Инфоурок Начальные классы Конспекты"Арифметикалық төрт амал" факультатив сабақ 4сынып

"Арифметикалық төрт амал" факультатив сабақ 4сынып

Скачать материал


































Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімі

Ш.Уәлиханов атындағы №1 мектеп




«Арифметикалық төрт амал»


Математика пәнінен факультативтік курс жоспары

4 сынып


hello_html_2a19fe55.jpg


Бастауыш сынып мұғалімі:

Бимахан Гүлназ Мағауқызы

Нұрғалиева Оразкүл Бабырқызы





hello_html_m69226afb.jpg

ТҮСІНІК ХАТ


Математика пәні қызық та, күрделі пәндердің бірі. Көбіне оқушылардың білім деңгейіне,дайындығына сәйкес, уақыттың болуына қарай өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру үшін қосымша тапсырмалар ұсынып отырамыз. Бұл жұмыс түрі 4-сыныптағы баланың бағдарламаға қаншалықты түсінгенін көрсетеді, әрі өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады, математикалық білімді жүйелейді.

Ұсынылып отырған жинаққа енгізілген тапсырмалар мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді деп ойлаймыз. Себебі, тапсырмалар оқулықтың тақырыптары мен тарауларына сәйкестендірілген:

1.Көп таңбалы сандар

2.Шамалармен жүргізілетін есептеулер

3.Теңдеулер және оларды шешу

4.Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері

5.Есептер және оларды шығару

«Математика ақыл-ойды биік шыңға жеткізеді.

Бұл құрал оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттырып, берілген материалдарды еркін меңгеру үшін тиімді де, пайдалы әрі пән мұғаліміне көмекші құрал болады деп құрастырылып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, меңгеру деңгейін ескеріп, 4-сыныпты қамти отыра математикадан терең ойлау қабілеттерін арттыру барысында  «Арифметикалық төрт амал» атты факультативтік курс аптасына 1 сағат көлемінде алынып, 4 -сыныпқа 34 сағатты қамтиды. 

Арифметикалық төрт амал факультативінің мақсаты:

Арифметикалық амалдар туралы білімдерін ,амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу, есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезінде амалдар тәсілін қолдана білуге баулу. Арифметикалық төрт амал және олардың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін терең меңгерту. Жылдам есептеу қабілеттері мен дағдыларын жетілдіру. Логикалық , қызықты есептерді шешу қабілеттерін нығайту.

Міндеті:

1.Танымдылыққа ізденімпаздыққа ,оқушылардың өз ойын толық жеткізе білуге,тапқырлыққа, логикалық терең ойлауға баулу.

2.Арифметикалық амалдар, олардың қасиеттерін үйрету.

3.Көп таңбалы сандарды жазу, есептей білу дағдыларын қалыптастыру.

4.Ауызша ,жазбаша жылдам есептеу дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың математикалық түсініктері, есептеу дағдылары, есептің белгілі бір түрін шығара білу дағдылары қалыптасада. Оқушылардың логикалық ойлау, еске сақтау қабілеттері, зейіні, заттар мен құбылыстарды талдауы, салыстыра алу дағдылары дамиды.

Нәтижесінде :

  • Бір таңбалы сандардың қосу мен көбейту кестесін;

  • Жақшалы, жақшасыз сандық өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін;

  • Арифметикалық амалдардың кері байланысы және тура теңдіктер қасиеттеріне негізделген теңдеуді шешу тәсілдерін еркін меңгереді.


Арифметикалық төрт амал.

4-сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары


Құрастырған бастауыш сынып мұғалімдері:

Бимахан Г.М ; Нұрғалиева О.Б


Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Математика Р.Мәженқызы

2.Қызықты есептер Г .Әуезова Г. Ертілесова

3. Ертегі есептер Қ. Нұрсұлтанов

4.111 жұмбақ есептер. Ш. Күмісбайұлы

5. Балдырғандарға арналған геометрия. В.Т Житомирский

6. Қызықты математика Ә.Б Ақбаева ,Л.А Лебедова, В.В Буровова

7.Математиканы оқытудағы методикалық көмек М. Сәтімбаева

8.Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1, 2, 2008 ж.















Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдар қасиеттері.


Сабақтың мақсаты:Оқушыларды санды көбейтіндіге көбейту тәсілімен таныстыру; есептеудің тиімді тәсілін қолдануды үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.

Көрнекілігі: қызықты тапсырмалар,карточка

Сабақтың барысы:

Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.

1.Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеттерін қайталау.

Ол үшін мынадай тапсырма ұсынылады.

Бірінші қатардағы мысалдың жауабын пайдаланып ,тиімді есепте.

89 +111 560 +440

89 + 2 345 +111 560 + 358 +440

2. Математикалық диктант.

* 560 ты 2 есе арттыр

* 560 ты 200-ге арттыр

* 250 мен 2 сандарының бөліндісін тап

*230 бен 3 сандарының көбейтіндісін тап

* 89 бен 2 есе көбейт

Сергіту сәті: Мен бақытты баламын

Жан дүниемде күн нұрлы.

Жылуым мол бойымда

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.


3 .«Кім жылдам ?» ойыны

18 42 23 17


х 30 х10 х30 х20

х 2 х7 х5 х10

х 32 х12 х32 х22


4.Теңдіктер тура болатындай етіп жақшаларды қой

2 820 – 960 : 6 + 280 = 2 380 6 900 – 900 : 6 – 670= 33

Қорытынды: Көбейту кестесін қайталату барысында «Баспалдақ» ойынын ойнату.


Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы шеңбер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын түрінде есептер шығарту, ой өрісін ,ойлау қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Көрнекілік: сиқырлы сандар, логикалық жаттығулар т.б

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Оқушылар шеңберге тұрып жылдам есептер шығару қажет.

1. «Кім шап-шаң» ойыны

* Кепкен жүзім

*Түтін шығатын қондырғы

* Үлкен маңызды жол

*Қыста болатын ызғарлы суық

*Адамның бетін қарыған аяз

*Өзенде қатқан мұздың көктемде еріп ,сынып ,су ағынымен аққан бөліктері

2.Қалауыңша дөңгелекшелерге цифрлар жаз.Меңзер үлкен цифр жазылған дөңгелекшелерден кіші цифр жазылған дөңгелекшелерге бағытталған болсын.

hello_html_29c1cbf2.png


3. Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейтіп, бөлу

hello_html_4bbdeadd.png


Қорытынды: Жұмбақ есептерді шығар

hello_html_m4a06dd26.jpg










Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы сандар әлемінде


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын түрінде есептер шығарту, ой өрісін ,ойлау қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылықтарын ояту.


Көрнекілік: сиқырлы сандар, логикалық жаттығулар т.б

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі


1. «Ойша көз алдына елестету» жылдам жауап беру

* Шошайып үйілген шөп----------------

*Суда жүзген кезде тұмсығы мен көзі көрінеді-------------------

*Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады?-----------------------------

*Көздеп ататын жер------------------------------------------------------

*1 сағатта неше минут бар?-------------------------------------------

*Ең кіші төрт таңбалы сан------------------------------------------

2.Цифрлармен жазылған сөздерді жаз және оқы.

hello_html_4d9524e8.png


3. «Тез есепте» берілген есепті тез шығарып, жауабын оқу

51:17 68:17 80:16 93: 31 72:24

64:16 84:21 90:18 76:19 96:32

4.Тапсырманы берілген уақыт ішінде шапшаң есептеп шығару.


hello_html_m1eef20e.png


Қорытынды: ???????????жұмбақ есеп жаттап келу тапсырылады.






Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарға байланысты логикалық тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйрену; көп таңбалы сандарды оқу , жазу, салыстыру дағдыларын бекіту; ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру ; құрама есептер шығара білуге үйрету.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сабақтың мақсатын хабарлау.

Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.

1.Білімін тексеру Математикалық диктант. (әр оқушыға таратылып беріледі)

2.Білгенге маржан

6 ондық

2 бірлік

60 +2

362

3 жүздік

6 ондық

2 бірлік

300 + 60 + 2

1 362

1 мыңдық

3 жүздік

6 ондық

2 бірлік

1 000 + 300 + 60 + 2

71 362

7 ондық мың

1 бірлік мың

3 жүздік

6 ондық

2 бірлік

70 000 + 1 000 + 300 + 60 + 2







3. Математикалық эстафета Әр қатардағы оқушыларға бірдей тапсырмалар жазылған парақтар үлестіріледі.Олар тізбек бойымен парақты бір-біріне береді де, шешуін жазады. Тапсырманы тез орындаған қатар жеңеді.

