Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ардақта ата-анаңды" тәрбие сағаты

"Ардақта ата-анаңды" тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырыбы: Ардақта ата - анаңды!

Мақсаты: : Оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Оқушылардың ата-анасымен түскен суреттерінен слайдтар, әке, ана туралы мақал-мәтелдер, цитаталар: «Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды», «Ата-ананың қадірін білмеген –халық қадірін білмес».

Мұғалім:

Осынау іс шараға, келіпсіздер жиылып,

Сәлем бердік сіздерге, бізде міне иіліп.

Ұлың өсіп келеді, ата - ананың үміті,

Тәрбиелеп келесіз ел қорғайтын жігітті.



Қыз бойжетіп келеді, шуақ шашып әр үйге,

Гүлдей болып өссінші, сыйлы болып бәріне.

Ата – ананың жүрегі, «бала» деп қана соғады,

Баласы жақсы адамның басына бақыт қонады.

- Армысыздар, ардақты ұстаздар, құрметті ата – аналар! 7- А сынып оқушыларының «Ардақта ата- анаңды » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! .

Ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.
«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.
Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,

Бүгінгі күн ұмытылмас айтар күн.

Ән: «Ата – ана». Орындайтындар: Ақбобек, Тәңірберген, Сымбат, Әбілмәнбет

Мұғалім:

Ата – ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезінде бойына дарыған қасиет тиіс. Ата – ананы сыйлау, елді сыйлау. Ата – әжесін құрметтеу – өмірді құрметтеу.

1 – оқушы: Ғибрат

Алдымен сүй ардақта ата анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ананың жасалады.

2 – оқушы: Тілектес

Жырақ жүрген ата анасын сағынған.

Ата – анаға сәлем айтқан ән – жырдан,

Екеуінің қуанышы, тілегі

Әрқашанда бір арнадан табылған.

3 – оқушы: Айдарбек

О, ата – анам,

Таянышым, тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Бізді жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Ән: Анам- әкем Орындайтындар: Асыл, Аяжан

Мұғалім:

Ұл. Қыз ата анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті, инабатты, ибалы болулары керек.

4- оқушы: Дауит

  • Ата – ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.



5- оқушы: Мәдениет

  • Ата – анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.

6- оқушы: Шашугүл

  • Ей, перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата анаға құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Баланың түп негізі ата ана болып табылады.

7- оқушы: Зульфия

  • Ата- анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің керек.

8- оқушы: Жолжан

  • Сен ата – ананың еңбегін дін жағынан өтей алмасаңда, ақыл санаңмен, адамгершілікпен өте. Кімде кім ата-анасын разы еткен болса, ол жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады.

9- оқушы: Қарлығаш

  • Ата-анаға борыш, ол әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсаң, ең әуелі ата – ана алдындағы борышты өтеу мақсатымыз.

Бәрі: Құрметті ата –ана!

Атыңа кір келтірмеуге ант етемін!

Көрініс: Анасы – Ақерке

Баласы – Рамазан

Қызы – Таңшолпан

Автор – Ержан

Мұғалім:

Ата – анамен , баланың

Ойларын бір тыңдайық

Ерік беріп оларға

Өмірге мынау шыңдайық.

Көрініс жайлы ой қозғап,

Талассын пікір жалындап. (Өз ойларын айту)

Ән: Әкетайым Орындайтын: Сән

10-оқушы: Әсел

Ата – анама қарызбын

Маған өмір сыйлаған

Бала қамын ойлаған

Бар ма сіздей сыйлы адам!

Бала, бала, бала деп

Бар өмірін арнаған

Жанұясы жарасқан

Бар ма сіздей арлы адам!

11- оқушы: Әбілмәнбет

Айналайын әкем менің, қорғаным,

Сіз арқылы бақытты өмір орнады

Сіз арқылы аман-есен ержетіп,

Сіз арқылы білімді адам болғаным.

12- оқушы: Ғибрат

Жақсы болу бізге міндет түсінем,

Үлгі аламыз әкелердің ісінен

Алғысымыз арналады сіздерге

Балаларын әлпештеп – ақ өсірген

13- оқушы: Ержан

Сіздер барда бақыттымыз әрдайым

Өміріңді, тағдырыңды жалғайық

Ұстаздардан білім алып, өркендеп,

Қиялдарға қанат қағып самғайық.

14-оқушы: Асыл

Ақын жаны аналарды жырлаған,

Жаным ана жарқын өмір сыйлаған

Аналарға бас иеміз бәріміз,

Бар өмірін баласына арнаған.

15- оқушы: Тілектес

Жаным ана жаутаңдаған жанарың,

Тыным таппай жеткіздің ау баланы.

«Әжімжденіп ақ жүзіңіз қалған ба?»

Деп ойлама мен анама қарадым

16- оқушы: Аяжан

Балалардан аямадың барыңды

Аналары әркімге де қадірлі

Артық адам жоқ қой сірә өзіңнен

Көңілі кең, жүрегі жұмсақ, жаны ізгі

17-оқушы: Рамазан

Жаным әке – бәйтерегім саялы,

Тамырланып жапырағын жаяды

Өзің барда еркелеймін өмірге,

Арқасында алақаныңның аялы.

18- оқушы: Тәңірберген

Арқа сүйер асқар тауым әкемсің

Саған балаң бақыт ылғи әкелсін,

Еңбек еткен бала үшін аянбай,

Аман жүрші, айналайын әкешім!

19-оқушы: Айдарбек

Жаным әке, сен мен үшін пірімсің,

Айтылатын әсем әуен жырымсың

Өзің барда қысылмаймын қашанда,

Мейірімді шуағымсың, күнімсің.

20-оқушы: Сән

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген -бәйтерегі өмірдің,

Ана деген -алтын қазық, алтын бақ

21- оқушы: Шашугүл

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

22- оқушы: Жолжан

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық,

Бар адамға берсе ананың мейірімін

Орнар еді бар әлемге тыныштық .

23- оқушы: Зульфия

Ана десем- шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні,

Ана деген тіршідікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

24- оқушы: Таңшолпан

Аналарды құрметтейміз, елейміз

Аспандағы аймен күнге теңейміз

О, аналар сіздерді үлгі тұтып

Бақыт пенен денсаулықты тілейміз.

25- оқушы: Ақбөбек

Ата ана бақыиымсың, барымсың

Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың.

Жалғасындай ата ананың балалар,

Жақсы атымен бар әлемге танылсын.

26- оқушы: Сымбат

Ұлың өсіп ер жетті жігіт болып,

Қызың өсіп бой жетті үміт болып

Мың алғыс ата анаға біз арнаймыз,

Өнерлі боп өстік біз ақыл, толып.

27-оқуш: Ақерке

Жыр арнап ой қозғадық кең көлемде

Балаларың бейім ғой әр өнерге

Бас иіп ата анаға алғыс айтып,

Қосамыз біз сіздерді енді өлеңге

Ән: Ана Орындайтын: Сән

Ән: Әке Орындайтындар: Рамазан, Тәңірберген

28- оқушы: Мәдениет

Әке – асқар тау

Ана – мөлдір бұлақ

Бала – жағасындағы құрақ

29- оқушы:Дауит

Жүректен шыққан сіздерге

Осы бір әнді арнаймыз

Сіздерді мәңгі ата анам,

Ардақтаймыз, сыйлаймыз

Бәрі:

  • Ата анаға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу біздің борышымыз!

Ән: Бала тілегі

Орындайтындар: Асыл, Аяжан

Мұғалім:

Құрметті ата -аналар, сіздер көріп отырғандай, балаларыңыз қандай өнерлі, инабатты. Ата- анасын қалай жақсы көретінін өздері дәлелдеп берді. Ата- ана баланың , отбасының тірегі балаларының бақытты болуын тілейді. Осы балаларыңыздың қызығы мен қуанышына кенеліп, бақытты отбасы бола беріңіздер демекпін.

  • Ендігі сөзді өз пікірлерін айтуға ата аналар мен ұстаздарға береміз.

  • Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды! Келгендеріңізге көп рахмет.













Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ардақта ата-анаңды" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 551 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 12348
    • DOCX 50.5 кбайт
    • 254 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмашева Гульнур Алтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курмашева Гульнур Алтаевна
    Курмашева Гульнур Алтаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17136
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе