Инфоурок Дошкольное образование КонспектыҚарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру "Көңілді тапқырлар"

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру "Көңілді тапқырлар"

Скачать материал

Шығыс Қазақстан Облысы

Ұлан ауданы

Герасимовка ауылы

Герасимовка орта мектебінің

Мектепалды даярлық сынып мұғалімі

Муздапарова Райгуль Адиковна

 

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық түсініктермен таныстыру

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Көңілді тапқырлар»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

1.      Балалардың алған білімдерін бекіту.

2.      Тез ойлауға баулу, сөздік қорын дамытып, пәнге қызығушылығын арттыру.

3.      Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің түрі: Аралас сабақ

Оқу іс-әрекетінің әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, қайталау, бекіту.

Көрнекіліктер: пойыз суреті, слайд, сандар, геометриялық фигуралар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын амандасып алайық.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын!

Аптаның әр күні,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

-          Балалар, қазір қай мезгіл?

-          Қыстың қай айы?

-          Аптаның қай күні?

-          Қыс мезгілі көңілді ме?

-          Балалар, бүгінгі біздің сабағымызда көңілді өтеді деген ойдамын. Бүгін біз қазына аралына саяхатқа барамыз.

-          Алыс жолға  немен шығуға болады?

-          Ұшақ, көлік, пойызбен.

-          Біз сендер айтқандай, пойызбен саяхатқа шығамыз.

(Пойыздың суретін көрсету)

Балаларды түстер арқылы екі топқа бөлу.

«Тапқырлар» мен «Зеректер»

-          Балалар енді пойызға отыру үшін билет алайық. Ол үшін мынадай тапсырмалар орындаймыз.

Балаларға оқу – білім туралы мақал-мәтел айтуды ұсыну.

-          Енді балалар барлығымыз пойызға отырып, жолға шығайық.

Кәне, кімнің бойы ұзын?

Паравозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

      Пойызды біз құрайық.

     Ал, паравоз баста алға,

     Бәрімізді басқар да

     Пш-пш-пш, біз кеттік,

     Жүрісті тым үдеттік.

(Балалар хормен қайталап, пойыз қозғалысын бейнелейтін қимылмен бір орнында жүрісті бейнелейді)

1-      Станция тапсырмасы

«Сандар»

Сан санайық мүдірмей,

Онға дейін кідірмей.

«Тапқырлар» тобы 10-ға дейін тура, «Зеректер» тобы 10-ға дейін кері санайды.

2-      ші станция тапсырмасы

«Санамақтар» айту.  1- ден 10-ға дейін жеке-жеке балалардан сұрау.

3-ші станция тапсырмасы.

«Көршісін тап»

Кіші көршім оң жақта,

Үлкен көршім сол жақта.

Тұрушы еді қасымда,

Қайда кеткен жан-жаққа.

2, 5, 7, 9 сандарының көршісін табу.

4-ші станция тапсырмасы.

«Кім тез есептейді?» (логикалық есептер)

Аулада 5 үйрек,

Қорада 2 үйрек.

Болады барлығы неше үйрек? (7)

5 алманың біреуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (4)

-          Ал енді балалар, жанымызда сергіту станциясы бар екен. Оған да тоқталайық.

Сергіту сәтін өткізу.

5-ші станцияның тапсырмасы.

«Құрастыру станциясы»

-          Балалар, мынау қандай фигуралар?

 Фигураларды көрсету.

-          Осы фигуралардан бейне құрастыруымыз керек.

-           Біздің ауылда қандай өзен бар?

-          Сендер жаз мезгілінде шомылуға барғанда нені  судан нені көресіңдер?

-          Балық, бақа.

-          Ал бақа балық сияқты тек қана суда тіршілік ете ме?

Балалардың жауабын толықтыру.

Бақа құрлықта да тіршілік етеді. Сондықтан оны қосмекенді дейміз.

-          Бүгінгі сабағымызда бақаның бейнесін геометриялық фигуралардан құрастырамыз.

Балалар бақаның бейнесін құрастырады. Денесінің қай бөлігіне қандай фигура қойғандарын әр топтан бір  бала түсіндіреді.

-          Бақа туралы өлең- тақпақ білесіңдер ме?

2 топта бір баладан шығып, диалог түрінде айтады.

-Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

-Темір терсек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

-Бақа, бақа, балпақ,

Көзің неге тостақ?

-Көрінгенге көп қарап,

Көзім содан тостақ.

-Бақа, бақа, балпақ,

Бұтың неге талтақ?

-Су ішінде көп жүзіп,

Бұтым содан талтақ.

-          Өте жақсы балалар, міне қазына аралына да келіп жеттік. Аты айтып тұрғандай, расымен де бұл жерде қазына бар екен.

Қазына аралының суретін слайдтан көрсету.

-          Міне мен сандықша тауып алдым. Кәне, сандықшаны ашайық, ішінде сендерге арналған сыйлықтар жатыр екен.

(Сандықшаның ішінен кәмпиттер алып тарату)

Қорытындылау.

-          Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-          Сабақ несімен ұнады?

Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру "Көңілді тапқырлар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 992 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.11.2016 522
    • DOCX 19.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муздапарова Райгуль Адиковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муздапарова Райгуль Адиковна
    Муздапарова Райгуль Адиковна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8125
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разработка коррекционно-развивающей программы по формированию психологической готовности ребенка к школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 27 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организация образовательного процесса в детском саду в условиях реализации ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 164 человека из 50 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания архитектуры для детей дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 29 регионов

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе