ЖММ «Ак ерке» бала бақшасы
«Келісілді»
Әдіскер
Б.М.
Айтхожина____________
«_____» __________2015 ж
|
«Бекітілді»
Директор
Б.М.Айтхожина________
«____» _____2015 ж_
|
«Ардақтысың сен ана».
Өткізген тәрбиеші: Мауленова М. С
Қарағанды 2016 ж
«Ардақтысың сен ана».
Кейіпкерлер : жүргізуші,
«Көктем»ханшайымы, қарлығаш.
(Әсем әуеннің
сүйемелдеуімен балаалр залға кіреді).
Жүргізуші : Біз
ғана емес қадір тұтқан бабалар ,
Аналардан
туған жердің- даналар
Ана
деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар
, қасиетті ,аналар !
Армысың
әжелерім,аналарым
Мейірбан
аппақ көңіл даналарым
Гүл
көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың –дей келе отырып ортаға «Балақай» тобының
бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Бүгінгі «Ардақтысың
сен ана» , ертеңгілігімізді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Жүргізуші : Жылы, нұрлы, көктем келді,
Жапырақтар көгерді .
Әнші құстар ән салып ,
Көктем күні көңілді .
Көктем жаншайымы : Шуақты көктем келді гүлін
алып ,
Көктемнің мерекесі бүгін анық .
Өмірдің көктемі- де, гүлі аналар !
Ана деп бас иеді бүкіл халық .
Жүргізушу: Балалар бізге қонаққа кім келді ?
Балалар : Көктем.
Жүргізуші : Құрметті көктем, сенің келгеніңе біз өте
қуаныштымыз ! Айнала көктем келгенде гүлге толады, ендеше біздің балалар
сізге арнап би билеп берсін .
БИ : «Гүлдер биі».
Құстардың әсем әуені шығады .
Қарлығаш : Армысыздар , қасиетті аналар !
Жүргізуші : «Көктем» ханшайымы, көп рахмет ! Қарлыған
сізге де алғысымызды айтқымыз келеді . Біз сіздерді тағатсыздана күттік !
Жүргізуші : Ана деген -жарық жұлдыз шырағың
Ана деген -қайсар ыстық бұлағың
Ана деген - өмірдегі қамқорың
Ана
деген- сүйінерің, жан құрбым ,- деп келе кезекте балаларыңыздың аналарына
арналған тақпақтарына береміз .
Кәусар : Келбетінде ұлылық ,
Даладай кең пейілі
Ана
деген жылылық.
Ана
деген – мейірім.
Ерали : Ақыл құйған санама ,
Күнненде артық расында
Күн –
алыста , ал –анам ,
Ылғи
менің қасымда .
Нұрали : Баланың да тірегі ,
Дананың да тірегі .
Шаншымасын
еш қашан
Аналардың жүрегі !
Карима : Әлпештеген баласын ,
Ана
бақыт ана-күн
Әркім
сүйіп өзінің
Мақтан етер баласын .
Көктем ханшайымы : Ғажап, Тамаша !
Қарлығаш : Қандай керемет.
Көктем ханшайымы: Балалар сендер оте көңілді әрі өнерлі
екенсіңдер ! Сендер аналарыңа арнап өлең білесіңдер ме ?
Жүргізуші : Олай болса аналарға арналған «Құттықтаймын
мама» әнін қабыл алыныздар !
Көктем : Қандай керемет ән . Қарлығаш балалармен
ойын ойнасақ қалай қарайсың ?
Қарлығаш : Ойнасақ ойнайық.
Ойынның аты : «Гүл жинай»
Жүргізуші : Балалар ! Сендерге бұл ойын ұнады ма ?
Балалар : Иә.
Жүргізуші : Жарқыраған қызыл гүлдей,
Болсын
әсем өміріміз.
Сәуле шашқан алтын күндей,
Көтерілсін, көңіліңіз.
БИ: «Полька».
Қарлығаш : Жарайсыңдар , балалар ! Мен өз туған өлкеме
барып, көрген , білгендерім жайлы айтқым келеді . Балабақшада қандай тамаша
әрі ақылды балаларментанысқаным жайлы айтамын. Менің қайтуым керек .
Көріскенше қош болыңдар ! Мен әлі де келемін .
Жүргізуші : Қарлығаш, , міндетті түрде оралатын бол !
Көктем : Әрине, қарлығаш сіздермен әр көктем мен жаз
бірге болады ! Олай болса мен сіздердің ата-аналарыңызбен ойын ойнасақ қалай
қарайсыз ?
Жүргізуші : Олай болса ойнайық. Ата-аналар дайынсыздар
ма ?
Ойынның аты: «Балаңды танып ал» .
(Ойынның шарты :
Бірнеше балаларды шеңберге тұрғызып , бір ата- ананың көзін байлайды .
Музыка ойнатылады аналар балаларының қолын, бетін, шашын ұстап өз баласын
тауып алады) Ойын бірнешірет ойнатылады.
Жүргізуші : Көктем ! Сен бар әлемге тек қана мереке
сыйлайсың ! Сол үшін зор алғыс айтқымыз келеді . Ал біздің ортамызда ақ
әжелеріміз де отыр . Олар әр қашан да бізге мейірімді, ақылшы , қамқоршы
емеспе .
Көктем : Аха , осындай дана әжелермен танысқым келеді
. Сонда мен де мейірімді , ақылды әрі сүйкімді болар едім .
Жүргізуші :
Әжемді мейрамымен құттықтаймын ,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын
Әжетай сені жақсы көремін деп ,
Ақырын
ұүлағыңа сыбырлаймы. –дей отырып балалардың әжелеріне арналған
тақпақтарын қабыл алыңыздар .
Әмина : Менің әжем, ақ әжем-м
Шуағы
мол нұр әжем.
Ертегі айтып бер десең ,
Айтып
берер тағы әжем.
Ислам: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз .
Әжені де ардақтап ,
Құрметпен бас иеміз .
ӘН:
« Мен әжемді өте жақсы көремін».
Көктем : Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Әлпштеген баласын
Ана-бақыт, ана-күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер баласын !
БИ: « Губки бантикам» .
Көктем : Құрметті аналар мен әжелер, аяулы балалар ,
сіздерге бауыр басып қалдам, тіпті қоштасқым келмейді . Мен енді сіздермен
қоштасамын. Кош сау болыныздар І
Жүргізуші : Ана-деген асыл жандай болаттай
Ана-деген мөлдір жандар бұлақтай .
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тоналтпай.
Аналар қалқып бақыт аралында
Лайым
мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгімізді аяқтайық
Гүл біттсін бәріміздің қадамымызға ,- дейотырып, ардақты аналар , апалар,
балабақша ұжымы сіздерді келе жатқан мерекелеріңізбен шын жүректен
құттықтаймыз . «Балақай» тобының бүлдіршіндерінің аналарына арналған
сыйлықтарын қабыл алыныздар !
Әуен ойнатылады балалар залдан шығады .
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.