Инфоурок / Информатика / Конспекты / Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)

библиотека
материалов

Пән аты : Информатика

Сынып : 5

Сабақ тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Microsoft Word мәтіндік редакторында құжат жасаудың

негізгі элементтерімен таныстыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

3.Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: теориялық, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, таратпа материалдар, плакат - таблица

Пәнаралық, пәнішілік байланыс: Информатика. WORD PAD мәтіндік редакторы


Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин

Үй тапсырмасын тексеру, қайталау - 8 мин

Жаңа сабақты түсіндіру - 10 мин

Практикалық жұмыс – 15 мин

Жаңа сабақты бекіту - 5 мин

Үйге тапсырма беру - 2 мин

Бағалау – 3 мин


І. Ұйымдастыру

  • Сабаққа дайындықтарын тексеру

  • Сабақ мақсатын айту


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардан тест арқылы үй тапсырмасын қайталау.


ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты түсіндіру

Microsoft Word бағдарламасы – бұл мәтіндік құжаттарды әзірлуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған мәтіндік редакторы құжаттарды даярлауға, редакциялауға, пішімдеуге, баспаға шығаруға арналған Microsoft Оffice қосымшасы.

Microsoft Word – бұл мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Бұл бағдарлама мәтіндік құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кіріструге, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге және басқада көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді.

Microsoft Word редакторын бірнеше тәсілдермен іске қосуға болады.

Бастау Бағдарламалар Microsoft Оffice Microsoft Word.

Microsoft Оffice-тің соңғы нұсқасы орнатылған болса, онда Microsoft Word-ты былай іске қосуға болады.

Бастау Бағдарламалар Microsoft Word.

Word программасының терезесінде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. Word – ң терезесі тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, форматтау саймандар тақтасы, қалып-күй қатары, сызғыш, жұмыс аймағы, айналдыру жолақтарынан тұрады. Жұмыс жасау барысында басқа да саймандар тақтасын орнату қажет болса, оны да қосуға болады.



hello_html_745074d3.png





















Microsoft Word бағдарламасының терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:

  • Тhello_html_m1d4a7706.pngақырып жолағы- онда терезені басқару батырмалары және

hello_html_m1d4a7706.png орналасады.


  • Мhello_html_6fd13cc8.pngәзір жолағы. Мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады.




  • Сhello_html_m1d4a7706.pngтандартты құралдар үстелі - Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою сияқты негізгі стандартты әмірлерді қамтиды.




  • Пішімдеу құралдар үстелі – мәтін үшін талап етілетін параметрлерді және оның

құжаттағы орнын (туралауды) белгілеуге арналған.

hello_html_m1d4a7706.png



  • Сhello_html_m3c1e8934.pngызғыш – құжаттың өрістерін жәнеөрістерден шегінуді белгілеуге мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш құжаттың оң жақтағы және сол жақтағы өрістері мен шегіністерін белгілейді. Тік сызғыш үстіңгі және төменгі өрістерді белгілейді.

hello_html_m1d4a7706.png




  • Тапсырмалар аймағы – пайдаланушы таңдауы бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы тапсырмаларын көрсетеді.







  • Айналдыру сызығы – құжат ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.

hello_html_m3c1633b3.png



  • Қалып күй жолағы – құжаттың ағымдағы бетінің нөмірін, бөлім нөмірін, беттер санын және т.б. көрсетеді.

hello_html_m3c1633b3.png




Практикалық жұмыс.

Жұмыстың мақсаты: MsWord мәтіндік редакторын іске қосу тәсілдерін меңгеру. Мәтіндік редактордың құжат құру экраны, мәзір қатары және аспаптар панелі элементтерімен танысу. Аспаптар панелін қолданып құжат даярлау, түзету және сақтауды үйрену.

Тапсырма № 1

  1. MsWord мәтіндік редакторында жаңа құжат ашыңыз.

  2. Төмендегі мәтінді теріңіз және ұсынылған үлгіге сәйкес қайта пішімдеп, құжат даярлаңыз.