450х2 720: 90 960:3

53х4 780:2 780:30

55х2 800:2 900:2


4. Тура теңдіктер құрастыр



hello_html_m2f3e5654.png


Қорытынды: Көп таңбалы сандарды оқу,жұмбақ шешу.

96 324, 25 630, 45 620, 41 102, 30 587, 4 565 545

Сабақтың тақырыбы: Логикалық тапсырмалар «Кім мықты!»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың танымдық тапсырмалар арқылы интекллектуальды және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.Шапшаңдылыққа ,ептілікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Карточкалар,қызықты тапсырмалар,жұмбақ есептер

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың дайындығын тексеру сиқырлы сөздер айту.

1. Кім шапшаң жауап береді?

А) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты ата?

ә) Бір ұшы тұйықталған түзуді ата?

б) Екіге қалдықсыз бөлінетін сандарды ата?

в) Ұзындық өлшем бірліктерін ата ?


2. Жолды сызып көрсет,қай кірпі алманы тез табады?

hello_html_3f46b644.png


3.Жұмбақ есепті шығарайық!

Тордың ішінде 3 балапан отыр.Үш қыз бір-бір балапаннан алды.Бірақ бір балапан торда қалып қойды . Бұл қалай?


Көшеде екі бала мен екі әке кетіп бара жатыр.Барлығы үш адам. Осылай болуы мүмкін бе?


Әкейді алты баласы бар. Әр баланың бір-бір қарындасы бар.Сонда әкейдің неше баласы бар?

4. Тез есепте!


hello_html_m1c4bfd33.png


Қорытынды: Кім жылдам!

hello_html_m569b696b.jpg

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық лабиринт


Сабақтың мақсаты: Көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін қалыптастыру; есептеу тәсілдерін және есеп шығару дағдыларын жетілдіру.Арифметикалық амалдардың қасиеттерін есептеу барысында пайдалана алу қабілетін нығайту.

Көрнекілігі: тестік жұмыстар,лабиринт тапсырмалар,т.б

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

1.Ауызша есептер шығарып, математикалық диктант есептер шығару.

  • 420-ны 2-есе арттыр.

  • 420-ны 200-ге арттыр.

  • 250 мен 2 сандарының бөліндісін тап.

  • 230 бен 3 сандарының көбейтіндісін тап.

  • 4800бен 4 сандарының бөліндісін жаз.

2.Лабиринттегі бес қақпадан қалай өтеміз және 100 санын қалай шығарып

аламыз.


hello_html_6680fe67.png

3. Тапсырмаларды орындап ,есептеп шығару тапсырылады


hello_html_53cae2b0.png

Қорытынды: Тестік тапсырма

1/Амалдарды орындап ,дұрыс мәнін тап. 128х430-6795+675-34125:375

А ) 47479 в) 39 с)48829 д) 14795

2/Ешқашан қиылыспайтын түзулер:

А) тұйықталған б) перпендикуляр с) параллель д)түзу сызық

3/теңдеудің шешуін тап: 570: (35-х)+70 100

А) 16 в) 54 с) 14 д) 8

4/1 мыңдық мың нешеге тең?

А) 1 000 в)10 000 с) 100 000 д)1 000 000


/8 дана,45 теңге ,12 метр шамалардың өлшемі:

А) масса,сыйымдылық, ұзындық

С)сан,баға,ұзындық

Д)масса,сан,уақыт

В) баға,салмақ,уақыт









Сабақтың тақырыбы: Сандар нумерациясына негізделген есептерді шығару.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың сандар туралы түсініктерін кеңейту және кез келген натурал сандар туралы түсініктерін қалыптастыру.Оқушылардың жай және құрама есептерді шығару үшін білім, білік дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлауларын дамыту.


Көрнекілігі: Ойын есептер,карточкалар,сиқырлы шаршылар.

Сабақтың барысы:

1.Барлық амалдарға берілген қарапайым есептерден тұратын математикалық диктант .

-Газет 15 теңге тұрады.Осындай 4 газет қанша тұрады?

-Талғаттың 100 теңгесі болды. Ол 55 теңгеге журнал сатып алды. Талғатта қанша теңге қалды?

-250 теңгеге 5 бірдей ашықхат сатып алынды. Бір ашықхаттың бағасы қанша?


2. Сағатпен есептеу 1минутта қанша есеп шығара аласың?

894560 – 800 000 454 989-356 666

894 560 – 90 000 1 945 899- 999 889

894 560 – 4000 656 859 888-556 455 231


3.Математикалық эстафета.Әр қатардағы оқушыларға бірдей тапсырмалар жазылған парақтар үлестіріледі.Олар тізбек бойымен парақты бір-біріне береді де, шешуін жазады.Тапсырманы тез , әрі дұрыс орындаған қатар жеңеді.

450х2 720:90 960 :3 380х3 360:90

53х4 780:2 780:30 15х60 490: 7

Қорытынды:

«Кім шапшаң?» ойыны бойынша ,тақтада берілген тапсырманы жылдам есептеу.


hello_html_30246d4.png






Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық ойын есептер.


Сабақтың мақсаты:Оқушыларға көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін қалыптастыру; есептеу тәсілдерін және есеп шығару дағдыларын жетілдіру.

Көрнекілігі: «Кім шапшаң ?», суретті тапсырмалар.

1.Математикалық диктант.

-2жүзд;

-4жүзд.2бірл;

-7жүзд,5ондық,6бірлік;

-5онд,6бірлік,

-4жүзд,2онд.,3бірл,

-6жүзд,8онд,2бірл,



2.Амалдар ретімен жаза отырып есептеу.

3 х 309 -972 : 4 268+609-566-97

(709-411): 2х6 1 000 –(651-169)+107


3.Теңдікте қандай сан түсіп қалған?

844+289- = 289 ( -254) х (585 + 2) = 0

  1. ) : (348+259) = 0 (483-15)х(869- ) = 0



Қорытынды: Амалдардың орындалу тәртібіне байланысты ауызша есептер шығару.

Жүзетін затты шеңбердің ішіне ,ұшатын затты шаршының ішіне, ал жүзетін де ,ұшатын да заттарды шеңбер мен шаршының ішіне меңзермен сызып көрсет.


hello_html_me5efdb6.png




Сабақтың тақырыбы: Қызықте есептер әлемінде.


Сабақтың мақсаты:Оқушылардың танымдық тапсырмалар арқылы интекллектуалды және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.Шапшаңдылыққа ,ептілікке тәрбиелеу.


Көрнекілік: логикалық тапсырмалар, сандар әлемі,ойындар

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі


1.Есту арқылы есте сақтауды жаттықтыру.

Қанша?

*Бес тышқанның құлағы-----------------

*Жеті сиырдың мүйізі-------------------

*Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны----------------------

*Ертегідегі айдаһардың саны-------------------------

*Қандай үш таңбалы санды алты нөл шығатындай етіп тең бөлуге болады?-----

*Осыдан сегіз жыл бұрын жиырма жастағы жігіт----------------------

*Қыркүйек пен қаңтар арасындағы ай саны--------------------------


2.Сандарды оқып ,разрядтық қосылғыш түрінде жазу.

hello_html_664e0d95.png

3.Математикалық диктант .

*7 саны 91-ден неше есе кем?

*68 шығу үшін 17-ні неше есе арттыру керек?

*8 шығу үшін 56 –ны нешеге бөлу керек?

*Санның төрттен бір бөлігі 60-қа тең. Сан нешеге тең?

*720 санын 2 есе кеміт.

*Азайғыш -1 000, азайтқыш -450. Айырманың мәнін тап.

4.Есепте


hello_html_20c2cc75.png


Қорытынды: «Ақ сүйек » ойыны. /

Ақ сүйекті лақтыра отырып, көбейту кестесін қайталау./






Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдар қасиеттері «Ойна да ойла»


Сабақтың мақсаты: Арифметикалық амалдар туралы білімдерін,амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу,есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезіндегі амалдар тәсілдерін қортындылау.


Көрнекілігі: «Компьютер» дидактикалық ойын, тестік жұмыс.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың дайындығын тексеріп,ойынның мақсатын түсіндіру

1.Мұғалім мысалдар тізбегін оқиды,балалар ауызша санайды да ,жауабын көрсетеді немесе бірнеше бала дауыстап жауап береді,сосын тексеру орындалады.


360 : 9 + 28 : 2 – 2 х 1 + 38 : 2 Жауабы: 35

30 + 20 х 2 :20 + 19 :8 х 60 Жауабы: 180

90 + 30 : 3 х 2 – 8 : 9 х 11 – 12 Жауабы: 76


«Компьютер » не істеді? (есептеді,амалдарды орындады).

Қандай амалдар орындады? Қосу,азайту,көбейту ,бөлу


2.Суретті мұқият қарап,қай кірпі алманы тез алады? Жолды сызып көрсету.

hello_html_m2c67a8c7.png


3.Тестік тапсырма,оқушыларға жұмыстар таратылып беріледі,жауабын белгілеу керек.

*.Салыстырып ,дұрысын белгілеу

А.300:100> 180 : 6 Б. 1000:10 10х10 В. 200х3< 45 + 50


*8 дана, 45 теңге, 12 метр шамалардың өлшемі

А. Масса, сыйымдылық, ұзындық Б.Сан, баға, ұзындық

В. Баға,салмақ,уақыт

*Амалдарды орындап,дұрыс мәнін тап. 128 х 430 -6795+675-34125 :375

А.47479 Б. 39 В. 48 829

*Төрт таңбалы санды 4-ке бөлгенде толымсыз бөлінді 1235 болып,1 қалдық қалды.Ол қандай сан?

А. 4939 Б.4941 В. 4940


*Мәні ең үлкен өрнекті белгіле.

А. 24тәул.5сағ-12тәул.15сағ Б. 9тәул.16сағ+8тәул.сағ

В. 18сағ.28мин-5сағ32мин

Қорытынды:




Сабақтың тақырыбы: Алгебралық сипаттағы дәстүрден тыс тапсырмалар


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құрылымы күрделі теңдеу есептер шығартып үйрету.Арифметикалық амалдар туралы білімдерін ,амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.


Көрнекілігі: Карточкалар, математикалық жұмбақ есептер


Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларға математикалық жұмбақ есептер жасыру

????????????????

2. «Компьютер» дидактикалық ойыны түріндегі ауызша есептеу.

Оқушылар тақтада жазылған мысал есептерді шығарып ,жауабын көтереді.

А ) 360:9+28:2-2*1+38:2

Б)30+20*2:20+19:8*60

В) 90+30:3*2-81:9*11


3.Математикалық диктант

7 саны 91-ден неше есе кем?

68 шығу үшін 17-ні неше есе арттыру керек?

8 шығу үшін 56-ны нешеге бөлу керек?


Қорытынды: Қиялды жетілдіру ойыны,неге ұқсатасың? Шешуін тапсаң сызықпен қос.


hello_html_m52ed7e89.png

«Кім шапшаң » ойыны бағдаршам белгілеріне бағына отырып,көбейту кестесін айту.


















Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы фигуралар .


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға геометриялық фигуралар жайында мағұлмат беру, ойын арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру, қызықты есептер шығару.

Сабақтың барысы: І ұйымдастыру кезеңі

1.Геометриялық фигураларды еске түсіру, қайталау hello_html_215b449e.gif hello_html_m4620a501.gif hello_html_m6e7c60a.gif hello_html_1900e382.gif hello_html_m79542923.gif

2.Кеңістікте қиялды дамыту

* Қыста су неге айналады?---------------------------------------

*Кемелердің тұрағы-------------------------------------------------

* Пойыздар неге темір жолмен жүреді?

* Тісі көп неге тамақ жемейді?

* Жүннен тоқылған төсеніш





3. Балық қандай фигуралардан құрастырылған?


hello_html_m75fe0700.png

Қорытынды:


Нәтиже дұрыс болатындай амалдардың таңбаларын қой

1 2 3 = 1

1 2 3 4 = 1

1 2 3 4 5 =1

1 2 3 4 5 6= 1

1 2 3 4 5 6 7=1

1 2 3 4 5 6 7 8= 1

1 2 3 4 5 6 7 8 9 = 1

180* қа тең бұрыш сал

90* қа тең бұрыш сал

40*қа тең бұрыш сал




Сабақтың тақырыбы: Даму деңгейін анықтау тапсырмалары.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім,білік дағдыларын тексеру

Шапшаңдылыққа ,ұқыптылыққа, сабаққа қызығушылықтарын арттыру

Көрнекілік: карточкалар, қиялды жетілдіру ойыны, тестік тапсырмалар

Сабақтың барысы: І ұйымдастыру кезеңі

1.Қиялды жетілдіру ойыны. Неге ұқсатасың? Шешуін тапсаң оны суретпен қос.


hello_html_m1ef0721f.png

2. Оқушыларға тестік тапсырмалар беру

1.Екі ондық жеті бірліктен тұратын санды тап

А. 38

Ә. 51

Б.27

2. Ең үлкен санды тап

А.11

Ә. 47

Б.20

3. Ондығы бірлігінен екі санға кем болатын санды тап

А.47

Ә.46

Б. 85

4. Мәні онға тең болатын қосындыларды тап

А. 8+1

Ә. 7+2

Б. 4+6

5. Самат 7 дәптер, ал Дулат одан 3 дәптер артық сатып алды. Дулат неше дәптер сатып алды?

А. 10 дәптер

Ә. 4 дәптер

Б. 8 дәптер


Қорытынды:





Сабақтың тақырыбы: Қызық есептер


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын арттыру

Сабаққа деген қызығушылық зейіндерін қалыптастыру,шапшаңдылыққа ,ептілікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: логикалық жұмбақ есептер, карточкалар .

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі


  1. Логикалық ойлауды жаттықтыру тапсырмалары

  • Жалғыз өркешті түйе---------------------------

  • Адамға үйренген қоян----------------------------

  • Жолбарыс тегіне ұқсайтын үй жануары------------------------------------------

  • Жылқыдан аласа, құлағы үлкен, күтімді онша қажет етпейтін, еті арам, үй жануары-------------------------------------------------------------

  • Малдың терісінен үйтілген ет-----------------------------------------

2. «Кім шапшаң» ойыны ,оқушылар тақтаға жауабын жазады


hello_html_e1d035b.png


3 . Тиімді тәсілмен орындап, жауабын жаз

56 х 9 76 х 8 45 х 3

98 х 9 28 х 6 28 х 9

36 х 9 29 х 9 56 х 3


4. «Кім тауға тез шығады?»


hello_html_m91bccb8.png


Қорытынды: Оқушылардың өз өздерін бағалауы.

Қызық сұрақтар

-Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме?

(жоқ, түн мезгілі)


-Қосарланып жегілген үш ат 1 сағаттың ішінде 12км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (12км)


- Үш түйеқұс ұщып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Неше түйеқұс қалды?

(түйеқұс ұшпайды)

- Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреуі алдында, екеуі артында, екеуі алдында, біреуі артында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы қанша үйрек ұшты? (3)


  • Төрт қайың қатар өсіп тұр.

Әрбір қайыңда 4-4-тен бұтақ бар.

Әрбір бұтақта 4-4-тен алма бар.

Барлық алма саны қанша? (Қайыңда алма өспейді)

-Мына сандарды алып көріңіз: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. осылардың қосындысы көп пе, көбейтіндісі көп пе? (қосындысы)







Сабақтың тақырыбы: Ауызша және жазбаша көбейту амалдарына берілген есептер.

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға логикалық тапсырмалар беру арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыту, ептілікке , шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жұмбақтар, логикалық тапсырмалар, тест жұмыстары


Сабақтың барысы: І ұйымдастыру кезеңі

1. Зейінді топтауды дамыту ширату


Ауаның қозғалысы--------------------------

Жердің серігі----------------------------------

Қойдың төлі-----------------------------------

Қосылғыштардың мәні---------------------

Қазір жылдың нешінші айы---------------

Оның алдындағы айды айт----------------

Соңынан қандай ай келеді ?---------------

Екі баланың біреуі солға, ал екіншісі оңға қарап тұр.Олар бір-бірін көре ме?---------

2. Мына суреттегі екі ұқсас тышқанды бояп көрсету керек


hello_html_m53f1676b.png

3.Логикалық тапсырма


А) Қайыңда 500 жаңғақ өсіп тұр.Қатты соққан желдің әсерінен 2 есе жаңғақ үзіліп түсті. Қанша жаңғақ қалды?

ә)Бір кісі құйып тұрған жауынның астында қалды. Ол үйіне келгенде үсті малмандай су болды. Тек шашы ғана су болмапты. Себебі........

б)Әли мектепке келе жатып оң жағындағы орналасқан үйлерді санады.Үйлердің саны 20 болды.Ол мектептен келе жатып сол жағындағы үйлерді санады. Үйлердің саны 20 болды. Әли неше үй санады?

В) Бір қойдың еті 2 сағат піссе, екі қойдың еті бір қазанда қанша уақыт піседі?

4. Кім шап-шаң?

55х2 100х3 702х2

45х2 200х4 500х6

65х3 300х2 400х5

Қорытынды: Білгім келеді





Сабақтың тақырыбы: Математикалық эстафета


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл –ой өрісін жан-жақты дамыту, балалардың өздерін тексере білуін,мәдениетті қарым –қатынас жасай білуін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңде

  1. «Кім ойшыл, тапқыр

Ойынның шарты бойынша әр топтан бір-бір ойыншы шығып біреуі геометриялық фигураларды аттап адым жасайды. Кім көп адым жасаса сол жеңеді: ( сызық, сәуле, кесінді)

2. Есеп шығару

Поезд 6 сағатта 400 км жол жүреді осыдан кейін ол жылдамдығын 4 км арттырып, қалған жолды 6 сағат жүреді. Поезд барлығы неше км жол жүреді?


3.Жорға ойыны 3 бөліктен тұрады.

А) Бір тонна мақта ауыр ма,

Бір тонна көмір ауыр ма?


Б) 2 жәшік қызанақ 20 кг болса, осындай 5 жәшік қанша болады?

Түстен кейін 26 қап жиналды, Бұл түске дейінгіден 6 қап кем. Күні бойы қанша қап картоп жиналды?

В) Апамның 600 теңгесі бар еді,ол әрқайсысы 250 теңгеден 2 бөрік сатып алды. Сонда қанша ақшасы қалды?

Г) Үй жанындағы ағаштарға таңертең 4 шелек ,кешке 5 шелек су құйып тұрды. Бір аптада қанша шелек су жұмсалады?

4.Мақалдар оқылып жалғасын табу.

Отыз тістен шыққан сөз..... рулы жерге жетеді.

Соңғы айналым «Бәйге» Топ басшысы 1 минутта қанша сұраққа жауап береді. Әр оқушыға 17 сұрақтан беріледі.


Қорытынды: Ұпай сандарын санап, жеңімпаз топты анықтау.



Сабақтың тақырыбы : Есепте,дұрыс аяқта.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың ойлау,сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.


Көрнекілігі: Жұмбақ есептер,сөзжұмбақ

Сабақтың барысы: І ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың дайындығын тексеру. 0-ден 100-ге дейін аттап,кейін санау

2.Ойлы болсаң, озып көр!


А )1,2,3,4,5 цифрларын бір рет қана пайдаланып, мысалды қалпына келтір.

.....+.....+ =60


Б)5 жыл бұрын Ержан 8 жаста болған. 6 жылдан кейін Ержан неше жаста болған?


В) Суретті жұмбақты шеш. М, 7 ,Р


Г)Теңдік дұрыс болатындай етіп жақша қой.

45-15+3=25


3.Сөзжұмбақты шеш:

1.Қазақстанның Астанасы

2.Тау

3. Көл

4.Қазақтың ұлы ақыны

5.Күшіктің аты


4.Сағат 22-де жаңбыр жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?


А) иә б) жоқ

Қорытынды:

Сабақты «Ақ сүйек » ойынымен қорытындылау /Көп таңбалы сандарды разрядтық қосындыға жіктеу/


























































hello_html_m12fbdf97.jpg


































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Арифметикалық төрт амал" факультатив сабақ 4сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 633 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 18641
    • DOCX 21.3 мбайт
    • 388 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагымбаева Дидар Балгабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сагымбаева Дидар Балгабаевна
    Сагымбаева Дидар Балгабаевна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27134
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 569 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 472 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 254 человека

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 221 человек

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе