Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектепалды даярлық тобы.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектепалды даярлық тобы.

библиотека
материалов

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 02/03/16

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: 10 саны (жасалуы, жазылуы). Жай мысалдар мен есептер құрастыру.

Мақсаты:

а) 10 санымен және оның жазылуымен таныстыру; 10 санының жазылуын заттардың санымен сәйкестендіре білу; заттарды реттік және есептік санау, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру;

ә) 10 санын 1 және 0 цифрымен жаза алу; зейіндерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

б)еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: 1 ден 9 ға дейінгі сандарды қайталау.

Қостілдік құрам: он – десять, сандар – цифры, спортшылар – спортсмены.

Көрнекі құралдар: сандар, суреттер, қарындаштар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету.

Сандар қатарына қараңдар. Қандай сан адасып қалды? Карточкадан көрсетіңдер. Жарайсыңдар! Тура және кері санап көрейік. Міне, бізге тағы бір спортшы келді. Оған қандай нөмірді береміз?

Біздің бүгінгі танысатын тақырыбымыз -10 саны. Біз бұл санды оқуды және жазуды үйренеміз. Ол үшін бізге екі цифр қажет. 1және 0. 10 саны қалай пайда болғанына назар аударыңдар. Оны қалай жаздық?

9+1=10

Нөл цифры қандай дөп-дөңгелек әдемі. Бірақ ол бекер тұрған жоқ. Егер оның алдына 1 цифрын қоятын болсақ\, 10 деген сан пайда болады.

Тәрбиеші нөл цифрын бірдің артына қойып, былай деп сұрайды:

  • Санды жазу үшін неше цифр қолдандық?

Қалай ойлайсыңдар, екі цифр қолданып жазған бұл цифрды қалай атайды? Адамның қолында неше саусақ бар?

  • Адамдардың қолында 10 саусақ болғандықтан, ертеде бұл санды іріленген бірлік ретінде қолданды.

Тәрбиеші 10 туралы өлең оқып береді:

Күн суықта қолға ап,

Киіп алдым қолғап.

Жаурамайды енді

«10» саусағым тоңғақ.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Екі қолды қосқанда,

Болады он саусақ.

  • Біз бүгін тек жаңа санмен, оның жазылуымен танысып қоймай, есептер де шығаратын боламыз.

  • Мысалы мынадай есептер. Ағаштың бір бұтағында 4 шие, ал екіншісінде 2 шие болды. Барлығы неше шие? Не білетінімізді, нені білу керектігін қалай жазуға болады? Мыс: 4+2=6.

  • Бұтақта 8 шие болды. 2 шиені жұлып алдық.

Неше шие қалды?

  • Не білетінімізді, нені білу керектігін қалай жазуға болады? Мыс: 8-2=6.

Дәптердегі №3 тапсырманы орындаймыз. Есеп құрастырып, оны шығарып, мысалды жазамыз. Мысалды оқыңдар. Оның жазылуындағы әрбір санның, таңбаның нені білдіретінін айтыңдар.

Балаларды орындарына ретімен қояды.Тура және кері санайды. Жаңа келген спортшының оныншы екенін айтады (9+1=10), бірақ барлық бала ол санның қалай жазылатынын біле бермейді. Екі цифрдан тұратын санның екі таңбалы сан деп аталатынымен танысады.



















10 дөңгелекті санап алып, үшбұрыш тұрғызады. Сергіту сәтін жасайды. Дәптердегі 2- тапсырманы орындайды. Нөмірді футболшының кеудесіне жапсырады.






Есептерді шығарып, мысалдарды құрастырады. Есептің мысалдарындағы әр сан мен таңбаның нені білдіретінін түсіндіреді.

Рефлексиялық- түзетушілік

Оқу іс- әрекетінің қорытындысы шығарылады.

  • Балалар, бүгін біздер қандай санмен таныстық?

  • Қандай есептер шығардық?



  • Есептер шығару сендерге ұнады ма?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

  • 10 санымен.

  • Қосу және алу таңбаларымен шығардық.

  • Иә, ұнады.


Күтілетін нәтиже:


Біледі: 10 саны және оны 1 және 0 цифрларының көмегімен жазуды;

Игереді:екі цифрдың көмегімен 10 санының жазылуы және есеп туралы түсінікті;

Меңгереді. 10 көлемінде тура және кері санай алуды, 10 заттан топ құра білуді, 10 санын тани білуді.






Тәрбиеші: Сундетова Н.Д.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров468
Номер материала ДБ-091168
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх