты.

 Дүниеде менен күшті ешкім жоқ! Мен ашулансам, қандай ағаш болса да тамырымен жұлып аламын! – дейді Піл мақтанып.

Ағаштан-ағашқа мен сияқты ешкім секіре алмайды. Мен ептімін! – дейді Маймыл тез-тез сөйлеп.

Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен.

Уа, данышпан, Үкі! – дейді Маймыл бұтақтан бір қолымен ұстап тербетіліп тұрып.

У-у-х! Өй! – деп Үкі шошып кетеді. – Не болып қалды? Айта беріңдер!

Піл: «Дүниедегі ең күшті менмін», – деп мақтанады. Ал мен оған: «Дүниеде менен асқан епті жоқ» деймін.  Төрелігін өзің айтып бер.

Бір сөзбен айтқанда, – дейді Піл сөзге араласып. – Күшті болған жақсы ма, жоқ епті болған жақсы ма?

Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта жұмады.

Мына өзеннің арғы жағында бір зәулім алма ағашы бар. Жалғыз ғана ағаш. Соның ең болмағанда бір алмасын жесем, сонда ғана төрелік айта аламын, –дейді Үкі.

Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл:

Өзеннен қалай өтеміз? – деп уайымдайды.

Уайымдама! Кел арқама мін. Өзеннен сені мен алып өтемін. Мен күштімін ғой! – деп Піл Тұмсығын көкке көтеріп, мақтана қышқырып алады.

Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді.

Зәулім биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп:

Алманы қалай жинаймыз? –деп уайымдайды.

Сен осы жерде тұр, – дейді Маймыл қуанып. – Қазір тез өрмелеп шығамын да, жемісті саған лақтырып тұрамын. Мен ептімін ғой!

Екеуі осылай бір-біріне көмектесіп, алманы жинап алады. Содан қайтадан Үкіге келеді.

Үкі тағы да көпке дейін көзін ашпайды.

Уа, ормандағы құс атаулының ақылдысы! Біз саған алма әкелдік. Соны жеп ал да, өзіңнің әділ төрелігіңді айт, – дейді Маймыл.

Сен өзеннен өзің өттің бе? – дейді Үкі көзін ашпаған күйі.

Піл өткізді.

Епті едің ғой, ебің көмектеспеді ме?

Ағысы қатты, тау өзені екен. Ағызып әкетуі мүмкін еді.

Ал, Піл, сен зәулім биіктегі жемісті қалай тердің?

Маймыл көмектесті.

Оның қалай, күшің көмектесе алмады ма?

Жоқ. Егер Маймыл көмектеспесе, мен жеміс жинай алмас едім.

Дұрыс, – дейді Үкі. – Мен екеуіңді, қиын сәтте бір-біріңе қалай көмектесуге болатынын білсін деп алмаға жұмсаған едім. Дүниедегі ең қымбат – достық, татулық екенін енді екеуің білдіңдер. Мына әкелген жемістеріңді өздерің жей қойыңдар. – Мен мүлде алма жемеймін.

Міне, осылай Піл мен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен.

·        Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?

·        Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?

·        Ренжіскенде қандай көңіл күйде боласыңдар?


Келісіп пішкен тон  келте болмас.

Мақал


Келісім:

·         басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға көмектеседі;

·         адамдарды бір-бірін жақсы тани білуге үйретеді;

·          басқалардың көңіл күйін сезіне білуге ықпал етеді.

Ізгі тілек

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын.

 

Көк аспанда күн күлсін,

Ұл қолында ту жүрсін.

Қыз қолында гүл жүрсін.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.


ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.


Оқушылардың  еңбегін мадақтау.




































Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 23.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз.

Сабақтың мақсаты: Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру. Музыканы тыңдай білу, әнді мәнерлеп орындау қабілеттерін дамыту,оқушылардың ой - өрісін одан әрі жетілдіру. Балаларға рухани – танымдық тәрбие беру,ұлттық өнерге, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың өтілу әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, ән айту , музыкалық аспаптармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Музыкалық аспаптар, интерактивті тақта,кеспе қағаздар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

а) Сыныппен амандасу.

ә) Сыныпты түгендеу.


ІІ Сабаққа зейін аударту.

1.Үйренсең нотаны,

Ән де саласың,

Барлығын оп- оңай,

Жаттап аласың.

Сен де қосыл, жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.

ІІІ. Өткенге шолу

Дархан даланың үні – сыбызғы.

Балалар музыкалық аспаптарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді?

1.Сыбызғы аспабы неден жасалады?

2. Ұлттық музыкалық аспаптарды ата.

3. Біз қандай әндер үйрендік?

4. «Әліппе» әнінің сөзін жатқа айтып бер.


Сергіту кезеңі: «Біздің оркестр» (Қимылдарын қолмен көрсету)

Өтпейді әр кеш құр,

Ойнаймыз оркестр.

Дауылпаз бастайды,

Қылқобыз қостайды.

Сыбызғы,ысқырық

Қосылар ысқырып.

Домбыра, сырнай да,

Күй төгер мұндайда.


ІV. Бекіту.

Жұмбақтар айтылып, жауаптарын табу арқылы слайдтан ұлттық музыкалық аспаптар көрсетіледі.

1.Даусы бар, жаны бар,

Шертсең күйі әні бар.

Құлағын оң бұра,

Ол не .... (Домбыра)

2. Сызылған үні, сүйкімді тілі,

Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі. (Сыбызғы)

3.Тілшікті аспап, қобыздай асқақ.

Ерекше үні бар, бұл қандай аспап? Бұл -шаңқобыз.

Міне, балалар бүгінгі танысатын ұлттық аспабымыз- шаңқобыз.

( Үнтаспадан шаңқобыздың үнін тыңдатамын)


V. Жаңа сабақ. Табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз

Шаңқобыз- қазақтың көне музыкалық аспабы. Шаңқобызды ойнағанда оны тістеп тұрып, кішкентай темір тілшені қолымызбен тербеліске келтіру арқылы дыбысын шығарамыз.

Шаңқобыздың жасалу жолдын технология пәні мұғалімі Оразалина Алмагүл айтып өтеді.

Шаңқобыз –темірден, ағаштан, күмістен жасалынады.

Жақсы , балалар, біздер сыбызғының ағаштан, шаңқобыздың темірден жасалынатын білдік.

Өткен сабақта үйренген әніміз «Домбырасыз сән қайда?» әні. Әнін жазған композитор Ибрагим Нүсіпбаев ағамыз (Әнді қайталатамын)

Балалар, өткен сабақта сыбызғы аспабының шығуы жайында айтып өттім. Жолаушы жолда келе жатса судың жағасында ызыңдаған дыбысты естейді. Келіп қараса қураған қамыс екен. Қамысты жел үрлеп дыбыс шығырып жатса керек. Жолаушы үйіне алып келіп, қамысты ойып, музыкалық аспап жасайды. Ол – сыбызғы аспабы екен.

Біз де жайлауға, атамыздың аулына барып, қыдырып, ән айтып қайтайық.

б) Ән үйрету: «Қошақаным қайда екен?» әні.

Балалар, бүгін біз, Әсет Бейсеуов ағаларыңның «Қошақаным қайда екен?» әнін үйренеміз. Ән көңілді орындалады.

1.Әннің сөзін ауызша жаттатқызу.

«Қошақаным қайда екен?» әні. Әнін жазған Әсет Бейсеуов.

Жазда атамның аулына ,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шыға келді жүгіріп.

Қайырмасы:

Ақ маңдайлы ай ма екен?

Шекер ме екен, бал ма екен,

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?

Тентек құлын тебер деп,

Бұзаулармен бір ме екен.

Жазда мені келер деп,

Мені күтіп жүр ме екен?

2. Ән айту ережелерін еске түсіру.

3. Дауысқа жаттығу жасау.

4. Ән айту.


VІ. Қорытындылау.

Домбыра

Қобыз ------------ Ұлттық музыка аспаптары --------- Сыбызғы

Шаңқобыз Жетіген

Міне, балалар, қазақ халқының ұлттық музыка аспаптары өте көп.Қазір біз, сабағымызды қорытындылай келе, Нұрғиса Тілендиев аталарыңның «Ата толғауы» күйін тыңдай отырып қолымызбен әркім өзінің қалаған аспаптарын ойнау арқылы шағын «оркестр» құрамыз.

Үнтаспадан жайлап «Ата толғауы» күйін қосып қою.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 23.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жаңа сөз құрастыр

Балалардың даму деңгейін анықтау

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Ми гимнастикасы. (Өткен сабақтағы жаттығулар)

Балалардың зейінділігі мен есту қабілетін байқау.

Тапсырма №1.

Тапсырманы мұқият қарап шық.Суреттегілер қайда тұрады? Көк түспен ұяға және қызыл түспен үйшікке апар.


hello_html_43050a99.jpg



Тапсырма №2.

Жұмбақты шеш.Жауабын суреттен тауып, боя

Топырақты бұзып жарып,

Өсіп шықты тамырдан.

Қалпақ киіп қолшатырдай,

Шықты жерге жұлдыздай.

hello_html_m34675b98.jpg


Көңілді үзіліс.

