Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі. 5 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі. 5 сынып




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:
Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәләмет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, слайд, интерактивті тақта, Word Pad бағдарламасы, кеспе қағаздар, бағалау үшін қаршалар, үлестірмелі материалдар, paint бағдарламасында дайындалған оқушылардың жұмысы.

Сабақтың әдісі: Көрсете түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, деңгейтік тапсырмалар, венн диаграммасы, ойын элементтері.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Практикалық жұмыс
Ү. Жаңа сабақты бекіту:
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау
ҮІІ. Үй тапсырмасы
ҮІІІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
4. Қауіпсіздік ережесі дәптерін толтырту.
5. Сабақ барысында дұрыс жауап берген, тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларға қаршалар беріліп, сабақ соңында жинаған қаршаларының санына қарай бағаланатындығы туралы айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Кім тапқыр» ойыны ойнатылып, әр-бір дұрыс жауапқа қарша беріледі.

Ақпарат және компьютер бөлімінің сұрақтары:
1. «Ақпарат» сөзі латынның қай сөзінен аударылған?
2. Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңыз.
3. Компьютер құрылғыларының қайсысы негізгі және қайсысы қосалқы құрылғыларға жататынып атап беріңіз.

Ақпарат және компьютер бөлімінің жауаптары:
1. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарын білдіретін information сөзінен шыққан.
2. Бит, Байт, Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт, Петабайт, Ексабайт, Зеттабайт, Йоттабайт.
3. Компьютердің негізгі құрылғылары: жүйелік блок, монитор, пернетақта және компьютердің қосалқы құрылғылары: тышқан, колонкалар, принтер, сканер, т.б.

Компьютер құрылғылары бөлімінің сұрақтары:
1. Пернетақта пернелері неше топқа бөлінеді?
2. Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғыларды атаңыз.
3. Компьютер жадының түрлері.

Компьютер құрылғылары бөлімінің жауаптары:
1. Пернетақта пернелері бес топқа бөлінеді:
1) Символдық пернелер;
2) Функционал пернелер;
3) Меңзерді басқару пернелері;
4) Сандық пернелер;
5) Арнайы көмекші пернелер.
2. Тінтуір, джойстик, микрофон, сканер.
3. Ішкі жады: Жедел жад, тұрақты жад, кэш-жады;
Сыртқы жады: иілгіш диск, оптикалық диск, флеш-жадтары.

Қарапайым графикалық редактор бөлімінің сұрақтары:
1. «Paint» бағдарламасының ашылу жолы?
2. «Paint» бағдарламасының құрал-саймандар тақтасында қанша құрал және түстер палитрасында қанша түс бар?
3. Берілген суретті 90º-қа бұру үшін қандай команда орындалады?

Қарапайым графикалық редактор бөлімінің жауаптары:
1. Пуск  Все программы  Стандартные  Paint.
2. 16 құрал және 28 түс бар.
3. Рисунок  Отразить/Повернуть  Повернуть на угол  90º  ОК.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.
Сабақтың мақсаты: Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәләмет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға үйрету.

Оқушылардың редактормен қаншалықты таныс екенін зерттеу мақсатында редактордың іске қосылу жолы, терезе элементтері, құрал саймандардың қолданылу мақсаттары және құжатты сақтау жолы алдымен оқушылардан сұралады.

Word Pad мәтіндік редакторы Пуск 
Все программы 
Стандартные 
Word Pad - командасы арқылы іске қосылады. Word Pad бағдарлама-сының ашылу жолы интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.

Ашылған редактор терезесінен терезе элементтері көрсетемін.
Терезе элементтері:
• Тақырып жолы;
• Меню жолы;
• Құрал–саймандар және пішімдеу тақтасы;
• Сызғыш;
• Абзац шегінісі маркері;
• Меңзер немесе енгізу нүктесі;
• Жұмыс аймағы.

Құрылған құжатты сақтау үшін WordPad  Сохранить как...  Сохранить – командасы орын-далады. WordPad  Сохранить как... командасынан кейін ашылған диалогтік терезеде құжатты қай жерге және қандай атпен сақтайтынымызды көрсетіп Сохранить батырмасын басу арқылы сақтаймыз.

Word Pad мәтіндік редакторында жұмысты аяқтаған соң редактордан шығу жолы: Пуск  Выход командасы орындалады.

ІҮ. Практикалық жұмыс.
Практикалық жұмысқа алдын ала А4 форматында дайындалған деңгейлік тапсырмалары бар қағаздар үлестіріледі. Тапсырмалар шарты бойынша берілген мәтінді WordPad мәтіндік редакторында теріп, мәтіннің күйін өзгертулері қажет. Оқушыларға әр-бір тапсырмаларды орындағаны сайын қаршалар беріліп отырады.

ҚЫС.
Қар көп жауып, нағыз қыс болды. Күн қысқарып, түн ұзарған кез. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Адамдар суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жаққан.

Тапсырма №1
Мәтінді WordPad мәтіндік редакторында теріңдер.

Тапсырма №2
Мәтін тақырыбын жартылай қалыңдатып, мәтіннің түсін өзгертіңдер.

Тапсырма №3
Мәтін тақырыбын бас әріппен, ортасы бойынша туралап және қаріп өлшемі 18, ал мәтінді екі жақ шеті бойынша туралап, қаріп өлшемі 14 болатындай етіп түзетіңдер. Мәтінді «Қыс» тақырыбымен сақтаңдар.

{Оқушылар практикалық тапсырмаларды орындау кезінде «Оқушылардың Pain бағдарламасында салған суреттері:» тақырыбында шағын слайд-шоу көрмесі өткізіледі}

Ү. Жаңа сабақты бекіту: «Футбол» ойыны:

Ойынның сұрақтары:
1) WordPad бағдарламасын іске қосу жолы?
2) Құжатты сақтау жолы?
3) Мәтін түсін өзгерту командасы қай жолда орналасқан?
4) Қаріпті өзгерту командасы қай жолда орналасқан?
5) WordPad бағдарламасындағы негізгі элементтер
6) WordPad бағдарламасын жабудың неше жолы бар?
(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада футбол қақпасы және 6 доп беріледі. Әр допта WordPad бағдарламасына сәйкес сұрақтар беріледі. Оқушы қалаған добын таңдайды және сұраққа жауап береді.)

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
«Венн» диаграммасы:
Оқушыларға «Венн» диаграммасы бар қағаздар үлестіріліп, Paint және WordPad бағдарламаларының ұқсастықтарын жазу тапсырылады.

ҮІІ. Үй тапсырмасы:
1. Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.
2. Үйден «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында шағын шығарма жазып келу. (Шығарманы келесі сабақта компьютерге енгізіп, мәтінмен жұмыс жасалады.)

ҮІІІ. Бағалау.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-350616
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>