Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №4
Уақыты: 13.09 Педагогтің аты-жөні:Рахметова М.Т
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Менің аулам. Не қайда орналасқан?»
Мақсаты: 0.1.1.2.Кеңістікте бағдарлау: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында,алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.
Күтілетін нəтижелер
Барлық тəрбиеленушілер: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында,(арты), жақын, арасында, қасында деген сөздерді пайдалана отырып, кеңістікте фигуралар мен заттардың орналасуын сипаттайды.
Көптеген тəрбиеленушілер: орналасуы бойынша көрсетілген заттар мен фигураларды табады.
Кейбір тəрбиеленушілер: өз бетінше ойыншықтардың (мысалы мəшинелердің) қозғалыс бағдарларын түсіндіреді, педагогтің тапсырмасы бойынша оларды өзгертеді жəне сипаттайды.
Дәлелдеу – ояту
«Елестету»
Музыка әуенімен
«Ал балалар барлығымыз жартылай шеңбер құрып отырайық, бір-біріміздің қолымыздан ұстайық. Барлығымыз көзімізді жұмып, терең тыныс аламыз. Денемізді бос ұстап менің айтқанымды елестетіп отырайық. Сендердің көз алдарыңда жап-жасыл жайқалған орман, ауасы таза. Көгілдір аспан күннің шуағымен жарқырап тұр, күлімдеген күн шуағымен сырласқан.
Ұйымдастыру- іздену.
Балаларға əліппе-дəптердегі 1-тапсырманы орындау ұсынылады.
Педагог балаларға:
– Суретте не бейнеленген?
– Алаңдағы заттардың орналасуын сипаттап беріңдер?–деген сұрақтар қояды.
Жаңалық ашу.
Мəселені шешу үшін балаларға сол жақ, оң жақ,үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын,арасында, қасында жəне т.б. шылаулар мен көмекші
сөздерді пайдалану ұсынылады.Педагог «Затты тап» ойынын ұйымдастыра алады.
Алдымен педагог жасырылған заттың атауын атамай,орналасуы туралы өзі айтып береді. Мысалы, «мен бір затты жасырдым, ол суреттің жоғарғы оң жақ бұрышында
орналасқан, оның артында велосипед тұр». Ол – қолшатыр.Одан кейін балалар заттарды жасырып, өз тапсырмаларын қалғандарға жасырады.
Сергіту сəті.
Педагогтің қалауы бойынша.
Бір,екі,үш,
Балабақшаға қарай ұш!
Жаңаны қолдану.
Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Балалар суреттегі қыздардың оң қолы қайсысы екенін анықтайды, əр қыздың оң қолына шардың суретін салады. Қағаздың бетінде бағдарлай білуін бекіту үшін балалар
əліппе-дəптердегі 3-тапсырманы орындайды, бағыттардың ұсынылған ауысу кезектілігін сақтай отырып, араның жолын салады.
Ұқсас жұмысты №4 электрондық жиынтық полотноны қолданып жүргізуге болады. Педагог (немесе балалар) арамен гүлдерді алаңдарда орналастырып, ненің қайда
орналасқаны, араның гүлге қалай жетуі керек екені туралы айтады.
Келесі 4-тапсырма саусақтың ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған, балалар суретті нүктелер бойынша жүргізіп шығады.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап,балаларды мадақтайды.Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе,жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.