Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Рабочие программы / Ареометрлер тақырыбына ашық сабақ (7 сынып)

Ареометрлер тақырыбына ашық сабақ (7 сынып)

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:


102 орта мектебі
















Сабақтың тақырыбы:

Ареометрлер

Сыныбы: 7

Пәні: Физика және астрономия

Пән мұғалімі: Дихамбаева Г.С.
















2014 – 2015 оқу жылы

Күні

24.02.2015 ж

Сыныбы

7

Пәні

Физика және астрономия

Пән мұғалімі

Дихамбаева Г.С.

Сабақтың тақырыбы: Ареометрлер

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып, білім дағдыларын қалыптастыру; сұйықтың тығыздығын анықтайтын құралмен танысу, жалпы мағлұмат алу. Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып, білім дағдыларын қалыптастыру; сұйықтың тығыздығын анықтайтын құрал туралы мәлімет беру, топпен талқылай отырып, түсіну. Бірін – бірі үйренуге жетелейді. Өз бетімен жұмыс жасауды, өзінің пікірін дәлелдеуді үйренеді. Сабаққа деген қызығушылығы артады. Бірін – бірі бағалауды үйренеді.

Кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Әдіс - тәсілдер

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

2 мин

Оқушылар зейін сабаққа аударту.

Оқушылар сабаққа ден қояды.




Сергіту сәті







Топқа бөлу

3 мин

Түстер бойынша топқа бөлу

Оқушылар топқа бөлінді.

Өзара ынтымақтастық


Түрлі-түсті парақшалар

Білу

(Кім?Не?

Қалай?Қашан?

Қайда?Қанша?)

3 мин

Заттың тығыздығы тақырыбын қайталау

  • АНЫҚТАМАСЫ

  • СИПАТТАМАСЫ

  • ФОРМУЛАСЫ

  • ӨЛШЕМ БІРЛІГІ

  • ӨЛШЕУ ӘДІСІ

Тығыздық – дене массасының оның көлеміне қатынасын көрсететін физикалық шама.

1кг=1000г

1м³=1000000см³

1 кг/м³ = 0,001 г/см³

Скаляр шама

Әр зат үшін тұрақты

НЕГЕ БІР ҒАНА ЗАТТЫҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫ ӘРТҮРЛІ ОРТАДА ӘРТҮРЛІ БОЛЫП КЕЛЕДІ?

hello_html_m3fd57a83.png




ӨЛШЕУ ӘДІСТЕРІ

hello_html_68c1ccb1.png

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

«Ой қозғау» әдісі



Түсіну

(Неге? Неліктен?

Себебі? Не үшін?)

13 мин

«Ареометрлер» тақырыбын жоспар бойынша оқулықтан бөліп оқу.

Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал ареометр деп аталады.

hello_html_65a34a49.pngӨзіндік ерекше пішіні бар ареометр түбі кішкене металл кесектерімен ауырлатылған шыны құтыдан тұрады. Құтыдан жоғары жағы тығыздықтың градуриленген шкаласы орналасқан жіңішке түтікше пішінді өзекке жалғасады. Ареометр сұйық ішінде тік қалқып жүзе алады.

hello_html_59bdaf69.jpg



«Ареометрлер» тақырыбына оқулықтан есептер шығара отырып түсіну, топпен талқылайды.



«Джигсо» әдісі. Лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушылар анықталады

Өзара бағалау

Оқулық, интерактивті тақта

Қолдану

(тапсырмаларды орындау)

7 мин

Кейбір денелер сұйық бетінде жаңқа тәрізді қалқып жүрсе, екіншілері батып кетеді, ал үшіншілері сүңгуір қайық тәрізді оның ішінде жүзіп жүре алады.

Тәжірибе жасап көрейік (Тақтаға бір оқушыны шығару)

Шыны ыдысқа су толтырып, оның ішіне мұз кесегін саламыз.

Әр топ кезек-кезекпен тақтаға шығып, тәжірибелерін түсіндіреді.

Суда рафинад: Суда тығын: Суда мұз кесегі:

.ρқант = 1600 кг/м3 .ρтығын = 240 кг/м3 .ρмұз = 900 кг/м3

.ρсу = 1000 кг/м3 .ρсу = 1000 кг/м3 .ρсу = 1000 кг/м3

Fa > FA Fa < FA Fa = FA

.ρқант >.ρсу ρтығын <.ρсу ρмұз =.ρсу

Білімдерін берілген сызбанұсқаны түсіндіру арқылы шыңдайды.


Топтық бағалау

Өзін – өзі бағалау

Өлшем бірліктер кестесі

Талдау

(қорытынды шығаруға бағытталған: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек)

5 мин

Жұптық жұмыс. Есептер шығару

1-есеп

Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3.

Шешуі:

Берілгені

ХБЖ

формуласы

шешуі

V=100см3

ρ=1000кг/м3.

=1*10-4м3

FА = ρcVcg.

ҒА=1000*10-4*10=1H

т/к FА -?



Жауабы: ҒА=1H

2-есеп.

3 түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме?

hello_html_m6ed70.png

Жауабы: денелердің көлемдері әртүрлі болғандықтан оларға әсер етуші ығыстырушы күш те әртүрлі. Көлемі көп денеге ығыстырушы күш көп болады. Керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы кемиді, себебі, керосиннің тығыздығы судың тығыздығынан кем.

3 есеп

Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3.

Жауабы:

Берілгені

ХБЖ

формуласы

шешуі

m=500г

ρ(т)=7900кг/м3.

ρ(к)=820кг/м3.

=0,5 кг

FА = ρ(к)Vcg.

V=m/p

V=0.5/7900=6,3*10-5м3

ҒА=820*6,3*10-5*10=0,51H

т/к FА -?



Жауабы: ҒА=0,51H



Оқушылар суреттерге түсініктеме бере отырып, физикалық мағынасын ашып көрсетеді.


Өзара бағалау


Жинақтау

(қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б.)

5 мин

§ 46 оқу. Анықтамалар мен формулаларды дәптерге түсіру


Оқушылардың алған білімін жинақтау мақсатында физикалық диктант толтырады. Білімдеріне қарай бағаланады.



Суреттер, парақшалар

Бағалау

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

5 мин

Топтық және өзін – өзі бағалау.

Топ жетекшілеріне алдын – ала парақтары тапсырылған.

Бағалау критерийлері:

  1. Топ ережесін ұстанады ма?

  2. Жаңа тақырыпты түсінуі

  3. Топтық жұмысқа қатысуы

  4. Сұрақ – жауап

Білімдерін қорыту.

Бағалау критерийлері бойынша сабақтағы өзінің, топтың басқа топтардың жұмысына баға береді.



Түрлі-түсті стикерлер, көңіл-күй бейнеленген стикерлер, плакаттар, маркерлер

Рефлексия

2 мин

Оқушыларға бүгінгі сабақ туралы түсінгендерін стикерге жазып, ілу тапсырылады.

Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап – тілектер.



Кестелер







Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:

Ареометрлер

Сыныбы: 7

Пәні: Физика және астрономия

Пән мұғалімі: Дихамбаева Г.С.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып, білім дағдыларын қалыптастыру, сұйықтың тығыздығын анықтайтын құралмен танысу, жалпы мағлұмат алу. Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрене отырып, білім дағдыларын қалыптастырады, сұйықтың тығыздығын анықтайтын құрал туралы мәлімет алады, топпен талқылай отырып түсінеді. Бірін – бірі үйренуге жетелейді. Өз бетімен жұмыс жасауды, өзінің пікірін дәлелдеуді үйренеді. Сабаққа деген қызығушылығы артады. Бірін – бірі бағалауды үйренеді.

Автор
Дата добавления 04.05.2015
Раздел Физика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров382
Номер материала 263097
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх