Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Қарапайым математика пəні бойынша ашық сабақ "Ғарышқа ұшу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Қарапайым математика пəні бойынша ашық сабақ "Ғарышқа ұшу"

библиотека
материалов

«Ғарышқа ұшу» Дъенеш блоктарымен бірге сюжеттік-дидактикалық ойын.

Максаттары. Психикалык функциялары мен логикалык ойлауды дамыту. Ойлау қабілеттері мен машыктарын қалыптастыру, балалардың назарға алу,есте сақтау, қабылдау сияқты қасиеттерін шынықтыру.

Міндеттері. Балалардын бір ғана ерекшеліктері (түсі, формасы,көлемі, жуандығы) анықтау қабілетін меңгеруге ықпал жасау, осы ерекшеліктердің əрқайсысы бойынша заттарды салыстыру, топтастыру, жалпылауға баулу. Баланың бір ғана ерекшелікпен бағдарлау қабілетін дамыту (бір ерекшелікті екіншісінен анықтап, ажырату, заттарды салыстыру,топтастыру, жалпылау). Екі жане үш ерекшеліктермен əрекет ету қабілетін қалыптастыру. Балаларды үлгі бойынша сұлбасын жасау түріндегі ойындарда сұлба жасауға белсенді араласуға машықтаныру. Балаларды дауыстап санауға үйрету. Балаларды заттардың түсі,формасы, көлемі бойынша жалпылауға үйретуді жалғастыру.

Бір-біріне жане көмекке зəру достарына көмектесуге тəрбиелеу.

Материал: балға,0_ден 5дейін сандар, 3 шеңбер, түсқағаз жинағы, Дъенештың логикалык блоктары.

1-кезең.«Ғарышқа зымыранмен ұшамыз»

Ғарышқа немен ұшамыз? – зымыранмен. Ал бізде зымыран бар ма? – жоқ. Бірақ бізде геометриялық фигуралар бар. Кəнекей, осы фигуралардан зымыран құрастырайық (əркім

2-кезең «Кодты шеш»

Балалар, біз егер арнайы кодты шешпесек, біздің зымырандарымыз от алмайды. Ал код жасырылған, оны шешу үшін қазір балғаның тықылын санаңдар. Сонымен, бастаймыз, үндемей тындаймыз да, ішімізден санаймыз.

3-кезең. «Айбекке көмек»

Кəнекей Айбекке планетамызды тастардан тазартуға көмектесейік. Бұл үшін көк шеңберге барлық көк фигураларды, ал жасыл шеңберге барлық дөңгелектерді салайық. Бір-бірден келіп, тастарды алып, оның түсін, формасы мен көлемін айтамыз да , осы тасты қайда салу керектігін айтамыз.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Тəрбиеші: Айдан Жерге сигнал түсті: бұл көмек көрсетіңдер деген сөз.

- «Балалар, біз қиындыққа тап болдық, біздің планетамызды тастар басып қалды. Біз осы тастарды геометриялық фигураларды білмегендіктен, арши алмаймыз. Бізге көмектесіңіздерші! Айбек»

- Біз енді не істейміз? Қалай болар екен?

- Біз оларға қалай көмектесе аламыз? Бұл үшін ғарышқа ұшу керек.

- Ал ғарышқа немен ұшады? – зымыранмен

- Ал бізде зымыран бар ма? – жоқ

- Бірақ бізде геометриялық фигуралар бар. Кəнекей, біз олардан зымыран құрап алайық (əркім өзі үшін).

- Бұл үшін үлгіге қараңдар да, есте сақтаңдар.

- Жинай бастаймыз!

- Дұрыс жинауға тырысыңдар. Зымыран басқа планетаға ұшып жету үшін мықты болуы керек.

- Міне жарайсыңдар! Біздң енді көп зымырандарымыз бар. Олар бір-бірінен қалай ажыратылады?-түстерімен. Олар несімен ұқсайды – формасы мен көлемдерімен.

Денешынықтыру минуты:

Бір, екі – зымыран тұр (қолды жоғары көтереміз, алақандарымызды қосамыз)

Үш, төрт – ұшақ (қолдарымыз жанымызда)

Бір, екі – шапалақ (бұдан əрі мəтін бойыншы)

Осыдан кейін əр санамаққа

Бір, екі, үш, төрт.

Орнымызда жүреміз.

- Балалар, егер бір арнайы кодты шешпесек, зымырандарымыз от алмайды, ал код жасырынған. Тыныш отырып, балғаның тықылын санасаңдар, оны шешесіңдер.

- Сонымен бастаймыз! Тындаймыз да, ішімізден санаймыз.

- Балға неше рет тықылдады – бір.

- Дұрыс, жарайсыңдар!

- Даурен сен столға бері жақында, 1 санын тапшы, сосын оны түсқағаздар жинағына сал жəне қалған сандарды да (3, 4, 5, 2).

- Сонымен кодты таптық!

- Код неше саннан құралған? – 5

- Жарайсыңдар! Құралған кодты оқиық.

- Зымыран ұшуға дайын. Ұштық! (балалар тұрып, столдан бірінен соң бірі шығып, үлкен шеңбер құрып тұрады, оның ішінде екі түсті шеңбер жатады, айналасыңда Дъенештің логикалық блоктары шашылып жатады).

- Мінекей ұшып келді. Біз қазір Айдамыз.

- Балалар бұл планетаға ғарыштың түкпірлерінен келген көптеген тастар ұшып келе жатыр. Бұл аспан тастары – метеориттер деп аталады, қараңдаршы қандай көп!

- Олар қалай ажыратылады?-түсі, формасы, көлемі, жуандығымен.

Кəнекей балалар, Айбекке планетаны тастардан тазартуға көмектесейік. Бұл үшін көк шеңберге барлық көк фигураларды, ал жасылғс барлық дөңгелектерді салу керек. Бір-бірден келіп, тастарды алып, оның түсін, формасы мен көлемін айтамыз да, осы тасты қайда салу керектігін айтамыз,

- Аружан (мен дөңгелекті алып, оны жасыл шеңберге саламын жəне т.б.).

- Қараңдаршы, тапсырма дұрыс орындалды ма? – ия

- Жақсы, ал енді маған қазір көк шеңбердің ішінде қанадай фигуралар жатқанын айтып беріңдерші (көк шеңбердің ішінде барлық көк фигуралар жатыр жəне т.б.).

- Ал шеңбердің сыртында қандай тастар қалды, түсі, формасы, көлемі, (балалар айтады)

-Барлығы таза болу үшін, кəнекей сыртта қалған барлық тастарды қызыл шеңбердің ішіне салайық (барлық балалар жинайды)

-Мінекей, барлығын да жинадық, енді таза болды, Жарайсыңдар!

-Балалар сендерге біздің саяхатымыз ұнады ма? -ия

-Біз саяхат кезінде немен айналыстық? – (Айбекке планетаны тастардан тазартуға көмектестік).

-Жарайсыңдар!

-Айбек сендерге өте риза болды жəне ол сендергетосынсый дайындапты, бірақ ол Жерде.

-Өзіміздің зымырандарымызға отырып, жерге үйге қайтамыз. Қондық! Ал мынау, балалар- əртүрлі формалы метеориттер салынған шеңбер сендерге, олар өте дəмді, əрі татті.







hello_html_7bca4b4a.jpg
hello_html_m20a8e06d.jpg


Автор
Дата добавления 04.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров65
Номер материала ДБ-066423
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх