Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Қарапайым математика. ПМӘМ тәрбиеленушілері 3 деңгей
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Қарапайым математика. ПМӘМ тәрбиеленушілері 3 деңгей

библиотека
материалов

Тексерілді:____________

І тоқсан. 1-сабақ.

Мерзімі: 25-29/01

Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау. Қанша? Неше? Нешеу?

Тура және кері санау.

Мақсаты: 1. Санаудың мәнін ашу, жекелеген заттарды санауға үйрету.

  1. Тәрбиеленушілерді санауға үйретудің тәсілдерімен таныстыру, зат пен санды сәйкестендіруге үйрету.

  2. Заттардың қасиеттері туралы түсініктері қалыптастыру.

  3. Қанша?неше? сұрақтарына жауап беріп,заттарды санап,салыстыру.

Көрнекілігі: Әр түрлі заттар, ойыншықтар,суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың барысы:



1-күн. Заттар туралы мағлұмат беру.

-Мына кішкентай көжек неге жылап тұр деп ойлайсың?

-Көжек мектепке бірінші сыныпқа келіпті, оның қолында не бар? -- қолыңдағы шарларының жартысын ұшырып алыпты, соған жылап тұр екен.

-Көжекке көмектесеміз бе?

-Санап шарлардың жібін көжектің қолына ұстату.

-Сонымен неше шар бар екен?

-10 шар.



hello_html_5a768cc5.jpg

-Жақсы біздің көжек енді оқушы болды.

-санауға, есептер шығаруға бізді қай пән үйретеді, қай оқулық?

-дұрыс, математика.

-ендеше, көжекке математика кітабын сыйға тартайық. Ол орман мектебінде барып математика ғылымын оқып,зерттесін.

- ал енді біз де кітабымызды ашып, сандар әлеміне үңіліп, санауды үйрене бастайық.

Заттарды санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Кері санау: 10, 9, 8 ,7 ,6 ,5 ,4 ,3, 2, 1. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Сандарды тиісті ретпен орналастыру. 2, 4 5, 6, 8, 7, 1, 9, 10hello_html_m5d2441ad.jpg







2-күн. Оқулықпен жұмыс.

Тәрбиеленушінің назарын оқулыққа аудару.

3 бет №1 тапсырма заттарды ата, сана.

hello_html_m62d05b57.jpghello_html_m598b5c67.jpghello_html_5e875311.jpg



Тура санау, кері санату. Әр затты санау, барлығын бірге санау.
3 бет № 2 тапсырма сурет бойынша жұмыс.

  • Кімдерді көріп отырсыңдар?

  • Мұғалім нешеу?

  • Оқушылар нешеу?

  • Оң жақта неше бала?

  • Сол жақта неше бала? т.т

4 бет №3 Қояндар нешеу? Тәтті тоқаштар нешеу? Барлық тоқаштар қояндарға жете ме? (Бөлшектері үлестіру алдағы уақытта үлес тақырыбына дайындық) торттың бір бөлігі, бірден екі бөлігі, барлығы төрт бөлік.

hello_html_5a768cc5.jpghello_html_m28be8609.jpghello_html_m28be8609.jpghello_html_5a768cc5.jpghello_html_5a768cc5.jpg


3-күн. Дәптермен жұмыс:

1. «Цирк» жануарларды ата, сана, боя. Геометриялық фигураларды ата, сана, боя.

2. Жемістерді ата, сана, тиісті суретін сал.

3. Математикадан қосымша дәптерде жұмыстану, есеп шығару.

Сергіту сәті:

Жоғары қарадым – аспан көрдім,

Төмен қарадым - жер көрдім.

Оңға бұрылдым, солға бұрылдым,

Егеменді ел көрдім

Дұрыс отыру,дәптердің дұрыс орналасуын, қаламды дұрыс ұстауды қадағалау.


4-күн. Тапқыр болсаң, тауып көр! (жұмбақ есептер)

1.Үйге кірді Алдияр,

Оған қоса Мадияр.

Кейін келді Айдана

Қанша болды бар бала?

2.Тауық шықты көшеге,

Ерді барлық шөже де.

Алға кетті жетеуі,

Артта қалды үшеуі,

Санай алмай барлығын

Есі шықты тауықтың

Сен есепте, балақан

Қанша болды балапан?



