Білім беру саласы: «таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қарапайым математика
Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлау туралы түсініктерін дамыту. Бұл сабақта заттардың қайда орналасқандары туралы түсінік беру. Балаларды оң және сол жақтарын білуге үйрету;балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әліппе дәптер, қима суреттері,заттар.
Сөздік жұмысы: пішін, дөңгелек, үшбұыш, тіктөртбұрыш.
Билингвальный компонент: оң- правый, сол- левый, асты- вниз,үсті- вверх, пішін- фигура, дөңгелек-круг, үшбұыш-триугольник, тіктөртбұрыш-четыреугольник.
Ынталандыру. Сезімді ояту
Балаларға шеңбер болып тұрды.
Амансың ба,жер ана!
Амансың ба, нұрлы күн!
Аман есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Балалар шаттық шеңберге тұрып қимыл қозғалыс жасайды.
Ұйымдастырушылық—ізденістік
Кеңістіктегі байланыстар мен қатынастар сөйлеу тілдерінде мына сөздердің көмегімен беріледі. ішінде, үстінде, астында, алдында, артында, қарсысында, жоғарыда, төменде, жоғары, төмен, қасында, бір-бірінің артында, арасында, сол жақ, оң жақ, жоғарыда, төменгі және т.б.
№ 1тапсырма.
«Оңға бұрыл », «Оң қолында сол құлағыңның ұшына тигіз» деген қозғалыс бағытына қатысты түрлі тапсырмалар ұнайды.
Балалармен жұмыс жүргізу кезінде аталған бағытта қозғалу,жүру және жүгіру кезінде қозғалыс бағытын өзгерту дағдыларын дамытуға үлкен мән беріледі.
Осы мақсатта дидакикалық және қозғалыс ойындар жүйесі қолданылады. Бұл тапсырмалардың күрделендірілуі мынадан көрінеді: балалар жүріп-тұрғанда қозғалыс бағыттарының саны арттырылады, бағдарлау алаңы арттырылады,тапсырманы орындау шарттары күрделендіріледі; балалар көздерін жұмып, тез қозғалысБалабақшаға жақын маңда орналасқан нәрселерді бағдарлау дағдыларын дамыту үшін арнайы жаттығулар жүргізіледі.
Сергіту сәті:
Көлдің беті кілегей,
Жер -сап сары бірегей.
Тырау-тырау тырналар
Түстікке бетті бұрды олар
Қара суық жел есті,
Күннің көзі көмескі
Берілген тапсырманы орындайды
Балалар қимылмен
көрсетеді
«Дүкенге (тәтті тоқаш сататын жерге және т.б.)қалай баруға болады?» Поштаға дәріханаға баратын жол, «Мектепке баратын жол»? Олар балалардың бағдарлау қабілеттерін арттырып,жолды таба білуге үйретеді.
№3тапсырма. Әр қатардағы фигуралардың ортақ белгілерін тап.Көлемі, пішіні, түсін салыстыру.
№4тапсырма. Фигураларды жаңа орынға көшір.
Мысалы: Үлкен үшбұрыш кіші үшбұрыш болады. т.с..
.
Берілген тапсырманы орындайды
Рефлексиялық -түзетушідік
Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:
Сабақ соңында заттардың қайда тұрғандары туралы бағдарлау. Ойын «Кім жылдам » (Тығылған зат табу)ойынын қайталаңыз.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже: балаларда кеңістік туралы түсінік қалыптасады.
Нені білу керек: балалар оң және сол жақтарын, асты үстін жанын т.б кеңістіктерді ажырата білуі тиіс.
Түсінігі: балалар алдында, артыңда, жаныңда, ішінде т.б айырмашылығын түсінеді .
Көрсете біліу: балалар кеңістіктерді тауып көрсете біледі.