  3. Құжат мәтінің «Экологиялық жүйе» деген атпен сақтаңыздар.


Экологиялық жүйе

Әртүрлі организмдер мен олардың тіршілік ету жағдайларының өзара байланысты болып келген жиынын экологиялық жүйе – деп атайды. Экологиялық жүйе мысалына - өзен, көл, орман, шабындық, және т.б. бірлестіктерді келтіруге болады. Мұндай жиын, қоғамдастық немесе бірлестіктерді, академик В.Н.Сукачев биогеоценоз – деп атауды ұсынды («био» - өмір, «гео» - жер, «ценоз» - қоғамдастық).

Биогеоноз – үнемі қозғалыста, дамуда, диалектикалық бірлестікте болатын, өзіндік реекшеліктері бар, өзара байланыста және қоршаған ортамен зат, энергия алмасулары орын алатын, жер бетінің белгілі бөлігін қамтитын бірыңғай табиғат құбылыстары мен олардың жиыны (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер әлемі, жан-жануарлар дүниесі және микроорганизмдер).


Тапсырма № 2

  1. MsWord мәтіндік редакторында жаңа құжат ашыңыз.

  2. Төмендегі мәтінді теріңіз және ұсынылған үлгіге сәйкес қайта пішімдеп, құжат даярлаңыз.

  3. Құжат мәтінің «Экология» атымен сақтаңыздар.

Экология

Экологиялық фактортірі организмнің кез келген даму сатысының бірінде, тікелей не жанама түрінде ықпал жасайтын орта әсері.

Ал бұл факторға, тірі организм өзінің бейімделгіштік қабілетімен жауап береді.

Биогеоценозүнемі қозғалыста, дамуда, диалектикалық бірлестікте болатын, өзіндік ерешеліктері бар, өзара байланыста және қоршаған ортамен зат, энергия алмасулары орын алатын, жер бетінің белгілі бөлігін қамтитын бірыңғай табиғат құбылыстары мен олардың жиыны (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер әлемі, жан-жануарлар дүнеисі және микроогранизмдер).

Тапсырма № 3


Әр түрлі қаріптер түрлерін пайдаланып, үлгі бойынша

«Информатика» деген сөзді бейнелеңіз

hello_html_7aae387f.png


IV. Сабақты бекіту.

  1. Мәтіндік процессоры дегеніміз не?

  2. Microsoft Word мәтіндік процессорының негізгі қызметін атаңыз?

  3. Microsoft Word мәтіндік процессорынан шығудың қандай тәсілдерін білесің?

  4. Microsoft Word мәтіндік терезесінің құрылымын сипаттаңыз, оның негізгі элементтерінінің қызметін атаңыз?

Үйге тапсырма беру. Жазылған конспектіні оқып келу.

Оқушыларды бағалау.

  1. Үй тапсырмасын сұрау

  2. Сабақта белсенділік танытқаны үшін

3. Жаңа сабақты бекіту кезінде

hello_html_32417969.gif


Краткое описание документа:

Пән аты : Информатика

Сынып : 5

  

Сабақ тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Microsoft Word  мәтіндік редакторында құжат жасаудың 

                                                 негізгі элементтерімен таныстыру.

2. Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін  дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

3.Тәрбиелілік:      Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:  Аралас  сабақ

Сабақтың типі: теориялық, практикалық        

Сабақтың көрнекілігі:  компьютер, таратпа материалдар, плакат - таблица

Пәнаралық, пәнішілік байланыс: Информатика. WORD PAD мәтіндік редакторы

 

Сабақтың  барысы.      

Ұйымдастыру кезеңі -   2 мин

Үй тапсырмасын  тексеру, қайталау -  8 мин

Жаңа сабақты түсіндіру -  10 мин

Практикалық жұмыс –  15 мин

Жаңа сабақты бекіту -  5 мин

Үйге тапсырма  беру -  2 мин

 

Бағалау – 3 мин 

Общая информация

Номер материала: 402641

Похожие материалы