Сол қолыңмен оң құлағыңды, ал оң қолыңмен мұрныңды

ұста. Енді қолдарыңды тез ауыстырып, сол қолыңмен

мұрныңды, оң қолыңмен құлағыңды ұста. (Бес рет)

Тапсырма № 3.

Қайсысы артық?

hello_html_177b9541.jpg



Жауабы: банан,күшік


Тапсырма №4.

Үлгіге қарап боя.

hello_html_m17854831.jpg



Көзге арналған жаттығулар.

"Мерген көз"көздің шаршағанын басуға көмектеседі. Сағат тілінің бағытымен 6 рет дөңгелек сызу және кері бағытта да 6 рет дөңгелек сызу.

" Көзбен ату " - көзді оңға-солға, жоғары-төмен бағытта қозғалту.

Гафикалық диктант.

а) Ең алдымен саусақтарымыз "амандасып " алсын. Оң қолымыздың басбармағы сол қолымыздың саусақтарымен амандасып шығады.

Содан кейін сол қолымыздың басбармағы оң қолымыздың саусақтарымен амандасады.

ә) Суретке мұқият қара. Сол жаққа дәл осындай өрнектің суретін сал.

Сабақты қорытындылау.





Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 28.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жұбын тап

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі


1.Ми гимнастикасы.

«Басты шайқау» ойлау қабілетін жақсартады (30 секунд).

«Жалқау сегіздіктер» мидың белсенді жұмыс істеуіне, есте

сақтау қабілетінің дамуына кемектеседі (2-3 рет).

«Kөздi жыпылықтату» көз ауруларының барлық түріне

пайдалы. Демалып, демшығарған сайын көзді жыпылықтат.


2.Ширату

Саған кім болады?

Әкеңнің әкесі — ата.

Әкеңнің шешесі - әже.

Шешеңнің әкесі- нағашы ата.

Шешеңнің шешесі - нағашы әже.

Өзіңнен кіші қыз бала- қарындас.

Өзіңнен кіші ер бала- іні.


Тапсырма №1. Кәмпиттерді былайша боя: үлкен кәмпитті қызыл және көк кәмпиттің ортасында, ал күлгін кімпит көк кәмпиттің қасында болсын.

hello_html_m805401b.jpg



Тапсырма №2.Жәндіктер мен құстарды ата. Жәндіктерді қызыл қарындашпен, ал құстарды сары түспен айналдыра сыз.


hello_html_3cabb7a2.jpg


3. Көңілді үзіліс

Сол қолыңмен желкеңнен маңдайыңа дейін және оң қолыңмен

қарыныңды сипа.

Бұл жаттығу бірмезгілде орындалады.

Келесіде қолдардың қозғалысын ауыстыру керек. Жаттығу 4

рет қайталанады.

Логикалық ізденіс тапсырмалары.


Тапсырма №3. Суреттен артық затты тауып,оны боя.

Жауабы: қарындаш


Тапсырма №4. Суретшінің қатесін түзет.

Жауабы: а) тәрелке артық, бұл жерге кесе немесе шыны аяқ

тұруы керек.

Ә) ыдысқа гүл дұрыс салынбаған.


Тапсырма №5. Жаңылыспадағы суретті төменде берілген суреттерден тап және оны боя. Жауабы: 1, 3, 4-суреттер.


4. Сабақты қорытындылау.

а) Ең алдымен саусақтарымыз "амандасып " алсын. Оң қолымыздың басбармағы сол қолымыздың саусақтарымен амандасып шығады.

Содан кейін сол қолымыздың басбармағы оң қолымыздың саусақтарымен амандасады.

ә) Суретке мұқият қара. Сол жаққа дәл осындай өрнектің суретін сал.













Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Қызықты грамматика

Күні: 24.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Өз біліміңді тексер

Сабақтың мақсаты:Көргенін сауатты да қатесіз жаза білуге үйрету. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: ана тілі


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Мәтін дегеніміз не?

Мәтіннің қандай түрлері болады?

Мәтіндегі әрбір ой қандай жолдан бастап жазылады?


Сергіту сәті


IV. Мақсат қою кезеңі

Көргенімізді қатесіз жазамыз


V. Жаңа тақырып

Л л әрпін көркем жазу

Мәтінмен жұмыс

Алғыс

Балалар мектепке келе жатты. Бір әжей құдықтан су алып жатыр еді. Дәулет әжейге құдықтан су алып берді.тӘжей қуанып, Дәулетке алғыс айтты.

Сурет бойынша жұмыс

Ауызша әңгіме

Өз бетімен жұмыс

Алғыс мәтінін көру арқылы жазу

Мәтіндегі сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табу


VI. Жаңа материалды пысықтау

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров520
Номер материала ДВ-159454
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх