Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Информатика / Статьи / Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

библиотека
материалов

Сабақ №19

Пән аты: Информатика

Класы: 5 «А», 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы. §19. Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін, логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың типі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер.

Біздің әрқайсысымз қандай да бір жазбаларды тұрақты орындаймыз: сендер үй тапсырмасын орындайсыңдар, хаттар мен хабарламалар жазасыңдар, кейбіреу өлең жазады және т.с.с. Кейде өзгенің қолжазба мәтінін де оқуға тура келеді. Ол кітап оқығаннан әлдеқайда қиынырақ. Барлық сөздерді анықтағанша қаншама уақыт өтеді.

Арнайы программалардың – мәтіндік редакторлардың көмегімен кез келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:

  • Мәтін – сақтау үшін аз орын талап етеді;

  • Керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;

  • Мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады.

Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа.

  • Мәтіндік құжаттарды құруға;

  • Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;

  • Мәтінді пішімдеуге-әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;

  • Құжаттарды басып шығаруға.

Компьютер үшін мәтін-ол символдардың кез келген жиыны деп айтуға болады. Мәтіндік құжаттың құрамында өлең де, компьютерге арналған программа да болуы мүмкін. Оның мазмұны кесте түрінде де безендірілуі мүмкін.

Мәтіннің құрылымы

Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер –мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен (пробелы) ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ-сөз-жол-абзац-бет-мәтін.

Абзацтар бір-бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.

Түйін

  • Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылығына: сақтау ықшамдылығын, мәтінді басқа тасығыштарға жылдам көшіру, компьютерлік желілер арқылы жеткізу мүмкіндіктерін жатқызуға болады.

  • Мәтіндік курсор мынадай символдың орнын көрсетеді.

  • Мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға арналған арнайы программалар–мәтіндік редакторлар (немесе мәтіндік процессорлар).

  • Мәтіннің негізгі элементтері: символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін.

  • Мәтіндік құжат бос болмайды. Онда міндетті түрде бір абзац бар және абзацтың қасиеттері сақталады.

Үйге тапсырма: §19. Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Түйінді жаттау. «Өзіңді тексер» тест сұрақтары.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары.

Оқушыларды бағалау.










































Сабақ №20

Пән аты: Информатика

Класы: 5«А», 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: §20. Мәтінді теру және түзету ережелері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін, логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Мәтіндермен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, онда нәтижесінде мәтін көріксіз болып көрінеді.

Құжатқа мәтін теру ережелерін айттық, енді олардың бәрін атайық:

  1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

  2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – Caps Lock пернесін қос.

  3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.

  4. Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: жан-жақты, бетпе-бет, web –бет.

  5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады: «Блокнот-қарапайым мәтіндік редактор».

  6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты (инициалы) енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады. Ол пернелердің Ctrl+Shift+бос орын тізбектемесін терумен орындалады.

  7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды.

  8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.

  9. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.

Мәтін бойынша жылжу


Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home (жолдың басына), Home

(жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, Page Down (бір бетке төмен) пернелерімен жылжытуға болады.

Түйін

  • Түзетуге (редактирование) жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру.

  • Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы. Мәтін бойынша жылжу пернелері мен Ctrl, Shift пернелері бірге пайдалануы мүмкін.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Бас әріпті қалай енгіземіз?

  2. Бос орын қай кезде қолданылады.

  3. Enter пернесін қай кезде басу керек?

Үйге тапсырма: §20. Мәтінді теру және түзету ережелері.

































Сабақ №21

Пән аты: Информатика

Класы: 5«А», 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: §21. Мәтін бөліктерін ерекшелеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін, логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың типі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін (фрагмент) ерекшелей білу керек.

Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады. Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Пернетақтадан ерекшелеген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.

Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері

Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай мәтінді ерекшелеген ыңғайлы. Бұл жағдайлар үшін арнайы тәсілдер ойластырылған.

  1. Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді.

  2. Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді.

Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.

Windows операциялық жүйесіндегі басқа нысандар сияқты, мәтіндердегі нысандарды Delete пернесімен – курсордан оң жақта орналасқан символды, Backspace пернесімен-курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады.

Егер мәтінлі барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Ауыстыру бұйрығын қолданған ыңғайлы.

Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен Жылжытуға болады:

  • Тышқанмен сүйреу. (сілтемесі);

  • Алмасу буферін қолдану: мәтін бөлігін ерекшелеп, оны алмасу буферіне қиып алу, мәтіндік курсорды керек жерге апарып, бөлікті алмасу буферінен кірістіру. Көшіру амалы жылжытуға өте ұқсас:

  • Ерекшеленген бөлікті тышқанмен CTRL пернесін баса отырып жылжытамыз;

  • Немесе оны алмасу буферіне көшіреміз, керек жерге кірістіреміз.

Түйін

  • Түзетуге жататындар: мәтін бөліктерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен

тышқанды қолданған ыңғайлы. Мәтін бойынша жылжу пернелері мен Ctrl, Shift пернелері бірге пайдаланылуы мүмкін.

  • Delete пернесі – курсордан оң жақта орналасқан, ал BackSpace пернесі – курсордың сол жағында орналасқан символды жояды.

  • Ауыстыруды екі тәсілмен орындауға болады: енгізгенде ауыстыру режиміне көшу – Insert пернесімен, Түзету – Ауыстыру бұйрығын орындау.

Сабақты бекіту тест сұрақтары:

  1. Ctrl + Z пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?

А) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру.

В) Бөлікті алмасу буферіне жылжыту.

С) Алмасу буферінің мазмұнын кірістіру.

Д) Құжатты дискіге көшіру.*

2. hello_html_m570c9812.png батырмасының қызметі:

А) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру.*

В) Құжатты алмасу буферіне жылжыту

С) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне жылжыту.

Д) Нысанды алмасу буферінен құжатқа кірістіру.

3. Символдар... анықталған жерге енгізіледі.

А) Алдыңғы символдың орнымен

В) Кез келген

С) Адреспен

Д) Курсордың орнымен*

4. Қандай амал басқа барлық таңдалған көрсеткішті бұзады?

А) Мәтіннің бөлігін Жою*

В) Мәтіннің бөлігін Жылжыту

С) Мәтінді сақтау

Д) Мәтіннің бөлігін Көшіру.

5. Берілген үлгі бойынша мәтінде сөз іздеудегі ең маңызды үдеріс:

А) Ақпаратты сақтау

В) Ақпаратты жөнелту

С) Ақпаратты өңдеу

Д) Ақпаратты алу*

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтін бөліктерін ерекшелеу.





















Сабақ №22

Пән аты: Информатика

Класы: 5«А», 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: §22. Мәтінді пішімдеу. Әріптер.

Мақсаты : берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету.

Білімділік: мәтінді пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері,  символдарды пішімдеудің пернелер комбинациясы, мәтінді туралау, оны тасымалдау туралы білім беру.

2)Дамытушылық: ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін, білік-дағдыларын дамыту, машықтандыру. Өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету

 3) Тәрбиелік: алғырлық пен білімділікке, өзара жолдастыққа, ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  аралас сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, слайдпен жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.


І. Ұйымдастыру кезеңі

·         Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

·         Оқушылардың оқу-құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа

аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Мәтін теру ережелерін атаңдар.

  • Мәтіннің басына бос абзацты қалай қоямыз?

  • Мәтінді жою үшін қолданылатын пернелерді атаңдар.

  • Бас әріпті қалай енгіземіз?

  • Дефис пен тиренің айырмашылығы қандай? Мысал келтір.

  • Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар.

  • Мәтін бөліктерін қалай ерекшелеуге болады?

Мәтінді пішімдеу – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
Пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады:

- контекстік мәзір лентасындағы бұйрықтар батырмаларын шерту

- пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін немесе енгізілгеннен кейін орындалуы керек

Әріптің кескінін мына батырмамен

Әріптердің көлемін, оны үлкейтіп кішірейтуге өзгертуге болады. Келесі үш батырманың қызметі:

Ж- әріптерді жуандатады, Ctrl+В (В-Bold сөзінен)

К- әріптерді қисайтады (курсив деп аталады), Ctrl+І

(Italic сөзінен)

Ч-мәтіннің астын сызады


Таспаның Басты қойындысы


Мәтінді пішімдеу құралдары негізінен таспадағы Басты қойындысының Қаріп тармағында орналасады.


Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін (фрагмент) ерекшелей білу керек.

Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады. Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Пернетақтадан ерекшелеген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.

Егер мәтінге амал қолданғанда бір нәрсе дұрыс шықпай жатса, абыржудың керегі жоқ. Жылдам қолжеткізу тақтасындағы Кері қайтарупернесін немесе Ctrl+Z пернелерін басу арқылы кез келген әрекеттен бас тартуға болады. Әрекеттер тізбектеліп кері қайтарылады, сондықтан олардың кез келгенін өз таңдауы бойынша қайталуға болмайды.

Егер электрондық құжатта тасымалдау орнатылмаса, онда абзацта сол жақ шеті бойынша түзеу анықталады. Автор құжаттың қандай принтерде, қандай әріппен және сөлшермен басып шығарылатынын білмейді. Сондықтан көбіне тақырып орта,а, ал авторға сәлтеме немесе құжат құрылған мерзім – оң жақ шет бойынша түзеледі.

Абзац үшін келесі бойынша түзеледі.

Абзац үшін келесі баптаулар анықталады:

  • түзету;

  • жоларалық интервал;

  • шегінулер;

Түйін

  • Әріпті пішімдеу құжаттың мәтінін тартымды етуге мүмкіндік береді.

  • Әріпті пішімдеудің негізгі параметрлері – гарнитура кегль, түс.

  • Пішімдеу бұйрықтарын Жолақтың Бас тіркеме бетінен таңдауға болады.


Үйге тапсырма: §22. Мәтінді пішімдеу. Әріптер.

Түйінді жаттау. «Өзіңді тексер» тест сұрақтары.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары.




Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Статьи
Просмотров88
Номер материала ДВ-565522
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх