Инфоурок Физика Рабочие программы"Архимед күші" (7 класс)

"Архимед күші" (7 класс)

Скачать материал



Облыстық дарынды балалар мектеп - интернаты










Физика пәнінен

Ашық сабақ

Тақырыбы: Архимед күші





Мұғалім : Темирова А.А

Сынып : 7 «б» сыныбы

Күні: 15.02.2016



























«Бекітемін»

_____________


Оқу ісінің меңгерушісі

«____» __________ ____

Пәні : физика

Сыныбы: 7


Сабақтың тақырыбы : Архимед күші

Білімділік: Архимед күші, Архимед заңы, сұйық ішіндегі кері итеруші күштің қандай физикалық шамаларға байланысты екендігін білуге баулу.

Дамытушылық : Сұйық ішіндегі, сұйыққа батырылған денеге кері итеруші қысым күші туралы білімдерін, оқушылар-дың өзіндік сыни ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік : Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылық-қа, өздігінен білім алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс- тәсілдер : топпен жұмыс, ойын эстафеталық жарыс, тақтамен жұмыс

Қолданылатын көрнекіліктер, құралдар : карточкалар, плакаттар, штатив, шыны банка, динамометр, жүктер, интерактивті тақта, оқулықтар.

Пәнаралық байланыс : математика, химия, география, әдебиет.

Сабақтың жүру барысы :

І. Ұйымдастыру . Оқушылармен, көрермендермен амандасу. Сынып тазалығына, сыныптың ашық сабаққа жабдықталғанына көз жеткізу. Оқушылар түгендігін тексеру.

1. Психологиялық ахуал туғызу. Көңіл күйлеріңіз қалай?

ІІ. Алдыңғы үй тапсырмасына шолу жасау.

Интерактивті тақтада «Сен маған, мен саған» сұрақтар жиынтығы:

1.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың

әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің қағидасы Блез Паскаль

2. Мақтаны, қағазды, ағаш жаңқаларын т.б престеу үшін қолданылатын

машиналар гидравликалық машиналар.

3. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ молекулаларының

соқтығысуынан пайда болады.

4. Газдың көлемін кішірейтсе , оның қысымы артады , ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді .

5.Жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.

6.Атмосфера қабаттары: тропосфера,стратосфера,мезосфера,термосфера.

7. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр деп аталады.

8. Манометр қысым айырымын өлшеуге арналаған аспап.

Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне сорғылар жатады.

10.Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сынап бағанына тең.

ІІІ. «Ой қозғау» . Мақалдың жалғасын табу арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Мақалдың жалғасын табу...

1.Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады;

2. Көптің күші - бірлікте;

3. Көз қорқақ - қол батыр;

4. Күшіңе сенбе, ісіңе сен;

5.Асыл тастан шығады ақыл жастан шығады

( АРХИМЕД КҮШІ)

ІҮ. Интерактивті тақтада Архимедтің өмірі жайлы қысқаша мағлұмат


Архимед (б.з.б.287-212) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында туып, сонда өмір сүрген. Архимед астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет орталығы - Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды. Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тапқан, өз атымен аталған гидростатика заңын ашқан, жер суаратын механизмдерді, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын, қамал бұзатын соғыс қондырғыларын, т.б. ойлап шығарған. Рычагтың математикалық заңын тапқанда, Архимед “Тіреу нүктесін берсеңдер, Жерді де төңкеріп тастаймын” деп айтқан екен. 9-11 ғасырларда Архимедтің еңбектері араб тіліне, ал 13 ғасырда олар араб тілінен латын тіліне аударылды.

hello_html_m1323095a.gifhello_html_m64e50d56.gif

Ү. Көрініс оқушылар : Архимед туралы аңыз


Архимед туралы аңыз

Аңыз бойынша, бұл заңның ашылуына себепкер болған Сиракуз патшасы Гиерон болған екен. Ол Архимедке зергер жасаған өзінің тәжінің таза алтыннан немесе алтын мен күмістің қоспасынан жасалынғанын анықтауды тапсырады.Бұл есепті шеше алмай, Архимед көп күн әуреленді.Бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде кенеттен ойына әлгі есептің шешуі келген екен дейді.Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен.Сірә,жаңалық ашқан адам ерекше бір сезімге бөленетін болар.



ҮІ. «Ой қорыту» Жаңа сабақ

Сондықтан сұйықтың ішіндегі қандай да бір денеге әсер ететін Архимед күшін анықтау үшін, бұл денені ауада және сұйықта өлшеп, алынған мәндерінің өзгерісін анықтаймыз.


hello_html_m1c0493c1.png

Міне осы Архимед (кері итеруші) күші болып табылады.

Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең болады.

Бұл заңды Архимед ашқан, сондықтан оның есіміме Архимед заңы деп аталады.


  • Денеге әсер ететін Архимед күші FА төмен қарай әсер ететін салмақ күші mс g-мен теңеседі.

  FА = mсg. (1)

  • (1) формуласын басқа түрде жазуға болады. Сұйықтың массасы m с оның тығыздығы ρ с мен Vс көлемінің көбейтіндісіне тең екенін ескеріп

 FА = ρcVcg. (2)

  • Vc-Бұл көлем дененің сұйыққа батып тұрған бөлігінің

көлеміне тең болады.

Vc= V

  • Тыныштық күйдегі сұйыққа (немесе газға) батырылған кез-келген денеге сұйық (немесе газ) тарапынан кері итеруші күш әсер етеді, оның шамасы сұйықтың немесе газ тығыздығын еркін түсу үдеуімен, сұйыққа (немесе газға) батып тұрған дене бөлігінің көлемінің көбейтіндісіне тең болады.

hello_html_m2625274b.png

hello_html_331692d6.gifhello_html_m2f0fd5f1.gif

ҮІ. «Постер қорғау»

Жоспар бойынша жұмыс

Екіге бөлінген оқушылар жоспар бойынша не білгенін ақ қағазға жазып тақтаға ілу.

ҮІІ. Есептер шығару

Тақтаға үш оқушы шығады.

1-есеп

Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3.

2- есеп

Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар.

Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3.

З - есеп

Герон патшаның алтын тәжісінің ауадағы салмағы 20Н.Судағы салмағы 18,75Н.Алтынның тығыздығы 20000 кг/м, күмістікі 10000кг/м деп алып ,тәждің құрамында алтын мен күмістің қанша болғанын анықтайық.

Берілгені:                                     Өрнегі:

Pа = 20 Н                           F= Pа- Pсу 

Pк = 18,75 Н                       FA = pc g Vд ;

Vд =0,000125 м3

pа = 20000 кг/мgpсу 10*1000

pк = 10000 кг/м3

т/ к: mа — ?

mк  ?            

Шығарылуы:                                                                         

mа pаV =20000 * 0,000125 =2,5 кг

mк pкV =10000*0,000125 =1,25 кг

F1,25


ҮІІ. Эстафеталық білім картасы

Физикалық шамалар

Математикалық өрнегі

Өлшем бірлігі

Өлшейтін құрал

1

Жылдамдық

ν=l/t

м/с

Спидометр

2

Уақыт

t=s/ν

с

Сағат, секундомер

3

Масса

m=ρV

кг

Таразы

4

Көлем

V=m/ρ

м3

Мензурка, сызғыш

5

Ауырлық күші

Fa=mg

Н

Динамометр

6

Салмақ

P=mg

Н

Динамометр

7

Қысым

P=F/S

Па

Барометр

ҮІІІ. «Сөзжұмбақ шешейік» әр екіге бөлініп отырған оқушыларға сөзжұмбақ беру

Барлығы 22 оқушы

  1. 11 оқушыға :

Сұрақтар:

  1. 11 оқушыға :

Сұрақтар:


ІХ. Жаңа сабақты бекіту

hello_html_m3f6ae874.png



Х. Үйге тапсырма: Ф 55 29 жаттығу №6-9

Бағалау
























































































  1. Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек?




2 . Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді.Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?


3. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді.Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?

  1. Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?















Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді.Архимед күші көбірек болады.

Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді .Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек

Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады.

ЖауабыАрқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.















































1.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың

әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің қағидасы -..........................

2. Мақтаны, қағазды, ағаш жаңқаларын т.б престеу үшін қолданылатын

машиналар - ........................................

3. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы неден

пайда болады - ..........................................

4. Газдың көлемін кішірейтсе , оның қысымы -................. , ал көлемін - ............................ , қысымы - ..............

5.Жер бетіне және ондағы барлық денелерге не әсер етеді .........................................

6.Атмосфера қабаттары: .....................................................................................................

7. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал ...........................................

8. .............................. қысым айырымын өлшеуге арналаған аспап.

  1. Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне не жатады - ...................................

10.Қалыпты атмосфералық қысым ............................................... тең.




1.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың

әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің қағидасы -..........................

2. Мақтаны, қағазды, ағаш жаңқаларын т.б престеу үшін қолданылатын

машиналар - ........................................

3. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы неден

пайда болады - ..........................................

4. Газдың көлемін кішірейтсе , оның қысымы -................. , ал көлемін - ............................ , қысымы - ..............

5.Жер бетіне және ондағы барлық денелерге не әсер етеді .........................................

6.Атмосфера қабаттары: .....................................................................................................

7. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал ...........................................

8. .............................. қысым айырымын өлшеуге арналаған аспап.

  1. Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне не жатады - ...................................

10.Қалыпты атмосфералық қысым ............................................... тең.



1.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың

әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің қағидасы -..........................

2. Мақтаны, қағазды, ағаш жаңқаларын т.б престеу үшін қолданылатын

машиналар - ........................................

3. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы неден

пайда болады - ..........................................

4. Сұйыққа (газға) батырылған денелерге әсер ететін күш ………………….

5.Жер бетіне және ондағы барлық денелерге не әсер етеді .........................................

6.Атмосфера қабаттары: .....................................................................................................

7. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал ...........................................

8. .............................. қысым айырымын өлшеуге арналаған аспап.

  1. Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне не жатады - ...................................

10.Қалыпты атмосфералық қысым ............................................... тең.




11


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Архимед күші" (7 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 611 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2016 1647
    • DOCX 8.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темирова Асель Амантаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Темирова Асель Амантаевна
    Темирова Асель Амантаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7265
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции