Инфоурок Начальные классы ПрезентацииАрдақты ана! (Тәрбие сағаты)

Ардақты ана! (Тәрбие сағаты)

Скачать материал

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым!

 (Сегізінші наурыз мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты)

Мақсаты: -Ана мен баланың махаббатының адам өміріндегі маңызы;

-Балалардың мейірімділік, сүйіспеншілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

-Өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту;

Сыныпты шарлармен безендіріп, қабырға газеттерін, нақыл сөздер жазылған плакаттарды көрнекілік ретінде пайдалану.

Мұғалімнің сөзі: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, аналар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша, шуақты мейрамдардың бірі- Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар!

1-жүргізуші: Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар. Сіздерді  8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде  болуы  қисынға келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді аналар даадамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

2-жүргізуші: Ана! Осы бір жалғыз ауыз сөзде талай сыр , талай терең мағына жатыр. Ананың балаға  деген махаббаты, мейірімі, ақ тілегі.

1-жүргізуші:Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Хор: Мама / Бота Бейсенова

Оқушы: Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәр берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Оқушы : Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным- қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме , анашым.

Оқушы: Анам менің күн көзіндей шуақты,

Даладай кең, таулы өзендей қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы,

Жан анадан тарап жатқан сияқты.

 Оқушы: Ананың  құт- береке әр қадамы,

Сезілер әр ісінен даралығы.

Ана- өмір, ана- бақыт, ана-жүрек,

Тіршіліктің  ғұмырының  даналығы.

Оқушы: Ана деген- өмірдің кәусәр бұлағы,

Ана деген- тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда  тұлғаң  биік тұрады.

Оқушы: Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың!

Оқушы: Ана сүтінен барлық адам нәр алған,

Ол азығың өзіңмен бірге жаралған.

Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,

Күш- қуат боп өн бойыңа таралған.

Оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан- алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам

Хор: Ана туралы жыр

2- жүргізуші: Әйел- ана, әйел- өмір. Әйел –тіршіліктің өзегі. Өмір бесігін тербетіп адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да қастерлі, сөзі өсиет, тұғыры биік.

1-жүргізуші:  Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы ешқашан да өтелмейді. Ана баласының ер жетіп азамат болуын қалайды. Анаға осыдан артық бақыттың керегі жоқ.

2- жүргізуші: Сынып оқушыларының орындауында  мектеп әзілдерін тыңдап көріңіздер.

«Қол қою»

«Мектеп директоры»

«Бала қырғыны»

«Әкесі мен баласы»

«Апасының келуі»

«Үй тапсырма»

Оқушы: Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.

Ана деген- бәйтерегі өмірдің,

Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.

Оқушы: Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ана мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Оқушы: Ана деген -жарық жұлдыз, шырағың,

Ана деген- қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген- өмірдегі қамқорың,

Ана деген-  сүйенерің, жан құрбың.

1-жүргізуші: Аналар туралы мақал- мәтелдер.

1-жүргізуші: Анаға арнап айта берсең сөз жетпес. Ол – өмірдегі ең асыл жан.

2-жүргізуші: Шырылдап дүниеге келгеннен- ақ ең жақынымыз –ана!

Оқушылар анаға деген сүйіспеншілігін білдіреді.

Ана-бақыт, ана-жыр, ана- ән, ана-әуен, ана- шуақ, ана-махаббат, ана- мейірім, ана- күн, ана- аспан, ана- байлық, ана-сәуле, ана- асыл жан, ана- дос, ана- ұстаз, ана-отан, ана- сезім, ана- ауа, ана-жылы жүрек....

Хормен: Ана – өмір бұлағы,    Ана- өмір шуағы.

Оқушы: Орансақ та жәннат ішік, құндызға,

Баласақ та айға, күнге, жұлдызға,

Ана соның бәрінен де ардақты,

Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға.

Оқушы: Ана деген, ана деген –бұл өмірдің тірегі,

Аналардың мөп- мөлдір ғой, мөп- мөлдір ғой тілегі.

Құлыным деп шырылдаған, ешбір тынып таппаған,

Ауырмасын, ауырмасын аналардың жүрегі.

Оқушы: О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың дағы, кәрің де.

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйыныңдар, Ана деген тәңірге.

Хор: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен! »

1-жүргізуші: Ақ тілеулі, кең пейілді, аналарымыз- өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен татулықтың болуын да тілейтін –ана.

2-жүргізуші: Өмірде ана -бұлақ, ана –пана,

Өмірді өркендетер ана ғана, - дей отырып, мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

 Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ардақты ана! (Тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 536 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2017 2567
    • DOCX 17.3 кбайт
    • 46 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекембетова Фарида Игланқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекембетова Фарида Игланқызы
    Бекембетова Фарида Игланқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5411
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 826 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 195 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 478 человек

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек