689211
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокДошкольное образованиеКонспектыҚарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде пайдаланатын дидактикалық ойындардың

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде пайдаланатын дидактикалық ойындардың

библиотека
материалов

Кіріспе


Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады.
Белгілі психолог Е. А. Аркиннің пайымдауынша, ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден - бір жалпы ұғым: «Балақай өсімдік сияқты өз ішінен өсіп жетіледі. Және бұл үрдіс қатал түрде әр жеке баланың өзіне ғана тән. Бала тіршілігінің негізгі заңдарының бірі осындай».

Кезінде К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинскийлер балабақша тәрбиеленушісі – балалық үшін оларды тәрбиелейтіндей орта туғызу, жағдай жасау керектігін атап көрсеткен болатын.
Оқу мен тәрбиеге байланысты жұмыстарды үйлестіруде іздестіру барысында С. Т. Шацкий қазірге дейін маңызын жоймаған мынадай пікір айтқан еді: «Біздің қолымызда күш пен қаржы болғандықтан, біз тек арнаулы мектеп ғимараттарындағы емес, одан тыс жерлердегі педагогикалық үрдістерді зерттеуіміз керек».

«Балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруды қалай жақсартуға болады? Бұл мәселе педагогикалық үрдісте қандай орын алады?» деген сұрақтарына жауап іздеп көрелік. Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күнінен бастап – ақ маңызды орын алады. Алайда жақсы, дұрыс ұйымдастырылған ойын ғана тиісті, қалағаныңдай нәтиже бере алады. Ойын мектепке дейінгі тәрбиешілердің бірден - бір көмекшісі болуы керек деген.
Дидактика - термині гректің «дидактос», яғни үйрететін деген сөзден шыққан. Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді. К. Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды.
hello_html_m46129cc2.png

Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар


«Кеңістік»

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.
Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.


«Жоғарыда-төменде»

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.


«Оң және сол»

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.

hello_html_4d944086.jpghello_html_m46129cc2.png

«Суреттерді орналастыр»

Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер.

Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.


«Танып ал да, атын ата»

Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.

Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.


hello_html_3999feaf.jpg


«Тәулік бөліктері »

Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.hello_html_m46129cc2.png

Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер

Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.


«Сипаттамасы бойынша тап»

Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.


«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»


hello_html_m5c8c70f5.jpghello_html_m46129cc2.png

«Доппен ойнау»

Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: доп.

Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады.
«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады.

2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі.
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.

hello_html_1caa34c2.jpg


«Ойыншықты тап»

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Көрнекілік: Топтағы ойыншық.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бірhello_html_m46129cc2.png

баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.


«Жоғарыда–төменде, биік-аласа»

Мақсаты: жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау.

Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.

Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.


Сандық құрамды ажыратуға арналған ойындар
«Карточкаға қандай сан жазылған?»

Көрнекілік: Суретті карточкалар.

Барысы:
1 вариант: Тәрбиеші карточканың бетіндегі 2 түсті дөңгелекті төмен қаратып қолына ұстап тұрады да, балаларға былай дейді: «Карточкада екі сан» бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады. Карточкада қай сандар бейнеленген? «Балалар түрліше жауап береді». Балалардың біреуі карточкада жазылған сандарды атаған кезде тәрбиеші карточканы топқа көрсетеді.

2- вариант: «Егер тоғыздан біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды табасындар». Балалар бұл санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек. Тәрбиеші сандық карточканы балаларға алдын ала көрсетеді.

Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады.

«Автобус»

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

Көрнекілік: Сандық карточкалар.hello_html_m46129cc2.png

Барысы: Алаңға бормен тікбұрыш /автобус/ сызылған. Екі бала бақылаушылар болып, бетіне «5»цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. «Автобусқа» сандық карточкаларында бейнеленген дөңгелектердің қосындысы 5 болатын /жол ақысы/ балалар ғана жұптасып отырады.Ойын басталды дегеннен кейін әрбір бала өз сыңарын іздеп табуға тырысады /2 және 3, 3 және 25, 1 және 4, 4 және 1/. Жұптар бірінен соң бірі сапқа тұрады, «автобусқа» кіреді, өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал «бақылаушылар» жұптардың дұрыс таңдалуын тексереді.


«Сан құрастыр»

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

Көрнекілік: Суретті карточкалар.

Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс.

Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде-3 шаршы және с.с.

«Ою құрастыру»

Көрнекілік: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элеметтері.
Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру.

Барысы:
1-вариант. Оюдың элементтерін жекелеп қиып, мысалы 4 қошқар мүйізді 2-ге бөліп, 8 бөлікті балаларға таратып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін қиюластыру арқылы ою-өрнек құрастырылады.
2 вариант. Ою бөліктерінің келесі бетіне сан жазылады.
Өрнекті құрастыру санға сәйкес орындалады.

«Поезд құрастыр»

Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату.

Көрнекілік: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1+1,hello_html_m46129cc2.png

2+1, т.с.с.

Барысы: Тәрбиеші карточкаларды балаларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір баланы тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен «тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс.


«Қанша? Қандай?»

Мақсаты: 1. 10–ға дейін санауды бекіту.

2. 1-ші, 2-ші ұғымдарымен таныстыру.

Көрнекілік: Сандар («Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша)

Барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші, қызы үшінші, т.б. пайдалана кетуге болады.


«Заттарды сана»

Мақсаты: 1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру. 2. Көкеністер санымен сандарды тауып қою. 3. Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту.
Көрнекілік: Көкеністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар.
Барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер санын анықтау.

hello_html_m102fe95a.jpghello_html_m46129cc2.png

«Әрі қарай кері сана»

Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.

Көрнекілік: Доп, сандық карточкалар.

Барысы: Тәрбиеші көлемдегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды.Тәрбиеші балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады.


«Дыбыс арқылы санды тап»

Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.

Көрнекілік: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар.

Барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді.


hello_html_m6580ee71.jpg


hello_html_m46129cc2.png

«Тез ойла»


Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.

Көрнекілік: Топтағы заттармен.

Барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

«Жазылмай қалған сандарды ата»


Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар.

Барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9.

Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды.


«Қуыршақтардың сыйлықтары»

Мақсаты: 1. Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.
2. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Көрнекілік: Қуыршақ, шарлар.

Барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу. hello_html_m46129cc2.png


«Жәндікте неше аяқ бар?»

Мақсаты: 1.Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. 2.Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: Ойыншық жәндіктер

Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді.

Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады.


«Нешінші?»
Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру.

Көрнекілік: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.

Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.


«Қай қолымда көп?»

Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.

Көрнекілік: Асықтар, топтағы ұсақ заттар.

Барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешінің үстеліне өз өкілін жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің одан соң балалардың бірі оның қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншісінде аз болуы керек. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау. Қай қатарда көп, қай қатарда аз екенін салыстыру керек. hello_html_m46129cc2.png

«Қол соғу»

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.

Көрнекілік: Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек/1-сурет/

Барысы:

1-вариант: Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс.

2-вариант: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді.
Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.

«Өзара айырмашылығын тап»

Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу. 2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.

Көрнекілік: бала санына (15 дана) суреттер жинағы.

Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.
«Керісінше айт»

Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету.

Көрнекілік: доп

Барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді.

hello_html_m46129cc2.png

«Қанша болса, сонша»

Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.

Көрнекілік: Сандық карточка.( «Кеспе сан» қалтасынан алу)

Барысы: Тақтаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай сан тұрса, сонша қимыл көрсету. Тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 2-3 рет қайталау.

hello_html_36c50e8d.jpg

Саңырауқұлақ пен жемістер нешеу?

Шарты: Балалар кәрзеңкедегі саңырауқұлақпен жемістердің санын көрсету.

hello_html_mb200791.jpghello_html_m46129cc2.png

«Апта күндері»

Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету.

Көрнекілік: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка.

Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады.


«Қиындыларды дұрыс бөл»

Мақсаты: Қиындыларды түсі мен ұзындығы бойынша айыра білуге жаттықтыру.

Көрнекілік: Әрбір балаға ұзындықтары мен түсі әртүрлі, мысалы: 2 қызыл, 1 жасыл, 2 сары, ең ұзын-сары, ең қысқа-қызыл, ұзындықтары бірдей: қызыл, жасыл, сары қиындылар жиынтығы.

Барысы: бірнеше тапсырмадан тұрады.
1- тапсырма: балаларға барлық қызыл қиындыларды сол жаққа, сары қиындыларды оң жаққа, жасыл қиындыларды ортаға қоюды тапсырады.
2- тапсырма: бірдей қиындыларды бірінің үстіне бірін тізіп қою.
3- тапсырма: оң жаққа ең ұзын, сол жаққа ең қысқа қиындылар қою.
4- тапсырма: қиындылардың ең қысқасынан бастап, ең ұзынына қарай реттеп, бір қатарға қою.
Тапсырманы дұрыс орындаған столдағы балалар жеңімпаз атанады.


«Қандай сандар жетіспейді?»

Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету.

Көрнекілік: қораптағы таратпа сандар.

Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5 десе, балалар қораптан сол сандарды алып, ортасындағы санды қою керек.
hello_html_m46129cc2.png

hello_html_7c902f2.jpg hello_html_m589d4198.jpg


«Көрші–көрші»

Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандарды салыстыра білуге үйрету.

Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-10.

Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:7 санын. Тақтаға бір бала шығып аталған санды «кеспе қалтадағы» сандар арасынан 7 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер дегенде , екі бала шығып 6 және 8 санын көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 7 саны 6 санынан 1-уі артық, 8 санынан 1-уі кем, 7 бірліктен тұрады.


Өлшемдер туралы дидактикалық ойындар

«Сиқырлы суреттер»

Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.

Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.hello_html_m46129cc2.png

Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.

«Сиқырлы қапшық»

Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.


«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.

Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.


«Зейінді бол»

Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.


«Ұзын-қысқа»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру. hello_html_m46129cc2.png

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны

көрсету.

Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.

«Шамдар»

Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар

Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.

«Қолымда не бар?

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар.

Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.


«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар.

Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.hello_html_m46129cc2.png


«Тапсырманы орында»


Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.


«Қай қолымда көп»


Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер

Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады.


«Сипаттамасы бойынша тап»

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы.

Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады. hello_html_m46129cc2.png

«Көп және біреу»

Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.

Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.


«Түрлі-түсті жолақтар»

Ойынның мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға желімделген әртүрлі жолақшалар.

Ойынның мазмұны: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу.


«Ұзын және қысқа»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.

Ойынның мазмұны: балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.






hello_html_m46129cc2.png


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде пайдаланатын дидактикалық ойындардың
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің үлгісі


hello_html_33aa886f.jpg hello_html_36768d.jpg


hello_html_m5d15cd18.jpg hello_html_5393ca11.jpg


hello_html_m46129cc2.png


Ойын«Өз үйінді тап»


Үш жерде үш түрлі геометриялық пішіндер қойылады. Балалардың қолында әр түрлі пішіндер таратылып беріледі, әуен қосылады. Балалар әуен ырғағымен билейді, әуен тоқтаған кезде балалар қолдарындағы пішінге сәйкес пішінін тауып, қасына тұруы қажет. Осылай ойынды бірнеше рет қайталаймыз.


hello_html_m4d7167b5.jpg

Тәрбиеші: Өте жақсы енді мына пішіндерге қарайықшы, сендер маған айтыңдаршы, мен көрсеткен пішіндердің қандай түсті екенін.
Балалар: Шаршы түсі сары, дөңгелек түсі көк, үлкен шаршы түсі қызыл, үшбұрыш түсі сары, үлкен дөңгелек түсі жасыл,т.с.с.
Тәрбиеші: Жақсы. Енді маған мына ойыншықтардың ішінен дөңгелекке ұқсас ойыншықты атаңдаршы.

Балалар: Дөңгелекке ұқсас–доп, алма, сағат, тарелка.
Шаршыға ұқсас–кітап, сандық, машинаның кузовы. Үшбұрышқа ұқсас–пирамида, шырша.
hello_html_m46129cc2.png

Тәрбиеші: Сендер балалар өте жақсы біледі екенсіңдер. Сендер геометриялық пішіндерден не құрастырдыңдар?

Балалар: Үй құрастырдық.

Тәрбиеші: Сол құрастырған үйлеріңнің есігінде құлып бар екен, соны ашайық. Ол үшін құлыптағы пішіндерге ұқсас пішінді тауып үстіне қоюымыз керек, сонда ғана ашылады. Әр баладан сұрау: қолдарында қандай кілттің барын. Енді сол кілттеріңді қолдарыңа алып, мына жердегі жолдармен жүрейік. Жолдар да сыйқырлы. Бір жолдың үстінде дөңгелек пішін, екіншісінде шаршы, үшіншісінде үшбұрыш бейнеленген. Кімнің қолында қандай пішін болса, сол жолмен жүреді. Іс-әрекет соңында балаларды мақтап, мадақтап балаларға геометриялық пішіндерден бейнеленген медальдар тарату.





















hello_html_m46129cc2.png

Қорытынды

Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл - қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым - қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін. Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше.Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев; «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады.Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс әрекетіне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, сол мақсатқа жету жолындағы іс – әрекеттер бала үшін қызықты. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші басты құбылыстың бірі деуге болады. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Ойын мен еңбектің бір – біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагогтар, ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын – жаман жұмыс сияқты» деп қарап бұлардың арасында айырмашылық көп емес деген түйін жасауға болады.

Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалады:


Болашаққа жоспар: Балаларға дидактикалық ойын арқылы ойлау, сөйлеу, қиялдау , тілін дамыту,сонымен қатар өз ойларын толық жеткізе білу, сауаттылығын ашу. Ойын арқылы әр баланың ортамен қарым – қатынасқа түсуін, ашылуын, тіптен балаларды ойнай білуге түстерді айыра білуге үйретеді. hello_html_m46129cc2.png


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Мектепке дейінгі тәрбие -№7 2014 жыл

  2. Балабақша журналы 2015 жыл №3

  3. «Детский сад» журналы 9, 2014 жыл







hello_html_m46129cc2.png

26

Курс профессиональной переподготовки
Воспитатель детей дошкольного возраста
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Воспитание детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по выявлению профессиональных предпочтений от дошкольного до подросткового возраста»
Курс повышения квалификации «Экологическое образование детей дошкольного возраста: развитие кругозора и опытно-исследовательская деятельность в рамках реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов»
Курс повышения квалификации «Современные методы организации детской игры в ДОУ»
Курс повышения квалификации «Педагогическая деятельность мини-музея как культурно-просветительского центра дошкольной организации»
Курс повышения квалификации «Методическое обеспечение дошкольного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДОО. Развитие поисковой активности, инициативы и познавательной мотивации методом экспериментирования у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Технология проектной деятельности в процессе ознакомления детей дошкольного возраста с природой»
Курс повышения квалификации «Личностное развитие дошкольника в социальной среде в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДО: применение игровых практик для современного развития детей»
Курс повышения квалификации «Управление качеством дошкольного образования в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Система сопровождения ребенка с ОВЗ в общеразвивающем детском саду»
Курс повышения квалификации «Выстраивание системы психологических взаимодействий дошкольника с компьютером и интернетом»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.