Санамақ айту

0-Дөңгелекке ұқсайды,

Доп сияқты ұшпайды.

Досым нөлді О дейді,

Десем бұл «нөл» ұқпайды.

1-Біздің үйде бір тауық

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада

Бәтіш тәтем жүр сауып.

2-Екі аяқпен жүремін,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің

Екеу құлақ білемін.

3-Үйімде бар үш қалам,

Үшеуін де ұштағам.

Үш досымды салдым мен

Үш балыққа ұқсаған.

4-Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да.

Тауыса алмай бидайды

Төрт тышқан жүр қамбада.

5-«Бестік» деген бағаны,

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді.

Беске оқыған баланы.

6-«Алақай!» дер келді күн,

Алтыдамын мен бүгін.

Алты жасқа келмекші,

Алғы аптада енді кім?

7-Жеті саны киелі,

Жұрттың бәрі біледі.

Жеті жасқа жеткендер

Жығылмай-ақ жүреді.

8-Сен де, мен де баламыз,

Сегіз санын саламыз.

Сегіз деген екі төрт,

Сегіз жаста ағамыз.

9-Тоғыз жасқа келгенім,

Тоғыз жылды көргенім.

Тоғыз жаста тәнті еткен,

Талабымды көр менің!

10-Он жыл, он жас- он деген,

Он жас кіші ол менен.

Онды жаза аламыз,

Он тұрған бір нөлменен.


5-күн. Логикалық тапсырмаларды.

  1. *Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?

  2. *Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?

  3. *4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?

  4. *2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?

  5. *Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

  6. *Бір айда 5 жексенбі бола ма?

  7. *Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?

  8. *Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?

  9. *Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?


















Тексерілді:____________

І тоқсан. 2-сабақ

Мерзімі: 22-26/02

Сабақтың тақырыбы: Заттарды салыстыру. (пішіні, өлшемі, түсі,

массасы, сыйымдылығы, бағасы, ауданы).

Мақсаты: 1. Заттардың әр түрлі белгілеріне қарай салыстыру арқылы өлшемі,түсі, және

пішіні туралы түсініктерін қалыптастыру.

  1. Әр түрлі дидактикалық тапсырмалар орындау.

  2. Заттарды әр түрлі белгілері бойынша салыстырып,оларды санау, фигураларды сәйкес түске бояу, өз беттерінше жұмыс жасау дағдылары қалыптастыру;

Көрнекілігі: Әр түрлі заттар, ойыншықтар,суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1-күн. Қызығушылықты ояту.

Жаңа материалды оқып -үйренуге дайындық жұмыс ретінде практикалық жұмыс ұйымдастырылады. Сөреге біртіндеп санай отырып, бір түстегі екі кішкентай текше және басқа түстегі үлкен бір текше қойылады: «Мына текшелерді солдан оңға қарай, оңнан соға қарай санандар. Бұл ойыншықтар туралы не айталасындар?»

Ары қарай үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізіледі.

Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек - геометриялық фигуралармен жұмыс. Содан соң оқушылар геометриялық фигураларды салыстырады.

Осы материалмен санау және фигураларды топтастыруға ұйымдастыруға болады. Фигураларды мөлшері бойынша, содан соң түсі бойынша екі топқа бөлуді ұсынады.

Оқушылар осы сабақтан заттарды биіктігі, ұзындығы, ені, т.б. бойынша салыстырады (мұғалім мен оқушының бойы, үзілген жіптердің ұзындықтары, партаның биіктігі, қуыршақтардың мөлшері).


2-күн. Оқулықпен жұмыс.

1 суреттің көмегімен түрлі белгілері бойынша (ұзындығы,түсі,пішіні) әр топтағы сурет салыстырылады және нәтижесі мына сөздермен айтылады: түсі, мөлшері, биіктігі, ені бойынша бірдей немесе әртүрлі. «Хайуанаттар бағында жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сырлаушылар торды сырлады. Енді аңдарды өз торларына орналастыру керек. Түлкіні қай торға орналастырамыз? Неге? Түлкі мен оның торын көрсет т.б.»

№1 тапсырманы орындау кезінде белгілері бойынша (биік-аласа, үлкен -кіші) салыстыру жұмысы жүргізілсе, №2 тапсырмада автомобильдің ұсақ бөлшектері салыстырылады. Бұл тапсырма балалардың бақылағыштығын, зейінін дамытуға бағытталған.

№3 тапсырмада заттардың массасы туралы қарапайым тұрмыстық түсініктері анықталады: «Үлкен зат -ауыр зат, кішкентай зат-жеңіл». Мұғалім массасы бойынша салыстыруға болатын, сөйлем құрап айтуға ыңғайлы заттарды атауды сұрайды. Мұғалім оларға көмек ретінде массасы бойынша салыстыруға болатын мысалдарды келтіреді. Мынадай ойын түрлерін ұйымдастыруға болады: «Сенің портфелиндегі заттар қандай материалдан жасалған?», «Жұбын тап», «Не өзгерді?», т.б. (ойындарға берілген нұсқауды қараңыз).


3-күн. Тапсырмалар орындау.

1 тапсырманы орындау кезінде белгілері бойынша (биік-аласа, үлкен -кіші) салыстыру жұмысы жүргізілсе, №2 тапсырмада автомобильдің ұсақ бөлшектері салыстырылады. Бұл тапсырма балалардың бақылағыштығын, зейінін дамытуға бағытталған.

№3 тапсырмада заттардың массасы туралы қарапайым тұрмыстық түсініктері анықталады: «Үлкен зат -ауыр зат, кішкентай зат-жеңіл». Мұғалім массасы бойынша салыстыруға болатын, сөйлем құрап айтуға ыңғайлы заттарды атауды сұрайды. Мұғалім оларға көмек ретінде массасы бойынша салыстыруға болатын мысалдарды келтіреді. Мынадай ойын түрлерін ұйымдастыруға болады: «Сенің портфелиндегі заттар қандай материалдан жасалған?», «Жұбын тап», «Не өзгерді?», т.б. (ойындарға берілген нұсқауды қараңыз).


4-күн. Дәптермен жұмыс

№1 тапсырма алғашқы бекіту жұмысына арналған. Бұл жаттығуларды орындауда балалар берілген тапсырма бойынша ағаштарды ажырата білуі маңызды: «Теректі көрсет. Қайыңды көрсет. Ағаштардың арасынан емен ағашын көрсет. Қайың, емен,теректің жапырақтарын көрсет және оларды ағаштармен сызық арқылы қос».

№2 тапсырма бойынша мұғалім 4 ұяшықтан тұратын 4 кестені қарауды ұсынады:

-Оң жақтағы жоғарғы ұяшықта жұлдызша, сол жақта күн бейнеленген. Оң жақтағы төменгі ұяшықта ненің суреті салынған? Сол жақтағы төменгі ұяшықта ше? Кестенің ұяшығындағы суреттер бірдей болатындай етіп ,қарындашпен суреттерін сал.

№3 тапсырма графикалық дағдыларын қалыптастыру үшін берілген.


5-күн. Қортындылау.

Есеп шығару.

Сұрақ-жауап:

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Заттарды қалай салыстырады?

-Қандай белгілері бойынша?

-Қандай тапсырма сендерге ұнады?

-Қандай тапсырма қиын болды?























Тексерілді:________

ІІ тоқсан. 1-сабақ.

Мерзімі: 24-25/03

Сабақтың тақырыбы: Кеңістікте бағдарлау.

Затардың кеңістікте орналасу қалпы.

Мақсаты: 1. Заттарды салыстыру арқылы қажетті ұғымдарды енгізу.

  1. Кеңістік туралы түсініктерін нақтылап түсу,қалыптастыру.

  2. Заттардың бір-біріне қатысты орналасу қалпын анықтап үйрету, сөздердің мән-мағынасын түсініп, қолдана алуға үйрету.

Көрнекілігі: Әр түрлі заттар, ойыншықтар,суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың барысы:


1-күн. Оқулықпен жұмыс.

1. Сурет бойынша жұмыс (жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау.)

2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу.

3. а) Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау.

б) Оқушыларды бір-бірінің алдына, артына, оң жағына , сол жағына тұрғызу.


2-күн. Дәптермен жұмыс. Сөздік.

Үш тілділік саясат:

Сол жақта - на лево - on the left

Оң жақта - на право - on the right

Жоғары - наверху - up

Төмен - внизу - down

Алдында - с переди - in front of

Артында - с сзади - behind

Арасында - между - between

Үстінде - наверху - on the

Есеп шығару.


3-күн. Талқылауға арналған тапсырмалар.

  • Сыныпта қандай заттарды көріп тұрсыңдар?

  • Ол заттар қалай орналасқан?

  • Заттың кеңстікте орналасуын қалай таптыңыздар?

  • Тақта кітап сөресінің қай жағында тұр?

« Шыбын қонды» ойыны.

Мынау тор көздердегі сандарға қараңдар, ортасында 7 саны тұр. Оның қасында шыбын қонып тұр. Енді көздеріңнің көмегімен шыбын қайда қонғанын табамыз. Ол үшін қазір мен сендерге әр түрлі бағыттарға нұсқау беремін. Мысалы: оңға десем сендер көздің көмегімен оң жаққа жүреміз, төмен десем төмен қарай түсеміз. Енді қараңдар шыбын қай санға тоқтағанын айтасыңдар.

-Қай санға тоқтапты?

-5 санына

-Жарайсыңдар, енді бастаймыз.

-Оңға, оңға, төмен, төмен

-Солға, оңға, жоғары, төмен.

-Жоғары, жоғары, солға,төмен.

4-күн. «Бізді қоршаған әлем» ойыны.

«Бізді қоршаған әлем» тақырыбын еске түсіріп, қоршаған заттарды атаңыз.

1. Заттарды (машина, қуыршақ, доп ) көрсетіп, орналасуын бағытын өзгертеді. Тәрббиеленуші нәтижесінде не байқады? Түсіндіру.

2. Сынып бөлмесіндегі заттарды атаңдар.Олар қалай орналасқан.

3. Сынып бөлмесіндегі заттарды 1) жоғарыдағы, 2) төмендегі, 3) оң жақтағы, 4) сол жақтағы заттарды атайды.

*Барлық заттар аталды ма?

*Біз қалай тексере аламыз?


5-күн. «Көршілерін ата». Дидактикалық ойын.

Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасу қалпы туралы түсініктерін тиянақтау.

Қажетті құрал - жабдықтар. Әртүрлі заттық суреттер.

Ойын мазмұны. Тақтаға үш оқушы шақырылады, сыныпқа қарап тұрады. Олардың әрқайсысының оң жақтағы, ортадағы, яғни арасындағы тұрған оқушының есімдері анықталады. Енді бағытын өзгертіп, терезеге қарап тұрады да, алдындағы жұмыс орындалады. Олар орындарына отырады да, біреуінің оң жақтағы сол жақтағы, алдындағы, артындағы көршілері анықталады. Осыған ұқсас жұмысты заттың суреттерімен де орындауға болады.


































4-сабақ. ІІ тоқсан. 18-22/04

Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс бағыты

Мақсаты: 1. Қозғалыс бағыты туралы кең түсінік қалыптастыру.

  1. Әр бағыттағы қозғалыс туралы түсініктерін кеңейте түсу.

  2. Алған білімдерін өз тәжірибелерінде қолдана алуға жетелеу.

  3. Дидактикалық тапсырмалар орындау.

Көрнекілігі: Суреттер.

Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1-күн.Сабақ мазмұнымен таныстыру

hello_html_609ee402.png

Қозғалыс түрлері туралы қысқаша түсінік беру.

Өз ойларын, мысалдарын келтіруге мүмкіндік беру.










2-күн. Логикалық тапсырмалар .

Дәптерге өз бетімен логикалық есептерді шығарту.

Қатемен жұмыс.


3-күн.Тапсырмалар орындау.

  1. Көрсетілген суреттегі заттардың қозғалыс бағытын анықтап айту.

  2. Кішкентай қызға үйге жетуіне көмектес.

  3. Мысықтар мен ойыншықтарды боя.


4-күн. Есептер шығару.

Өз бетімен есеп шығаруға дығдылау.

Сөздік жазу.

hello_html_139c15fd.jpg


5-күн.Бекіту жұмысы.

  1. Боямақ бояу

  2. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру.

  3. Есеп шығару.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.05.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров112
Номер материала ДБ-070549
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх